Бюджеттен тыс қорлар, олардың мағынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:10, реферат

Описание

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

Budgetten tys korlar.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

Бюджеттен тыс  қорларМемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

«Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз  қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк  сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын  құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.

2004 жылдың 21 сәуірінде  Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу туралы куәлік №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру  Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды.Шығарылған акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция жоқ.

Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік  мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.

Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады. Жалғыз акционердің құқықтары мен  міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен белгіленген шектеулері ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен белгіленеді. Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады. Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына жататын жалғыз акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады.

Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүргізетін Қор  Президенті атқарушы орган болып  табылады.

Мемлекеттiк  әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр  құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам  нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

Қор әлеуметтiк  аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін  қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған  жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді  жүргізеді.

Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қордың негізгі  қызметтерi:

- әлеуметтiк  аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асырады;

- мiндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесiне қатысушыларға  - асыраушысынан айрылған отбасы  мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік  тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік  аударымдарды жинап, әлеуметтік  төлемдерді төлеуді жүргізеді 

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді

Қордың 

• мiндеттi әлеуметтiк  аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;

• бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына  байланысты қызметпен айналысуға;

• Қор қызметiн  жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;

• қаржы қозғалысы  туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі  мемлекеттік орталықтан ақпарат  алуға;

• мiндеттi әлеуметтiк  сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан  Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.

Қор:

• Зейнетақы  төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

• Қордың уақытша  бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;

• Жыл сайын  аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;

• Қазақстан  Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.

Қор:

• Қор активтерiн  кепiлге беруге;

• кәсiпкерлiкпен және Заңмен көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.

«Ұлттық инновациялық қоры» АҚ  

Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыру мақсатымен 2003 жылы құрылған.

ҰИҚ міндеттері:

- отандық және  шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру

- түрлі даму  кезеңдерінде венчурлық қаржыландыруды  іске асыру (идеялар мен прототип  жасаудан өндірісті кеңейтуге  дейін) 

- инновациялық  белсенділікті арттыруға бағытталған  шаралар ұйымдастыру ;

Инвестициялау шарттары

- • Инновациялық жобаларға инвестициялар (үлестік қатысуы 49 % аспайтын 5 млн. долларға дейін)

- • Тәжірибелік-құрылымдаулық  зерттемелерді гранттық қаржыландыру (250 мың долларға дейін) 

- • Венчурлық  қорларға инвестициялар (үлестік  қатысуы 49 %-ға дейін) 

- • Технопарктер  құруды қаржыландыру (үлестік қатысуы  500 мың долларға дейін) 

Қордың артықшылығы 

- • Дамудың  бастапқы сатыларында жаңа және  әрекет ететін инновациялық компанияларға  кепілдіксіз инвестициялар .

- • Жаңа ашылған  компаниялардың халықаралық рынокқа шығуына жәрдемдесу.

- • Жобаларды  іске асыру үшін бүкіл Қазақстан  бойынша технопарктердің базасында  жұмыс алаңдарын беру.

- • Технопарктер  мен бизнес-инкубаторларда жаңа  технологияларды коммерциялау үшін  құқықтық, ұйымдастыру, патенттік  қызметтерді алуға жәрдемдесу.

- • Бизнес  жоспар дайындауда кеңес беру  және жобаның кәсіби менеджментін  жүзеге асыруда көмек көрсету. 

- Ұлттық инновациялық  қор 2005 жылдан бастап 5 шетелдік  венчурлық қордың акционері болып  табылады.

- Құрылып жатқан  венчурлық индустрия Қазақстандағы инновациялық бизнесті белсендетеді, ал шетелдік венчурлық қорларға қатысу озық технологиялардың трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

- Инновациялық  инфрақұрылым 

- Инновациялық  инфрақұрылымның басты объектілері  – технопарктер инновацияларды құру және енгізу үшін сервистік және өндірістік база болып табылады, оның шеңберінде жаңалық табушылар арнайы қызметтер кешенің ала алады.

- 2006 жылы Алматыдан  25 километр қашықтықта ақпараттық  технологиялардың Alatau IT city бірінші  ұлттық паркі ашылды, сондай-ақ Қазақстанда үш өңірлік технопарк жұмыс істейді – “UniScienTech” (Қараған-ды қаласы), “Алгоритм” (Орал қаласы) және “Алматы өңірлік технопаркі”.

- Сонымен қоса, Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық  техникалық универ-ситетінің базасында оның алаңында орналасқан жеке және заңды тұлғаларға консалтингтік, заңдық, лизингтік және басқа қызметтер көрсететін технологиялық парк жұмыс істейді.

Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады.  

Қазақстанның  инвестициялық қоры  

Инвестициялық қордың мақсаты қайта құрылған және күшіндегі ұйымдардың жарғы капиталына қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс ашу туралы жеке сектор ынтасына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.

Қор қызметінің концептуалдық жағдайы

Қор тура инвестор жобасына 49% акцияны иелене отырып шыға алады. Инвестициялық жобаларды  іске асыру мақсатының неғұрлым тиімдірек  жолы жобаның технико-технологиялық  жағын және 50 проценттік акцияны  бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар жобаны орындаушы ұйымдардың сәйкес деңгейін қамтамасыз ететін стратегиялық инвестор болуы тиіс кәсіпорындардың жарғы капиталына қатысу болып табылады.

Кәсіпорынның  жарғы капиталына қатыса отырып, Қор  инвестор сияқты жобаны іске асырумен байланысты тәуекел мен түсімдерді бөледі. Қор стратегиялық инвесторларға локальды қауіптерді азайту мен мемлекеттік мекемелермен және сол аймақтағы инвестициялық индустрияның басқа да қатысушыларымен қарым-қатынасты үйлестіруді қамтиды.

Инвестициялық жобалар 

• Қаржыландырушы жобалар 

• Перспективалық жобалар 

Жоба инициаторына қарауына инвестициялық жоба бойынша  ұсынысты қабылдау үшін бірінші кезекті  міндетті түрде бекітілген формада  өтініш толтырып беруі тиіс.

Инвестициялық жобаларды қарау мен іске асыру регламенті

Инвестициялық құжаттар жинағы

Бүгінгі күні Қор  қызметінің акценті құрылымтудырушы  маңызы бар ірі перспективалық жобалардың кезеңдік қаржылануына ауыстырылған және ол жаңа әрі жималық экономикалық кластерді толтыруға әсер ететін болады.

«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ

«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан  Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.

«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ ның Жалғыз акционері – «Самрук-Қазына»  Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.

Қордың мақсаты  – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.

Қордың мәселелері:

1. Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;

2. Инвестициялық  жобаларды Қормен қаржыландыру  арқылы экономиканың шикізат  емес секторына жеке инвестицияларды  ынталандыру (ұйымдардың жарғылық  капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;

3. Қосымша, аралас  өндірістерді дамытатын, отандық  және шетелдік ұйымдар арасында  өндірістік кооперацияны қамтамасыз  ететін, Қазақстан Республикасынан  тыс жердегі инвестициялық жобаларды  бірлескен қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету;

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік  қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы  өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан  сақтандыру үшін құрылды.  

Қор қызметінің негізгі мақсаттары:

1) ел экономикасының  орнықты дамуын қамтамасыз етуге  жәрдемдесу;

2) экономиканы  жаңғырту мен әртараптандыруға  жәрдемдесу;

3) компаниялар  қызметінің тиімділігін арттыру  болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы н, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Информация о работе Бюджеттен тыс қорлар, олардың мағынасы