Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:56, контрольная работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты – сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін талдау, сақтандыру компанияларының инвестициясын оңтайландыру әдістерін және осылардың негізінде сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелін жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ……3
І. Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы….5
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері……5
1.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы…9
1.3 Сақтандыру секторын дамыту жөніндегі шаралар………11
ІІ. Қазақстандағы сақтандыру компаниялары………..13
2.1 Сақтандыру компаниялары………….13
2.2 «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы туралы….16
2.3 «Евразия» сақтандыру компаниясы туралы……17
ІІІ. Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі….20
3.1 Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі……20
3.2 Коммуникацияның деңгейлес жүйесімен сақтандыру компаниясындағы тәуекел-менеджменттің жүйесі……24
3.3 Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары мен дамыту перспективасы……27
ҚОРЫТЫНДЫ……..30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……32

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 76.96 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТРАНЗИТТІК ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМНЩ КӨМЕПМЕН РЕТТЕУДЩ БАҒЫТТАРЫ 
3.1 Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары 
Казақстанда инвестициялық саясат сүрақтарына Республиканың мемлекеттік егемендігін алғаннан бері көп көңіл бөлініп келеді. 
Соңғы жылдары Казақстанда макроэкономикалық жэне саяси түрақтылыққа қол жетті, ол Казақстандағы инвестициялық климатты айтарлықтай жақсартты. 
Казақстан Республикасымен өзара қолдау жэне бірқатар елдермен, мысалы: Әзірбайжан, цлыбритания мен Солтүстік Ирландия, Болгария, Венгрия, Грузия, Германия, Египет, Израиль, Иран, Индия, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Корея, Малайзия, Монғолия, Польша, Ресей Федерациясы, Румыния, Финляндия, Франция, Чехия, гзбекстан, Украина, Түркменстан, Швейцария, басқа да Бельгия-Люксембургтық ұйыммен инвестицияларды қорғау туралы екі жақты келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойылды. 
Казақстанда заңдылықтың кең тармақталған және өзара байланысты жүйесі Казақстан Республикасы территориясындағы шетелдік заңды түлғалар мен азаматтардың: "Валюталық реттеу" (24.12.1996 ж.), "Лицензиялау туралы" (17.04.1995 ж.), "Жер туралы" (24.01.2001 ж.), "Мүнай туралы" (28.06.1995 ж.), "Жер қойнауы мен жерді пайдалану" (27.01.1996 ж.), т.б. заңдар қызметтерімен байланысты қатынастарды тиімді реттеуге мүмкіндік береді. 
Шетелдік инвестициялар сферасындағы: "Шетелдік инвестициялар туралы" заң (27.02.1994 ж.); "Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау туралы" заң (28.02.1997 ж.), "Инвестициялық қорлар туралы" заң (06.03.1997ж.), "Казақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесін қүру туралың КР-сы Президентінің үкімі (30.06.1998), "Казақстанның басты секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісім жасау кезінде берілетін жеңілдіктер мен преференциялар ережесін бекіту туралы" КР-сы Президентінің ұкімі қатынастарды реттейтін нормативтік қүқықтық актілерді бөліп көрсету керек. 
"Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау туралы" заңмен инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар беру жолымен экономиканың басты салаларына инвестициялар тартумен айналысуға өкілетті арнайы мемлекеттік органды құру қарастырылған. Бірінші рет м|:ндай орган 1992 жылы - шетелдік инвестициялар бойынша үлттық агенттік қүрылды. 1996 ж. Ол инвестициялар бойынша Казақстан Республикасының Мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды, ал 2001 жылдан бастап Казақстан 
Республикасының ішкі істер Министрлігі жанындағы инвестиция бойынша Агенттік қызмет ете бастады. 
Агенттік Казақстан Республикасында тікелей шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға өкілетті жалғыз мемлекеттік орган болып табылады. 
Агенттіктің негізгі атқаратын функциялары: 
1) Казақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүмысты үйымдастыру: 
2) Бекітілген инвесторлармен жүзеге асатын инвестициялық жобаларды орындау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін координациялау; 
3) Әрбір инвестициялық жобаны орындау үшін қажетті қүқық пен өкілеттік беретін барлық келісімді жэне рұқсат етілген қркаттар, лицензиялар, виза жэне басқа қүжаттарды алуды қамтамасыз ету; 
4) Казақстанда маманданған жүмысшылар, тауарлар мен қызметтерді іздеуде бекітілген инвесторларға көмектесу; 
5) Бекітілген инвесторлар өзіне алған міндеттерді орындауға бақылау жасауды қосқанда, инвестициялық жобаларды орындауды жүзеге асыру 
Шетелдік инвестициялардың қүқықтық жағдайының негізгі сүрақтары КР-ның "Шетелдік инвестициялар туралы" заңымен реттеледі. 
Заңға сэйкес шетелдік инвестицияларды, осындай инвестициялар үшін Казақстан Республикасының заң актілерімен тиым салынбаған кез келген обьекті мен қызмет түріне салуға болады. 
Портфельді инвестицияны жүзеге асырумен, мақсатты банктік және қаржылық салымдарды, қарыздарды берумен, сонымен бірге шетелдегі үлттық инвесторлар инвестицияларымен байланысты қатынастар арнайы заңдылықтармен реттеледі. Арнайы экономикалық зоналарда шетелдік инвестицияларды жүзеге асыруға "Шетелдік инвестициялар туралы" Заң нормасы қолданады, егер "Арнайы экономикалық зоналар туралы" КР-сы Президентінің үкімі ескерілмеген болса. 
Казақстан Республикасының қызмет етіп түрған заңымен тиым салынбаған шетелдік инвестициялардың кез келген формасы мен онымен байланысты қызметі, мұндай жағдайда Казақстан Республикасының жеке жэне заңды түлғаларының инвестицияларына немесе басқа кез келген жеке жэне заңды түлғаларға пайдалануға берілуіне қарағанда онша қолайлы емес жағдайда жүзеге асады. 
Ең алдымен аса маңызды екі мэселеге ерекше көңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының ёіаапоёбёуёй0 өзгерістеріне нарықтық механизі әсер ете алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен жэне шаруашылық жүргіуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің элеуметтік-эконойикалық тиіділігін арттыру мақсатында құрлымдық реттеу мэселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негіздерлген қүрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - эсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсаттй сипатта болады. 
Экономикадағы қүрлымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер ж^Лёесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақты макбоэкономикалық шараларға байланысты. Басқаща айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат - макроэкономикалық, салық жэне аймақтық деңгейлерде құрлымдық саясатты қалыптастыруайң негізі болып табылады. 
Қазіргі заманғы мемлекеттің табыстылығы мен бәсекелес қабілеттілігін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық климат болып табылады. Инвестициялық климат экономикалық, әлеуметтік, саяси сипаттағы түрлі жағдайлардан қалыптастырылады. Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бэсекелес күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері, діл ерекшеліктері жэне т.с.с. болсын елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндікке ие болады. 
Сонымен бірге сонда да инвестициялық климатты айындайтын басты факторлардың бірі салық жэне кеден режимдері болып табылады. Қазақстан Республикасының Салық және кеден режимдері Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бүл ретте Қазақстан Үкіметі республиканың экономиканың шикізатқа жатпайтын секторына сыртқы да, ішкі де инвестицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті алғышарттарды жасады. Үкіметтің фискальдық саясаты Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылға арналған стратегиясын ойдағыдай жэне дәйекті іске асыруға бағытталған. 
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын үсынудың қолданыстағы тетігі бірқатар маңызды басымдықтарға ие. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тең дэрежеде отандық та, шетелдік де инвесторларды қолдау мен ынталандыру көзделген, инвестициялық артықшылықтарды беру тәртібі жеңілдетілген, оған сәйкес инвестициялық артықшылықтар беруге арналған өтінімді қарау мерзімі елеулі қысқартылған (отыз жүмыс күніне дейін). 
Жоғары қосылған құн салығы бар өнімді, жоғары технологиялық өнімді қүруға бағытталған компаниялар үшін қажетті жағдайлар жасалды. Жаңа өндірістерді дамытуды ынталандыру, қолданыстағы өндірістерді кеңейту жэне жаңарту үшін Салық кодексінде инвестициялық салық артықшылықтарын беру көзделген, оларды алып салық төлеуші инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты корпоративтік табыс салығын (КТС), мүлікке салынатын салық пен жер салығын есептеу бойынша салық жағдайларына күқығы бар. 
Инвестициялық салықтық артықшылықтар тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты айқындалатын, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі. 
Бұл ретте, қызмет түрлеріне және тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты КТС бойынша артықшылықтардың 
қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің щешімі бойынша он жылға дейін үзартыла алады. 
Сонымен бірге, 2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нүрсүлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы кезінде берілген тапсырмаларды орындау үшін Үкімет Салық кодексіне мынадай бөліктерде: 
2007 жылдан бастап қосымша қүн салығының ставкасын 1 %-ға, ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 %-ға азайту; 
барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 %-дық белгіленген мөлшерлемесін енгізу; 
айлық есептік көрсеткіштің орнына жеке түлғаның салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастау; 
2008 жылдан бастап элеуметтік салықтың ставкасын 13 %-дан 5 %-ға дейінгі аралықта шамамен 30 %-ға азайту; 
оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері үшін 3 %, патент негізінде 2

