Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 04:54, курсовая работа

Описание

Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақша құрлысы қорының қалыптасуы, бөлінуі, қолданылуы. Экономикалық жүйеде қаржылар деп мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық құны жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономистер айтқандай, «А-Т», «Т-А» қатынастарында жүзеге асырылады. Яғни, бұл қатынастар «тауар-ақша» қатынастары болғандықтан қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде мемлекеттің өзі немесе мемлекет уәкілдік берген өкілетті органы тұрады, әрі бұл қатынастар қаржылық – құқтық нормалармен реттеледі.

Работа состоит из  1 файл

курсовойкаржы.doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)

  Орталықтандырылмаған  институттарға мыналар жатады:

   1) ведомоствалардың және басқа да басқару орталықтарының орталықтандырылған ақша қорларын көрсетеді. Бұл салалық орталықтандырылған қорлар халық Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктің, шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомоствалардың қарамағында берілген ақша қаражаттарынан тұрады.

   2) Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Осы субъектілерінің, яғни, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорларын көрсетеді. Бұған өнеркәсіпті, ғылымды және техниканы дамыту, резервтік және т. б. қорлар жатады.

   3) Мемлекеттік бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің қаржылары. Осы субъектілердің ақша қорларымен көрсетіледі.

  Қаржылық  – экономикалық институттар түрлеріне  және меншік нысандарына байланысты былай топтастырылады:

   Республика  меншігінде ақша қорларын көрсететін институттар (республикалық бюджет, республикалық бюджеттен тыс  қорлар: ведомоствалардың орталықтандырылған ақша қорлары, мемлекеттік банкілердің ақша қорлары).

   Әкімшілік – аумақтық меншіктерге жататын  ақша қорларын көрсететін институттар.

   Шаруашылықты  толығымен жүргізуге немесе тікелей  басқаруға құқтары бар субъектілердің қарамағына жататын ақша қорларын көрсететін институттар (мемлекеттік – комерциялық акционерлік банкілердің, мемлекеттік сақтандыру компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың және мекемелердің ақшалай қорлары) 
 

1.2 Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесі 

   Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың  қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

         Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы  қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

         мемлекеттің бюджет жүйесі;

         арнаулы бюджеттен  тыс қорлар;

         мемлекеттік несие;

         жергілікті қаржы;

         шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы;

         халықтың қаржысы.

         Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

         Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

         Жалпы, қаржылардың  бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

         мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

         шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы.

         Мемлекеттің қаржысы  қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

         Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы  жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

         Қаржы қатынастары  сфераларының әрқайсысының ішінде буындар  бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір  әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

         Қаржы жүйесінің  әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

         Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

         Қаржы жүйесінің  функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:

      біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

         екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

         Қаржы жүйесін құрудың  негізіне мына қағидаттар қойылған:

         Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.

         Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы  органдарына екі жақты бағынышты  жүйесін алдын ала айқындайды.

         Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз  шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

         Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық  көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің  қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді  орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

         Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің ерекшеліктері 
 

    Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің  модельдерін оқыту ұстамдық ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл:

    • Күрделі жүйелі дағдарыс жағдайында дербестікті иелену. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қазіргі моделі Кеңес одағы құлдырағаннан бастап құрыла бастады. Бұрынғы жүйе өзінің тапсырмаларын орындамай қалды, ал жаңасы өзінің мақсаттары мен қызметтерін анықтаған жоқ. Бұл инвестициялық қызметтің құлдырауына ерекше әсерін тигізді. Алтын валюталық резервтер қатысқан жоқ, бұл кездегі жүйенің бақылау функциясы нақты болмады.
    • Ақша қаржы жүйесінің қалыптасу процесінің аяқталмауы, тәуелсіздіктің он жылы ішінде оның негізгі жүйелері, құрылымдық элементтері құрылды. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі әзірге толыққанды және нақты қалыптасқан болып есептеледі. Сондықтан оны аяқталмаған жүйе ретінде қарау дұрыс болады.
    • Қабылданған ақша – қаржы жүйесінің моделінің ашықтылығы. Ол қазіргі әлемдік тенденцияларға, қаржы – экономикалық қатынасының жобаландыру шартында, заңды сәйкес келуі қажет. Сонымен қатар бұл ашық модель елдің Ұлттық мүдделеріне жауап береді. Бұл шарттар әлі құрылған жоқ, нәтижесінде ақша айналысындағы наркодолларлық айналыстың өсуі, көлеңкелі бизнестің қаржыландыру каналдарының жабылмауы, ұлттық экономика жүйесіне зиянын тигізеді.
    • Жалпы меншік құрылымындағы коорпоративтік инвесторларды иелену. Халықтың менталитетіне және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктеріне сай елдегі инвестициялаудағы корпоративтік модель қалыптасты. Тұрғындардың нарықтық ой пікірлері толық дамымаған, бағалы қағаздарды инвестициялаудағы білімі қалыптаспаған, ақша құралдарын банкке салу тенденцияларын иеленген. Бұл процесс нәтижесінде жоғарғы инфляция кезеңінде комерциялық банктердің дамуы, қаржылық делдалдар арасында банктік жүйе монополиясы құрылды. Оның үлесі барлық активтердің 78% - де беріледі.
    • Тұрғындардың нақты сектордан қаржылық сектордың бөлінуі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Ресейдің қаржы жүйесі

2.1 Ресейдің қаржы  жүйесі және оның  буындары 

  Қаржы жүйесі – бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай – ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

  Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына салдарынан тұрады:

  - мемлекеттік бюджет;

  - сақтандыру қорлары;

  - қор нарығы;

  - мемлекеттік несие;

  - шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің  қаржылары;

  - бюджеттен тыс қорлар.

   Жоғарыда  келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетке орталықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

   Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: әр буынның міндетіне байланысты  және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.

   Экономикалық - әлеуметтік дамудағы мемлекеттің  маңызды рөлі, оның қол астындағы  мөлшерлі көлемдегі қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді.

   Ақша  қорларының басқа да формаларын пайдалану  қаржы жүйесінің несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.

   Орталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің жинақтарынан және ақша пайдасынан құралады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің ерекшеліктері