Қаржылық менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Июня 2013 в 21:55, курс лекций

Описание

Нарықтық экономикада кәсіпорынның тұрақты қызметтін қамтамасыз ету үшін қаржыларды тиімді басқару қажет. Кез келген коммерциялық ұйымның мақсаты ақша қаражаттарымен және тәуекелдікпен байланысты. Сонымен қатар, ұлттық экономиканың әлемдік кеңістікке кіруі нарықтарды кеңейтіп, бәсекелестікті күшейтеді, ал отандық кәсіпорындар үшін қаражаттарды тиімді қолдануға талап туғызды.
Қаржы менеджментінің үш негізгі міндеттеріне жатады: табыстылықты басқару, ақша каражаттарының бюджетін құрастыру, өтімділікті талдау. Осы міндеттерді атқару үшін арнайы дайындық қажет.

Содержание

Кіріспе................................................................................... 3
1 Тәуекел және табыстылық: портфель теория¬сы және активтерді бағалау модельдері........................................... 4
2 Капитал құрылымының теориясы: Модилья¬ни - Миллер моделдері: ымыралы моделдер............................ 14
3 Капитал салымын таңдау критерийлері............................ 21
4 Дивидендтік саясат және капитал құрылымы.................. 25
5 Айналым капиталың басқару ............................................ 32
6 Өтімді бағалы қағаздармен және ақша қаражаттарын басқаpу.................................................................................. 38
7 Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау. Ақша каражаттарының бюджеті................................................... 45
8 Корпоративтік қайта құрылымдау.................................. 49
Әдебиеттер ……………………………………………..... 58

Работа состоит из  1 файл

қаржылық менеджмент.doc

— 575.00 Кб (Скачать документ)

Бұдан шығатыны, айналым активтерін басқару саясаты  ликвидтілік шығыны мен жұмыстың тиімділігі арасындағы тәуекелдікті қамтамасыз ете алады. Осы орайда екі міндеттің  шешімін табуы жалғасатын болады:

- төлем қабілеттілігімен қамтамасыз ету. Ұйым-мекеме, айналым активтерінің жеткілікті мөлшерін иелік ете отырып,

- төлем қабілетсіздігі тәуекелдігімен қақтығысады;

- активтердің рентабелділігі мен құрылымы, қажетті көлемін қамтамасыз ету. Айналым активтерінің әр түрлі құрылымы кіріске әр қилы ықпал етеді. Мысалы, материалдық-өндірістік қорлардың жоғары деңгейі ағымдағы шығындардың елеулі мөлшерін талап етеді, соның өзінде дайын өнімдердің сан алуан түрлері кірістердің артуы мен жүзеге асыру көлемінің көтерілуіне әсер береді. Кез келген шешім, ақшалай қаражаттың деңгейін анықтаумен байланысты, дебиторлық қарыз бен өндірістік қорлар активтердің аталмыш түрлерінің оңтайлы шамасының ұстанымы тұрғысынан қарастырылады, сол сияқты айналым активтерінің оңтайлы құрылымы ұстанымы тұрғысынан да қарастырылады.

Қысқа мерзімді несиелеудің  дәстүрлі пішіндері өз аясына алады:

- контокорренті несие;

- онкольды несие;

- овердрафт;

- есептік (вексельді несие) несие;

- акцепті несие;

- факторинг.

Қысқа мерзімді ресурстарды  ұйымдастыру басқару өз аясына алады:

- қысқа мерзімді ресурстарға ішкі қажеттіліктерді негіздеу, кірігу мерзімі мен көлемін анықтау;

- қаржылық нарықтың  конъюнктурасына талдау;

- қысқа мерзімді ресурстарды тартудың көздерін таңдау;

- қаржылық құралдарды ұйымдастыру үшін лайықты құрылымдарды анықтау;

- тартуды ұйымдастыру;

- тартылған қаражатты тиімді пайдалануды ұйымдастыру;

- зайымдық капиталды кері қайтаруды ұйымдастыру.

Көптеген орын алған  факторлар бар, яғни қызмет етуші  капиталдың құрылымдарын қалыптастыруда назарға алынып, оларды тиімді пайдалануда өзекті мәселелердің шешімдерін табуға себепкер болады.

Негізгі ішкі факторлардың қатарына жатқызуға болады:

- ұйымның операциялық әрекеттерінің салалық ерекшеліктері;

- ұйымның өмірлік кезеңінің сатылары;

- операциялық әрекеттердің  рентабелділік деңгейі;

- операциялық тетіктің коэффициенті.

Сыртқы негізгі  факторлар қатарына енеді:

- тауарлы нарық конъюнктурасы;

- қаржылық нарық конъюнктурасы;

- ұйымның несиелік  рейтингі; 

- кірістің салық айналымы деңгейі. 

Ірі жабдықтар  үшін айналым қаражаттары нормативі келесі формула бойынша есептеледі

 

Н = (С*БС*ТС*БК*Б)/КМ,    (5.1)

 

мұндағы С-сменалық бөлшектер қорының нормасы;

БС – бiр аппараттағы бірөңкей бөлшектердің саны;

ТС – тұрпаттас  аппараттар саны;

БК – бөлшектер  қорының төмендеу коэффициенті тұрпаттас машиналардың санына байланысты;

Б – бір бөлшектің  бағасы;

КМ – бөлшектердің қызмет мерзiмi.

 

Бітпеген өндірістегі  айналым қаражатын мөлшерлеу  келесі формула бойынша анықталады

 

М=ШК/КС*ЦУ*БК,      (5.2)

 

мұндағы ШК –  алдағы жылдың төрт тоқсанында смета бойынша шығарылған жалпы өнiмнiң көлемi;

ЦУ – циклдың  ұзақтылығы;

КС – кезеңдегі  күндер саны.

 

Шығынның өсу  коэффициенті формула бойынша анықталады

 К = (Ше*ЦУ+Ш1*ЦУ1 + Ш2* ЦУ 2+.......0,5*Шр* ЦУ)/( ЦУ *ША),  (5.3)

 

мұндағы Ш1, Ш2.... – өндiрiстiк циклдың күндерi бойынша шығындар;

ША – келесi жылдың басында болашақ кезеңдер шығындардың ауыспалы;

Шр – цикл бойы бiр қалыпты iске асатын шығындар;

ЦУ1, ЦУ2 – циклдың аяқталуына дейінгі бір жолғы шығындар сәтіндегі уақыт.

 

Көлік қоры, жолдағы материалдарға арналған айналым қаражаттарының нормасы жалпы келесі формуламен анықталады

 

КК=МК*КС/МШ,                                      (5.4)

 

мұндағы МК – есептік кезеңдегі жолдағы матариалдардың орташа қалдығы;

КС – есептік кезеңдегі күндер саны;

МШ – есптік кезеңдегі материалдар шығыны.

 

Келешек кезеңдегі шығындардың айналым қаражаттарының нормативі

 

ҚН = ША + КШ - БКШ ,   (5.5)

 

мұндағы КШ – келешек кезеңдер шығындары;

ША – келесi жылдың басында болашақ кезеңдер шығындардың ауыспалы;

БКШ – өнiмнiң өзiндiк құнынның есептен шығаруларына жататын, болашақ кезеңдер шығындары.

 

Тауар мен  қоймадағы тиеп қойылған дайын өнім бойынша бүтіндей айналым қаражаттарының нормасы

 

ӨН = (ТШ*ҚН)/КС,    (5.6)

 

мұндағы ҚН – дайын өнімнің айналым қаражатының нормасы;

КС – кезеңдегі күндер саны;

ТШ – алдағы жылдың төртінші тоқсанындағы тауарлық өнiмнiң шығарылымы.

 

6-тақырып.  Өтімді бағалы қағаздармен және  ақша қаражаттарын басқару

 

Кәсіпорында ақшалай  активтердің қалвптасуына көптеген мәселелері бар. Ақшалай активті жиынтығы қалыптасқан кезде барлық осы мативтер есептелу керек, бірақ анығырақ айтаьын болсақ, олардың бөлінуі проблема туғызады, инвестициялық қалдықтың сұрамсыздығына сақтандырушы компенсциялық және керісінше қызмет атқарады. Компенсациялық қалдық негізінен банк талабы бойынша қалвптасады. Ол кәсіпорнның есептік қызметін жүзеге асырады және басқада қызметтер көрсетеді – ақшалай активтің түсірілмейтін соммасы оны кәсіпорын банктік қызмет жөніндегі келісім шартындағыдай өзінің есеп шотында ылғи сақтау қажет.

Қаржы ресурстарын  ақшалай активтерге қатырылуы, белгелі  бір жоғалулармен байланысты, жеңіл  инвестициялық жобада қатыспай табыстан айырылу. Кәсіпорынның ақша құралдарының түрлері 3- ші суретте көрсетілген.

 


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет –  Кәсіпорынның ақша құралдарының түрлері

 

Сондықтан кез  келген кәсіпорын бірін – бір  жоққа шығаратын мәселелерді  ескеруі қажет:

- ағымдық төлеу қабілеттілкті қолдау;

- инвистициялық бос ақша құралдарынан қосымша табыс алу.

Ақшалай активтерді басқару саясаты кәсіпорынның ағымдық  активтерінің жалпы басқа саясатының бөлігі болып, жиынтық өлшем опазициясы кәсіпорынның тұрақты төлеу қабілеттілігін қамтамасыз етуді және сақтау процессі тиімді қолданады.

Ақшалай активтерді басқару саясатының қалыптасу кезеңдері:

- өткен кезеңдегі кәсіпорының ақшалай активтерін талдау;

- кәсіпорының ақшалай активреінің орташа қалдығының оптимизациясы және ақшалай құрладарына айналу уақытын есептеу (қардылық цикл);

- ақшалай активтердің орташа қалдығын реттейтін тиімді модельді таңдау;

- кәсәпорының ақша активтердің тиімді жүйесін құрастыру.

Ақшалай активдердің  қалдық өлшеміне кәсіпорының шаруашылық қызмет процессінде стродегиялық әрекет жасайды, оның абсолюттік төлеу қабілеттілігінің деңгейін анықтайды « Кәсіорының барлық қаржылық міндеттемелерін уақтылы есептеп, төлеу қабілеттілігі, операциялық циклдің ұзақтылығына әсер етеді.

Сонымен бірге  инвестициядық мүмкіндіктеріне  мінездейді, және де қысқа мерзімді инвестициялық мүмкіндіктерді жүзеге асырады.

Алғашқы кезеңде  ақшалай активтерін талдау мақсаты  сомманы бағала және ақшалай активтерінің орташа қолдың деңгейімен кәсіпорынның төлеу қабілетімен қамтамасыз ету  және оларды тиімді қолдану:

- ағымдық активтермен оның динамикасында ақша активтерінің қатысу деңгейі бағаданады;

- қарастырылатын кезеңнің орташа айнадым кезеңі және ақша активтерінің айналым саны анықталады.

Кәсіпорының ақша активтерінің орташа қолдық оптимизм – бұл қалдықтың алғашқы кезеңдегі  жеке түрлеріне қажетті өлшемдеріне  есептеулер жасап қамтамасыз етеді.

Ұйымның тұрақты  иелігінде болатын ақшалай активтерді немесе ақшалай қаражаттардың қалдығын басқару айналым капиталын қолдануды  басқару жүйесінде өте маңызды  рөл ойнайды. Біріншіден, ағымдағы қызмет тұрғысынан ақшалай қаражаттар үлкен  маңызға ие, себебі олар қаржылық және өндірітік үдерістерде үзілістер мен ауытқуларды жоюға қолданылады.

Екіншіден, ақшалай  қаражаттардың қалдығының мөлшері  ұйымның абсолютті төлем қабілеттігі  деңгейін анықтайды (өзінің барлық қаржылық міндеттемелерібойынша тез уақытта есептесе алатын мүмкіндігі), айналым активтеріне инвестицияланатын кпаитадың көлеміне әсер етеді.

Үшіншіден, ұйымның  қызмет етуінің тиімділігін бақылау  мен бағалау тұрғысынан қызметтің  қандай түрлері ақшалай түсімдер мен ағындардың негізгі көлемін алатынын білген жөн.

Ақшалай активтерді басқару мақсаты – ұйымның  тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Ұйымның ақшалай  активтерін басқару келесі алгоритм бойынша орындалады. Алдыңғы кезедегі ақшалай активтердің талдауы. Бұл  талдаудың негізгі мақсаты болып ұйымның төлем қабілеттігін қамтамасыз ету тұрғысынан ақшалай активтердің орташа қалдығының сомасы мен деңгейін бағалау табылады, сонымен қатар оларды қолдану тиімділігін анықтау.

Талдаудың бірінші  сатысында ақшалай активтердің  ұйымның жиынтық айналым активтеріне қатысу дәрежесі және алдыңғы кезеңдегі оның динамикасы бағаланады.

Бағалау ақшалай  активтердің ұйымның жиынтық  айналым активтеріне қатысу коэффициентін  анықтау негізінде жүргізіледі  және келесі формула бойынша анықталады:

 

,                                         (6.1)

 

мұндағы ҚКаа – ақшалай активтердің ұйымның жиынтық айналым активтеріне қатысу коэффициенті;

АА – қарастырылатын кезеңдегі ұйымның жиынтық ақшалай  активтердің орташа қалдығы;

АйнА – қарастырылатын кезеңдегі ұйымның айналым активтерінің орташа сомасы.

 

Талдаудың екінші кезеңінде айналымның орташа кезеңі және қарастырылып отырған кезеңдегі  ақшалай активтердің айналым  саны анықталады. Мұндай талдау ақшалай  активтердің орташа сомасын ақшалай  төлемдердің көлемімен (ұйымның теріс ақша ағынымен) қатынасы үшін жүргізіледі.

Ақшалай активтердің  айналымының орташа кезеңі келесі формула  бойынша анықталады

 

,                                       (6.2)

 

мұндағы АКаа – ақшалай активтердің айналымының орташа кезеңі, күн;

АА – қарастырылып отырған кезеңдегі ұйымның жиынтық  ақшалай активтердің орташа қалдығы;

АҚШб – қарастырылатын кезеңдегі ақшалай құралдарды шығындаудың біркүндік көлемі.

 

Осындай жолмен кері көрсеткіштің есебі де жүргізіледі  – қарастырылатын кезеңдегі ақшалай активтердің орташа қалдығының айналым саны

 

,                                       (6.3)

 

мұндағы АСақ – қарастырылатын кезеңдегі ақшалай активтердің орташа қалдығының айналымының саны;

АА – қарастырылатын кезеңдегі ұйымның жиынтық ақшалай активтердің орташа қалдығы;

АҚШ – қарастырылатын кезеңдегі ақшалай құралдарды шығындаудың  жалпы көлемі.

 

Талдаудың үшінші сатысында алдындағы кезеңнің жекелеген  айлары бойынша ұйымның абсолютті  өтімділігінің деңгейі анықталады:

 

,                                  (6.4)

 

мұндағы АҚ –  ақшалай құралдар;

ҚҚС – қысқа  мерзімді қаржылық салымдар;

ҚМ – қысқа  мерзімді міндеттемелер.

 

Талдаудың төртінші сатысында ақшалай активтердің  бос қалдығының қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларға аудару деңгейі және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың рентабельділік коэффициенті айқындалады.

Ақшалай активтердің  бос қалдығының қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларға аудару деңгейі  келесі формула бойынша анықталады

 

,                                    (6.5)

 

мұндағы АДққи - ақшалай активтердің бос қалдығының қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларға аудару деңгейі, %-да;

ҚҚИ – қарастырылатын кезеңдегі қысқа мерзімді қржылық  инвестиция нысанындағы ақшалай эквиваленттердің орташа қалдығы;

АА – қарастырылатын кезеңдегі ұйымның жиынтық ақшалай  активтердің орташа қалдығы.

 

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың рентабельділік коэффициенті – ақшалай қаражаттардың  эквиваленттердің келесі формула бойынша есептеледі

 

,                               (6.6)

 

мұндағы РКққи – қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың рентабельділік коэффициенті;

Информация о работе Қаржылық менеджмент