ҚР инвестициялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:06, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың актуалдығы. Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялыќ қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел - ауқатының артуы» стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дейекті де, ұлѓаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Инвестиция саясатының мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы
АҚШ-тағы инвестициялық саясаттың тәжірибесі


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары
Қазақстан кәсіпорындарындағы инвестициялық ахуалды талдау
Қызылорда облысының инвестициялық саясатын бағалау

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер
Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс2.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

    Қазір облыс аумағында Қытайдан, Ұлыбританиядан, Швейцариядан, Оңтүстік Кореядан, Жапониядан, АҚШ-тан келген шетелдік компаниялар жұмыс істейді. Олар кейбір жекелеген бағыттар бойынша өнім өндірудің инвестициялануын бастап та кетті.

    Аймақ экономикасының базалық саласы түсті металлургия  болып табылады. Ал, бұл бағытты ұстанған кәсіпорындар облыстағы жалпы өнеркәсіп өнімдері көлемінің жартысынан астамын шығарады. Жалпы алғанда, қазір облыста 150-ден аса ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. Саланың тауар өнімдерін өндіру көлемі 2008 жылы 223,3 млрд тенгені құрап, 2007 жылғыдан 22,6 пайыз артқан. Ал, өндіріс ауқымының көлемі 2007 жылғы деңгейімен салыстырғанда 104,9, оның  ішінде тау-кен өнеркәсібінде 96,6 өндеу кәсіпорындарында 107,8 электр қуаттарын, газ бен су өндіру және тарату 102,8 пайызды ќұраған.

    2009 жылғы бағам бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру өткен 2008 жылғыдан 8,7 пайыз көбеймек. өндіру көлемінің неғұрлым артуы өндеуші салада 9,4, тау-кен өнеркәсібінде 8,9 пайызды ќұрайды.

    Мұндай ілгерілеу, өрлеу, өркендеу сыртқы экономикалық байланыс, ауыл шаруашылығы мен оның өнімдерін, орман және ағаш өндеу, машина жасау, құрылыс, сауда салаларына, сондай-ақ авто-әуе-темір жол – су көліктері инфрақұрылымдарына да қатысты болғанын және бола да беретінін атап көрсеткен абзал.

    2007-2009 жылдар облыс экономикасына инвестияцияның құйылған кезеңі ретінде сипатталады.

    2008 жылы негізгі капиталдағы инвестицияның  көлемі 48,6 млрд. теңгені немесе 2007 жылғы деңгейімен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады. Ал, оның 2009 жылғы болжамды өсуі 116, 5 пайыз болып отыр. Жалпы инвестиция республикалық және жергілікті бюджеттердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың және шетел инвесторларының қаржы көздері есебінен құралып, олардың негізгі капиталдығы жинақтай алғандағы игерілу көлемі 2007 жылы 33744,2 млн. теңге болса, 2008 жылы ол 48649,7 млн. теңгеге жеткен, яѓни бұл жөніндегі көрсеткіш аталған мерзім ішінде ғана 152,8 пайызға артқан. Ал, 2009 жылы ол 533352,8 млн. теңгені құрайды, яғни пайыздық өсу деңгейі116,2 болды.

    Жалпы, облыста отандық және шетелдік инвестицияны тартудың айқын мүмкіндіктері баршылық. Соның ішінде өндеу өнеркәсібінің кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылымдар нысандарының инвестиция енгізу жөніндегі келешегі кемелді саналады. өндірістік өнеркәсіптіњ жедел өсіп келе жатқан қарқыны 2009 жылы жаңа құрылыс салудың  неғұрлым қажеттелігін тудырды.

