Пәнге кіріспе. Инновациялық менеджменттің негізгі түсіні мен заңдылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 15:33, курс лекций

Описание

Қазіргі экономикалық дамудың көрсеткіші бүкіл қоғамның экономикалық потенциалына әсер ететін өндірістік технология әдістерінің түпкілікті өзгерісі болып табылады. Инновациялық өзгерістер қоғамның өндірістік күшін өзгертіп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық процесстер жүйесіндегі негізгі бөлімді құрайды. Инновациялық дамудың концепциясына сәйкес техника мен технологиядағы әрбір жаңа инновациялық ұрпақ әлеуметтік өмірге өз ықпалын тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

ИнновУМК Маханова.doc

— 380.00 Кб (Скачать документ)

Қашықтан оқыту (ҚО) тәсілдерін меңгеру арқылы білім беру франчайзингін  қолдануға болады. Қашықтан оқыту  технологиясы астарында білім беру орталығынан тысқары орналасқан тұлғалардың оқыту қызметінің методикалық қызметі мен мақсатқа бағыттылығын жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін,  оқыту құралдары мен әдістер жиындарының мәні түсіндіріледі.

«Франчайзинг» термині  «жеңілдік», «артықшылық» деген ағымнын сөздерінен шыққан. Франчайзингтің пайда болуы кәсіпкерлік қызметтің ену формасы сияқты, ортағасырлық Англияда басталған. Сол заманда «франшиза» түсінігі корольдың атынан құқықты беру ұғымын білдірген. АҚШ франшиза мемлекеттік биліктен құқық беру ұғымы түсіндіріледі. Франчайзинг 20 ғасырда кеңінен таралды. Бұл түсінікке осы күнге дейін бірегей анықтама қалыптаспаған.

Франчайзинг ұғымында тауарлар мен қызметтерді нарықта жүргізу, сондай-ақ заңды және қаржылық тәуелсіз жақтар – Франчайзер мен Франчайзи  арасындағы тығыз және жалғаспалы серіктестікте негізделген технологиялар жүйесі түсіндіріледі. Сонымен қатар Франчайзер Франчайзиге құқық береді және Франчайзердің қағидасына сай бизнесті жүргізу міндеттемелерін жүктейді. Бұл Франчайзиды тікелей және жанама қаржылық марапаттауға айырбасқа Франчайзердің тауар белгісін және сауда маркасын, оның ноу-хауы, жалғастырмалы техникалық қолдау кезіндегі интеллектуалды және өндірістік жеке меншікке технология мен бизнесті жүргізу тәсілдерін қолдануды міндеттейді.

Франчайзинг бойынша ұсыныс нарығын 3 түрге бөлуге болады: тауарлық франчайзинг, өнеркәсіптік франчайзинг, іскер франчайзинг.

Тауарлық франчайзинг. Франчайзингтің бұл түрі белгілі  территорияда франчайзердің тауар  белгісімен шығарылатын,  өнім өткізілуге ерекше құқықтардың берілуін қарастырады. Аталған келісімнің негізгі шарты - өнімді тек өзіннің франчайзеріңнен ғана қабыл алу және бәсекелес болам деген, басқа фирмалардың үйлеспелі тауарларының өткізілуінен бастарту.

Өнеркәсіптік франчайзинг. Бұл материал, шикізат, өндірістің патенттелген технологиясын қолданумен өнімді франчайзердің тауарлық белгісі өтімі және өндіріске құқықтың берілуін қарастырады.

Іскер франчайзинг. Бұл  франчайзингтің ең келешегі бар түрі.  Ол тек тауар белгісінің ғана емес, фирма-франчайзермен өнделген және өндірілген бизнесті жүргізу технологиясының берілуін де түсіндіреді. Берілген жағдайда франчайзи франчайзердің нарықтық стратегиясына, оның басқаруды ұйымдастыру мен жоспарлау ережелеріне сай қызмет етуге, сапамен қамтамасыз ету шарттары мен стандарттарын, техникалық талаптарды сақтау, қызметтің экономикалық нәтижесіне толық жауап беру жауапкершілігін өз мойнына алады.

