Қазақ халқының ұлттық киімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 07:35, статья

Описание

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ халқының ұлттық киімдері.docx

— 308.40 Кб (Скачать документ)

Қарын бөртпе

Салма[өңдеу]


«Нансалма» немесе «кеспе» деп  аталатын бұл ұлттық тағам нан  кеспесінен және еттен пісіріледі. Қамырды жайып, ұзынша етіп кесіп  алып, суға салып пісіреді де, үстіне туралған ет қосады. Сорпасы көп  бұл ас жеңіл тағам болады. Салманы  көбіне сиыр, қой етінен пісіреді. Жылқы  етін пайдаланбайды.

Борша[өңдеу]


Қымыз кезінде таптырмайтын, жұмсақ әрі дәмді тағам. Ірі қара етін жұқалап әрі ұзыншалап, боршалап кесіп алады да, тұз, бұрыш сеуіп, темір істікке шаншып, шоққа тақтап пісіреді. Қақтау кезінде кезек-кезек  аударып отырады, түсі қызылқоңырланып, исі бұрқырап шықса, дайын болды  деген сөз.

Қарын бөртпе[өңдеу]


Бұл тағам кейбір өңірлерде «бұжы» деп те аталады. Жаңа сойылған, ұсақ малдың етін, майын, бауырын, жүрегін, өкпесін  ұсақтап турап араластырып, пияз, ұн, қосады да, оны қарынға немесе бүйенге тығып, аузын жақсылап түйреп қазанға қайнатады.

Мипалау[өңдеу]


Аты айтып тұрғандай мидан дайындалатын тағам. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық майы, бастың құйқасын әбден араластыралы. Қымыз, айран немесе сүзбе қосып, майлы сорпа құйса, мипалаудың дәмі тіптен керемет болады.

Шыж – мыж[өңдеу]


Қазақтың «мың сіз-бізден бір шыж–мыж  артық» деген сөзін естулеріңіз  бар болар? Әдетте жылқы сойылып  жатқанда, қасапшылар қуырдақ дайын  болғанша, ауызға салып жіберетін  жеңіл тағам дайындайды. Шыж-мыж  соғымның бүйрегі мен шарбы майын  отқа қақтап шала пісіру арқылы дайындалады.

Қойды үйтіп сүрлеу

Қойды үйтіп сою


Бұл тамақтың дайындалу тәсілі мынадай. Семіз әрі жас қой бауыздалған  соң, терісімен үйтіледі. Қойдың түсі ақ немесе боз болғаны жақсы, қара қойдың еті үйтілгенімен қарақоңыр  болып көрінеді. Толық үйтіліп, қырылып, тазалап жуылған соң, терісімен  бірге жіктеліп, мүшеленеді. Майы шығып  үйтілген құйқалы ет, әдеттегідей  сойылған қой етінен әлдеқайда дәмді  болады. 

қазақ халқының  бас киімдері  Бүгін тарихтың  барлық беттері  ашылып бітті деп айту ертерек. Әсіресе еліміздің мәдениетінің  бастауларынан хабар беретін ежелгі заманғы тарих жөнімен  мәліметтер мардымсыз. Осы ретте  археологияның  ғылыми ашқан  жаңалықтарының  берері ұшаң-теңіз.  Археологиялық  экспедициялардың  нәтижелері Қазақстанның  кең даласына бірнеше  мәдениеттің  болғанын дәлелдеп отыр.  Бұл мәдениеттер бірін-бір толықтырып, қоғамның дамуына ықпал еткен.  Археология ғылымында біздің  заманымызға дейінгі  І мың жылдықта қазіргі  Орта  Азиямен  Қазақстанның  байтақ өлкесінде  сақтардың  қоныстануы жөнінде көптеген мағлұматтар бар.  Гректер, парсылар оларды скивтер,  қытайлықтар- сэ деп атаған.  Ғалымдар  мекендеген жерлеріне байланысты сақтарды  еуропалық және азиялық  сақтар деп бөледі.  Сақтар көптеген тайпалардан тұрған.  Бұл мағлұмат бойынша «шошақ бөрікті»  тигахаут –сақтар  Шаш «Ташкент», солтүстік Қырғызстан, Онтүстік Қазақстан  жерлеріне қоныстанған.  Қорғандар осы сақ тайпаларынан қалған.  Кемал Ақшевтың  айтуы бойынша  тиграхаут сақтар бұл жерлерден басқа батыс өңірінде – Онтүстік Арал маңында және шығыста – Тауыл Алтай да қоныстанған.         