    Енді  бір айта кететін жайт – индустриялды-инновациялық дамудың Аймақтық бағдарламасына сәйкес инвестициялық құны 55 млрд. теңгемен бағаланатын жоба негізінде мені зор қыруар жұмыс қолға алыну үстінде. Ол жобаға индустриалды-инновациялық бағыттағы 52 инвестициялық ұсыныс енгізілген. Олардың бесеуі бірдей 2008 жылдың өзінде-ақ игеріліп, жүзеге асырылған. Соның ішінде үшеуі Қазақстан Республикасының даму институттарының есебінен қаржыландырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ     ЖӘНЕ  ОНЫ  ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

      

    3.1 Инвестициялық саясатты  дамытудағы мәселелер 
 

    Шетел инвесторларын Қазақстанға тартуда  әртүрлі қиындықтар мен ғалымдардың  қарама-қайшы пікірлері бола тұрса  да, олардын түсетін пайда әрине көп, және де біздің әлеуметтік-экономикалық дамуымызға тиімді.

    Дегенмен  де бұл үрдістің кемшіліктері де жеткілікті.

    Біріккен  кәсіпорындарды (БК) құру құжаттарын дайындау кезеңіндегі және келіссөздер жүргізу  барысындағы тәжірибенің жетіспеушілігі, шетел серіктерстерінің сенімділігі мен несиені өтеу қабілетін тексермеушілік, келісім-шарттарды жүргізіп, бекітудегі асығыстық көптеген шетелдік компаниялардың  жобаларды қажетті түрде қаржыландыруды қамтамасыз ете алмауына әкелген.

    Келіссөздер жүргізу барысындағы тәжірибесіздіктен еліміздің  батыс аймағында қазылып, орны қалған ұңғылар жатқанын, олардың ашық жатуы жерімізге, халыққа зиянды екенін, Атырау мен Маңғыстау ежелгі мұнай өндіруші аймақ болғандықтан, бұл өңірлерде мұнай қалдықтарының төгіліп-шашылуынан, табиғи сай-жыраларға іркілген мұнайлы қамбалар айналадағы тіршілікке зиян таратып жатқанын халық ақыны, Парламент Мәжілісінің депутаты Ф.Оңғарсынова кезінде қадағалап көрсеткен. Бұл фактілер әрине Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қайшы келеді. Шетел инвестицияларын тарту процесінде БК-ѓа қатысушы жақтардың салымдарын бағалау механизмдерін дұрыс жолға қою керек. Бұл шара жекешелендіру барысында шетел инвесторларына да қажет.

    Тағы  да бір назар аударатын мәселе – ол шетел инвесторларын тездетіп тарту үшін, мұнай көздерін игерудегі көптеген экономикалық тиімді жобаларға ұлттық мұнай өндіру компанияларын қатыстырмай шетел инвесторларын шақыру. Ал, мұндай әрекеттің нәтижесі мұнай экспортауынын шектелуіне әкеп соқтырады. Негізінен шетел инвесторларын өнеркәсіпке тарту ұлттық күрделі жұмсалымдарды ығыстыру үшін емес, толықтырушы фактор ретінде болуы міндетті.

    Қазақстан өнеркәсібінде  шетелдік инвестицияларды  тартудың басым бағыттарын тандау әлеуметтік-экономикалық өсудің аса маңызды шарты болып  табылатын бәсекелестікті дамыту қажеттігінен тууы керек еді.

    Инвесторлардың  қызметіне жеңілдік жағдайларын  туғыза отырып, мемлекет өз мүддесін қорғауды да қамтамасыз етуі керек. Қазақстан  Республикасында өз өндірушілеріне деген пәрменді мемлекеттік қолдаушылық  саясат жоққа тән. Импортық баж арттыру шаралары дәрменсіз, тіпті зиянды да, өйткені олар өнім сапасын жақсартудың еркін бәсеке сияқты дәрменді факторын жоққа шығарады. 

    3.2  Инвестициялық саясатты  жетілдіру жолдары 
 

    Мемелекет нарықтық процестің жағымсыз саладырын тежеп, экономикалық қиын-қыстау жағдайларда азаматтарды қамсыздандырып отыруға тиісті. Қазақстан экономикасында қалыптасқан шындықты ескере отырып, инвестициялық процесті дамыту стратегиясын жасау, оны іске асыру шаруашылықты инвестициялаудың нәтижесімен нығайтылып, баламалы институционалдық жүйені құру арқылы қамтамасыз етілетін әлеуметтік дамуды инвестициялау ісін бірінші кезекке шығару - осынау оң процеске септігін тизізуі мүмкін.