Бақылау сұрақтары:

1. Инновациялық жобаның  бағалаудың қандай моделдерін  білесің?

2. j инновациялық жоба  бойынша және инновациялық қызметтің  I түрін өндіру бойынша  шығындар қалай анықталады

3. j инновациялық жоба  бойынша және инновациялық қызметтің  I түрі бойынша пайда қалай  есептелінеді

4. Инновацтялық жоба  тиімділігі қандай көрсеткіштермен  сипатталады

5. Инновациялық салымдар деген не

6. j инновациялық жоба  бойынша және инновациялық қызметтің  I түрі бойынша инновациялық салымдардың  экономикалық тиімділігінің жалпы  (абсолютті) коэффициенті қалай  анықталады

7. Технология классификациясын  сипатта

8. Франчайзингтің түрлерін  сипатта

СӨЖ тапсырмасы:

Инновациялық жобаның  тиімділігін зерттеу мақсатында аналитикалық жұмысты орындау. Жұмыс  көлемі 4-5 беттен аспау тиіс

Әдебиеттер  тізімі:

1. Круглова Н. Инновационный  менеджмент: учебное пособие –  М.: РДЛ, 2001

2. Фатхутдинов Р. Инновационный менеджмент – СПб: Питер, 2003

3. Абдыгаппарова С. Инновационный потенциал Казахстана: механизмы активизации – Алматы: Экономика, 2001

 

 

Тақырып 6: Жаңалық  жасауды, ендіруді және өндіруді басқару

Жоспар

1. Инновациядағы жаңа  тауар түсінігі

2. Жаңалық жасауды, ендіруді және өндіруді басқару

      

 Лекцияның  мақсаттары: Кәсіпорынның инновациялық потенциалын қарастыру; инновациялық потенциалға талдау жасауды үйрену; кәсіпорын инновациялық қызмет деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу

Лекция мазмұны:

«Жаңа тауар» түсінігінің бірнеше ондаған ұғымдары бар. Жаңа тауарға жаңа принципті қажеттіліктерді қанағаттандыратын фирманың қайта шығарған бұйымдары жатады.

Жаңа өнім – бұл  өнімнің модификациясы, жаңалық  енгізу  және жаңартпасы.

 Жаңғыртып, жетілдіру  (модификация) – бұл тауарлар сипаттамасының сапслық немесе физикалық өзгерісі. Өнімді жаңғыртып, жетілдіруге мынадай жағдайлар жатады:

-тауардың химиялық, физикалық  және функционалдық сипаттамасының (материал түрі, тұтыну мерзімі,  қауіпсіздігі, жайлылығы) өзгеруі;

- тауардың эстетикалық сипаттамасының (сыртқы түрі, дизайны, түсі, қорабы) өзгеруі;

- тауарды таңбалаудағы (тауар белгісінің,  символының) өзгерістер.

Жаңа енгізулер –  ол фирмада бұрын өндірілмеген және сатылмаған өнім.

Инновациялық тауар  – бұл нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар. Нарыққа бірінші рет шыққан кезінде видеокамералар, дербес компьютерлер инновациялық тауарлар есебінде болды. Инновациялық тауарларды кейде «әлемдік» немесе «нарықтық» жаңа тауарлар деп атайды. Жаңа тауарлардың тек 10%-ын ғана «әлемдік» деп атауға болады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

 

Жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар өнімнің  жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін дайындауда ғылыми зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу.

· Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу.

· Жаңа өнім дайындауда технологиялық  процесті әзірлеу.

· Инновацияны жетілдіруді  ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.

· Лицензиялау, потенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу.

Нарықтық экономика  жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін  талдау қиындайды және көп сатылығын  білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.

Техникалық ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін  арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканы, технологияны, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне сондықтан да мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарды пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады.

Уақыт ағымына қарай  тұтынушылардың талғамы мен сұранысы өзгереді. Өнім ұзақ уақыт бойы нарықта  қалуы үшін фирма тауарының ассартиментін жаңалап, тұтынушы талаптарына сай олардың сапасын жақсартып отыруы қажет.

Индустриялды дамыған  елдерде өнеркәсіптік ҒЗТКЖ  соңғы  онжылдықта ұлттық ғылыми потенциалға  және бәсекелестік басымдылық көзіне айналды. Өнеркәсіптік компаниядағы ғылым, жаңалық енгізудің таусылмас  көзі болып, тұтынушыларды біріктірді.  ҒЗТКЖ-ды белсенді кеңейту қажеттілігі, өндірістік сектор шеңберінде жүзеге асырылып, коммерциялық деңгейге жетіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандырумен дәлелденеді.

ҒЗКТЖ –ды дамыту басқару ерекшелігі коллективті ұйымдасқан жұмысқа сүйену болады.

Инновациялық қызмет жоғарғы деңгейлі белгісіздіктерімен және тәуекелділігімен сипатталынады, әсіресе фундаменталды және қолданбалы зерттеулерде.

Жаңалық жобасын таңдауда және шешім қабылдауда тәуекелділік элементіде өте жоғары болады, өйткені ол ақпараттың толықтылығынан, ұсынылған жабаның сапасынан, шешім қабылдау әдістерінен тәуелді болады.

Көптеген творчестволық  идеялар логикалы тізбектелген процестің  нәтижесі емес, дәстүрлі ойлау пікір. Коммерциялық новаторлы ұйымдар  әрқашан спонтанды творчестволық идеяларға сүйенеді. Дәстүрлі кәсіпорын қызметін «басқаруда әдістемеліктердің кездейсоқтықтар орны аз, бірақ кәсіпкерлік жобаның табыстылығы идея сапасы мен концепциясына байланысты»  деп жазды жаңалықтарды басқару бойыншаәйгілі маман Брайн Твисс.

Ғылыми зерттеулер этапында дәстүрлі басқару әдісі ерекше орын  алады.

Ғылыми зерттеулерде басқарушының ролі творчестволы қызметкерлерді таңдаумен шектелмей, стратегиялық міндеттерді және оперативті бақылау да жасайды. Басқарушы творчестволық моральды-психологиялық климат жасап

 қоймай, тәуекелділікке  ынталандыру,  ғалымдар арасындағы  қатынасты орнатып, ақпараттармен  қамтамасыз жұмыстарын жүргізеді.

Ғалымдар үшін маңызды  критериялар  ардақ,  мәртебе.жоғарғы дәреже. ақшалай сыйлықтар болып табылады. 

Творчестволық шешімдер әдісінің арасынан Б.Твисс аналитикалық және формологиялық, сонымен бірге  аналитикалық емес әдістер, фантазиялар  әдістері қолданылады.

Ендірілетін  жаңалықтың техникалық деңгейін бағалау интегралды көрсеткіштер негізінде есептелінеді және жалпы көрсеткіштер сапасын есептегенде экспертті бағалар әдісі қолданылады, өйткені  қол да бар ақпараттар сандық математикалық әдістерде қолдану жеткіліксіз болады. Жеке көрсеткіштер  сапасын төрт этаптан тұратын кэффициенттер арқылы анықтайды. Бірінші этапта  анкеталық сұраулар жүргізілсе екінші этапта. «эксперттік экоманда » мүшелері құрылады. Үшінші этап алдын ала және соңғы сұраутар  нәтижесінде экспертиза жасау процедурасы болып табылады. Әр этап соңында алынған нәтижелер қарастырылады, Төртінші, соңғы этап сұрақтар нәтижелері математикалық әдістермен: ранжирлау,   тікелей бағалау,  салыстырмалы және жоғары бағалаумен  өңделеді.

Жаңалықтың интегралды көрсеткішін анықтаудың ең жақсы  әдісі математикалық модельді қолдану. Егер басты сандық көрсеткіштерді бөлуге мүмкіндік болмаса, геометриялық шамалар қолданылады. Өндірістік техникалық көрсеткіштер барлық ресурс түрімен байланысты. Өнімнің экономикалық параметрін көрсетуде факторлық талдау қолданылады. Бұл жерде еңбексиымдылығын, энергия сиымдылығын, материалсиымдылығын, өзіндік құнын  технологиялық параметр функциясы түрінде  беріледі.

Бақылау сұрақтары:

    1. Жаңа тауар түсінігі
    2. Инновациялық тауар дегеніміз не?
    3. Модернизация дегеніміз не?
    4. Жаңалық енгізуді, өндіруді қалай жоспарлауға болады?

СӨЖ тапсырмасы:

Кәсіпорында жаңалық  енгізуді басқару жолдары. Жұмыс көлемі 4-5 беттен аспау тиіс

Әдебиеттер  тізімі:

1. Круглова Н. Инновационный  менеджмент: учебное пособие –  М.: РДЛ, 2001

2. Фатхутдинов Р. Инновационный менеджмент – СПб: Питер, 2003

3. Абдыгаппарова С. Инновационный потенциал Казахстана: механизмы активизации – Алматы: Экономика, 2001

 

 

 

Тақырып 7: Инновация  маркетингі

Жоспар

1. Инновациядағы маркетингтің ролі

2. Тауардың өмірлік  циклі

3. Жаңа өнім жарнамасы

Лекцияның мақсаттары: Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі маркетингтің алатын ролі, тауардың өмірлік циклі және тауар саясатының мәнін ашып көрсету, жаңа тауарға жарнама жасау түрлері

Лекция мазмұны:

Инновация маркетингінің  концепциясы маркетингтік қызметтің негізгі жұмысы, нарықты зерттеу, кәсіпорынның бәсекелестік стратегиясын іздестіру болып табылады.   Маркетинг бөлімінің бастапқы міндеті инновацияны іздестіру этапында  нарықты зерттеу: сұраныс және бәсекелестік деңгейін, сатып алушылардың  мінездерін, олардың сатып алушылық динамикасын, бәсекелестік өнімдердің нарықтағы үлесі мен жаңа өнімді нарыққа шығару болып табылады.  Маркетинг стратегиясы, нарықты талдау және оперативті маркетинг алты принципиалды этаптардан тұрады: нарықты жалпыэкономикалық талдау, экономикалық коньюнктураны талдау, нарықты арнайы талдау, жаңалықты ендіру стратегиясын жасау, маркетингтің оперативті шаралары, марктинг бойынша табыс пен шығын деңгейлері.

Инновациялық маркетинг  өтпелі экономикасы бар елдер  үшін жаңа өзгеріс болып табылады. Индустриялды дамыған елдерде фирма дамуының маркетингтік концепциясы көп уақыттан бері   құрметті орынға ие болған.

Инновациялық маркетинг  ұғымы, маркетинг инновациясы ұғымына  қарағанда кең мағыналы. Ол ұйымның  миссиясынан, ойлау философиясынан, басқару стильдерінен тұрады.

Стратегиялық маркетингтік зерттеу негізі  нарық коньюнктурасын талдай отырып, нарық сегменттерін құру,  тұтынушыларды іздестіру. Нарық пен сыртқы орта факторларын  талдаудан басқа, қазіргі маркетинг  бүгінгі күннің тұтынушыларын зерттеп, потенциалды мүмкіншіліктерді іздеді.

Стратегиялық маркетинг  тұтынушылармен, маркетингтік және социологиялық  қызмет бөлімімен тығыз байланыста болады. (анкета жүргізу, телефонмен сөйлесу  ж.т.б.).

Информация о работе Пәнге кіріспе. Инновациялық менеджменттің негізгі түсіні мен заңдылығы