Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:08, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері............................................5
Жұмыссыздық деңгейі. Оукен заңы.................................................5
Жұмыссыздық түрлері......................................................................9
1.2.1. Уақытша жұмыссыздық...................................................................10
1.2.2. Құрылымдық жұмыссыздық............................................................11
1.2.3. Циклдік жұмыссыздық....................................................................12
1.3. Жұмыссыздық ұзақтыгы және жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлеміне
ықпалы................................................................................................13
2. Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары...................................16
2.1. Еңбек нарығы. Экономикалық тұрғыда белсенді халық................16
2.2. Қазақстандағы жұмыссыздық........................................................17
2.3. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес...............................22
2.4. Жұмыспен қамту...........................................................................24
Қорытынды.......................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер………………

Работа состоит из  1 файл

КУРСАВОЙ Қазіргі жағдайдағы жұмыссыздық.docx

— 68.20 Кб (Скачать документ)

                          

                               1.2 Жұмыссыздық түрлері.   

      Экономикалық  әдебиеттерде кез келген қоғамдағы  жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты жасырын жұмыссыздық, фрикциондық  жұмыссыздық, маусымдық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, технологиялық  жұмыссыздық, циклдық жұмыссыздық  болып ажыратылады.

      Жасырын жұмыссыздық – өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

      Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір  жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен  ауысуын  айтамыз.

      Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен  ауыстырудың нәтижесі, біліктілігі  өзгертуді немесе басқа мамандықты итеруді талап етеді.

      Өнеркәсібі  дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары  олардың жекелеген түрлерін тудыратын  нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының  жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше «себептері» бар. Экономистер  барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен  екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жатқызады, алдыменен циклдік жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – «жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес. Фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жаткызамыз. 
 

                             1.2.1 Уақытша жұмыссыздық. 

      Кейбір  адамдар өз мамандықтары бойынша  қызмет түрлерін тандау мүмкіншіліктері  бар кезде "жұмысаралық" жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.

      Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмыска  қайтып келген кезде, олардың орнын  басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер "уақытша жұмыссыздар" деген термин қолданады (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты).

      Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін  нақты көрсетеді: еңбек нарығында  жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына үсынатын «білімдері» бар деп есептелінеді.

      Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар — өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыс-тырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы. 
 
 

                             1.2.2 Құрылымдық жұмыссыздық. 

      Уақытша жұмыссыздық ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық" деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен  сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір маман-дықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады.

        Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады.  Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ecкipiп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден" — "жазғы белдеуге" миграциясы мысал бола алады.

      Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда "сатуға" болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс  орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қayіпті болып саналады. 
 
 

                             1.2.3  Циклдік жұмыссыздық.                     
 

      Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезенде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде «сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп атайды.

      Циклдік жұмыссыздық – кез келген өоғам  үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы, тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт  өткізуіне әкеліп соғады, ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына, адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына, әлуметтік және саяси жанжалдарға  апарып соқтырады.                               

  
 

1.3 Жұмыссыздық ұзақтыгы және жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлеміне ықпалы. 

      ҚР Үкіметімен бірнеше жыл бойы жүргізілген қатан монетарлық саясат табиғи нәтижеге - жұмыссыздықтың өcyі ece6iнен инфляцияны ауыздықтауға әкелді. ҚР-дағы жұмыссыздық жоғарыда айтылған барлық нысандарда көрінді:

    1. кезеңдік жұмыссыздық елдегі экономикалық дағдарыстың нәтижесі 

      ретінде болды;

    1. уақытша жұмыссыздық жақсы өмірді іздеген елдің басқа елдерге

      жаппай  көшуінің нәтижесінде болды;

    1. құрылымды жұмыссыздық сыртқы әлемнен экономиканың көп жыл

      жабық болуының және нарықтық қатынастарға қазіргі жағдайда көшу қажеттігінің  нәтижесінде болды.

      Осы нысандармен қатар жұмыссыздықтың негізгі пайызын көрінбейтін жұмыссыздар құрайды. Ол біріншіден, көп кәсіпорындар толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс icтeп және өндіріс көлемін қысқарта отырып, жұмыскерлерін төлемсіз демалысқа жіберуге мәжбүр, екіншіден, адамдар олардың ұйымдастыру жұмыстары жетілмегендіктен, еңбек биржасынан гөрі өздері жұмыс тауып алуды жөн көреді.

      ҚР  еңбек рыногындағы келесі проблемаларды бөліп қарастыруға болады:

  • еліміздің әр түрлі аймақтарындағы жұмыспен қамтамасыз ету деңгейінің біркелкі еместігі өседі;
  • жұмыссыздықтың мерзімінің өсуінің ұзақтығы;
  • жұмыспен қамтылудың әлеуметтік құрылымы өзгереді;
  • екінші жұмыспен қамтылу өceдi;
  • материалдық өндіріс пен ғылым салаларында жұмыс icтейтіндердің саны азайып, өндірістік емес салаларда көбейеді;
  • жұмыссыздықтың қатары әйелдер мен жастардың құрамында көбейеді.

