Адамгершілік мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:41, реферат

Описание

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Содержание

Кiрiспе 3
Адамгершiлiк мӘдениетi ұғымының ғылыми – теориялық негіздері 7
Адамгершілік ұғымының теориялық сипаты 7
Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі 9
Дүниетану пәнінде адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi әдiс – тәсiлдер мен жолдар 22
Дүниетану ПӘНІ сабақтарында 2 - сынып оқушыларының адамгершілік мӘдениеттерін қалыптастыру 29
2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау 29
Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы озат мұғалiмдер іс-тәжiрибесiнен 38
Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі 46
Қорытынды 58
Әдебиеттер тiзiмi 61
Тiркеме – А 67
Тiркеме - Ә 72
Тiркеме - Б 73

Работа состоит из  1 файл

Адамгершілік мәден.doc

— 340.00 Кб (Скачать документ)

Кешке пальтоң  мен аяқ киімді тазалап, галошыңды  немесе бәтеңкеңді жуып қоюды ұмытпа.

5-оқушы: тағамда  асықпай, жайлап іш. Ұртыңды толтырып алып сөйлеуші болма. Тамақты сораптамай іш. Тарелкаңды қасықпен тықылдатпа.

Тамақ ішіп отырып кітап, газет оқушы болма.

Нанды үгітпей  қабығына дейін же, нанның қадірін  ешқашан ұмытпа.

6-оқушы: дастархан  жасадың мәзірін көрсету.

1. тағамдарды  орналастыру

2. шаңышқы мен  пышақ қалай тұру керек?

3 столға қалай  отыру керек екенін көрсету

Тағам дайындайтын  кісінің киімі қандай болуы керек (бас киім, алжапқыш).

7-оқушы: ұйықтар  алдында бір сағат таза ауада  қыдырып, ойна немесе ата-анаңа  көмектес.

Қыста бөлмеңді күніне үш рет желдетіп ал, ал жаздыгүні терезені ашып қойып жат.

Күнде таңертең жаттығу жаса. Одан кейін дымқыл сүлгімен сүртін немесе салқын душқа  түс.

  1. сабағымызды қорытындылай келе, қандай мақал – мәтелдер білесіңдер (әдептілік, әдемілікке)
  2. әдептілікке байланысты қандай сөздер білесіңдер?

Мұғалім: міне, балалар, біз сендермен баланың  әдепті, әдемі болып өсуіне көптеген мысалдар келтірдік. Қазақта: «Тірі  адам тіршілігін жасайды» деген мақал  бар. Тіршіліктің қисыны, тіршіліктің  тәртібі, әдебі бар. әрбір адамның негізгі тіршіліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. әрбір тіршіліктің өз тегі, қалпы, тәртібі бар.

«Әбілет басқанды ұйқы басады» деп халқымыз бекер  айтпаған. Ұйқы, қалпынан аса, ол ауру. әсіресе жас баланың ұйқысы қанық  болу керек. Бірақ қалпынан аспау керек. әрбір әдепті адам уақытында жатып, дер кезінде тұру керек.

Астың алдында  ас ішкен соң ауыз шаю, қол жуу  әдепке айналуы керек. әдеп дағдыланса, ол дәстүрге, әдепке айналады.

Әрбір адамның  сымбаттығы, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің жарасымды, үйлесімді болуы көбінесе жеке бастың киіне білуіне байланысты. Жалдың әр мезгілінде киілетін киімдерін өз ретімен киген жөн.

«Тәні саудың –  жаны сау». «Шынықсаң шымыр боласң». «Тазалық – денсаулық кепілі»  деген сөздерді халық өз ұрпағынын құлағына ұлағатты сөздерді сіңіріп (отырады) өсіреді. Ерте тұрып еріңбей жүгіріп жаттығу жасап, жанын сергіткен адам өзіне - өзі жақсылық жасайды. өз уақынды дұрыс пайдаланып осыц айтылғандардың (өміріне пйдаланып) барлығын бағытқа алып орындаған адам, яғни ұл балалар әдепті де, әдемі жігіт болып, қыз балар көкіне сай инабатты, әдемі, әдепті бойжеткен болып өседі.

Менің сендерге тілейтінім: сен өз басыңа қызмет ете  алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалармен әдептілік рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай, опық жейсін. Сондықтан да барлық айтылғандарды есіңе сақтап, адам болуға, азамат болуға ұмтыл.

Дәптер, еңбек  сабақтары жайлы айта кету. «Біз бақытты балдырғандар» - әнін хормен орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТІРКЕМЕ Ә

Тіршілік атаулыны сүйе білу

Этикалық әңгіме

«Ит өршелене түсті»

Ит басын  алдындағы аяқтарына салып жатып  өршелене үрді.Оның тура алдында дуалға жабысып, бүрісіп мысықтың баласы отыр. Ол жалынышты мияулайды. Ал оның жанында, талас немен тынар екендей, оны қызықтап екі бала тұр. Бір әйел мұны терезеден көре сала, далаға жүгіріп шықты. Ол итті қуып жіберіп, балаларға кейіп:

-Ұялсаңдаршы!  – деді.

-Неменеге ұяламыз.  Біз ештеңе істеген жоқпы, -деді  балалар таңданып.

- Сол ештеңе  істемегендерің ұят-ақ, - деді ызалы әйел.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТІРКЕМЕ Б

Тату жұмыс  істеу ережелері

1 Жолдастарыңмен  жұмыстың жоспары мен орындалу  мерзімі туралы анықтап келіс;

2 Жұмысты өзара  әркім не істейтінін анық білетіндей  етіп бөліңдер;

3 Кім не істей  алады, не істегісі келетінін ескеріңдер;

4 Әркім өз  жұмысын мерзіміне және шама  келгенше жақсы орындайды;

5 Жұмыстың өзің  жақ бөлігін ғана емес, бүкіл  бөлігін есте ұста.

6 Әркім адал  істеуі керек.

7 Жұмыс барысында  басқалардың қалай істеп жатқанын  біл;

8 Кімнің жұмысы өнбесе, оған көмектес;

9 Өзің де  басқалардың ақылын тыңдай біл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Акпарат козi: http://www.Referattar.at.ua

 

 

Акпарат козi: http://www.kzRef.at.ua

 

 

 


Информация о работе Адамгершілік мәдениеті