Банктік карточкалар бойынша жүргізілетін операциялар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:02, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерімен шығарылатын банктік карточкалардың мәнін және оны қолданудың проблемаларын зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста бір қатар міндеттер белгіленеді:
1. Коммерциялық банктердің банктік карточкаларына жалпы теориялық сипаттама беру;
2. Банктік карточкалармен есеп айырысу есебіне талдау жүргізу.
3. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлерін жетілдіру.

Содержание

Кіріспе 3

І тарау. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 6

1.1 Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері. 6

1.2 Банктік карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы. 11

ІІ тарау. Банктік карточкалармен есеп айырысу 14

2.1 Банктік карточкаларды шығару және қолдану тәртібі. 14

2.2Банктік карточкалар бойынша операциялар есебі. 17

ІІІ-тарау. Банктік карточкалар бойынша жүргізілетін операциялар есебі 25


Қорытынды 26

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Банктік карточкалар.doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

Дауыстық авторландыру кезiнде кассир эквайрер-банкiнiң iс жүргiзу орталығына телефон соғып, ондағы қызметкерге келесi деректердi хабарлайды: карточка нөмiрiн және оның әрекет ету мерзiмiн, операция сомасын және сауда ұйымыныц сәйкестендiрушiсiн (нөмiрiн). Эквайрердiц iс жургiзу орталығының қызметкерi тиiстi төлем жуйесiнiң байланыс арнасы аркылы (электронды тәсiлмен, яғни берiлген деректердi компьютерлiк жүйеге енгiзу аркылы) эмитенттің iс жургiзу орталығымен байланысады. Егер қызмет мақұлданса, онда көрсетiлген тiзбек бойынша, бiр-ак керi бағытта аталған авторландырушылық сұрауды сәйкестендiретiн «авторландыру коды» хабарланады.

Электронды авторландыру кезінде жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi сауда ұйымының кассирi арнайы кұрылғы — электрондык терминалға енгiзедi. Ол аталған деректердi эквайрердің iс жургiзу орталығына жолдайды және ол автоматты режiмде тиiстi эмитенттiң iс жургiзу орталығына бередi. Осы ретпен эмитенттің iс жүргiзу орталығы авторландыру кодын жолдайды.

Авторландыру, соныц iшiнде дауыстық авторландыру белгiлi бiр уакыт мерзiмiн алады және сауда ұйымы қызметiнде қажетсiз болып табылады. Тиiстi телекоммуникацияны қолдану себептi авторландыру айтарлыктай қымбат тұратын рәсiм есептеледi, ол аз сомадагы операцияда өзiн ақтамайды. Сондықтан халыкаралық төлем жүйесiнiц ережесi белгiленген лимиттен аспайтьн сомадағы банктiк карточкалармен операциялар авторландыруды колданбай жүргiзiлуiн қарастырады.

Көрсетiлген лимит ерекет етуi үшiн анықталған сауда ұйымы мен эквайрер банк арасындағы келiсiм бойынша тиiстi шарттар қарастырылуы керек. Халыкаралық төлем жүйесiнiң ережесiне сәйкес «лимитке дейінгi» сома операциялары авторландырылган эмитент болып саналады. Бiрак сауда ұйымы карточканың әрекет ету мерзiмi аяқталмағанына және оның нөмiрi тоқтатым парағында (стоп-лист) — ұрланған немесе жойылған карточкалардың тiзiмiнде жоқ екендiгiне көз жеткiзуi тиiс.

Атап ететiн жайт, дебеттiк карточкалармен операция сома көлемiне байланыссыз авторландыруға жатады, өйткенi шоттағы бар қаржы көлемiнде ғана катаң жүргiзiлуге тиiстi.

