Қаржы нарығы және делдалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:56, курс лекций

Описание

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономикада мемлекеттің қаржы нарығының қызмет етуі маңызды болып табылады. Себебі, қаржы нарығы мемлекет экономикасында ақша қаражаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоспарлы экономика кезінде қаржы нарығы болған емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................4
1 Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның кұрамдас бөліктері.....5
2 Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы...................................12
3 Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары...............................................14
4 Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері.............................17
5 Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні...............................20
6 Дамыған және дамушы елдердің ипотекалық нарықтары................23
7 Валюта нарығы және валюталық операциялар...................................25
8 Әлемдік валюта нарығы..........................................................................31
9 Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы.....32
10 Сақтандыру нарығы.......................................................................40
11 Зейнетақы нарығы..............................................................................42
12 Шет елдердегі зейнетақы жүйесі..............................................................44
13 Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар.............................45
14 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі..................48
15 Зейнетақы қорлары.................................................................................51
16 Инвестициялық компаниялар және қорлар................................................53
17 Сақтандыру компаниялары және қорлары......................................................56
18 Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар............60
19 Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы........................................64
20 Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негізі.................68
21 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде...........................................................................................................71
22 Қаржы нарығы және қаржылық қадағалауды реттеу бойынша Агенттіктің қызметі...............................................................................74
23 Өзін-өзі реттеу ұйымдары....................................................................75
24 Халықаралық бағалы қағаздар нарығы..............................................77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................80

Работа состоит из  1 файл

Каржы нары5ы.doc

— 838.00 Кб (Скачать документ)

Қаржыға қатысты  нарықтардың қызмет етуін талдау оның белгілі бір сегментін, өз ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді шамалайды.

Осылайша, бағалы қағаздар нарығы - бұл еркін капиталдың көптеген қосымша салаларының бірі, сондықтан да ол осы капиталды өз жағына шығару (тарту) үшін басқа салалармен бәсекелесуіне тура келеді.

С. Ковалевтың тұжырымдамасына сәйкес валюта нарығы - бұл валюталық құндылығы бар объектілер тауар болып табылатын нарық:

  • шетелдік валюта (ақшалай - банкноттар, қазынашылық билеттер, заңды төлем құралдары болып табылатын немесе алынатын, бірақ айырбасталатын монеталар, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктерінен, халықаралық 
    немесе есептік ақша бірліктері шоттарындағы құрал);
  • бағалы қағаздар (чектер, вексельдер,  акциялар,  облигациялар) және басқада қарыздық міндеттемелер;
  • бағалы металдар (алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий, рутений, осмий) және табиғи асыл тастар (алмас, александрит, меруерт).

Банктер, биржалар, экспорттаушылар  мен импорттаушылар, каржылық және инвестициялық мекемелер, үкіметтік ұйымдар валюта нарыгының субъектілері ретінде жүреді.

Алтын нарығы - бұл елдің алтын қорын толтыру және жинау мақсаттарында, сондай-ақ бизнесті ұйымдастыру және өнеркәсіп өндірісінің тұтынуы үшін алтынды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар саласы.

Капитал нарығы өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және үлестік бағалы қағаздар нарығы деп бөлінеді. Былай бөлу осы нарықта сатылатын тауарларды (қаржы құралдарын) сатып алушылар мен қаржы құралдарының эмитенттері арасындағы қатынастардың сипатын білдіреді. Егер қаржы құралы ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған жағдайларда бұл несиелік қатынас күйінде қалады.

Ссудалық капитал нарығында мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттармен ұсынылатын ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналыста болады. Ол ұзақ мерзімді банк ссудасының нарығын және борыштық бағалы қағаздар нарығын (ол да ұзақ мерзімді) қамтиды.

Бағалы қағаздар нарығында жеке бағалы қағаздармен бipге оларды алмастырушылар (сертификаттар, купондар және т.б.) шығарылып айналыста болады және өтелінеді.

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары эмитенттер - қажетті ақша қаражаттарын тарту мақсатында бағалы қағаздарды шығаратын тұлғалар; инвесторлар - табысты алу, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу үшін бағалы қағаздарды сатып алушы тұлғалар; делдалдар - эмитенттер мен инвесторлардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін қызмет көрсетуші тұлғалар.

Әлемдегі экономистердің көпшілігі қаржы нарығының құрылымына сақтандыру нарығын, зейнетақы жене ипотека нарықтары.

Сақтандыру полистері  мен зейнетақы шоттарының нарықтары, ипотека нарықтары - бұлар қаржы құралдары мен институттарының келісімшарты негізінде әрекет ететін жинақ мекемелері бар ерекше нарықтар. Олардың маңызы міндетті түрде артады.

