ХІХ ғ. Батыс философиясының мәні мен мағынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 02:38, реферат

Описание

ІХ ғасырдың 30-жылдары неміс идеализмінің рационалистік философиясына, әсіресе Гегельдің панлогизміне екі түрлі бағыт: иррационалистік (Шеллинг және А.Шопенгауэр) және материалистік (Л.Фейербах) бағыттар қарсы шықты. Шопенгауэр философиясында дүниенің негізі иррационалды санасыз ерік деп танылды. Бұл ілім кейіннен Ф.Ницшеге және Г.Э. Гартманға зор әсерін тигізді. Л.Фейербах неміс классик. философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. 19 ғасырдың 40-жылдарында Германияда марксизм пайда болды.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ХІХ ғ. Батыс философиясының мәні мен мағынасы
1.1. Неміс философиясын зерттеушілер..............................................5
1.2. Г.Гегель-неміс классикалық философиясының шыңы
1.3. Канттың өмірі мен шығармашылық жолы...........................................9
1.4. А.Шопенгауердің философиясы...................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................25

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 365.00 Кб (Скачать документ)
 

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3 

І.   ХІХ ғ. Батыс философиясының мәні мен мағынасы

1.1. Неміс философиясын зерттеушілер..............................................5

1.2. Г.Гегель-неміс классикалық философиясының шыңы

1.3. Канттың өмірі мен шығармашылық жолы...........................................9

1.4. А.Шопенгауердің философиясы...................................................21 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................25 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    ІХ ғасырдың 30-жылдары неміс идеализмінің рационалистік философиясына, әсіресе Гегельдің панлогизміне екі түрлі бағыт: иррационалистік (Шеллинг және А.Шопенгауэр) және материалистік (Л.Фейербах) бағыттар қарсы шықты. Шопенгауэр философиясында дүниенің негізі иррационалды санасыз ерік деп танылды. Бұл ілім кейіннен Ф.Ницшеге және Г.Э. Гартманға зор әсерін тигізді. Л.Фейербах неміс классик. философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. 19 ғасырдың 40-жылдарында Германияда марксизм пайда болды. Оның негізгі идеялық тұжырымдамасы В.Либкнехт, А.Бебель, Ф.Меринг, тағы басқа еңбектерінде негізделді. Марксизм ілімі философияны сын тұрғысынан қайта қарап, оның дүниені түсіндіруші ғана емес, өзгертуші күш екендігін көрсетуге тырысты. Оның негізін салушылар: К.Маркс пен Ф.Энгельс өз еңбектерінде дүниеге көзқарастың негізгі принциптерін тұжырымдап, марксизм теориясының негізі қаланды. 19 ғасырында шенінде Неміс философиясында жаратылыстанудың өрістеуіне байланысты позитивизм бағыты орын ала бастады. Түрлі ғылым салалары – физика, биология, психологияға сүйенген мектептер мен бағыттар пайда болды. 80 – 90 жылдарда жаңа кантшылдықтың марбург және баден мектептері қалыптасты. Марбург мектебінің өкілдері (Г.Коген, А.Наторп, Э.Кассирер, т.б.) логик. мәселелермен шұғылданса, баден мектебі (Г.Риккерт, В.Виндельбанд, Э.Ласк) мәдени-тарихи және аксиология мәселелеріне назар аударды. 19 ғасырда эмпиризм дәстүрін жаратылыстанудың соңғы жетістіктерімен ұштастырмақ болған эмпириокритицизм өкілдері Э.Мах (1838 – 1916) және Р.Авенариус (1843 – 96), имманенттік философия өкілдері В.Шуппе, И.Ремке, тағы басқа болды. 19 ғасырдың соңында Неміс философиясында метафизикаға қайта оралу басталды. Ницше тұсында “өмір философиясы” деп аталатын бағыт жарыққа шықты. Оның басты өкілдері: Г.Зиммель, Р.Эйкен және В.Дильтей болды. 20 ғасырында Неміс философиясында феноменология ілімі дамыды. Ол Ф.Брентано, А.Мейнонг, А.Гефлер, К.Штумпф және Х.Эренфельс еңбектерінде тұжырымдалды. Жеке тұлға философиясы мен қазіргі заманғы құндылықтар этикасын тұжырымдап берген неміс ойшылы М.Шелер (1874 – 1928) Неміс философиясының одан әрі дамуына үлес қосты. Қазіргі заманғы Неміс философисындағы үшінші негізгі ағым – экзистенциализм. С.Кьеркегордың еңбектерінен бастау алып, М.Хайдеггер мен К.Ясперстің шығармаларында айқын көрініс тапты. Неміс философисындағы төртінші негізгі ағым – онтология метафизиканың қазіргі заманғы көрінісі болып табылады. Бұрынғы метафизикаға қарағанда онтология жекелеген ойшылдардың априорлық көзқарастарына ғана емес, метафизика деңгейіне көтерілуге талпынатын жеке ғылымдардың нәтижелеріне негізделеді. Бұл бағыттың қазіргі заманғы философияның көрнекті өкілдерінің бірі – Н.Гартман (1882 – 19ғасыр).[1] 
 
