Бизнес жоспар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 21:34, курсовая работа

Описание

Бизнес - жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте құнды құжат. Ол кәсіпорынның болашақтағы жемicтepi. Бизнес - жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері таңданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.
Әсіресе бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялардан пайдаланып бизнес-жоспар жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Яғни, әрбір экономист мамандығын меңгерген маман MS Excel мүмкіндіктерін пайдалана білуі керек.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Бизнес – жоспар құрылымы, қызметтері, бөлімдерінің мазмұны
1.1 Бизнес - жоспар мен, қызметтері және оны әзірлеудің мақсаты 1.2 Бизнес-жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің ерекшеліктері
1.3 Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдерінің мазмұны
2. MS Excel - электронды кестеде экономикалық есептерді шешуде қолданылатын кейбір функциялар
2.1. Амортизация моделі
2.2. Қаржылық жағдайын талдау және баға беру
2.3. Залалcыздық нүктесін анықтау
3. "ЖАЛЫН" компьютерлік клубының бизнес-жоспарын талдау
3.1. Ұйымдастырушылық жоспар
3.2. Қаржылық жоспар
3.3. Тәуекелдікті талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Бизнес - жоспар құрылымы мен қызметтері және оны әзірлеу.doc

— 514.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі жетекші ұйымның бөлімдерімен, ұйыммен және оның сыртқы ортасы аралығындағы өзара байланысты үнемі талдай білуі тиіс. Ол өзі қабылдаған кез-келген шешімнің қандай да бір себеппен ұйымның барлық аспектілеріне әсер ететінін ұмытпауы тиіс. Сөйтіп фирманың алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін өзара байланыстар мен өзара тәуекелдіктерді ескере отырып бірегей жүйе ретінде айқындауы қажет.

Компьютерлік ақпараттың және коммуникациялық ақпараттық аспектінің әрекет етуі ЭЕМ мен МS Office бағдарламаларынсыз жұмысын жасы атқара алмауына алып келеді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан кәсіпорын деңгейіндегі есепті-статистикалық ақпаратқа қойылатын талаптар өсті. Ақпарат уақтылы, нақты және заңды болуы тиіс. Мұндай талаптарды іске асыру үшін жалпы фирмада жаңа ақпараттық технологиялардың пайдаланылуы мен фирманың экономикалық және қаржылық әрекеттерімен айналысатын менеджер, маркетолог және басқа да қызметкерлердің ЭЕМ-ді білуді қажет етеді.

Жалпы алғанда, технология деп материалды, игіліктерді өндіретін өндіріс деп түсінеді. Ол келесі үш аспектіні қамтиды:

1.  Ақпараттық - өндірістің   принциптері   мен   әдістерінің   сипатын білдіреді;

2.  Құралдың – еңбек құралдарын білдіреді;

3. Әлеуметтік - кадр мен  оларды басқару сипатын білдіреді;


Ақпараттық технологияда өнім - ақпараттар, ал қаруы - есептеуші техника мен коммуникация болып табылады.

Ақпараттық технология — жинақтау процесінің оперативтілігі мен өнімділігін қамтамасыз ету мақсатымен біріктіріліп отырған өндірістік процестер мен бағдарламалар ақпараттың әдістерінің жиынтығы.

Үлкен немесе орташа кәсіпорындар тапсырмаларды іске асыру үшін MS Ехcel немесе Ассеs бағдарламаларын қолданады.

Экономикалық  объектілердің қаржылық аспектілерін МS Ехсеl-дің интегралдық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы шешу үшін Ехсеl жүйесінде оларды шешудің арнайы қаржылық функциялары орналасқан.    

Осы функцияларды қолдана отырып нақты және тиімді шешімдер мен оң нәтижелерге жетуге болады. Қазірде қаржылық есептеулерді жүргізетін көптеген программалар бар. МS Ехсеl-дің олардан ерекшелігі күрделі есептерді шешу үшін онда орналасқан функциялардың экономист мамандар үшін түсініктілігінде.

1.4.1. Ехсеl жүйесінде кәсіпорынның амортизациялық саясатының стратегиясын бірнеше әдістер арқылы дәл қисынын келтіру мүмкіндігі бар. Соның ішінде келесі әдістер:

  • Актив құнын бірқалыпты төмендету әдісі ( сызықтық әдіс );
  • Актив   құнын   оны   бірінші   жылдары   қолдану   кезінен   жылдам 
    төмендету әдісі;

• Актив құнын қос баланстық төмендету әдісі. 
Амортизацияны модельдеу функциялары

1.4.1. кестесінде  келтірілген.

Кесте 1.4.1.