 Әлемгі аты әйгілі  болған «Алтын адам» жерленген  1969-1970 жылдары ашылған   Есік қорғаны  сақтардан қалған ескерткіш.  4-3 ғасырларда  б.з.д.  Жетісу жерінде  олардың мемлекеті құрылған.  Өмірдегі барлық құбылыс сияқты  ғылым да ылғи да тынымсыз алға жылжып отырады.  Осы Есік қорғанда  табылған Алтын киімді  бекзада үйсін қоғамына  тән адам деген болжам да бар.  Ал, Кемал Ақшев осы сақ- тиграхауттар мәдениетіне жатқызады.

Осы қорғаннан табылған  аң стиліндегі алтын,  қоладан жасалған  басқа да құнды нәрселер  табылған алтын заттардың көшірмелері мен әсемделген теңдесі жоқ киімдер,  бас киімдер, аяқ киімдер үлгілері қалпына келтірілді.  Мүрделердің  киімдері мен бас киімдеріне тағылған жапсырмалы  әшекей заттардың орналасу  ретінің сол қалпында сақталуы қалпына келтіру жұмыстарының күмән келтірмейтіндей нәтижеде шығуына мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар  киімнің негізгі түрлеріне тоқталар болсақ. Қазақтың ұлттық  киімі  бас киім. Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі және ерекше  бөлігі болып саналады,  олардан халқымыздың  эстетикалық талғамын аңғарамыз.  Ұлттық киімдердің  ерекшелігімен қоса адамдардың жас  ерекшеліктеріне қарай, киген киім сонымен бірге жүздің рудың ерекшеліктері жақсы сақталған.  ХІХ ғасырдың 2 жартысында  қазақ  елінің тұрмысындағы  өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде  де өзгерістер болды.  Осыған қарамай жүздердің,  рулардың дәстүрлерінің  сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне  өз әсерін тигізді,  нәтижесінде  жүзбен рудың ерте заманнан келе жатқан  киім үлгілерінің  ерекшеліктері сақталып қалды.   Бас киімде  жиі географиялық,  ру- тайпалық  ерекшелік байқалады.  Мысалы,  ұлы суреткер  М. Әуезов  еңбектерінде сегіз сай уақ тымақ, үш құлақты керей тымақ, қаракесек,  адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ,  сырмаланған алты сай найман тымақ, төрт сай аласа тобықты тымағы деген  біртекті баскиімнің  сан  алуан түрлері  аталатындығын, осы суреткер мұрасын зертеген доктар Е. Жанпеисов еңбегінде атап өтеді. Бұған қоса аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, Қоңырат үлгісіндегі  тымақтар  деген түрлері де ел арасында айтылады. 

Есенберлиннің  «Көшпенділер» тарихи трилогиясында  осы ерекшеліктер бойынша суреттелген : «Батыс қазақтарына тән киімдер Арқа өңірінен басқаша...Бастарына кигендері кеуделеріне дейін жабатын түйе жүн далбағай,  етек жағы айбалтаның жүзіндей қайқайып келген. Әшекейлене  кестеленген оқшима қалпақ... Тымақтары да бөтен. Үстін барқытпен тыстап, етегін терімен көмкерген. Шошайған төбесінің  құлақ тұсынан бастап жоғары қарай алты салалы етіп оқа  ұстаған. Жарғақ шалбар, түйе жүн шекпен, кең қоныш етік, ақ таңдақ арша не болмаса тобылғы түстес етіп боялған жұмсақ тонның, шолақ сәнді бешпеттердің  өңіріне зер салған...» . Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлер мен бас киімдері  әр түрлігімен ерекшеленеді.

ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі  қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген  Захарова  И.В.  мен Ходжаева Р.Р  ер адамдардың бас киімдерін  төмендегідей түрлерге бөледі:

1.     Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;

2.     Мақтадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;

3.     Киізден тігілген бас киім- қалпақ;

4.     Қалың матадан тігілген басшылық «Күләпара»;

5.     Тері қапталған  жылы бас киім- бөрік;

6.     Ақ терісінен жасалып суықта киілетін бас киім –тымақ; 

 

Еркектің  баскиімі сан жағынан  онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты, жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын, жалбағай (делбегей, басшылық, далбай, күлапара), көпеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б), қырпу(ішті бөрік).

Тақия  кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас киім. Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына  жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған.  Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай немесе дөңгелек төбел етіп тігеді.  Тақияны, еркектер үлкен баскиімнің астына міндетті түрде бас киім ретінде  ұстанған.         

Тақияныңда түрлері  көп: зерлі,  үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар  онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі.  Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән.  Сондай –ақ,  қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында  тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір,  конус тәрізді де болған. Төбелері доғал,  жатыңқы тақияларда қолданылған.  Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген.  Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта қиындылары мен  әдептеуде қолданылған.  Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе жігіттер киген.  Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады.  Тақияның орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелеп әшекейленбейді.  Тақиялар көбіне  «Таңдай», «Ирек», «Қабырға» тігістерімен сырылады. Қазақстанда бұрындары  құлынның терісі мен тулағынан жасалған төбетейге түрі жақын келетін бас  киімдер болған. Ерлер тақияның төбесіне  шошақ ақ киіз қалпақ, немесе әр түрлі аң терілерінен  жиектелген бөріктердің ішінен киеді.  Тақияны Маңғыстау өңірінде «телпек», шығыс өңірінің қазақтары «кепеш» деп атайды. Тақияның кейбір түрлерінен көршілерден ауысқан өзгерістерді байқауға болады.  Шынжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руына «Қызай тақия» деп  аталатын тақия түрі де жиі ұшырасады.  Оның керегесі көлбеу, төбесі тегіс, жалпақ дөңгелендіре салынады. Балаларға арнап тігілген мұндай тақиялар барқыт, мақпал асыл кездемелерден тігіліп, астарының арасына жұқа киіз немесе қатырма салып сырады.  Төбесінің дәл ортасынан және қабырғасының төрт жағынан  айналдыра жұп өрнекті  қошқар мүйіз,  құс қанат формалары ою бастырып, жер жіппен кестелейді.  Етегінің жиегіне зермен біргелкі тіс ирек түсіреді.

Қалпақ –киізден немесе қалың матадан  тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі.  Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында тәңертенгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесін, су өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын шашында пана, сәнді де сәулетті киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді. Қойдың ақ жүнінен, ақ қозының күзен жүнінен, төбесіне ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр ақ жұқа  киізден тігеді. Ол негізі  екі бөліктен құралады.  Олар қалпақтың төбесіне  және етегі кейде (қайырмасы) деп аталады.

Тымақ- биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киім.  Суықтан, бораннан, қорғайтындай мол пішіледі.  Сыртын берік және қымбат маталармен тыстайды.  Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия, т.б матамен тысталады.  Тымақтың құлағы мен етегінің  төбемен жалғасқан жері милық деп атайды.  Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылады.  Етегі төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді.

«Ескілік киімі»  деген өлеңінде данышпан Абай былай суреттеген:

Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын  өткізген тесік құлақ,

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған, бар құрысқақ.

В.Л. Плотниковтың 1859-1862 жылдардағы  жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі мен атаулары бар. Олар: жаба салма, қайырма, төртсай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ. Кейбір түрлері қазір де ел арасында кездесіп қалады.

Жаба  салма тымақ-негізінен түлкі терісінен  сенсеңнен тігіледі, құлағы мол,  милығы кең, төбесі  аласа болады.

