Бухгалтерлік есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:22, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есептің теориясы
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның мэні мен маңызы, міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны пайдаланушылардың жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жетілдіруге (дамытуға) әсер ететін факторлар. Қазақстан Ресапубликасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі және оның дамуы. Бухгалтерлік есептегі этика. Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері

Работа состоит из  1 файл

6М050508Есеп және аудит каз.doc

— 135.50 Кб (Скачать документ)


«БЕКІТЕМІН»

«Бизнес және құқық» факультетінің

деканы э.ғ.к., доцент

Калыкова Б.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6М050508 - Есеп және аудит

мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011 ж
«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні

 

Бухгалтерлік есептің теориясы

Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның мэні мен маңызы, міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны пайдаланушылардың жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жетілдіруге (дамытуға) әсер ететін факторлар. Қазақстан Ресапубликасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі және оның дамуы. Бухгалтерлік есептегі этика. Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Қаржылық есеп берудін, элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы принциптері: толассыздық, есептеу принципі, Үздіксіз қызмет ету принципі, екі жақгы жазу ақшалай елшеу принципі, құпиялылық принципі. Қаржылық және шаруашылық процестері. "Шаруашылық операциялары" жайлы түсінік.

Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері. Бухгалтерлік баланстың құрыльшы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік тендеу. Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.   

Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік. Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша құрылымы және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.). Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы. Топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп. Айңалым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары.

Есептік цикл. Шаруашылық операцияларын бағалануы мен жіктелінуі. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі. (Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы). Журналдағы бухгалтерлік жазуларды бас кітаптың шотта-рына кешіру. Айналым ведомосты-бухгалтерлік іс-әрекеттердін бақылаушы құралы. Мерзімдік шоттардың жобылуы. Сынама (тексеру) балансы. Трансформациялық кестелерді құру кезеңдері. Қорытынды баланс.

Бухгалтерлік қүжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік есепке енгізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Түгендеу. Есеп саясаты.

 

Активтердің есебі.

Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. дқшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі. Есеп берілетін  сомалардың есебі (кіші касса). Этика мәселесі.

Дебиторлық борыштын танылуы мен бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Дебиторлық борыштарды инкассациялау (жинау). Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алынуға тиісті қосылған құн салығы сомасы. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы үқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Тауарлық-материалдық қорлардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің құжаттық рәсімделуі. Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін қолдану. Төменгі құны бойын-ша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы. Тауарлық-материалдық қорлардың келіп түсуі, қозғалысы және босатылынуы.

¥зақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Негізгі қүралдардың анықтамасы мен сипаттамасы. Негізгі құралдардың жіктелінуі. Инвентарлық объект. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі қүралдардың бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Анықтау мен өзгерту тәртібі. Айналыстан тыс құралдарды сатып алу есебі мен оның бағалануы. Жердің, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың құндарындағы шығьщдар, элементтёрі. Негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі, үлгілі түрі НҚ-1 (ОС-1). Оны құрастыру мен өңдеудің тәртібі. Негізгі қүралдарды есептейтін инвентарлық карточкалар, олардың атқаратын қызметі. Негізгі қүралдардың амортизациясы (тозуы).  Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Амортизаци» аударымдар мен оларды есептеудің әдістері. Құнын біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі. Құнын атқарылған жүмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс).  Амортизацияны жедел есептеу әдісі: қалдық қүлының кемуі әдісі, сандардың жиынтығы бойынша қүлын есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс). Негізгі құралдардың шығыс етілуі мен олардың түрлері. Негізгі құралдардың жойылуы мен басқадай шығыс етілуі Негізгі құралдарды есептен шығару актісі (үлгілі түрі НҚ-3; НҚ-4 (ОС-3. ОС-4), толтыру, бекіту мен бухгалтерлік рәсімдеу тэртібі.

 

Міндеттемелер мен капиталдың есебі

Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Ұйымның міндеттемелер бойынша әртүрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуының түрлері. Міндеттемелерді есептеу. Бюджетпен есеп айырысу. Еңбекақы төлеу бойынша жұмысшы-қызметкерлермен есеп айырысудың есебі. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Капитал туралы түсінік. Теориялық негіздеме. Серіктестіктердің мәні. Жарғылық капиталдың есебі, оның қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Жарғылық капиталдың қалыптасуы тәртібі мен ұйымдардың қызметінің түріне байланысты оның көлемі. Резервтік капитал. Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі. Бөлінбеген кіріс және есепті кезеңнің шығыстары. Қаржылық есеп беруде ақпараттарды ашып көрсету.

Есеп беру, Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін, оның қаржылық, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. Кіріс және шығыс туралы есеп берудің ұсынылуы. Бухгалтерлік балансты құру. Ақшалардың қозғалысы жайлы есеп берудің тікелей және жанама әдісі. Ақшалардың қозғалысы жайлы есеп беруді тікелей әдіспен даярлау. Меншікті капиталдағы өзгерістер бойынша есеп беру. Қорытынды есептердің өзара байланыстылығы. Қаржылық есепті ашып көрсету.

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

 

1.       Қазақстан Республикәсының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы-Алматы, 2007ж.

2.       Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі-Алматы 2009.

3.       Международные стандарты финансовой отчетности

4.       Национальные стандарты финансовой отчетности №1,2

5.       Типовой план счетов бухгалтерского учета-Нормативные акты для бухгалтеров выпуск№19, 2007т.