 
 
 
 

І. ХІХ ғ. Батыс философиясының мәні мен мағынасы 

    1.   Неміс философиясын зерттеушілер
 

    Г.Сузо мен И.Таулер (14 ғ.) шығармасында мистика өзінің бұрынғы сипатынан айырыла бастады. Жаратылыс зерттеушісі Н.Кузанский Неміс философиясында ірі тұлға болды. Ол схоластик. философияны гуманистік идеямен ұштастыруға тырысты. Неміс про-тестантизмінің негізін салушы М.Лютердің (1483 – 1546) идеяларын Ф.Меланхтон жүйеге келтірді. 16 – 17 ғ-ларда С.Франк, В.Вейгель, әсіресе Я.Беме (1575 – 1624) мистиканы пантеистік бағытта дамытты. Белгілі дәрігер, философ А.Т. Парацельс (1493 – 1541), математик И.Кеплер еңбектерінде мистик. және натурфилос. идеялар ұштасып отырды. Г.В. Лейбниц философиядағы эмпиризм пен рационализм бағыттарын үйлестіруге тырысты. Неміс идеализмін негіздеп берген Лейбництің идеяларын жүйеге келтіріп, таратқан Х.Вольф (1679 – 1754) еңбектері көптеген жылдар бойы университеттерде философияның негізі есебінде оқылды. Оның шәкірті А.Баум-гартен эстетиканы тұңғыш рет философияның жеке пәні ретінде қарастырды. 18 ғасырдағы неміс ағартушылығының ірі өкілі Г.Э. Лессинг ой еріктілігін, гуманизм идеяларын пантеистік спенозизм тұрғысынан қорғады. И.Г. Гердер тарихшылық идеяларын, әсіресе тіл, көркем өнер, мәдениет дамуын белгілі бір тарихи және ұлттық негізге байланысты түсінуді ұсынды. Ағартушылық философиясы И.Г. Гаманн (1730 – 88), Ф.Г. Якоби (1743 – 1819) және И.Г. Гердердің (1744 – 1803) протестанттық метафизикасында көрініс тапты. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы И.Кант философиясы 19 ғасырдың бас кезінде Лейбниц-вольфтік рационализмді ығыстырып, Германияда мемлекеттік философияға айналды. Канттың тікелей ізбасары К.Л. Рейнольд (1758 – 1823), С.Маймон, И.С. Бек, Я.Ф. Фриз болды. Кант идеяларын И.Г. Шеллинг одан әрі дамытты. И.Г. Фихте “Тәжірибелік ақылға сынды” негізге алып, этиканы өзінің философия жүйесіне арқау етсе, Шеллинг Канттың дуализмінен шығу жолын эстетика төңірегінен іздестірді. Фихте, Шиллер, Шеллинг мәдениетке тарихи тұрғыдан қараудың негізін қалады. Фихте қарама-қайшылықты философиялык жүйе құрудың негізгі принципі етіп алды. Шеллинг өзінің натурфилософиясында Фихтенің субъективті-идеалистік диалектикасын объективті-идеалистік диалектикаға өзгертіп қалыптастырды. Г.В. Гегель абсолютті-субъективті субстанция жөніндегі ілім арқылы Кант дуализмін жеңуге тырысты. Сөйтіп, Гегель философияны қайтадан рационализм саласына түсіріп, жаңа диалект. сипат берді. Гегель және оның мектебімен қатар Неміс философиясының дамуында И.Ф. Гербарттың педагогикасы мен психологиясы, Б.Больцаноның логикасы мен Ф.Э. Бенеканың психологиясы маңызды рөл атқарды. Гегельден кейін Неміс философиясының метафизика мәселелеріне қызығушылығы төмендеп, философия жеке ғылымдардың негізіне айналды. Материализмді К.Фогт, Я.Молешот, Л.Бюхнер және Ф.А. Ланге жаратылыстану материализміне; Э.Геккель – монизмге; В.Оствальд – энергетизмге өзгертті. Жаратылыстану мәселелеріне негізделген философия В.Вундтың тәжірибелік-физиологиялық психологиясында, Э.Лаас пен Е.Дюрингтың жаңа позитивизмінде, Р.Авенариус, Э.Мах пен Т.Циенның эмпириокритицизмінде, В.Шуппенің имманентті философиясы және Х.Файхингердің идеалистік позитивизмінде немесе функционализмінде көрініс тапты. 