          Қазіргі кезеңде  мұнай-газ саласы - ҚР-сы тәуелсіздігінің, оның экономикалық қауіпсіздігінің және ішкі саяси тұрақтылығының құрамдас бір бөлігі болып саналатындықтан, бұл салаға  бірнеше маңызды стратегиялық міндеттерді шешу жүктеліп отырғандығы көрсетілді.

    Біріншіден - экономикаға инвестицияларды көптеп тартуды қамтамасыз ету міндеті. Мұнай-газ саласын көтеру белсенді әрі насаналы инвестициялық ахуал туғызу, соның ішінде - шетелдік капиталды тарту арқылы қамтамасыз етілді. Екінші бір мәселе - валюта түсімдерін ұлттық экономиканы жаңғыртуға пайдалану. Республиканың минералдық шикізат ресурстарды әлі көп уақытқа дейін отандық экономиканың басты секторы, әрі өнеркәсіп кешенін өркендетудің нақты  негізі бола бермекші. Сондықтан экономиканың ұзақ мерзімдік дәйекті өсуін  қамтамасыз ету үшін осы процесті басқару мен оны мемлекеттік қолдаудың жаңа оңтайлы тәсілдерін ойластыру қажет.

          Соңғы жылдары Қазақстан  экономикасының өркендеуіне жоғары қарқын берген басты фактор - мұнайдың, газдың, түсті және қара металлдың  әлемдік рыногында қалыптасқан  тиімді жағдайы. Алайда шикізаттың әлемдік  рыногы тым ауыспалы, сол себепті бұл арада экономикалық өсімнің оң серпінін қамтамасыз ететіндей шаралар қажет. Артықшылықтар мен резервтерді барынша пайдаланып, даму жолына кедергі болатын мәселелерді шешу үшін елдің ерекшеліктерін ескеруге тиісті әлемдік - экономикалық өркендеуді қамтамасыз ететін бағдарлама жасау қажеттігі де осыдан туады.

          Үшінші мәселе - табиғи ресурстардан алынған қаражатты  ұзақ мерзімді болашаққа жоспарлау, ұлттық қордың құрылуы және жұмыс  істеуі. Ел бюджетін құрайтын елеулі табыс  көздерінің болуы үкімет алдына бірқатар мәселелер қояды. Алғашқысы бұл табыс көздерінің мәңгілік еместігімен байланысты, сондықтан ресурстарды алдағы болашақта пайдалануды жоспарлау қажет. Тағы да бір проблема, ол - мемлекеттік табыстар мен шығыстар (содан барып тұтастай ішкі сұраным) көлемінің қазба байлықтарға деген дүниежүзілік бағаның ойда жоқта күрт құбылуынан тәуелділігін азайту  міндеті.

          Бірқатар мұнай  өндіруші елдер бұл мәселелерді  тұрақтандырушы мұнай қорын құру арқылы шешуде.

    ҚР-нда  экономиканы тұрақтандыру мақсатымен көздеген ұлттық қор құрылды. Оның мақсаты - елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қорын жинау және қолайсыз сыртқы жағдайлардың ықпалынан экономиканың тәуелділігін азайту.

    Сонымен қатар, 2007 жылы құрылған "Қазақстанның инвестициялық қорынан" да үлкен үміт күтуге болады. Қордың негізгі мақсаты -  инвестицияларды жүзеге асыру, сондай-ақ перспективалы кәсіпорындардың жобаларына  инвестициялар тарту арқылы елеіміздің стратегиялық дамуына жәрдемдесу.