Авторландырудың заңдық мәнi, банктiк карточканы қолданып атқаруға ұсынылған құжаттарды эмитенттер мiндеттемесiнiң еркiн пайдаланылуына негiз болып табылуында. Аталған ереже авторландыру жузеге асқандығын сол мезетте эмитентке хабарлап, ұзамай оған тиiстi есеп айырысу құжаттары ұсынылатындығын хабарлайды. Осындай ретпен авторландыруға құқылық факт статусын беру қалыптасқан қатынастарды көрсетедi.

Авторландыру өткiзу кезiнде эмитент авторландырылган сома көлемiнде ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейдi. Аталған шектеу өткiзiлетін операциялар сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитенттің талаптарын қамтамасыз етуге негiзделген. Егер авторландыру өткiзiлiп, кандайда бiр себептермен тауар толык ұсынылмаса, онда сауда ұйымы авторландыруды толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс.

Алайда егер авторландыру өткiзiлмесе және операция сомасы сауда ұйымы бекiткен лимитген аспаса, эмитент банктiк карточканы колданып құрылған кужаттарда корсетiлген мiндеттемелердiң орындалуына жауапты.

Авторландыру өткiзiлген соң кассир карточка және импринтер көмегiмен слип деп аталатын арнайы түбiртектi құрады. Импринтер орнына электронды терминал қолданылуы мүмкiн. Бұл жағдайда тиiстi құжат электронды терминал түбiртегi деп аталады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес слип (электронды терминал түбiртегi) кем дегенде келесi деректерден тұруы тиiс:

— сауда ұйымының сәйкестендiргiштерi (нөмiрi);

— операция өткiзу күнi;

— операция сомасы;

— операция валютасы;

— операция эмитенттерi авторландыруды бекiтетiн код;

— банктiк карточка деректемелерi:

— карточка ұстаушының қолы.

Әдетте слип ұстаушыныц эмитент банкке сауда ұйымының операция сомасын төлеу тапсырмасын бiлдiредi. Сонымен қатар слип және электронды терминал түбiртегiне сауда ұйымы кассирiнiң қолы қойылады.

Спин үш данада құрылады. Бiр данасы ұстаушыға, қалган екi данасы — сауда ұйымы мен эквайрерге (оның үрдiстiк орталығына) берiледi. Электронды терминалды қолдану кезiнде қағаз жеткiзушiде карточка ұстаушы және сауда ұйымы үшiн екi данада электронды терминал құрылады, сонымен катар откiзiлген операция туралы ақпарат электронды түрде электронды терминалдан эквайрердiң  үрдiстiк орталыгына жiберiледi.

Осы ретте қолма-қол ақша беру нүктелерi арқылы қолма-қол ақша беру жургiзiледi және ресiмделедi. Бұл кезде слипте (электронды терминал тубiртегi) жоғарыда аталган деректемелерден баска, кассир қолы мен егер бар болса эквайрерге операция жургiзгенi үшiн төлем сомасы енгiзiлуi тиiс.

Банкомат арқылы ақша беру кезiнде барлық операция автоматты режiмде жүргiзiледi. Ұстаушы банкомат клавиатурасында өзiнiң ДСН-iн (дербес сейкестендiру номiрiн) эмитент белгiлеген құпия сэйкестендiру коды н тередi. ДСН электронды терминалды колданып өткiзiлетiн операцияларда да колданылады. Егер ДСН дұрыс терiлсе, ұстаушы белгiлi бiр сома колемiн алуға мүмкiндiгi бар. Банкомат авторландыру рэсiмiн жузеге асыру ушiн эквайрердiц урдiстiк орталыгымен байланысады. Авторландырулық сұрауга жағымды жауап алынған жагдайда банкомат ұстаушыға қолма-қол ақша және келесi деректемелерден тұратын түбiртектi ұсынады:

банкомат сәйкестендіргіштері;

операция өткізу күні;

операция валютасы;

опрация эмитентiнiң втодьтруын белгiлейтiгi код;

банктiк карточка деректемелерi.