1.2 . Г.Гегель-неміс классикалық философиясының шыңы 

 

Батыс философы 
19-шы ғасыр пәлсапасы

Аты: Георг Вильгельм Фридрих  Гегель
Тууы: 1770 жылғы тамыздың 27-сі (ШтутгартАлмания)
Өлімі: 1831 ж. қарашаның 14(61 жаста) (БерлинАлмания)
Ағымы Неміс идеализмі
Басты мүдделері: логикатарих пәлсапасы,эстетикадінметафизика, эпистемологиясаясаттану,
Елеулі  идеялары: абсолютті идеализм,диалектикасубляция
Ықпалы: АристотельГераклитус,Анселм, ДекартГөте,СпинозаРуссоБөмеКант,ФихтеШеллинг
Ықпалданғандар: БартБауерБукчинБредли,КрочеДелазДилтей,ЕмерсонЕнгелсФейербах,ФукуямаГадамерДжентиле,

ГабермасГайдеггер,ИльенковКиркегардКүнг,ЛаканЛенинЛукачМаркс,Мольтманн,  Сартр,ШтирнерТейлор

 

     Г-дің ғыл.-шығарм. қызметі Германиядағы саяси-әлеум. тұрмыстың елеулі өзгеріске ұшырап, елдегі ішкі қайшылықтардың күрт шиеленіскен  кезеңіне тұстас келді. Сондықтан ол өзіне дейінгі ойшылдардың, әсіресе 17 — 18 ғ-лардағы ағылшын, француз ағартушыларының, дәстүрлі неміс ғылымы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің жетістіктерін мұқият зерттей отырып, дәйекті тарихилық жүйені ұсынды. Ол кез келген филос. ілім нақты проблемаларды негіздей отырып, тарихи қажеттілікке қарай жүріп келе жатқан тұтас жүйенің даму кезеңінде белгілі рөлге ие болатынын айтты. Г-дің бұл пікірі философия тарихында үлкен маңыз атқарды. Егер философия үнемі үздіксіз даму үстіндегі тарихи жүйе болса, онда оның аясындағы нақты проблемалар ғыл. дамудың негізгі құрамдас бөліктері саналады. Тарихи дамудың нәтижесінде проблемалар үнемі өзгеріп, дамып, жетіліп, жаңадан туындап отырады, ескілері заман талабына сай келмей, кейін ығыстырыла береді. Мұның барлығы саяси-қоғамдық өмірмен, жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының дамуымен, әсіресе, философияның өзіндегі ішкі өзгерістермен тығыз байланыста көрінеді. Ал әр ұрпақ, жаңа буын философияның алдында тұрған соны мәселелерден ғана емес, сондай-ақ, өткен дәуірден ауысқан проблемалардан да өз заманының талабына оңтайлы шешім іздейді. Яғни, Г-дің пікірінше, философия — өтіп кеткен процесті, тарихты оймен шолу. Әйтсе де, ол тарихқа өткен шақ деп қарамайды, үздіксіз жалғаса беретін процесс ретінде бағалайды. Гаусс өзінің “Рух феноменологиясы” (1807), “Логика ғылымы” (1812), “Тарих философиясы”, “Құқық философиясы” (1821), т.б. еңбектерінде тарихи даму иедясын тұтастай диалектика теориясына айналдырады. Қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне арналған алғашқы филос. шығармаларының бірі — “Кім абстрактылы ойлайды” атты мақаласында, ал болашақ диалектикалық, зерделілік әдіске негіз қалады. Таным теориясының келелі мәселелерін көтере отырып, өзіне дейін қалыптасқан “сезімділік, пайым — нақтылықтық бейнесі, ал абстрактылық — ойдың жоғарғы даму үрдісімен тығыз байланысты” деген пікірге қарсы шықты. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нышаны екенін, тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана елігетінін сынай отырып, абстрактылы ойлаған адам өз ойына мән бермей, қаралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіздік танытатынын дәлелдеді. Ал таным процесі нақтылыққа ұмтылуға тиіс. Нақтылық — көптеген анықтамалардың жиынтығы, көпжақтылықтың бірлігі, яғни, кез келген мәселеге объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды қажет етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нақтылыққа қарай ұласу принципіне бағынады. Таным