      Адамдарға мамандығына және тілігіне жоғары дәрежеде сай келетін жаңа жұмысты табу үшін уақыт керек етеді. Басқа  жағынан, ұзақ мерзімді сипат алатын жұмыссыздық – өзге құбылыс, себебі лайықты жұмыс табу үрдісі ұзаққа созылмауы керек еді. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық көбінесе жұмыссыздықты күту болады. Осыдан, жұмыссыздық ұзақтығы туралы мәліметтер біздің оның себептері туралы көзқарасымызға ықпал етуі мүмкін.

      Жұмыссыздықтың  ұзақтығы туралы мәліметтердің мемлекеттік  саясатты жетілдіру үшін маңызды  мәні бар. Егер мақсат жұмыссыздық деңгейін қысқарту болса, онда ұзақ мерзімді жұмыссыздық  жалпы жұмыссыздық ұзақтылығына үлкен әсерін тигізеді. Алайда бұндай саясат өте дәл бағытталған, өйткені  ұзақ мерзім бойы жұмыссыз отыратындар  барлық жұмыссыздар арасында азшылықты  құрайды. Жұмыссыз қалған адамдардың көп  бөлігі жұмысты жеткілікті түрде  тез табады.

      Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі:

  • жұмыссыздық экономикалық шығынға әкеледі, ЖҰӨ-нің деңгейін төмендетеді;
  • жұмыссыздық адамдар үшін табысты жоғалтуға, өмір сүру деңгейін төмендетуге, қылмыстың көбеюіне, елімнің өcyiне әкеледі;
  • жұмыссыздықтың ұзаққа созылуынан жұмыскерлердің мамандығы жоғалады.

      Еңбек рыногын мемлекеттік реттеудің негізгі төрт бағытын бөліп алуға болады:

  • жұмыспен қамтамасыз етуді ынталандыру мен мемлекеттік секторда жұмыс орындары санының көюеюі;
  • жұмыс күштерін дайындау және қайта әзірлеу;
  • жұмыс күшін жалдауға көмектесу;
  • жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру.

      Еңбек рыногының негізгі элементтері - еңбек биржасы болып табылады.

      Еңбек биржасы - жұмысшылар мен кәсіпкерлердің арасында жұмыс күшін сату-сатып  алу мәмілесін жасау кезіндегі делдалдықты жүзеге асыратын, сонымен біpre жұмыссыздықты тіркейтін мекеме.  
 

                        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.  Қазақстандағы жұмыссыздық және жұмыссыздықпен күресу

шаралары. 

          2.1 Еңбек нарығы. Экономикалық тұрғыда  белсенді халық. 

      Еңбек нарығының жай-күйіне және оның қалыпты  жұмыс істеуіне көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Қазақстанда еңбек нарығын-дағы жағдайға әсер ететін факторлар: экономиканың жаһандануы, халықаралық еңбек бөлірісі, шикізаттың әлемдік бағасының жағдаяты, халықаралық көші-қон (миграция), жасырын еңбек көші-қоны.

      Ішкі-факторлар: тұрақты экономикалық осу, индустриялық-инновациялық даму, экономиканың қайта құрылымдануы, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, жасы бойынша экономикалық белсеңді халық, жұмыс күшінің білімі мен кәсіптік даярлығы, аймақтардағы еңбек нарығының жағдайы, жұмыс күшінің аумақтық, салалық, кәсіптік тұрғыдағы жұмылғыштығы.

      Сыртқы  факторлардың еңбек нарығына ықпалы Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа  интеграциялануына байланысты және интеграциялық үдерістердің дамуына  және республиканың Дүниежұзілік еңбек  ұйымына кipyi-не қарай күшейеді.

      Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер қазірге дейін Қазақстандағы еңбек нарығына айтарлықтай ықпал етіп отырған жоқ. Шикізатқа әлемдік баға жағдаяты экономикаға және элеуметтік аяның дамуына тұрақты ықпал етуде.  Соңғы жылдары Қазақстанның еңбек нарығына көрші елдердің — Қырғызстан мен Өзбекстанның жасырын еңбек көші-қонының қысымы арта түсуде.

      Соңғы жылдары үкімет әзірлеген құжаттарда ("Қазақстан Республикасында кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күресу жөніндегі 2000 02 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама", "Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету жөніндегі 2003 05 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама", Әлеуметтік реформаларды одан әpi тереңдетудің 2005 — 07 жылдарға арналған бағдарламасы), сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларда елеулі шаралар көзделіп отыр, ұдайы экономиканың өcyi халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға, жұмыссыздықты төмендетуге, адам ресурстарына инвестицияның өсуіне мүмкіндік жасауда.  Қазіргі кезде егеменді Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдай және оның даму үрдісі халықтың экономикалық белсенділігі, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.

      Ел  экономика-сындағы нарықтық реформалар нарықтық қатынастар аясында өзгерістер туғызды, жұмыс күшінің жұмыс істеуінің жаңа жағдайлары айқындалды. Экономиканың жоғары қарқынмен өсу жағдайында еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныстың көбеюіне, халықтың жұмыспен қамтылуының артуына алғышарттар жасады.

Информация о работе Қазақстандағы жұмыссыздықпен күресу шаралары