Банкоматтар - пластикалық карточкалармен операция жургiзу кезiнде қолма -қол акшаларлы инкассолайтын және беретiн банктiк автоматтар.

Банкоматтар келесі негiзгi операцияларды  жүзеге асырады:

1) шотындағы қалдыктар туралы клиенттердi хабардар ету;

2) қолма-қол ақша беру.

Осындай ретпен банкомат карточка ұстаушысына шоттың ағымды жагдайы туралы (соның шiнде қағаздағы шоттан жазбаны) ақпарат алуға мүмкiндк бередi, сондай-ақ бiр шоттан екiншi шотқа қаржы аудару операциясын жүргiзедi.

Банкоматқа операция жүргiзу үшiн кiру төлем карточкаларын және банк клиенттерiнiң дербес сэйкестендiргiш нөмiрiн пайдаланып жүргiзiледi. Банкоматты баскаруды және оның жагдайын бакылауды қамтамасыз ету үшiн дербес ЭЕМ жабдықталған. Банкомат акша қоймасы болғандыктан бақылау айрьқша маңызды. Бүгiнгi күнi көптеген үлгiлерi оn-linе режiмiнде магниттi жолагы бар карточкалармен жұмыс iстеуге, есептеуге, сонымен бiрге смарт-картгармен оff-linе режiмiнде жұмыс iстеуге қабiлеттi құрылғылар да пайда болган. Банкоматтар ғимарат iшiнде, сондай-ак кошеде де орналастырылып, тәулiк бойы жұмыс iстейдi.

Әр банкомат үшiн оньң сақтық деңгейiне және уздiксіз жұмыспен қамту қажеттiлiгiне байланысты, бiр кезекте оныц сейфінде жинақталатын және сакталатын қолма-қол ақша лимитi белгiленедi.

Банкоматпен жүргiзiлетiн операциялар есебi үшiн, банкоматтағы операциялар есебiнiң кiтабы жүргізіледі.

Ақшаны кассаға салу және кассетадан алу касса бөлмесiнде жузеге асырылады. Тексергеннсн кейiн кассир ақшаны кассетаға салады, кiлтпен жабады және пломб қояды.

Кассетаға банк аты, банкомат номiрiн, салынған ақша купюрасы, номиналы, сомасы, күнi және қолдары, кассирдiң жеке таңбасы басылады. Кассетаны толтырган соң касса меңгерушiсi инкассаторға инкассаторлык бағыт парагын жазады. Инкассатор бағыт парағын және кассетаны алады, кассетаның бүтіндігін, құлақша қағазды және ондағы деректемелердi тексередi. Кассетамен бiргс инкассаторга банкоматтарды толтыру және босату опсрациялары есебiнiң кiтабына қолхат қалдыра отырып банкомат сейфiнiң және оны баскару модулiнiң кiлтi, сондай-ақ кiру карточкасы берiледi. Кассетаны жеткiзген соң инкассатор кіру карточкасын пайдаланып, бағыт парагында белгiленген кассетаны ішiндегi ақша қалдыгымен алады, орнына жаңа кассетаны қойып, бағыт парағыдағы деректер бойынша банкоматты баскару модулiнс қойылган кассетадағы купюра саны мен номинал туралы ақпаратты енгiзедi. Алынған кассеталарды, кiлттердi, карточканы және банкоматан алынған түбiртектi инкассатор банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебiнiң кiтабында қолхат бере отырып кассирге тапсырады.