процесіндегі логика мен диалектикаға ерекше назар аударған алғашқы еңбектерінің бірі — “Рух феноменологиясында”Гаусс зерде мен пайымның даму процесін тарихи негізде қарай отырып, көптеген жаңалықтар ашқанымен, негізгі мәселеге — философияға қатысты үлкен қайшылыққа ұрынды. Ғасырлар бойы қалыптасып қалған анықтамадан бас тартып, философияның мәні даналыққа ұмтылу да, даналық та емес деп, оны ғылым саласына айналдыруды көкседі. Мұның өзі кейінгі кезеңдерде философияға жалпы дүниені, қоғам мен табиғатты, ойлауды зерттейтін ғылым ретінде қарауға, ақырында оны идеологиямен қойыртпақтап, өз мәнінен айыруға жол ашты. Маркстік-лениндік философия дегеннің өзі осы жаңсақ идеяның “жемісі” еді. Г-дің ойынша, дүниеде бір күйде қалатын, өзгермейтін ештеңе жоқ. Қоғамның, адамның, танымның, тарихтың дамуы — объективті процесс, ешкім оны тоқтата алмайды. Табиғаттың дамуы адамға келіп тіреліп, адамзат, қоғам тарихына ұласып кетеді. Гаусс дамуды сапалы, үдемелі, қайшылықты, төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге, абстрактыдан нақтыға қарай жүріп отыратын процесс деп қарайды. Яғни, даму — бар заттың ескіріп, ескінің жойылып, оның негізінде жаңаның пайда болу процесі. Сондай-ақ, дамудың себебі мен көзі қайшылықта, тұтас нәрсенің екіге — қарама-қарсылықтарға бөлінуінде, қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігінде екендігін дәлелдеді. Г-дің жан-жақты негіздеген ұғымдарының бірі — қайшылық ұғымы. Қайшылық — дамудың объективті заңы, дамудың көзі, импульсі. Қайшылықты болдырмау мүмкін емес. Қайшылық әрбір затта пайда болып, дамып, жетіліп, шешіліп отырады. Қайшылық, яғни қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігі арқылы зат өсіп жетіледі, дамиды, бір сатыдан екінші сатыға өрлейді. Дамудың жүзеге асу процесін түсіндіруде Гаусс затта болатын үздіксіз процестердің белгілі бір шамаға дейін сандық өзгерістер болып (өсу, жетілу, азаю, көбею, т.б.) заттың болмысына елеулі ықпал етпейтіндігін анықтады. Шамадан асқан соң сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналатындығын ашты. Яғни, бұрынғы заттың орнына жаңа зат дүниеге келеді. Даму қалай қарай жүзеге асады деген мәселеде Гаусс оның спиралдық бейнесін ұсынды: даму барысында бұрын болған белгілер қайталанып отырады, бірақ жаңа және жоғары деңгейде қайталанады. Сөйтіп, даму процесі терістеу және терістеуді терістеу түрінде жүзеге асады. Гаусс дамудың негізін ұғымның, идеяның, рухтың даму процесінен алады. Г-дің ілімінше, ұғымтанымрух — процесс. Олардың даму көзі — олардың өзінде. Даму барысында белгілі бір зат өзінің қарама-қарсылығына айналады. Идея затты, зат өзіне қарама-қарсы форманы туғызады. Біртұтас заттың қарама-қарсы жақтарында бірін-бірі жоққа шығару процесі жүреді. Бірақ олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Екеуінің күресі олардың жойылып, жаңа заттың пайда болуына әкеледі. Гаусс түсінігінде материалдық заттардың түп негізі — идея. Гаусс идея мен заттың қарым-қатынасында идеяны анықтаушы рөл атқарады деп есептейді. Идеяны зат арқылы түсіндірмек болған материалистік көзқарасты жоққа шығарады. Гаусс затты (мыс., қоғамдық құбылыстарды) идеямен өлшеп, идеямен салыстырып отыру керек дейді: зат өзінің идеясына сәйкес келе ме, жоқ па? Адам өзінің адам деген атына лайық па, жоқ па? Әрбір зат идеяның жүзеге асқан түрі болып табылады. Бірақ даму барысында зат идеядан алшақтап, өз-өзіне қайшы келеді. Сондықтан танымның