Әлемдік сауда

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 20:28, курсовая работа

Описание

Сыртқы сауда тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және таурады басқа елдерден әкелуден импорттан құрылады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда баланысы болады. Егер экспортталатын тауардың құны импортталатын тауардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда баланысына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда баланысының жай – күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белегілі мағанада сол ел экономикасы жай – күйінің маңызды көрсеткіші.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ….…5
Әлемдік сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары.............................5
Қазақстанның халықаралық саудадағы орны..............................................13
ӘЛЕМДІК САУДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ БОЛАШАҒЫ.............................................................18
Әлемдік сауданың құрылымы........................................................................18
Қазақстанның халыақаралық саудадағы болашақ орны және рөлі...........22
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................28

Работа состоит из  1 файл

Курсовая әлемдік сауда.doc

— 314.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ….…5
    1. Әлемдік сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары.............................5
    1. Қазақстанның  халықаралық  саудадағы орны..............................................13
  1. ӘЛЕМДІК САУДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ БОЛАШАҒЫ.............................................................18
    1. Әлемдік сауданың құрылымы........................................................................18
    1. Қазақстанның  халыақаралық саудадағы болашақ орны және рөлі...........22

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................28

 

КІРІСПЕ

 

    Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономиканың қатынастарға түсімді жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан- жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде рөлі зор.

     Әлемдік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.

     Сыртқы сауда тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және таурады басқа елдерден әкелуден импорттан құрылады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда баланысы болады. Егер экспортталатын тауардың құны импортталатын тауардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда баланысына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда баланысының жай – күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белегілі мағанада сол ел экономикасы жай – күйінің маңызды көрсеткіші.

         Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау (атап айтқанда: бірлескен өндірістік қызмет, технологиялардың халыкаралық трансферті) халықаралық экономикалық катынастардың жетекші формасы болып саналады.

        Біздің пікіріміз бойынша әлемдік сауданың ролі өте жоғары. Қандайда бір елдің экономикасы дамуы ол елдің сыртқы саудасына байланысты. Ешқандайда ел өзі жеке бөлек болып күшті экономика құралмайды.

        Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардын, жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр.

    Халықаралық сауда - әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.

     Ғылыми-техникалық революцияның өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді.

    Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы-әлемдік нарықты құрайды.

    Мен өзімнің ізденіс жұмысымды Қазақстанның әлемдік саудадағы мәнін, оның артықшылығы мен кемшілігін және қазіргі кездегі жағдайын ашып көрсеткім келді.

 

    Бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанның әлемдегі саудадағы орны мен рөлін көрсету және оның әлемдік саудаға шығу проблемасын көрсету.

   Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстан Республикасының сыртқы саудағы мәнін ашу оның түрлерін зерттеу, ҚР сыртқы сауданың толық мазмұнын қарастыру.

   -Әлемдік  сауданың мәні, ерекшеліктері және  формалары

   -Қазақстанның халықаралық саудадағы орны

   -Әлемдік сауданың құрылымы

   -Қазақстанның халыақаралық саудадағы болашақ орны және  рөлі

     Курстық жұмыстың құрылымы:

    1 бөлім- халықаралық  сауданың теория негіздері.

Бірінші бөлімде мен халықаралық саудада  мәнін, негізгі ерекшеліктері мен  формаларын және ондағы Қазақстанның орнын қарастырдым.

    2 бөлім- әлемдік сауданың құрлымы және халықаралық сауда болашағын қарастырдым.

    Қазақстанның әлемдегі саудадағы болашағын анықтай отырып, ондағы қолданылатын жеке шараларын асыру қарастырылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ 

      
    1. Әлемдік сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары

      Әлемдік нарық әлемдегі тауар-ақша қатынастарының даму процесі кезінде қалыптаса бастады, яғни XVI ғасырдан бастап әлемдік нарық деген түсінік пайда бола бастады.

      Жалпы алғанда, әлемдік нарық күрделі түсінік болып табылады.

      Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек:

  • біріншіден, әлемдік нарық абстрактылық түсінік болып табылады, яғни ол кеңістік аспектіде қарастырылады;
  • екіншіден, әлемдік нарық заттық аспектіде қарастырылады.

     Осыған  сәйкес әлемдік нарықтың қарастырылу аспектілеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

     Дүние жүзінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған елдер  жоқтың қасы деген тұжырым жасауға болады.