Кассир инкассатордың қатысуымен әкелiнген кассеталардың бүтіндiгiн, құлакша қағазы мен пломбтардьң бар екендiгiне көз жеткiзедi және одан сома көрсетiлген түбiртектi қабылдайды. Одан соң ол өз қолымен бағыт парағына кассеталарды алғандығын сендiрiп қол қояды, касса меңгерушiсiнiң кiтабы мен кассетадан алынған ақшаны қайта санайды, түбiртек сомасымен салыстырады, кассетадан алынған ақша сомасына кассалық кiрiс ордерiн толтырады. Осыған сәйкес банкоматтың баланстан тыс шотынан қаржы алынып касса есебiне жазылуы үшiн бакылауiпы бухгалтерге кiрiс кассасы бойынша өткiзбе жасауга бередi. Одан соң қолма-қол ақша касса меңгерушiсiне берiледi. Банкоматтан алынған кассетадагы колма-кол акшаның нақты қалдыгы мен түбiртекте берiлген калдыкта сәйкессiздiк табылса, тиiстi акт толтырылып, касса мецгерушiсi мен кассир колдары қойылады. Табылған сәйкессiздiк факт бойынша кызметтiк iздестiру жасалынып, сәйкессiздiк себептерi анықталады. Қызметтiк iздестiру негiзiнде қолма-қол ақшаның жетiспеушiлiгi дәлелденсе, кiнәлi тұлгалар жетiспеген соманы бекiтiлген тәртiпте қалпына келтiруге мiндеттi.

Жұмыс күнi соңында касса меңгерушiсi банкоматтарга толтырылған қолма-қол ақша сомасы туралы есеп бередi жене инкассатордан алынған тубiртекпеп бiрге күн есебiне тiркейдi. Кезеңмен айына кем дегенде бiр рет банкоматтарга толык босату жасалынады.

Депозиттiк банкоматтарды колдану кезiнде инкассатор қолма-қол ақша қалдығы бар кассеталарды, клиент шотына қосу үшiн салынған ақшасы бар конверттермен қоса әкеледi. Кассир касса меңгерушiсiнiң қатысуымен конвертте корсетiлген соманы банкоматтарды баскару жүйесiнен алынган мемориалды ордер деректерiмен сальтстырады. Накты сома мен мемориалды ордер деректерi арасында сәйкессiздiк табылса клиент деректерi, банкомат нөмiрi, орналаскан жерi, нақты ақшаны қабылдау уақыты, жазылған сома мен накты сома көрсетiлiп тиiстi акт жасалады. Ақша салған клиент акт мазмұнымен танысуы тиiс.

Салыстырудан соң кассир конверттен алынған қолма-қол ақша сомасына кассалық ордер толтьрады және мемориалды ордер деректерiмен салыстырады, кiрiс және мемориалды ордерде қол қояды. Мемориалды ордер негiзiнде нақты алынған қолма-қол ақша клиенттер шотына қосылады. Банкоматтарда жургiзiлген операция туралы ақпарат эквайрердiң үрдiстiк орталығына электронды түрде жiберiледi. Онда ол электронды терминалдарды қолданып жүргiзiлген операциялар туралы акпарат және слипттермен бiрге ерекше құрамдас банктiк құжат — карточка қолданылған операциялар бойынша эквайрердiц толемдер тiзiмiн құруга негiз болады.

Банктің карточкалары қолданылатын операциялар бойынша төлемдер тізімі – электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында эквайрер құрылысын және эмитеттің банк карточкасы қолданылған операциялар бойынша екі және одан да көп құжат. Төлемдер тізімі несиелік ұйымдарда ашылған шоттар бойынша операция өткізуге негіз болады. Келтірілген анықтамада көрсетілгендей, төлемдер тізімі есеп айырысу құжаты статусына ие.