міндеті — жиі-жиі затты, құбылысты идеямен салыстырып отыру. Бірақ идея заттың нақты болмысымен шектеліп қалмауы керек. Затқа даму тенденциясы тұрғысынан қарап, оның қандай болуы керек деген мәселеге назар аударып отыруы тиіс. Гаусс “Рух феноменологиясында” алғаш рет жекелеген индивидтің санасының дамуы адамзат қоғамының тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Яғни, жеке адамның санасы барлық тарихи кезеңдерде, әр дәуірге тән қайшылықтарды өткізе отырып, қоғамдық сана деңгейіне көтеріледі. Адам санасының қалыптасуы мен даму жолдары адамзаттың тарихымен және оның қоғамдық қарым-қатынастармен тығыз байланысты екенін терең зерттеді. Гаусс ілімінің терең мазмұнды ұғымдарының бірі — рух. Гаусс рухты адам өмірінің негізі, субстанциясы деп есептейді. Адам өзін рухта ғана, рух арқылы ғана көрсете алады. Рухы биік адам — өз атына лайық адам. Рухы биік халық — өр, өжет, намысқой халық. “Тарих философиясында” Гаусс халық рухы оның тілінен, ділінен, әдет-ғұрпынан, дәстүрінен, көзқарасынан, басқаларға қарым-қатынасынан көрінеді деп біледі. Гаусс өзінің “Рух феноменологиясы” деген еңбегін, “жаңалықтарға саяхат” деп атады. Ол таным, ақиқат, білімді қайшылықтарға, кедергілерге толы процесс деп білді. Танымның шеті де, шегі де жоқ. Әдетте, таным процесін, ғылым дамуын ол ашқан жаңалықтармен, нәтижелермен өлшеуге тырысады. Құр нәтиже түк те бермейді. Нәтижені (мыс., ақиқатты) оған алып келген жолмен бірге тұтас қарастыру қажет. Яғни, таным процесінің мәні — сыңаржақты, абстракты анықтамалардан нақты жан-жақты, барлық анықтамаларды бойына жия білген қағидаларға қарай өрлеу. Гаусс “Рух феномеологиясы” деген еңбегінің “Әмірші және құл” деген бөлімінде осы екеуінің санасында болатын өзгерістерді түсіндіреді. Құл өз еңбегінің арқасында өседі, жетіледі, сана-сезімі, ар-намысы оянады. Қалыптасқан жағдай оны қанағаттандырмайды. Құл оны өзгертуге тырысады. Әмірші болса, алға басудың орнына кері кетеді. Адамшылығынан айырылып, азып-тоза бастайды. Ақыры әмірші мен құлдың жағдайы (статусы) өзгереді: құл әміршінің әміршісі, әмірші құлдың құлы болады. Бұл процестің негізін Гаусс еңбек деп атап көрсетеді. Адамның өсіп-жетілуінде қоршаған ортаның, қоғамдық қатынастардың, мәдениеттің, тәрбиенің ықпалы зор. Осы объективті жағдайды Гаусс субстанция деп атайды. “Адам ортаның — жемісі” деген француз материалистерінің қағидасын Гаусс сыңаржақты деп қабылдайды. Адамның адам болуы оның өзіне байланысты, өйткені сырттан келген әсерді игеретін — адам. Адам өзін-өзі жасайды. Осы процесті Гаусс субстанцияның субъектіге айналу процесі деп атайды. Осыған орай Гаусс “Рух феноменологиясында” жеке адамның өсіп-жетілуі ата тектің, қоғамның дамуын қысқарған күйде қайталап отырады деген заңдылықты ашады. Гаусс негізгі филос. еңбегі — “Логика ғылымында” жаңа, жанды, мазмұнды әрі өмірмен, тарихпен астасып жатқан логиканың — диалектикалық логиканың негізін қалады. Гаусс ілімінше, ойлау категориялары құр атау, схема емес, олардың негізінде нақты өмір, тарих жатыр. Өмірмен бірге ұғымдар да дамып, жетіліп, байи түседі. К. Маркс, Ф. Энгельс, Ленин Гаусс диалектикасына ерекше мән беріп зерттеді. Қазақстандық философтар (Ж.Әбділдин,А.ҚасымжановЛ.НауменкоӘ.НысанбаевМ.БаканидзеҚ.ӘбішевТ.ӘбжановМ.ОрынбековА.ХамидовМ.СәбитовБ.Нұржанов, т.б.) Г-дің “Логика ғылымы” мен Маркстің “Капиталы” ізімен төрт томдық “Диалектикалық логиканы” (1985 — 89) жазып шығарды.

     1.3 Канттың өмірі мен шығармашылық жолы

 
Аты: Иммануел Кант
Тууы: April 221724 жылғы сәуірдің 22-сі 
КөнигсбергПруссия патшалығы
Өлімі: 1804 ж. ақпанның 12(79 жаста) 
КөнигсбергПруссия патшалығы
Ағымы/салты: кантшылдықАғарту дәуірі пәлсапасы
Басты мүдделері: эпистемологияметафизика,этика
Елеулі  идеялары: категориялық  императив,транцендентті идеализм,синтетик априориноуменон,Sapere aude, Күн жүйесінің пайда болуы туралы болжам.
Ықпалы: ВольфТетенсҺатчесон,ЕмпирикусМонтеньҺьюм,ДекартМальбраншЛейбниц,СпинозаЛокк, БерклиРуссо,НьютонСведенборг
Ықпалданғандар: ФихтеШеллингГегель,ШопенһауерНицшеПирс,ҺуссерлҺайдеггер,ВиттгенштайнСартр,КассирерҺабермасРоулз,ЧомскиНоцикGjggth,КиркегардЮнгСерлФуко, МишельАрендтМаркс,ДжентилеЯсперсҺайек,БергсонӨрстедЕмерсон,Вайнингер

Информация о работе ХІХ ғ. Батыс философиясының мәні мен мағынасы