          Төртінші мәселе - мұнай мен газды өндіру және оларды өндеу кезінде табиғатты  қорғау. Қазақстанның мұнай және газ  кен орындарын игерудің экологиялық  мәселелерінің аймақтық - географиялық, геологиялық, геодинамикалық, технологиялық, сондай-ақ әлеуеметтік-экономикалық ерекшеліктері бар.

          Сонымен, мұнай-газ  өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін ең басты тұғырнамалық көзқарас салаға бюджеттен тыс қаржы көздерін, мәселен шетелдік инвестицияларды  тартумен байланысты. Қазақстанның мұнайлы-газ  кен орындарын игеру орасан зор қаржы жұмсауды қажет етеді, ал бұл үшін, әрине, шетелдік инвестицияларды тартпайынша іс бітпейді, сондыќтан, бұл арада үкіметтің күш-жігері қолайлы инвестициялық ахуал туғызуға бағытталуы тиіс. Еліміздің инвестициялық саясатының басты ерекшелігі - күрделі қаржының бюджеттен тысқары көздерін кеңейту, сөйтіп отандық және шетелдік жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы ахуал туғызу. Ол үшін нормативтік - заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру және тиімді инвестииялық жобаларды мемлекеттік ќолдауды күшейту қажет.

          Алуан түрлі қиындықтарға қарамастан, Қазақстан бұрынғы КСРО республикаларының ішінде өз мұнай  өнеркәсібінің алдында тұрған міндеттерді  өзі шеше алатын санаулы елдердің бірі. Тәуелсіздік жылдарында мұнай-газ  секторының қызметіне жасалған талдау елде мұнай-газ кешенін сайықтыруға бағытталған тұрақты немесе орныққанын, жаңа шаруашылық байланыстары қалпына келтірілгенін, шетел капиталдарын тарту тетігі жұмыс істеп, кәсіпорындарды акционерлеудің алғашқы нәтижелері көріне бастағанын және т.б. көрсетеді.

    Әрине, Қазақстандағы мұнай-газдың қоры оның ішкі қажеттерін ұзақ уақыт бойы қанағаттандыруға жетерлік. Алайда, мұнай-газ секторы  елдің мұнай мен газға деген  қажеттерін өтеп қана қоймай, республикадағы әлеуметтік-экономикалық өрлеудің қозғаушысы болуы тиіс, ал бұл оған дамудың стратегиясы мен тактикасын тандауда айрыќша жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз.

          Бүгінгі таңда Қазақстан  өз дамуының қоғам ахуаттылыѓының өсуі адам капиталынын құрайтын жеке қабілеттілік  пен мүмкіндікке тәуелді болатын  жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Яғни адамның біліміне, білігіне, мүмкіншілігіне, потенциалына, сипатына жаңа талап-тілектер қоятын кезең қалыптасып отыр.

          Инвестициялық процесті ширатуқа ықпал ететін мемлекеттік  инвестициялық саясаттың бір  бағыты – инновациялық қызметке, соның ішінде іргелі зерттеулерге қолдау жасау. Ғылым жетістіктері инвестициялаудың объектісі бола отырып, сонымен мезгілде өздері де тікелей инвестиция бола алады.

          Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы елбасының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» негізінде жасалған, оның басты бағыттары инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары тереңнен қамтылған.

          Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кластарлік бастамаларды іске асырудағы шешу жолдары:

          Халықаралық және өңірлік маңызы бар «серпілісті» жобаларды іске асыру, ұлттық тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қолдау, сондай-ақ БС-ға кіру жөнінде қабылданатын міндеттемелер  шеңберінде экономиканың бірқатар салаларын  бейімдеу жөніндегі шаралар кешенін  күшейтуді ескере отырып, Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 жылға дейінгі стратегиясының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.

          Елдің бәсекеге қабілеттілігін, арттыру атап айтқанда өндірістік қорларды  күрделі жаңартуды ынталандыру және инвестициялар тарту мақсатында тиісті заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жетілдіріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе ҚР инвестициялық жағдайы