Эквайрердің төлемдер тізімі арнайы қатынас құралдары бойынша өңдеу үшін төлем жүйесіне жіберіледі. Осы рәсім негізінде төлем ұйымы эмитенттердің төлем тізімін құрады, онда белгілі эмитент ұстаушылары банктік карточканы қолданып өткізілген операциялар туралы деректер беріледі. Эмитентттердің төлем тізімі өткізілген операциялар сомасын ұстаушылар шотынан өтеу үшін оларға жіберіледі. Төлем ұйымы – эмитент пен эквайрер арасындағы есеп айырысуды реттеуге қатысады. Көрсетілген есеп айырысулар клиринг (өзара талаптарды есептеу) әдісімен жүргізіледі және әдетте «нора-нетто» жүйесіне негізделеді. Оның мәні - әр қатысушы банк үшін оның барлық қатысушысына жіберген және алған қаржы пударымы туралы барлық тапсырмалардың жалпы көлеміне қатысты бірыңғай дебеттік немесе кредиттік сальдоға келу. Мұндай банктік тәжірибеде қалыптасқан дебеттік және кредиттік сальдоның аталуы – «таза сальдо» немесе «таза позиция». Бұл кезде әр эмитенттің немесе эквайрердің кредиторы және борышкері төлем жүйесі болып табылады.

Күн сайын өтетін клиринг сеансынан кейін және оның нәтижесіне байланысты төлем жүйесінің есеп айырысу банкінде төлем ұйымы эмитенттер мен эквайрерлердің шоттары бойынша ақша аударымдарына  тапсырысты рәсімдейді. Есеп айырысу банкі көрсетілген шоттар бойынша қаржыны аударады және шот иелеріне кредиттеу немесе дебеттеу туралы жазба жібереді.

Егер несиелік ұйым – эмитент бір мезгілде өзі шығарған карточканың эквайрері де болса, келтірілген есеп айырысу кестесі сәл қысқарады. Аталған эжағдай карточка ұстаушы банкоматтан қолма-қол ақша қаржысын алған кезде немесе эмитент кассасынан, не болмаса эмитентке қызмет көрсетілетін сауда мекемесінен банктік карточканы қолданып сауда жасаған кезде жүзеге асады. Бұл кезде аталған операция төлем жүйесіне жіберілетін төлемдер тізіміне қосудың қажеттігі жоқ. Несиелік ұйым бір жағынан сауда ұйымымен еркін есеп айырыса алады, екінші жағынан керекті сомаға ұстаушы шотын дебеттейді.

Клиринг өз алдына операицяға қатысушы тараптардың өзара талап ету міндеттемелерін есептеуге негізделген қолма-қол емес есеп айырысу жүйесін ұсынады. Техникалық клиринг барлық есеп айырысулар өткізілетін арнайы шот ашуды білдіретін бірыңғай шоттар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

Кез келген бизнестің басты міндеті – пайда табу. Бақылауды сақтауда қаржылық қызметті сипаттайтын есептілік маңызды орын алады. Қаржылық операцияларды орындау және пайданы есептеу қаржылық есеп берусіз мүмкін есем.

Карточкалық операциялардың есебі есептің автоматтандырылған көмекші есеп деп аталатын жүйесінің көмегімен жүргізіледі. Оны клиенттердің көмекші есебінің – карточка ұстаушылардың және сауда нүктелерімен жүргізілетін операциялардың көмекші есебіне бөлугее болады.

Клиенттер шоттарының көмекші есебі карточка ұстаушылардың шоттары бойынша барлық ақпаратты тіркейді. Аталған шоттар бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес бас бухгалтерлік кітапта және соған сәйкес банк балансында бейнеленетін жеке карточкалық шоттарға топтастырылады.

Сауда нүктелері өткізетін операицяларға көмекші есебінде сауда нүктелерінің барлық жеке шоттардың жалпы сомасы бас бухгалтерлік кітаптағы сауда нүктесінің есеп айырысу шотымен сәйкестендірілуі тиіс.

Үрдістік орталықта тіркелген ақпаратқа сәйкес бухгалтерия үш жұмыс күні ішінде авторландырудың автоматтандырылған режимінде өткізілген карточкалық операцияларды қалпына келтіру сомасын клиенттің банктік шотына қосады.

Карточканы дамыту бойынша бөлім қызметкері клиент сұрауымен жазба әзірлейді, карточкалық операциялар бойынша өзара есеп айырысуды реттеуге қатысады.

Информация о работе Банктік карточкалар бойынша жүргізілетін операциялар есебі