ҚР инвестициялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:06, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың актуалдығы. Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялыќ қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел - ауқатының артуы» стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дейекті де, ұлѓаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ПЕН БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Инвестиция саясатының мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы
АҚШ-тағы инвестициялық саясаттың тәжірибесі


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары
Қазақстан кәсіпорындарындағы инвестициялық ахуалды талдау
Қызылорда облысының инвестициялық саясатын бағалау

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер
Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

курстык жумыс2.doc

— 188.50 Кб (Скачать документ)

    Әрине, шетел  инвестициялары қазіргі уақытта  қай елде болмасын экономиканың жанданып өсуіне себеп болып отыр. Олар Қазақстан  экономикасын демонополизациялау процесінде жоғары роль атқарып, еркін бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеу мен ынталандырудың нарықтық механизмдерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген шаралардың арқасында терең инфляциядан шығуға мүмкіндік берді.

    3.Келесі  бір атап көрсететін жағдай, Қазақстанды  тікелей  инвестициялау процесіне  негізінен алғанда дамыған шетел резиденттері үлес қосуда. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 36%-дан жоғары, Ұлыбритания - 17             %; Италия -12,8 % . Бұлардан кейін Оңтүстік Корея, Ќытай, Канада, Нидерланды және тағы басқалар. Ал таяу көршілес мемлекеттердің үлесіне тек тікелей инвестициялардың 6 пайызы ғана келеді.

    4.Республикаға  тікелей инвестицияларды тартудың  негізгі түрі - мұнай-газ салаларында  қалыптасқан бірлескен кәсіпорындар (БК) мен негізгілерден бөлініп  шыққан кәсіпорындар болды. Осыған  орай атап кететін мәселе, ол салық және басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы компаниялардан жоспарлардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да басқа түрлеріндегі түсімдер -  ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.

    Одан  да басқа инвесторлар аймақтардың  мұнайлы-газды аумақтарын барлап, жұмыс  жүргізгендері үшін олардың әлеуметтік-экономикалық салаларына бекітілген келесім-шарт негізінде  жұмсайтын арнайы тәсілдері де бар. Мұндай ірі компаниялар сол аймақтардың тұрғындарына жыл сайын жоспар бойынша қаржылай да көмек көрсетеді.

    Инвестициялық процестің даму тенденцияларының ең басты ерекшелігі-оның шикізат өндіруге бағыттылығы. Мысалы, Қазақстанға келген шетел инвестицияларының 65,5 пайызы мұнай-газ секторына жұмсалып, ал өндеуші өнеркәсіптеріне олардың 12,4 пайызы ғана жұмсалған. Сондықтан, экономикамыздың қазіргі жағдайында халықаралық нарықта шикізатқа сұраныстың өсуін дұрыс пайдаланып қалуымыз керек.

    Экономикамыздың дамуын тек қана мұнай-газ секторындағы кірістерге тәуелді болмауы үшін ұлттық экономиканың көп векторлығын дамыту қажет. Ол кезегінде бұл саясат әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік қолайлы орта қалыптасуына қол жетізеді. Отын-шикізат көздерін өндіру инвесторлар үшін тартымды жағдайда өндеуші өнеркәсіптеріне инвестиция салымдарының тапшы болуы бұл секторлардың пайдалылығы мен тиімділігі арасындағы алшақтықты терендете түседі. Өндеуші кәсіпорындарға инвестициялардың аз жұмсалуы экономиканың құрылымдық жүйесінің деформациялануына әкеліп, оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан да экономикамыздың тұрақты дамуын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шетел инвестицияларымен қатар отандық инвестицияларды жандандырып, өңдеуші секторларымызды дамытып, экспортты ұлғайтып, ел ішіндегі жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік туғызу қажет.

    Инвестициялық процестің қазіргі кездегі жағымды  ерекшелігіне соңғы уақыттардағы шетел  инвестицияларының көлемі азайып, отандық ішкі инвестициялардың өсуін жатқызуға болады. 2005-2006 жылдары негізгі капиталға жұмсалған ішкі инвесторлардың үлесі 55 және 56 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінен басқа экономиканың  көптеген салаларында ішкі инвестициялардың көлемі шетелдік салымдардан басым.

    Келесі  атап көрсететін бағыт - ол инвестициялық  қызметті қаржыландырудағы мемлекеттің  ролі артып, үлесінің көбеюі. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған  елдерден қай жағынан болса да кейін қалуды азайтуда  мемлекеттің  ролі, оның экономиканың маңызды салаларындағы инвестицияларды реттеу қызметтері ерекше жүйелі  болуы қажет. Сонда ғана ел тұрғындарының мүдделері дұрыс ескеріліп, шешіліп отырады. Сонымен, 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық даму стратегиясына орай жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процестің жаңа бағыттары дамыту болып табылады.

    Экономиканы тиімді басқару  жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту  жатады. өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі - шетел инвестицияларын тарту  мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.

    Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы  ретінде ғана қажет емес, жаңа әлемдік  ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар  енетін маңызды арна ретінде қажет. Олар ірі коммерциялық өміршең инвестициялау  негізінде ұлттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірісітік қызметін өтімді етуге мүмкіндік туғызады.

    Жаңа  қазіргі өндірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей  өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін, белгіле бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.

    Бұл қағидалар экономикалық мақсатқа сәйкестілік - ол сол немесе басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер  мен мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымен болатын инвестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен туындай отырып анықталады; әлеуметтік - экономикалық тиімділік  кез келген нысанда шетел инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты. Бұл қағида шетел компанияларының қатысуымен болатын жобалардың жоғары табыстылығы мен пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды пайымдайды; экономикалық-экологиялық қауіпсіздік - егемендік қауіпсіздігінің қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға, қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілерді нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Бұл қағиданы қолдану ұлттық ресурстардың жекелеген түрлеріне шетел капиталының еркін кіруін шектеу қажет.

    -Шетел  инвестияларын тарту барысында  өзара тиімділік қағидасы. Бірде  бір мемлекет, бірде бір кәсіпкер  өзіне пайдасыз болатын серіктестікке  кірмейді, республика  экономикасын инвестицияламайды; экономикаға шетел инвестияларына басымдықтық салу қағидасы. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық пен инвестициялық саясатқа сәйкес оларды ең мәртебелі объектілерге бағыттауды білдіреді. Сондықтан Республикада 2005 жылға дейінгі кезеңге тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ең маңызды өндірістердің тізімі бектілген. Бұл қағиданың енді бір жағының мәні мынада: ел белгілі бір елдердің, олардың компанияларының, фирмаларының инвестицияларына олардың экономикалық жағдайын , әлемдік экономикалық жүйедегі орыны, экономиканың нақты сфералары мен салаларындағы жетекші жағдайын және басқа да сипаттамаларын ескере отырып, басымдықтар беруі тиіс;

    - Республика үшін маңызды қағида  болып, барынша аз коммерциялық  тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі - осы процесті басќарудың толық құқылы органдарын, кәсіпорындарын жетклікті хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады;

    - Ең соңында, шеел инвестицияларын  тартудың әлемдік тєжірибесін  барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе қалуымен ерекшеленеді.

    Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе. Ол халық шаруашылығын реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді.

    Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:.Жоспарлау;.Бағдарламалау;Бюджетті дайындау;.Орындау.

    Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың  сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

    Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат - жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар  бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын тандаудың сол бәсекелестік  қағидаларына негізделу ќажет. 
 
 

    1.3 АҚШ - тағы  инвестициялық саясатының  тәжірибесі 
 

    Капитал нарығы АҚШ-тағы капитализмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Компаниялар  өздерінің зауыттарын және ғимараттарын салуға, ұшақтарды, поездарды және кемелерді  сатып алуға, телефон желілерін  орнатуға тағы басқа түрлі жобаларға қаржы алу үшін осы нарықтың көмегіне сүйенеді және де басқа түрлі жобаларға қаржы алу үшін, атап айтқанда, зерттеулер  мен дамыту жұмыстарын жүргізуге қажет қаржыны  капитал нарығынан  алады. Қаржының көп бөлігі зейнетақы қорларынан, сақтандыру компанияларынан, банктерден, басқа қорлардан және коллеждер мен университеттерден келеді. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың да қаржылары көбейіп келеді.

    Егер  өзге мақсатта қаржы керек болып  қалған жағдайда өздерінің құнды  қағаздарын және кәсіпорынның акцияларын сатып жіберуге мүмкіндіктері болмаса, кәсіпорынның акцияларын сатып алушылардың саны аз болар еді. Құнды қағаз нарығы мен басқа да капитал нарығы  инвестициялардың акцияларды  үздіксіз сатып алу және сату барысында жұмыс істейді.

    Аталмыш нарықтар Америка экономикасында басқа да қызметтерді атқарады. Олар инвесторларға пайда әкеледі. Акциялардың немесе басқа да қаржылай активтердің құны өскен сайын инвесторлар байи түседі; қаражаттарының бір бөлігін сауданы қолдауға және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге жұмсайды. Инвесторлар болашақта кәсіпорынның қаншалықты пайдалы  болатынын ескере отырып, акцияларын күнделікті сауда-саттыққа салады; сонымен бірге, акциялардың  бағасы корпорация басшыларына инвестициялардың  қызығушылығы жайлы мәлімет береді.