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық  процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына  айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.  
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.  
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен  
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.  
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.

Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал, егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.  
3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:  
1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.  
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.  
2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.  
3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.  
4. Үйренушілік шығындар принципі.  
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.  
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.  
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.  
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.  
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.  
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.  
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.  
5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.  
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.  
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]  
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.  
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.  
6.Q - принципі  
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш - қатынасы :  
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.  
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.  
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:  
Q ═ фирманың барлық биржалық құны / оның материалдық бөліктерін орнына келтіру шығындары.  
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144]  
1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі

Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.  
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:  
1.Бірінші типті инвеегациялық банктер.  
2.Екінші типті инвестициялық банктер.  
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті твестициялық банктерге келетін болсақ олар үзақ мерзімді несиелеумен айналысады.  
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән. Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы XX ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.  
Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.  
Бірінші типті иңвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде қатысады.  
Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:  
• Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады;  
• Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда делдал болады;  
• Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.  
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары.[5; 97-99]  
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі . Батыс Еуропаның экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.  
Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық банктер негізінен 1960 жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады. Сонымен қатар, бірқатар елдердің бірінші типті және екінші типті инвестициялық банктердің операцияларын қатар асыратын банктер қызмет етуде.  
Көптеген елдерде инвестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық-несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ  РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ  ЕРЕКШЕЛІГІ 

Инвестицияның түрлері мен  есептеу әдістері

Инвестициялар бірнеше түрге  бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А]  
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.  
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.  
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.  
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.  
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.  
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]  
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?  
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.  
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.  
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.  
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.  
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.  
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.  
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.  
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:  
1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;  
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.  
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:  
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;  
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.  
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.  
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.  
Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.  
Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?  
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.  
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.  
Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.  
Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:  
КС = БСх(п + г), мұндағы -  
КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);  
БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;  
г - процент төлемі немесе табыс нормасы;  
п - табысты қосып есептейтін жылдар саны.  
Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.[17;168]  
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.  
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.  
Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.  
Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.

Информация о работе Қазақстандағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметті жетілдіру механизмі