Амортизациялық  аударымдарды есептеу функциялар тізімі

Есептеу әдісі

Модель белгісі

Функция түрлері

Сызықтық  әдісі

SLM

АМР

Жылдамдатылған  әдісі

SYD

АМГД

Екі еселік темендету  әдісі

DB

ДОБ


Амортизацияның жылдық нормасын есептеудің кеңінен таралған әдісі сызықтық әдісі болып табылады. Сызықтық әдіс моделіне кеңінен тоқталамыз.

Есептеудің  бұл әдісі АМР функциясының көмегімен жүргізіледі. АМР функциясы мүліктің амортизациялық нормасын бір периодқа анықтайды және амортизациялық саясаттың сызықтық стратегиясын сипаттайды.

Функция синтаксисі:

АМР (құны; қалдығы; период),

Мұнда құны (сөзі) - активтің ( мүліктің ) бастапқы құны; қалдық (saluage)-активтің соңғы қолдану мерзімінің сандық мәні (қалдық құны немесе мүліктің ликвидтік құны); период (lifе)- сандық мән, активтің жылдық қолдану уақыты, эксплуатация уақыты немесе амортизация мерзімі.

1.4.2.   Шығындар   бойынша   өзіндік құнды   калькуляциялау   кестесі  келесідей:

Кесте 1.4.2.

Статьялар

Қатар N

А өнімі

В өнімі

С өнімі  

1

2

3

4

5

Жалпы сату көлемі

1

     

Материалдық шығындар

2

     

Қағаз

3

     

Электр энергиясы

4

     

Өзгермелі шығындар

5=қатар 2+3+4

     

Еңбек ақы

6

     

Жарнама

7

     

Әлеуметтік     сақтандыру қорына аударым

8

     

Жалгерлік төлем

9

     

Амортизациялық  аударым

10

     

Тұрақты шығындар

11=қатар 6+7+8+9+10

     

Жалпы шығындар

12=қатар 5+11

     

Жібірілетін баға

13

     

Жалпы түсім

14=қатар1*13

     

Таза пайда

15=қатар14-12

     

1.4.3. Пайда мен шығындар есебі.

Пайда мен шығындар есебінің формасын құрудың мақсаты кәсіпорынның пайдалылығы мен шығындалу дәрежесін кәсіпорынның операциялық және өндірістік қызметін жалпы формада көрсету.

Есеп беруді құру кезінде кредиторлар мен венчурлық капитал ұстаушылардың қызығушылықтар спецификасын ескеру қажет.

Пайда мен  шығындар есебінде берілгендер негізінде  бірқатар салықтарды еселтеуге болады.(Кесте1.4.3.)

Кесте 1.4.3.

Пайда мен шығындар есебі

N

Көрсеткіштер

Формула

Түсініктеме

1.

Жалпы сату көлемі

Өткізу  көлемі*өнімнің  бірлік бағасы

 

2.

Жоғалтулар

Жоғалтулар, өткізгенде белгіленеді

3.

ҚҚС

 

15%

4.

Таза сату көлемі

Қатар1-2,3

 

5.

Материалдар           және қосалқы бөлшектер

Өткізу көлемі * 1 өнімге кететін шикізат шығындары

 

6.

Кесімді еңбек  ақы

Кесімді еңбек  ақы 1 өнімге * өткізу көлемі

 

7.

Жалпы тура шығындар

Қатар 5+ қатар 6

8.

Жалпы пайда

Қатар 4 – қатар 7

9.

Мүлік салығы

НҚ құнынан жылына 0,1 пайыз

10.

Әкімшілік шығындар

Басқаруға жұмсалатын жалпы шығындар

11.

Өндірістік  шығындар

Өндірістік  жалпы шығындар

12.

Маркетингтік  шығындар

Маркетингтік жалпы шығындар

13.

Әкімшілік   персоналдың еңбек ақысы

 

Еңбек ақы  салығы есептелінбейді

14.

Өндірістік  персоналдың еңбек ақысы

 

 

15.

Жалпы   тұрақты шығындар

Қатар 9-14

 

16.

Амортизация

Нормаға сәйкес

 

17.

Несие пайыздары

Несиелеу  жағдайымен сәйкес

18.

Жалпы   өндірістік   емес шығындар

Қатар 16-17

 

19.

Өзге кірістер

   

20.

Өзге шығыстар

   

21.

Салық төлеміне дейінгі пайда

Қатар8- қатар 9,15,18,20,+қатар 19

23.

Салық салынатын  пайда

Қатар21

 

24.

Пайда салығы

Қатар 21*20%

 

25.

Таза пайда

Қатар 23-24

 

1.4.4. Болжамды баланс

Баланстық есеп беру фирманың белгілі бір уақытқа: әдетте есептік периодтың соңына анықталған қаржылық жағдайын және міндеттемелерінің орындай алу мүмкіндіктерін көрсетеді. Баланстық есеп берулердің артықшылығы әркез оларды салыстыру арқылы бизнес дамуының тенденцияларын анықтап келтіріп отыру.