Қайырма тымақ-түлке немесе қозы терісінен тігіледі, оны мандай төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жұрындары жалпақ болады. 4-8 сай тымақтар –төбелері төрт, сегіз бөліктерден немесе киіздерден құралады.

Дөңгелек төбел  тымақ –төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.

Шошақ төбе тымақ- төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады. Түлкі терісі, пұшпағы және қозының елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтардың маңдай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден құралады.  Оны қай жастың адамы да кие беруге болады. Жібек түрлерімен тысталады, тысы иесінің жас ерекшелігіне сай таңдалып алынады.  Үш құлақ тымақты алдын ала  дайындалған бөлек үлгі бойынша бөлекше әдемі сәнін келтіріп тігеді.

Жекей тымақ-жазбен күзде киетін, әрі сәнді жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі.  «Жекей» сәнді деген мағананы білдіреді.  Оның сыртын дүрия, шағи сияқты бағалы маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түсіріп, ке          йде алдыңғы біржақ құлағын шекеге түсіріп киеді.

Құлақшын ерлердің бас  киімі. Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр, т.б аң терілері мен бұзау, құлын,қозы лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. 

Малақайда аң терілері мен  елтірінен арасына жүн мақта салып, сырып тігілген ерлер, соңғы кезде әйелдер де киіп жүрген бас киім.  Малақай маңдайша, екі құлақшын жақтауы мен төбесі және артқы бөліктен тұрады.

Бөрік. Ерлер мен қыздар киетін бас киім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне бөрік киген.

Қамқаның бөрік кидім қиығынан,

Біреуге, біреу күлер миығынан...

Басында түлкі бөрік түбіттелген,

Болар ма сенен артық жігіт деген.

Сермейсің жел сөз десе емін еркін.

Басыңа жарасымды кәмшат бөркін,- деген халық жырларына  арқау болған бөрік туралы деректерден байқайтынымыз оның бөрікті ерлерге де, қыздар да кигені мен қазақта «Бөріктің намысы бір»  деуден  оның көбіне еркектерге тән бас киім екендігін көрсетеді. 

 

Сәлдені жаугершілік заманда  қазақ батырлары көп қолданған. Олардың басқа сәлде орау мүлде өзгеше. 

Керім жібек басына сәлде орайды.

Бір ораған сәлдесін жүз орайды.

Қара таудың басына қарай  жүрдім.

Ақ баржаны басыма орай жүрдім.                         

              (халық өлеңінен ) 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

Тымаққа қатысты  әдет –ғұрыптар

Тымақ – қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді.  Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға  мұра есебінде  қалып отырған.

Ел арасында: «Шала  туып, тымаққа салып  өсірген екен», -деген  сөздер жиі  естіледі.  Халықта әдетте  шала туған   сәбиді  осылай өсіретін  ғұрып бар.  Оның  себебі  шала туған  сәби  ұстауға,  бесікке салуға  келмейді,  тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға  ыңғайлы болады.  Шала туған  сәбидің неше күні  кем болса, сонша  күн керегенің  әр басына  ілініп қойылатындықтан, күн кереге  басы арқылы  есептеледі.  Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басына  бала тымақтан  алынып, әдетте  жаңа туған  баланың  рәсімі жасала бастайды.  Егер  бала қыста  туса,  онда үй  қабырғасына   шеге қағылып  ілінеді. Бұл да  тымақтың  қадыры мен  қасиетін  бейнелейтін көріністердің  бірі деп  түсіну керек.        

 Біреуге бас ұрғанда  аяғына тымағын  тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе  «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың  ең үлкен  көрінісі  немесе  айыпкер  жағының  беделді адамдары мен  жасы үлкен, жөн білетін  ақсақалдарының  құныкердің  ауылындағылардың алдына барып «Құдай  кешсекеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешір!»деп  өтінген кезде ортаға  ең  үлкен ақсақалы  баскиімін  тастап сөзге,  мәмілеге шақырады. Қызды  алып  қашу  үрдісінде  қыз жағының «аяғына жығыла»  барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.

Информация о работе Қазақ халқының ұлттық киімдері