    Акциялардың құны инвесторлардың үкімет саясатына көзқарасын бейнелейді. Егер үкімет экономика және компанияның кіріс әкелуіне зиянын тигізетін саясатты қабылдаса, инвесторлардың ойынша  нарық төмендейді, ал егер бұл экономиканың өрлеуіне көмектесетін болса, онда нарық өседі. Бұл орайда кейбір сарапшылар американдық инвесторлардың қысқа мерзімі пайданы ғана көздейтінін сынайды, олардың айтуынша, компаниялар немесе саясатшылар ұзаќ мерзімді табыс әкелуге шара қолдануға ықыласты емес және құнды қағаздардың құнын тоқтататын қысқа мерзімді өзгертулерді талап етулері мүмкін.

    Ашық қорлардың арқасында нарыққа қоғамның араласуына кең жол ашылды, олар жеке салушылардың атынан қаржыны әртүрлі құнды қағаздарға салады. Қоғамдық қорлар өздерін толық машықтанған деп  сезінбейтін  немесе мыңдаған жеке акциялардың иігінен таңдап алуға уақыты жоқ, өз ақшаларын мамандардың көмегімен іске қосатын кіші инвесторларға қоғамдық қорлар жағдай жасайды. Қоғамдық қорлар акцияларын әртүрлі топтарын ұстап тұрғандықтан сол акция иелерін жеке акциялардың құнына байланысты болатын қатты сілкіністерден қорғайды.

    Ашық қорлардың әртүрлі инвесторлар топтарының қажеттілігін өтейтін көптеген түрлері бар. Кейбір инвесторлар қаржыларының тез арада пайда әкелуін қаласа, екіншілері болса капиталдың ұзақ бағалануын күтеді. Кейбіреулер инвестицияны дәстүрлі консервативті  түрде салса, екіншілерінің мүмкіндіктері жоғары, сондықтан да тез арада пайда әкелетін салаларға жұмсайды. Кейбір іскерлер тек қана  өндірістің нақтылы саласын немесе шет ел компанияларының акцияларын және нарық стратегиясын ғана  қадағалап отырады.

    Инвесторлар акцияларды сатып алу не болмаса  сату жөнінде шешімге келгенде ең алдымен компанияның жалпы іскерлік ахуалына, болашағына, қаржылық  жағдайына және биржадағы акция бағасының тапқан пайдасына қарағанда нормадан жоғары немесе төмен екендігіне назар аударады. Биржадағы пайыздық ставкілерінің көтерілуі акция бағасының төмендеуіне әкеледі, себебі, бір жағынан алғанда, олар бәсенсуін, жалпы пайданың азаюын алдынала  білдіреді. Және де ол қор нарығынан инвесторларды жоғары пайыздық ставкілерден үміттендіретін жаңа салымдық  бағыттарға қызығушылығын тудырады. Ал, пайыздық мөлшерлемені төмендету,керісінше, акция құнының көтерілуіне әкеледі, себебі ол оның арқасында компаниялар бекітілген өсімге және де қарызданудың қарапайым түріне қол жеткізеді, сонымен қатар пайда көлемінің төмен болуына байланысты инвесторлардың қызығушылығы  азаяды.

    Көптеген басқа да факторлар жағдайды қиындата түседі. Әдетте инвесторлар акцияларды  сатып алғанда  оларды қазіргі жағдайына емес, болжамды болашақ табысына қарай бағалайды. Күтіп отырған үмітке көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Олардың есебі ұтымды әрі тиянақталмаған. Нәтижесінде баға мен табыстьн арасындағы қысқа мерзімді байланыс өте берік болмайды.

    19 қазанда бүкіл әлемде акциялар құны түсіп кетті. Құлдырау фактілерін анықтау үшін құрылған президенттік Брэйдли комиссиясы мен SЕС дағдарыстың орын алуына әр түрлі факторлардың әсері бар екенін, соның ішінде инвесторлар психологиясында жағымсыз  өзгерістер орын алғанын, үкімет бюджетіндегі дефицит пен сыртқы қарыздар инвесторлар  мүдделеріне қайшы келгенін, Нью-Йорк биржасы мамандарының қалған ресурстары сатып алу міндеттерін орындамай қашқақтауы, компьютердегі бағдарламалар үлкен көлемде акцияларды сатып алу және сату үшін жоспарланғандықтан кейбір нарықта орын алған шешімі жоқ мәселелердің туындауы сияқты кемшіліктері дағдарыстың тереңдеуіне себепкер болғаны анықталды. 
 
 
 
 
 

Информация о работе ҚР инвестициялық жағдайы