Баланс екі бөлімнен - актив ( сол  жақ ) және пассивтен ( оң жақтан) тұрады. Балансты құрудың негізгі ережесі екі жақ арасында теңдіктің болуы. Екі жақтың арсында теңдіктің болуы үшін қаражаттарды ( актив) бухгалтерлік есеп негіздемесіне сай кәсіпорынның өзіндік және қарыздық қаражат көздерін (пассив) дұрыс үлестіру.


Актив - бұл баланстың сол жағы, онда кәсіпорынның қаражаттары қайда жұмсалғаны көрсетіледі. Ал баланстың пассивінде кәсіпорынның өз қызметін жүзеге асыру үшін ресурсты қайдан алатынын, яғни ақша қаражаттарының түсу көздері көрсетіледі.

 

АКТИВ

Период

Пероид

Период

Период

Кәсіпорынның  кассадағы және шоттағы ақша қаражаттары

       

Дебиторлық  қарыз

       

Қор

       

Негізгі қорлар:

        •  жер,

        • ғимарат,

        • құрылыс,

        • құралдар

       

АКТИВ БАРЛЫҒЫ:

       

ПАССИВ

       

Несие

       

Қысқа   мерзімді   қарыз (банктік қарыз - 1 жылға дейін)

       

Ұзақ мерзімді қарыз (банктік қарыз-1 жыдан аса)

       

Акционерлік капитал

       

Үлестірілмеген пайда

       

ПАССИВ БАРЛЫҒЫ

       

 

1.4.5.Қаржылық жағдайын бағалау модедьдері

Жоба тиімділігін, инвестиция тиімділігін көрсететін көрсеткіштер кестеде келтірілген.

 

Кесте 1.4.5.

Инвестиция тиімділігінің  көрсеткіштері

 

Көрсеткіш

Белгіленуі

Өлшем бірлік

Таза келтірінді табыс

NPV

Теңге

Жобаның өтелімділік  кезеңі

PV

Ай

Дисконтталған өтелімділік  кезеңі

DPB

Ай

Инвестициялық рентабельділік индексі

PI

 

Рентабельділіктің ішкі нормасы

IRR

%


 

Көрсеткіштер есебіне  берілгендер баланстан, пайда мен  шығындар есебінен және т.б. есептеулерден алынады. ( Кесте 2.7, 2.9)

Таза келтірінді табыс (NPV) - алдағы пайда немесе ақша ағымының келтірінді сомасы.

мұнда С- ағымдық инвестиция көлемі; Р - инвестициялық жобадан түсетін таза ақшалай түсімдердің сомасы; r - нақты жылға келіп түсетін нақты ақша түсімдерінің сомасы; к-дисконттау коэффициенті.

Берілген формула жүйесіне НПЗ функциясы сәйкес.

 

Функция синтаксисі:

НПЗ (ставка; мәні1; мәні2)

мұнда ставка - бір периодтық есептік ставка; мәні 1, мәні2 - жоба бойынша ақша ағымынан алынатын 1 ден 29 аргумент болуы мүмкін.

Инвестицияның өтелімділік кезені (РВ) - бұл кәсіпорындардың өндірістік қызметінен келетін түсімдердің инвестициялық шығындарды жабу уақыты. Өтелу мерзімін есептеу үшін келесі қатынас қолданылады:

РВ=ИС/ДП,

мұнда РВ - инвестициялық жобаға салынған қаражаттардың өтелу мерзімі; ИС - инвестициялық қаражаттардың сомасы ( жарғылық капитал + ұзақ мерзімді несие); ДП - ақша ағымының орташа сомасы.

Дисконтталған өтелімділік кезңі (DPB) - РВ көрсеткішіне ұқсас есептеледі, бірақ бұл жағдайда таза ақшалай түсім дисконтталады. Бұл көрсеткішті есептеудің формуласы келесідей:

 мұнда  Investments – бастапқы  инвестиция; CFt t –  айдағы  таза ақшалай түсім; r - дисконттаудың айлық ставкасы.

Ехсеl жүйесінде бұл формулаға КПЕР функциясы сәйкес.

Функция синтаксисі:

КПЕР (ставка; платеж; нз; бз; тип),

мұнда ставка - пайыздық ставка; платеж - әр кезеңде төленетін төлем; бұл параметр төлем кезеңдерінде өзгеруі мүмкін; әдетте төлем негізгі сома төлемі мен пайыздық төлемнен тұрады; нз - ағымдық құн; немесе осы шақтан бастап барлық болашақтан төленетін жалпы сома; бз - алдағы кезеңдегі құн; немесе соңғы төлемнен соң келіп түскен қолдағы бар ақша балансы;

Информация о работе Бизнес жоспар