Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание

Маркетинг экономикалық және қоғамдық қызмет түрлерінің ең маңыздыларының бірі болып табылады, дегенмен, оны көбінесе дұрыс түсінбейді. Маркетингтің мақсаты – тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, оны алу жағдайын жақсарту, бұл өз кезегінде елдегі тұрмыс деңгейін арттыруға, тіршілік сапасын жоғарылатуға әкеледі.
Әрбір фирма қандай бизнес түрімен айналысуына сәйкес, меншікті маркетингілік кешен әзірлейді, яғни өзінің мәселелерінде және тапсырыскерлер проблемаларында барынша тиімділікпен шешуге мүмкіндік беретін маркетингтің құралдар жиынтығын.
Бір жағынан, маркетинг - бұл «болжап білу, сәйкестендіру және сатып алушылар қажетсінуін қанағаттандыру өндіруші үшін пайдалы болатындай» қорытындыланатын тұжырымдама.

Содержание

1 Тарау. Қызмет кӨрсету саласындағы маркетингтің мӘні мен қажеттілігі
1.1. Қызмет көрсету маркетингтің өзіндік ерекшелігі.
1.2. Қызмет көрсету кәсіпорынының маркетингілік ортасы
1.3. Көрсетілетін қызметке сұраным және қазіргі жағдайлардағы маркетинг тұрпаттамасы
1.4. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласындағы маркетингтің маңызы

2 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ мысалында кәсіпорынның қызметін талдау
2.1. «Қазақтелеком» АҚ ҚР телекоммуникациясы нарығындағы қызметі
2.2. Қазақтелеком АҚ қызмет қөрсету түрлерінің және тарифтерінің анализы

3 ТАРАУ. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
3.1. Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы
3.2. «Қазақтелеком» АҚ қызметін жетілдіру

Работа состоит из  1 файл

Дип.-маркетингіге-және-кәсіпорындағы-маркетингілік-қызметті-басқаруға.doc

— 1,008.50 Кб (Скачать документ)

Әлемдік желіге шығуға қолданылытын әдеттегі технологиялардан басқа, ADSL тәрізді  жаңалықтармен қатар , тұтынушыларға  бір жылдан бері "Интернет аймағы" қызметі ұсынылған. Қазірде еліміз бойынша осы қызметті пайдаланушылар саны 10 мың адамнан асты.

"Internet әр қазақстандыққа  қызмет көрсетуі тиіс!" Міне, осы  қызметті әзірлеушілердің басты  мақсаты осындай. Сонымен қатар  бұл қызмет желінің барлық  абоненттері үшін барынша қолайлы  және сапалы болуы керек.

"Интернет аймағы" қызметі телефоны және модемді  компьютері бар адамға, оның Қазақстанның  қай жерінде тұратынына қарамастан, әрқашан ашық. Оның үстіне қандай  бір келісім жасаудың, тіркеудің,  аванстық және абоненттік төлемдердің  қажеті жоқ. 

Internet қажет десеңіз - модеміңізді 8w75010110101 нөміріне тураласаңыз болғаны! Қалғанын "Қазақтелеком" АҚ өзі-ақ жөндестіреді - байланыс қызметі кешенінің төлемақысы тұтас көрсетілген шотқа қоса тіркелген соманы келесі айдың аяғына дейін басқа қызмет ақысымен бірге төлейсіз.

Бағасы қалай дейсіз ғой? Интернет қызметін баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан байырғы тұтынушылардың пікірінше, "Интернет аймағы" қызметі  ұсыныла бастағаннан бері осы  саладағы баға 40% мөлшерінде арзандаған.

Түсінбеген мәселелер  жөнінде "Интернет аймағы" қызметіне қолдау көрсететін қызметке Қазақстанның кез-келген жерінен мына телефон бойынша тегін сөйлесуге болады: 8-800-080-1010.

Биылғы жылы "Қазақтелеком" АҚ өз абоненттеріне "Қазақстан Интернеті" аталатын жаңа қызмет түрін ұсынды. Осы арқылы қазақстандық провайдерлердің барлық серверлеріндегі сайттарға сағатына 0,36 АҚШ долларын төлей отырып, тәуліктің кез-келген уақытында қол жеткізуге болады. Бұған 8w7501110111 нөмірін теру арқылы дәл осы сәтте-ақ көз жеткізе аласыз.

"Қазақтелеком" АҚ осы жаңа қызметтің Интернет желісін белсенді түрде пайдаланушылар тарапынан жоғары бағаға ие боларына нық сенімді, себебі осы арқылы 1500-ден астам сайттарға қатынауға болады. "Қазақтелеком" ААҚ сонымен қабат өз тұтынушыларын осы қызметті неғұрлым байыта түсуге, оның мазмұнының қызықты әрі пайдалы болуын қамтамасыз етуге шақырады. Қазірдің өзінде Сіздің идеяларыңызды жүзеге асыратын, кез-келген оқулық немесе мәдени бағдарламаларды орналастыратын сервер кеңістігі әзір тұр.

Мұнымен қабат "Қазақстан  Интернеті" адамдардың бір-бірлерімен тығыз қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Осы мақсатта тегін электронды пошта ашу үшін mail.kz/ серверінде тегін электрондық жәшік ұсынылған.

Осындай жаңа қызметтерді  байқап көрген адам олардың әрі оңай, әрі сапалы екендігіне еріксіз көз жеткізеді.

Осылайша "Қазақтелеком" АҚ Сіздің әлемге одан әрі жақындай түсуіңізге мүмкіндік беретін пайдалы, әрі оңай қызметтерді құрып ұсыну  жөніндегі өзінің стратегиялық бағытын  жалғастыра беретін болады. Осы қызметтерді  пайдалану арқылы еліміздің әрбір тұрғыны ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация саласының ең соңғы жетістіктеріне қол жеткізе алады.

Мәселен, таяу арада Сізге  міндетті түрде ұнайтын тағы да бірнеше  қызықты қызмет түрлері ұсынылмақ. Бұл туралы хабардар болу үшін жарнамаға және баспасөзге көбірек үңіліп қоюды естен шығармаңыз.

"Kazakhstan Online" торабында  Интернетке қосылуды ұйымдастыру  үшін екі сыртқы жерүсті арналар  бар:

Алматы - Мәскеу, 768 Kбит/с, Интернет-провайдер Global One;

Алматы - Лондон, 1 Мбит/с, Интернет-провайдер Cabl


Информация о работе Қазақтелеком АҚ болашақты миссиясы