Капитал нарығының құрамыннан ипотекалық нарықтарды бөліп карастырудың қажетгілігі дамыған елдерге тән және бірқатар жағдайларға байланысты туындап отыр. Біріншіден, ипотека несиесі әрдайым жер телімдері немесе ғимараттар (пәтер, жеке салынған үй және т.б.) түрінде нақты кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Егер қарыз алушы өзінің борыштық міндеттемесін орындамайтын болса, онда мүліктік құқық (мүлікке ие болу құқығы) қарыз берушіге өтеді. Екіншіден, ипотекалық несиелердің стандартты параметрлері жоқ (әр түрлі номиналдар, өтеу мерзімдері және т.б.), сол себепті де қайталамалы нарықта оның өтуі (сатылуы) қиынға соғады. Бұл сөзімізді мынадай нақты жағдай растайды: ипотекалық қайталамалы нарықтың көлемі ұзақ мерзімді капитал нарығына орналастырылған бағалы қағаздардың қайталамалы нарығының көлемінен кем болады. Үшіншіден, дамыған елдердегі басқа ұзақ мерзімді капитал нарықтарынан ипотекалық нарықтың айырмашылығы - арнайы мемлекеттік органдар оны қатаң реттеп отырады.

Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір жылға толмайтын болса, онда бұл ақша нарығының құралы деп саналады. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әр түрлі елдерде қаржы құралдарын қысқа, орта және ұзақ мезімдерге бөлу әр түрлі болады. Қазақстанда негізінен қысқа мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ мерзімділері - капитал нарығына қатысты. Осылайша, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдарының арасына ақша нарығы мен капитал нарығының арасындағы сияқты нақты шегара жүргізуге болмайды. Сонымен бірге бұлайша бөлудің үлкен экономикалық маңызы бар.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыскөзі: Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқу құралы, А.:2008

 

1-сурет. Қазақстан қаржы нарығының кұрылымы.

 

Ақша нарығының құралдары ең алдымен бизнес салалары мен мемлекеттік ұйымдардың өтімді қаражаттарын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал нарығының құралдары жинақтау және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцепттерін, чектерді, банкноттарды, төлем карточкаларын және т.б. жатқызуға болады. Капитал нарығының құралдарына, мысалы, облигациялар, акциялар, орта және ұзақ мерзімді несиелер жатады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп беру тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымын келесі үлгіде көрсетуге болады (1-сурет).

Ақша нарығы. Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.

Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және каржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.

Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру арқылы заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі мақсаттарға арналған несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

Валюта  нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын рөлі жоғары.

Бағалы  қағаздар нарығы. Басқа да қаржы кұралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жақсы әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк сертификаты ресімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес. Оның үстіне, бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісімшартты бекітіп барып қана бере аласын. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды шығарса жетіп жатыр. Қаржы тәуекелдіктерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін туынды бағалы қағаздар болады, ал оларды беру (тапсыру) кейінірек жүзеге асырылады, яғни базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарылағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша, бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді. Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары.

Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысты күмәнін азайтады. Сақтандыру тәуекелі батыстың қаржы теориясында кез келген кәсіпорынның қаржылық стратегияларының негізгі құраушыларының бірі, бірақ мұнда теорияның негізінде мынадай түрлері болады: әрбір субъект өзіне жоғалған материалдық қаражаттардың, ресурстардың орнын толтыратын және оларды болдырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелділіктерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады. Сақтандыру - бұл қайта бөлісу қатынасы. Ол әдетте барлық субъектілерді, бүкіл ел аумағын немесе аймақтарды толық қамтымаса да, бұлардың бір бөлігіне материалдық, не болмаса басқадай зиян шектіріп кететін кездейсоқ залалға қарсы түру үшін туған амал. Бұл бір субъект зиян шеге қалған жағдайда басқа сақтандырылған субъектілердің ынтымақтастығымен залалдың орнын толтыруға мүмкіндік береді, 1998 жылға дейін Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейтін буын жұмыс істемейтін ұрпақты қамтамасыз етеді, ал алдыңғы ұрпақ еңбекке жарамсыз болғанда оның орнын өз кезегінде жаңа ұрпақ алмастыруын басты назарда ұстайтын ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасына негізделген болатын. Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі азаматтардың дербес аударымдарына негізделген. Бұл арадағы төлем мөлшері тұлғаның салым ақшасының сомасына қарай болады. Зейнетақы және сақтандыру қорлары көптеген елдерде ақшаны өндіріске инвестициялаудың көздері болып табылады, яғни ақша ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде тартылады. Осылайша, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары арқылы шоғырландырылған халықтың қаражаты түпкі есебінде ұдайы өндіріс процесіне тартылады. Сондықтан да сақтандыру және зейнетақы нарықтары, бір жағынан, нақты қызметті сату-сатып алу нарығымен көзге түссе, екіншіден - ол толық негізде қаржы нарығының құрылымына кіруі қажет.

Барлық типтегі  нарықтардың өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шартын анықтап береді, яғни:

  • ретке  келтірілген тауар нарығының  болуы  (кез  келген 
    түрдегі және бағыттағы тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерілімдігі);
  • ақша айналысын реттеу, елдің Ұлттық банк тарапынан қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз айналымдар бойынша эмиссияны бақылау;

• несие нарығын толық белсендендіру және коммерциялау. Қазақстан нарығындағы қаржы институттарын нығайту үшін осы ұйымдардың рейтингілерін анықтау маңызды болып табылады.

Қаржы нарығын  реттеу және өзін-өзі реттеу құралдарының ең ықпалдыларының бірі ретінде ұйымдарға белгілі бір артықшылықтар беретін қатысушылардың рейтингін айтуға болады:

  • жаңа клиенттерді тартудың және нарық үлестерін ұлғайтудың мүмкіндіктері;
  • қызмет тиімділігін арттыру мүмкіндігі;
  • компанияның     сенімділік     деңгейіне сәйкес қызмет көрсетудің ақыларын белгілеу;
  • компанияның   инвестициялық   тартымдылығының   өсуі және т.б.

Компания сенімділігінің рейтингі - бұл компаниялардың менеджерлерімен кездесудің нәтижесінде алынатын және жария түрде де, арнайы да сұралатын ақпарат, мәліметтер талдауына негізделген төлем қабілетін кешенді бағалау болып табылады. Сонымен бірге агенттікпен кез келген көздер бойынша алынған барлық нақтыланған акпараттар есепке алынады. Рейтинг қаржы ұйымдарының имиджін, беделін көтеруге, клиенттерді тартуға, сондай-ақ шетелдік заңды және жеке тұлғалардың алдында мәртебелерін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең маңызды міндеттердің біріне ұйымдардың да, клиенттердің де мүдделерін танытатын рейтингтік агенттіктерді құру жатады.

 

2-тақырып. Әлемдік қаржы нарығының дамуы және қалыптасуы

 

1. Әлемдік қаржы  нарығының мәні мен мағынасы. Әлемдік қаржы нарығының түсінігі. 

2. Әлемдік қаржы нарығы дамуының алғы шарттары мен қызмет етуі.

 

Әлемдік қаржы нарығының құрылуы  ХХ ғасырдың 30-жылдарына жатады. Бірақ  екінші дүниежүзілік соғыс кезінде орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс сауда-экономикалық байланыстарды бұзды. Әлемдік қаржылық жүйені қайта құру 1944 жылы болған Бреттон-Вуд конференциясынан басталады.

Әлемдік қаржы нарығы түсінігіне қатысты экономистердің пікірі әр түрлі тарқатылады. Біреулері оны қарыз капиталы нарығының құрамдас бөлігі ретінде және функционалдық көзқарас тұрғысынан, екіншілері оны ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігі мақсатында әлемдік қаржылық ағымдардың жинақталу мен қайта бөлінуін қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырады. Олар әлемдік қаржы нарығы үлкен жинақтарды иеленетін елдерден оның жетіспеушілігі байқалатын елдерге капитал ауысуы функциясымен ғана шектеуге болады деп есептейді. Олар өздерінің қорытындыларын жасаған кезде дамыған саланың экспортталатын капиталдарын дәл сондай дамыған салалар мен офшорлы аймақтарға ауысуын негіз етіп алады. Олар әлемдік қаржылардың негізгі арналымы тәуекелдікті басқару, құқықтық реттеу мен салық салудан жалтару деп есептейді. Басқа экономистер валюта нарығынан алыпсатарлық операцияларды бөліп алу қажет деп есептейді. Бірақ тәжірибеде алыпсатарлық мәмілені хеджирлеу мәмілесінен ажырату өте қиын деп айтылады, себебі екі жағдайда да шаруашылық жүргізуші субъектілерге ашық валюталық ұстанымды қабылдауға тура келеді. Әдістемелердің тұтастығы сауда нарығын – ақша нарығының қысқа мерзімді активтері және капитал нарығын – ұзақ мерзімді активтері деп бөлуден тұрады. Бұдан басқа барлығы дерлік қызметті халықаралық қаржылар саласымен шектелмейтін еуронарықты бөліп шығарады, сондай-ақ әлемдік қаржы нарығында мынадай - әр түрлі резиденттері өз арасында активтерді жай айырбастау деген ерекше белгіні енгізуге тырыспайды.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдары