Қаржылық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Июня 2013 в 21:55, курс лекций

Описание

Нарықтық экономикада кәсіпорынның тұрақты қызметтін қамтамасыз ету үшін қаржыларды тиімді басқару қажет. Кез келген коммерциялық ұйымның мақсаты ақша қаражаттарымен және тәуекелдікпен байланысты. Сонымен қатар, ұлттық экономиканың әлемдік кеңістікке кіруі нарықтарды кеңейтіп, бәсекелестікті күшейтеді, ал отандық кәсіпорындар үшін қаражаттарды тиімді қолдануға талап туғызды.
Қаржы менеджментінің үш негізгі міндеттеріне жатады: табыстылықты басқару, ақша каражаттарының бюджетін құрастыру, өтімділікті талдау. Осы міндеттерді атқару үшін арнайы дайындық қажет.

Содержание

Кіріспе................................................................................... 3
1 Тәуекел және табыстылық: портфель теория¬сы және активтерді бағалау модельдері........................................... 4
2 Капитал құрылымының теориясы: Модилья¬ни - Миллер моделдері: ымыралы моделдер............................ 14
3 Капитал салымын таңдау критерийлері............................ 21
4 Дивидендтік саясат және капитал құрылымы.................. 25
5 Айналым капиталың басқару ............................................ 32
6 Өтімді бағалы қағаздармен және ақша қаражаттарын басқаpу.................................................................................. 38
7 Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау. Ақша каражаттарының бюджеті................................................... 45
8 Корпоративтік қайта құрылымдау.................................. 49
Әдебиеттер ……………………………………………..... 58

Работа состоит из  1 файл

қаржылық менеджмент.doc

— 575.00 Кб (Скачать документ)

АА – қарастырылатын кезеңдегі ұйымның бос ақшалай  активтерді инвестициялаудан түскен пайда сомасы;

ҚҚИ – қарастырылатын кезеңдегі қысқа мерзімді қржылық  инвестиция нысанындағы ақшалай  эквиваленттердің орташа қалдығы.

 

Жүргізілген талдау нәтижелері ұйымның ақшалай активтерін басқарудың жекелеген параметрлерін  жасау процесінде қолданылады.

Ұйымның ақшалай активтерінің орташа қалдығын оңтайландыру. Мұндай оңтайландыру бұл қалдықтың жекелеген түрлерінің алдағы уақытта қажет болатын мөлшерін есептеу жолымен қамтамасыз етіледі.

Ақшалай активтердің  операциондық (трансакциялық) қалдығына  деген қажеттілік олардың ағымдағы шаруашылық қызметті жүзеге асыруға қажетті минималды сомасымен сипатталады. Бұл соманың есебі жоспарланған ағымдағы шаруашылық қызметке негізделеді. Бұл соманың есебі операциондық қызмет бойынша (ақшалай қаражаттардың түсу мен шығындалу жоспарының тиісті бөлімінде) теріс ақшалай ағынның жоспарлы көлеміне және ақшалай активтерінің айналымының санына негізделеді. Ақшалай активтердің операциондық қалдығының жоспарлы сомасын есептеу үшін келесі формула анықталады

 

,                                       (6.7)

 

мұндағы ААо – ұйымның ақшалай активтерінің операциондық қалдығының жоспарлы сомасы;

ЖКта – ұйымның операциондық қызмет бойынша теріс ақшалай ағынының (ақшалай қаражаттардың шығындалу сомалары) жоспарлы көлемі;

АСаа – жоспарлы кезеңде ақшалай активтердің орташа қалдығының айналымының саны.

 

Ақшалай активтердің  операциондық қалдығының жоспарлы сомасының  есебі, егер де талдау үдерісінде ұйымның  операциялық қызметімен байланысты барлық төлемдердің жүзеге асырылуын  уақтылы қамтамасыз еткені анықталса, олардың есепті көрсеткішінің негізінде жүзеге асырыла алады. Осы жағдайда есептеу үшін келесі формула қолданылады:

 

,                           (6.8)

 

мұндағы ААо – ұйымның ақшалай активтерінің операциондық қалдығының жоспарлы сомасы;

ААф – өткен кезеңдегі ұйымның ақшалай активтерінің операциондық қалдығының фактілі орташа сомасы;

ЖКта – ұйымның операциондық қызмет бойынша теріс ақшалай ағынының (ақшалай қаражаттардың шығындалу сомалары) жоспарлы көлемі;

ФКта – өткен кезеңдегі ұйымның операциондық қызмет бойынша теріс ақшалай ағынының (ақшалай қаражаттардың шығындалу сомалары) фактілі көлемі;

АСаа – жоспарлы кезеңде ақшалай активтердің орташа қалдығының айналымының саны.

 

Ақшалай активтердің  сақтандыру (резервті) қалдығына деген қажеттілік олардың операциялық қалдығының есептелген сомалары мен алдыңғы кезеңдегі жекелеген айлары бойынша ақшалай қаражаттардың түсуінің әркелкілік коэффициенті (вариация коэффициенті) негізінде анықталады. Ақшалай активтердің сақтандыру қалдығының жоспарлы сомасын есептеу үшін төмендегідей формула қолданылады

 

,                          (6.9)

мұндағы ААс – ұйымның ақшалай активтерінің сақтандыру қалдығының жоспарлы сомасы;

ВКақт – есепті кезеңде ақшалай қаражаттардың түсуінің вариация коэффициенті.

 

Ақшалай активтердің  өтемақылық қалдығынына деген қажеттілік банктік қызмет көрсету туралы келісіммен анықталған мөлшерде жоспарланады. Егер де ұйымға есептік қызмет көрсететін банкпен жасалған келісім мұндай талапты қарастырмаса, ақшалай активтер қалдығының түрі жоспарланбайды.

Жоспарлы кезеңдегі  ақшалай активтердің орташа қалдығының жалпы мөлшері олардың жекелеген  түрлеріне деген есептелген қажеттіліктерді  қосу жолымен анықталады

 

,                    (6.10)

 

мұндағы АА –  жоспарлы кезеңдегі ұйымның айналым  активтерінің құрамындағы ақшалай  активтердің орташа сомасы;

ААо – жоспарлы кезеңдегі ақшалай активтердің операциялық қалдығының орташа сомасы;

ААс – жоспарлы кезеңдегі ақшалай активтердің сақтандыру қалдығының орташа сомасы;

ААө – жоспарлы кезеңдегі ақшалай активтердің өтемақылық қалдығының орташа сомасы;

ААи – жоспарлы кезеңдегі ақшалай активтердің инвестициялық қалдығының орташа сомасы.

 

Ақшалай активтер ұйымның қаржылық міндеттемелерінің екі түрі – шұғыл (орындалу мерзімі бір айға дейін) және қысқа мерзімді (орындалу мерзімі үш айға дейін) міндеттемелердің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үдерісінде анықтаушы рөлді атқарады, орындалу мерзімі бір жылға дейінгі ағымдағы міндеттемелер айналым активтердің басқа түрлерімен қамтамасыз етіледі. Ақшалай активтердің қалдығының жиынтық деңгейін бақылау ұйымның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде келесі критерийлерге сүйенуі тиіс:

- шұғыл міндеттемелер ≤ ақшалай активтердің қалдығы;

- қысқа мерзімді міндеттемелер ≤ ақшалай активтердің қалдығы + ағымдағы дебиторлық қарызды жүзеге асырудың таза құнының мөлшері.

Ұйымның ақшалай  қаражаттардың эквиваленттері –  қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың қалыптастырылған портелінің тиімділігінің  деңгейін бақылау төмендегі критерийлерге сүйенуі тиіс:

- портфелдің тұтастай және жекелеген инструменттерінің табыстылығының деңгейі ≥ тәуекелд дің тиісті деңгейіндегі қысқа мерзімді инвестициялар табыстылығының орташа нарықтық деңгейі;

- инвестициялаудың әрбір инструментінің табыстылық деңгейі > инфляция темпі.

 

7-тақырып. Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау. Ақша каражаттарының бюджеті

 

Стратегиялық  жоспарлар өз алдына әрекеттердің қалыпты  жиынтығы, кезеңдер,  сол арқылы компания стратегиялық мақсаттарға қол жеткізеді. Стратегиялық жоспарлар мынаған нұқсайды, яғни ұйымдастырушылық активтері мен ресурстары – ақша, адами, уақытша ресурстар мен мүмкіндіктер реттеледі, сол арқылы мақсатқа қол жеткізіледі. Бұл жоспарлар ұзақ мерзімді болып саналады және компанияның әрекеттерінің кезеңдері анықталуы екі жылдан бес жылға жалғасуы  ықтимал. Стратегиялық жоспарлардың дайындалуы мына жағдайларға қатысты,  аталмыш мерзімдегі ұйымдастыру мақсаттарды шынайы ахуалға айналдырады.

Бас филиалдар  мен компанияның бөлімшелері  ұмтылатын нәтижелер, тактикалық мақсаттар деп аталады. Оларды орта деңгейдегі менеджерлер тағайындайды, олар бизнестің бас бөлімшелерінің  не атқара алатындығын қарастырады, ұйым-мекеме  өзінің жалпы мақсаттарына жетеді.

Нақты нәтижелер, яғни бөлімдер мен жұмыс топтарынан және қызметкерлерінен күтілетін шұғыл мақсаттар деп аталады. Олар өлшеуге жарамды және нақты бағалауға лайықты. Шұғыл жоспарлар ұйым-мекеменің ұйымдастыру жұмыстарының төмен деңгейінде дайындалады, нәтижесінде шұғыл мақсаттарға қол жеткізу мен тактикалық жоспарларды орындауға қатысты нақты әрекеттерге жол салады. Шұғыл жоспарлар департамент менеджерлерінің күнделікті және апта сайынғы жұмыстарын іске асыруда басты құралы болып саналады . Бұл жоспарлардың сипаттайтын жағдайы мақсаттарға қалай қол жеткізуге болатыны, яғни нақты сандық мәнге иелік ететін нәтижеге қол жеткізу. Шұғыл жоспарлау  супер-вайзерлердің, бөлімнің менеджерлері мен қызметкерлерінің жұмыс барысын қадағалайды.

Шұғыл жоспарлауда  маңызды рөлге ие болатыны – жұмыстың  графигі. Олар уақыттың дәл көлемін анықтайды, яғни әр шұғыл мақсатқа қол жеткізуде аса пайдалы, яғни  тактикалық және  стратегиялық мақсаттармен қатысты.

Шұғыл жоспарлау  қатаң түрде  бюджетке қатысты, әрекеттердің әр түрін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде ресурстарды дәл, нақты реттеу аса қажет. Шұғыл жоспарларды құрастырудың негізгі  принципі – үнемділік, яғни барлығын анықтайды – жаңа сауда өкілдерін жұмысқа қабылдау мен көлік шығындарына дейін.

Кәсіпорынның  қаржылық жоспары бизнес-жоспардың  құрамдас бөлігі. Сол үшін қаржылық жоспарды дайындау бизнес-жоспардың барлық тарауларымен тығыз қатысты, соларға негізделеді. Қаржылық жоспар әдетте келесі тараулардан тұрады.

Жүзеге асырудың көлемін бағдарлау. Басты міндет – нарықтың мынадай үлесі туралы түсінік, яғни жаңа өнімдерді иелік ету алға тартылады. Бұндай бағдарды үш жылға алдын ала жасауға болады: n бірінші жыл – деректер ай сайын келтіріледі;  n екінші жыл – деректер тоқсан бойынша келтіріледі, n үшінші жыл –12 ай үшін сатудың жалпы сомасын келтіреді.

Ақша ресурстары мен түсімдердің балансы. Басты міндет – түсімнің синхрондығын тексеру және ақша қаражатының шығындарын қадағалау, яғни, кәсіпорынның болашақ ликвидтілігі аталмыш жобаны жүзеге асыруда қажет. Осындай жолмен алынған ақпарат барлық жобаның жалпы құнын анықтау үшін негіз болып саналады.

Ақша шығыны мен түсімдердің балансы оларды құрастыру барысында аса тиянақты жұмыстарды талап етеді, яғни қаражат  салымының сомалары мен тармақтары және басқа түсімдер көрініс алады  год n бірінші жылы – деректер ай сайын келтіріледі,  n екінші жыл – деректер тоқсан бойынша келтіріледі; n үшінші жыл – 12 ай үшін сатудың жалпы сомасын келтіреді.

Кірістер мен  шығындардың кестесі. Аталмыш құжаттың міндеті байқатқандай, бұл арқылы кірістің өзгерістері мен қалыптасуын  аңғаруға болады: n бірінші жыл– деректер ай сайын келтіріледі, n екінші жыл – деректер тоқсан бойынша келтіріледі;  n үшінші жыл – 12 ай үшін сатудың жалпы сомасын келтіреді.

Деректер ай сайын келтірілетіні n екінші жыл – деректертоқсан сайын және   n үшінші жыл – 12 айға қатысты сатудың жалпы сомасы келтіріледі. Талданып отырған көрсеткіштердің ішінде бөле-жара көрсетіледі:

- тауарды сатудан түсетін кірістер;

- тауарлардың өндірісі шығындары;

- сатудан жиынтық кіріс;

- жалпы өндірістік шығындар (түрі бойынша);

- таза кіріс.

Кәсіпорынның  пассивтері мен жиынтық активі. Тағайындалымы – басты үлгісі коммерциялық банктердің мамандары үшін бағалауда назарға алатын әр түрлі типтегі активтер және қаендай пассивтер есебінен кәсіпкер бұл активтерді иелік ету мен құруды қаржыландыра алатындығын ескереді, бірінші жылдың басы мен соңында құрстыру ұсынылады.

Шығынсыздыққа қол жеткізу графигі. Бұл сызба, өндірістің көлеміне кірістің ықпалын  көрсетіп,  (өнімдердің құны мен сату бағасын арқау етеді, (тұрақты  және шартты-уақытша шығындар). Бұл графиктің көмегімен шығынсыздыққа қол жеткізудің  нүктесін табуға болады, яғни өндірістің қисық үлгісіндегі көлемі, жүзеге асырудан түскен түсімдік өзгерістерді  көрсетеді (бағаның нұсқалған деңгейінде), қисықтықпен қиылысып, өнімдердің құнының өзгерістерін аңғартады. Бұндай графиктердің бірнеше түрлері көрсетіледі, өнімдерге деген бағаның әр түрлі деңгейімен сай келеді.

Жүзеге асыру  көлемін бағдарлау (тұрмыстық жоспар) – өз ыңғайына қарай бас бюджетті дайындаудағы кері нүкте, сатудың белгіленген көлемі бас бюджеттің басқа қалған құрамдас бөліктеріне ықпал етеді. Тұрмыстық жоспар әдетте әр өнімнің бірлігінің көлемін байқатады, яғни  компания сатуды ұсынады. Бұл сандар өнімдердің бірлігін сатуға қатысты ұсынылатын бағаға қатысты артады, тұрмыстық жоспар құрылады.

Тұрмыстық жоспар сол сияқты несиеге сатудан күтілетін  ақша түсімдерінің жиынтығын қосады, кейінірек кассалық жоспарды құрастыруда  назарда болады. Жүзеге асырудың көлемін  бағдарлау нарықтың үлесі туралы түсінік беруге ықпал етеді, яғни өз өнімдерін жаулап алуға себепкер болады. Әдетте ол мына жайға негізделеді: · перспективасы бар сұраныстың көрсеткіштерін бағалауға; басқа өндірушілер тарапынан ұсыныстарды бағалауға; нарықтық бағдарлардың нәтижелері мен нарық үлесін бағдарлауға; тауарларға деген бағаны бағдарлауға.

Жүзеге асыру  көлемін бағдарлау үш жылға бұрын  құрастыруды талап етеді, оның үстіне бірінші жыл үшін деректер ай сайын  келтіріледі, екіншісі үшін тоқсан сайын, ал үшінші жыл 12 ай үшін сату сомасының  жалпы мөлшері арқау болады. Бұндай жіктеудің логиксы қарапайым: ұсынылатыны, өндірістің бастапқы кезеңі үшін  болашақ сатып алушылар белгілі (болашақ сату туралы қосымша келісімшарттар бар).

Екінші жылдан бастап бағдарлық құрылымдармен  шұғылдану қарастырылады. Анағұрлым  таза қателік жүзеге асыруды бағдарлауды құрастыруда – сұраныстың икемділігін жеткілікті есепке алмау, яғни  бұл «Маркетингтік талдау» бизнес-жоспарында тиянақты бағалануы қажет. Басты тәуекелді кезеңдерді атап өтуге болады, яғни жобаның нәтижелері мен кіріске қол жеткізуге себепкер болады. Жобаның сезімталдығының өзі осы әрекеттермен ұштасады. Талқылау тәуекелді жағдайлар туралы жобаларды дайындаушылардың пікірлерінде көрініс алады, яғни фирманың алдында басты мәселе ретінде тұрып, сыртқы себептерге қатысты көрініс алады. Бұған мынадай жағдайларды қарастыру енеді, сату көлемін қысқартудың тиімділігі ретінде немесе өнімділіктің жоспарланған деңгейіне қол жеткізу. Қалау бойынша сақтандырудың арнаулы түрлерін нұсқап, несиелік тәуекелдікті қамтиды.

Фирманың қажеттілігіне сыртқы қаржылық көздерден қаражатты тартуда ықпал ететін бес фактор бар:

- жүзеге асыру көлемінің жоспарланған өсу қарқыны;

- негізгі құралдарды пайдаланудың бастапқы деңгейі немесе артық қуаттың көзі;

- капитал сыйымдылығы;

- өнімдердің рентабелділігі;

- дивидендтік саясат.

Бюджеттендіру – қаржылық жоспарлау технологиясы, ұйымдар  тарапынан алынған қаржылық нәтижелерді, шығындарды, кірістерді бақылау мен  есептеу.

Информация о работе Қаржылық менеджмент