      Әлемдік нарықтың мәнін, құрылымын және әрбір элементінің автономиялылығын түсіну үшін графикалық әдістерді пайдалану өте тиімді болып табылады.

      Мысалы, А, В, С деген үш мемлекетті жеке-дара қарастырайық (1-сурет), сонымен бірге олардың өзара экономикалық қарым-қатынасын, яғни өзара байланысын да көрсетейік (2 - сурет):  

                                

        1 сурет- үш мемлекетті жеке          2 сурет- үш мемлекеттің өзара қарым-                                       

                      дара қарастыру                                 қатынасы 

   Дерек көзі: Мамыров Н.Қ. экономикасы.(оқулық 1 бөлім).- Алматы:Дәнекер,2003-279 бет.

Осы қарастырып отырған үш ұлттық нарық әлемдік нарықты құрайды.

      Міне, осыдан біз әлемдік нарықтың абстрактылы түсінік екенін байқаймыз.

     Бірақ, суреттен көріп отырғанымыздай, ұлттык, нарық әлемдік нарықтың қажетті элементі болып табылады.

      Ұлттық  нарық - бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.

   Сонымен, А ұлттық нарығы екі элементтен тұрады (3-сурет): 
 

ұлттық  нарық          ішкі сауда                           сыртқы сауда 
 

               
 

3сурет- Ұлттық нарықтың ішкі және сыртқы элементі 

          Дерек көзі: Мамыров Н.Қ .Халықаралық экономикалық

   қатынастары.Оқулық құралы – Алматы:Санат, 1998 -196

 

        А елінің сыртқы сауда операциясы, дәлірек айтқанда экспорты басқа В        және С елдері үшін импорт болып қабылданады.

     Сыртқы  сауда дегеніміз - белгілі бір  елдің басқа елдермен сауда жасауы.

     Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын  жүзеге асыратын сфера  - халықаралық нарық деп аталады.

      Сыртқы  сауда операцияларының төрт негізгі түрі бар:

       -Экспорттық  операция - шетке шығару арқылы шет елдік контрагентке тауарды сату;

          - импорттық операция  — шеттен әкелу арқылы шетелдік контрагенттен тауарды сатып алу;

          - реэкспорттық операция - бұрын импортталған және қайта өндеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату;

        - реимпорттық операция  — бұрын экспортталған және қайта өндеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.

         Ұлттық нарық пен халықаралык  нарық бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ олардың өзара айырмашылықтары да бар.

       И.П.Фаминский өз кітабында ұлттық  нарықтар мен халықаралық, нарықтар арасындағы айырмашылықтарды жазбаша түрде атап өткен. Енді біз сол айырмашылықтарды бір жүйеге келтіріп, кесте түрінде көрсетелік:  
 
 
 
 
 
 
 

                           

1 кесте – Ұлттық нарық пен халықаралық нарықтың өзара айырмашылықтарының бір жүйесі

Ұлттық  нарық

    Халықаралық нарық

1. Тауарлар қозғалысына экономикалық факторлар (елдің кәсіпорындары мен аудандары арасындағы өндірістік байланыстар) ғана әсер етеді. 1. Тауарлар  қозғалысына мемлкеттер арасындағы  шекаралық және жекеленген мемлекеттердің  сыртқы экономикалық саясаты  әсер етеді.
2. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы  тауар қозғалысы шектеулі болады. 2. Жекелеген  елдерде өндірілген кейбір тауарлар  әлемдік тауар айналымына мүлдем түспей қалады, яғни бұл нарықтардағы тауар қозғалысы өте шектеулі болады
3. Ұлттық нарықтарда ұлттық бағалар  белгіленеді 3. Бұл нарықта  «әлемдік бағалар» деген ерекше баға жүйесі белгіленеді
4. Ұлттық нарықтардың монополиза-циялану мүмкіндіктері бар 4. Халықаралық  нарықта монополиза-

циялану мүмкіндігі төмен дәрежеде болады. 
 
 
 
 

 

Дерек көзі: Мадиярова Д.М., Сыртқы экономикалық қатынастар.  Экономикалық қауіпсіздік:оқу құралы.-Алматы:Экономика,1999-195 бет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 

     
     
     
     
     
     

       
       

       
       
       

1 сызба  -  Әлемдік нрықтың түрлері

          Дерек көзі: Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М. оқулығы -Алматы:Дәнекер,

2003-273.

      Халықаралық сауда - бұл халықаралық тауар-ақша катынастарыньгң сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.

Информация о работе Әлемдік сауда