6.       Байболтаева Н.Ә. Бухгалтерлік есеп принцилтері оқулық-Қаз¥АУ, 2006 ж.

7.       Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері-оқу кұралы Алматы, зкономика, 2003 ж.

8.       Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есебі Бухгалтерлік есептің принциптері-Алматы, экономика-2005 ж.

9.       Тулешова Г.Ш. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1)-Алматы: Бизнес информация, 2005

10.   Байболтаева Н.Ә., Юсупжанова А.Х, Аграрлық жоғарғы оқу орындарының «Есеп және аудит» мамандығы үшін «Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша Практикум, Алматы-2002 ж.

 

 

«Қаржылық есеп 1» пәні

 

Ағымдағы активтердің есебі.

Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің есебі. Кассадағы қолма-қол ақшалар есебі. Банктертегі ақша каражатттарының есебі. Аккредетивтегі, чек кітапшасындағы ақшаның есебі.  Жлда,ы ақша есебі.Ақша эквиваленттері.

Дебиторлық борыштарға түсініктеме және олардың түрлері. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі. Күмәнді дебиторлық борыштар есебі және оны бағалау әдістері.

Қорлардың түрлері мен жіктелуі. Тауарлы-материалдық босалқылардың бағалануы. Тауарлы-материалдық босалқылардың кіріс және шығыс операцияларын құжаттау. Дайын өніммен оны сатудың есебі.  

 

Ұзақ мерзімді активтердің есебі

 

Негізгі құралдардың есебі(ҚЕХС 16, ҚЕХС 36).Негізгі құралдардың түсінігі және олардың жіктелуі. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері. Негізгі құралдарды түгендеу.   

Материалдық емес активтер есебі (ҚЕХС 38). Материалдық емес активтер туралы түсінік және олардың түрлері. Материалдық емес активтердің бағалануы.  Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі. 

 

Міндеттемелердің, капиталдың, табыстар мен шығыстардың есебі

 

Меншікті капиталдың құрылымы. Жарғылық капитал жайлы түсінік және оның қалысптасу тәртібі. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есебі. Резервтік капиталдың қалыптасуы мен пайдаланудың есебі.  

Міндеттемелер есебі(ҚЕХС 19, ҚЕХС23, ҚЕХС37).Міндеттемелер туралы түсінік және олардың жіктелуі. Зайымдар есебі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есебі. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі.     

Табыстар мен шығындарды тану(ҚЕХС18). Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері. Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі. Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі. Кезең шығындарының есебі

Қаржылық есеп беруді ұсыну(ҚЕХС1). ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру тұжырымдамасы. Қаржылық есеп берудің элементтері.  Қаржылық есеп берудің құрамы мен құрылымы. 

 

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

 

1.       Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы 26 желтоқсан 1995 № 2732;  2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен бірге.

2.       Ұлттық және халықаралық қаржылық есеп стандарттары. «БИКО», 2008 ж.

3.       Байболтаева Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы-2006 ж.

4.       Радостовец В.К және басқалар. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы,2002.

5.       Назарова В.Л.. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Алматы, 2003.

6.       Кеулімжаев К.К.,  Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері», Алматы-2006 ж.

 

«Басқару есебі» пәні

 

Басқару есебінің негіздері

Басқару есебінің мәні мен маңызы, мақсаты мен міндеттері.  Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар.  Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.  Шешімдер қабылдауда басқару есебінің ролі.

Басқару (менеджмент) үдерісі: жоспарлау, бақылау мен реттеу, ұйымдастыру жұмысы ынталандыру . Шығындар, пайда және жауапкершілік орталықтары – басқару есебінің аса маңызды объектілері ретінде. Талдаушы бухгалтердің басқару үдерісіндегі: жоспарлаудағы, бақылау мен реттеудегі ролі. Өндірістік есеп және оның басқарудағы ролі. Өндірістік есептің мәні мен мақсаты мен міндеттері.

Өндірістік есеп - өнімнің өзіндік құнын басқарудың негізгі ретінде.

 

Басқару есебіндегі щығындардың жіктелуі

              Шығындар туралы жалпы ұғым және олардың жіктелуі. Шығындардың жіктелуі, оның мақсаты мен маңызы. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау және босалқыларды (қорларды) бағалау үшін шығындарды жіктеу. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы.

Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды жіктеу. Бақылау мен реттеу үдерісін жүзеге асыру үшін шығындарды жіктеу. Кәсіпорында өндірісті және есепті ұйымдастыру. Негізгі өндіріс шығындарының есебі, өндірістік есептің шоттар жүйесі (аналитикалық синтетикалық).  Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі; материалдық шығындардың есебі; есептеулерімен бірге еңбек ақы шығындарының есебі; көмекші өндіріс шығындардың, болашақ кезең шығындарының есебі және оларды бөлу. Аяқталмаған өндірісті, өндірістегі материалдарды түгендеу және олардың есебі.

Өндіріс шығындарының жиынтық есебі. Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы.  Өндірілетін өнімнің, атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен құрамы бойынша көмекші өндірістердің типтері. Көмекші өндірістердегі шығындар есебінің объектілері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектілері. Құрал-саймандық, жөндеуші, қуат-күш беруші және көліктің өндірістердегі шығындар есебінің ерекшеліктері және өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын калькуляциялау. Көмекші өндірістердің өзара қызмет көрсетуіндегі шығындары мен көрсеткен  қызметтердің есебі. атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді тұтынушылар арасында бөлу. кезең шығындарының есебі.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп