Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:56, контрольная работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын оңтайландыру әдістерін және осылардың негізінде сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ……3
І. Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы….5
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері……5
1.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы…9
1.3 Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі шаралар………11
ІІ. Қазақстандағы сақтандыру компаниялары………..13
2.1 Сақтандыру компаниялары………….13
2.2 «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы туралы….16
2.3 «Евразия» сақтандыру компаниясы туралы……17
ІІІ. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі….20
3.1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі……20
3.2 Коммуникацияның деңгейлес жүйесімен сақтандыру компаниясындағы тәуекел-менеджменттің жүйесі……24
3.3 Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы……27
ҚОРЫТЫНДЫ……..30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……32

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 76.96 Кб (Скачать документ)

2.2 Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық қызметті реформалау  заңдары 

Қазіргі кезде Кдзақстан  Республикасының үкіметі басты  назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.  
Қазақстан Республиканың өнеркөсіп құрылымында минералды-шикізат кешенінің үлесі шамамен 65 % тең. Бұл салада капиталды ерекше белсенділігіне қол жеткізілгенмен жер қойнауын пайдалану мен жағдайын талдау кезінде оның толықтай игерілмегендігі анықталды.[1;12]  
Геологиялық ізденіс жұмыстарына бағытталған инвестиция көлемі күрт төмендеді, егер 1997 жылы ол инвестицияның жалпы көлемінен 14 % кұраса, 2000 жылы тек 5 % құрады. 2001 жылдың 1 жартысында салынған инвестиция 121,7 млн. АҚШ доллар болды. Инвестицияның пайдалы қазбаларды геологиялық ізденіс жұмыстарына тек 3 % бөлігін құрады.  
Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат ресурстарының корларын ұлғайту мақсатында ізденіс жұмыстарына инвестиция тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған Казақстан Республиканың үкіметі жасаған республиканың минералды-шикізат кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс. “Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.  
Екінші жағынан бүгінгі күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші салаларды жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды үкімет "Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының басты мақсаты экономикада отандық және шетел инвесторларының құқықтары мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға қатысты мемлекеттік кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде инвесторлар  
мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз.[19;28]  
Инвестициялық хал-ахуалды нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісм — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан біртіңдеп бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың құқықтық негіздері мен әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау таластарды шешулін өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.  
Одан басқа Қазақстан Республикада "Жер койнауы мен оны пайдалану" мен "Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен мердігерлер арасында табиғи ресурстарды тиімді және кешенді пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру көзделген.  
Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.  
Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.  
Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:  
1) инвестициялық жобаның экономиканың басты секторларына қатысты болуы;  
2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруында қазақстаңдық заң тұлғасының негізгі қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.  
Инвестщиялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:  
- натуралды мемлекеттік гранттар;  
- келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге жер мен мүлік салығынан босату;  
- салық алына бастайтын табыс алу кезінен 5 жылға табыс салығынан босату;  
- инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат, материалдар импортты кезііще кедендік баға салықтарынан толықтай немесе бір бөлігінен босату.  
Салықтық жеңілдіктер беру мерзімі негізгі қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.  
Мемлекеттік натуралды гранттарға:  
1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс құрал-жабдықтары, машиналар, есептеуіш техника және басқалары.  
2) бейматериалды активтер-ғимаратты, жермен пайдалану құқығы мен басқадай құқықтар.  
3) өндірістік қорлар, аяқталмаған құрылыс, салықтар, дайын өнім.  
Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.  
Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында интеграция процестері мен әлемдік нарыққа шығумен байланысты шараларды жүзеге асыруын талап етелі. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің бір бөлігінің потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.  
Реформалардың бастапқы кезеңіндегі болашақ белгісіздігі, көптеген экономикалық агенттердің әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз әрекет етті. Инвестициялық саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға бағытталған кешенді шаралар экономика реформасының басты бағыты болып табылады.  
Осыған байланысты отаңдық қор нарығын дамытудың басты бағыттарына ішкі инвесторлар институтын күшейту мен қаржы құралдар тізімін ұлғайту болып табылады.  
Зейнет ақы жүйесін реформалау негізінде зейнетақы қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі кезде олардың активтері 530 млн. АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.  
Корпоративті бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра алады. Бүгінде шетел банктерінде ностро-есеп шоттарында 52 млрд. теңге сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол жобалардың көп болуы қажет.  
2000 жылы сақтадыру компаниялары тарапынан экономикалық нақты секторымен бағалы қағаздарға , инвестиция көлемі 300 млн. АҚШ доллар құрады.  
Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде сөз сөйлеуде елбасы Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны еліміздін ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік барын мәлімдеді.  
Қазіргі кезде Қазақстаңда шикізат секторының басым болуына қарамастан, ғылыми сыйымды өндіріс үлесін жоғарлату тенденциясы үстем болуы тиіс.  
Реформалар жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан Республикасына инвестицияларды тарту мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды.  
Жыл сайын тартылатын тікелей шетел инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші орында болып, шетел инвестицияларының көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды.  
АҚШ мемлекетінің республика экономикасына инвестиция ағымынын басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен түскен жоқ.  
Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша абсолютті көрсеткішке 2002 жылы қол жеткізілді, бірақ осы инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады.  
1994 жыл мен 2000 жыл аралығында инвестициялық іс-әрекетті реттейтіи заң негіздері қалыптастырылып, инвестициялық механизмдер үйлестірілді. "Шетел инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қажетті кепілдіктерді беріп, экономикаға шетел капитталының келуіне жағдай жасады.  
Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.  
Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып табылады.[19;26]

2003 жылдың деңгейіне қарағанда  негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстың онында және Алматы, Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе), Ақмола (1,2 есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2 есе) байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде өсуі Батыс қазакстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.  
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 қалаларының үлесі басым.[Қосымша В]  
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.  
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.  
Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.  
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктін жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2 (2004жылы 54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік секторды дамыту жекеше биз

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі