Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)
Магистерская работа, 10 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.
Содержание
Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Работа состоит из 1 файл
Саяси құндылықтар жүйесі.DOC
— 494.50 Кб (Скачать документ)Зерттеушілер арасында
саяси психологиялық бағытты
ұстанғандар саяси
Либералды құндылықтардың динамикасын зерттеуді мақсат еткен саясаттанушы бағыттың өкілдері ресейдегі азаматтардың құндылықтар жүйесінде әлеуметтік-либералды құндылықтар іштей қайшылықта болатынын және оны экономикалық мүдделердің қайшылығына, жанжалдарына тели салмау керек деген пікірді білдіреді /17/.
Саяси құндылықтарды эмперикалық деңгейде тереңірек зерттеу үшін, әртүрлі әдістемелерді қолдануға болады. Ал саяси бағдарларды анықтай арқылы саяси үрдістердегі құндылықтар жүйесінің бағытын анықтауға болады. Сондықтан көптеген эмперикалық зерттеулердің нәтижесі осы бағдарлар жайлы мағлұматтар түрінде жинақталып, іргелі құндылықтық негіздерді қозғамауы мүмкін. Әрине, қоғамда шынайы бағдарлар мен жалған бағдарлар астасып жатуы мүмкін. Бұл мәселе көп жағдайда қоғамның жалпы мәдени деңгейімен, оның ішінде саяси мәдениеттің саяси үдерістеге сай сипатымен тығыз байланысты болып келеді.
Осыған орай біз саяси құндылықтарды зерттеудің әртүрлі методологиялық тұрғыларын қарастыра келіп, оның әрқайсының саяси аксиологияны дамытуда қосатын өзіндік үлесі бар екенін айта аламыз. Дегенмен де, саяси құбылыстарды жан-жақты зерттеудің мүмкіндігін толық мағынада демократиялық қоғам ғана аша алады. Ал басқа типтегі қалған жағдайларда, ″таптық тұрғы″, ″этноорталықтық өлшем″ сияқты шектеулердің шеңберінен ізденуші шыға алмау қаупі бар /18/.
Саясаттану ғылымында саяси
Сонымен саяси құндылықтарға саясаттану саласының ерекше ғылыми категориясы, ұғымы ретіндегі сипатына анықтама беруге тырысып көрелік. Саяси құндылықтар дегеніміз қоғамның саяси өмірінде саяси-әлеуметтік субьектілердің әр түрлі саяси құбылыстардың маңыздылығын айқындап, оларды өздерінің көзқарастары мен іс-әрекеттерінің негізгі іргетасына айналдыруы. Саяси құндылықтардың азаматтардың бағалауларынан айырмашылығы - олардың дүниетанымдық астарды қамтуында, объективті сипатты иемденуінде /19/.
Саяси құндылықтар – бұл адам, оның өмірі, игілігі, құқықтары мен бостандықтары, ар-намысы мен абыройы және т.б. Әлеуметтік саяси ғылымдардағы құндылықтар әлемі бағалаудан, құндылық өлшемдерінен және оларға сәйкес келетін иерархиялардан тұрады.
Ғылыми әдебиеттердегі көзқарастарға байланысты құндылықтарды негізгі және инструментальдық, бірінші және екінші (алғашқы және қосымша), ішкі және сыртқы, нағыз және жорамалдағы немесе «концептуалды», бірінші, екінші, үшінші, априорлық және апостериорлық, қазіргі, өткен және келешектегі, финалдық (мақсатты) және инструментальдық, практикалық, құқықтық, эстетикалық, діни, жасампаз құндылықтар, әсерленушілік құндылықтар және қарым-қатынас құндылықтары сияқты түрлерге жіктеуді кездестіруге болады. Құндылықтар абсолюттік және салыстырмалы, объективті және субъективті, бәрін қамтитын және ішінара, жағымсыз және қызметтік құндылықтар түрінде де болады /20/.
Рухани құндылықтардың
өмір сүруі және олардың тәжірибелік
құндылықтар алдындағы
Саяси құндылықтарға қоғамдық өмірдегі белгілі бір әлеуметтік саяси қызметтер тән. Олардың ішіндегі маңыздыларына мыналар жатады:
- біріктіруші (консолидация) қызметі, саяси жүйенің құлауына жол бермеу және азаматтардың сол саяси жүйені қолдауына қол жеткізу;
- бағалау қызметі саяси өмірдегі іс-әрекетті, адамның саяси іс-қимылының туындысын, саяси идеяларды, пікірлерді ақтау немесе қаралау;
- легитимдеу қызметі, билік құрылымын қоғамдағы көпшілік азаматтардың құндылықтық бағдарларымен сәйкестендіру, заңдастыру;
- жұмылдыру, іске тарту. Қоғамдағы саяси іс-әрекеттерге, қимылдарға түрткі болып, адамдарды саяси билікпен байланысқа тарту, ″саяси адамды″ қалыптастыру, азаматтардың саяси қатысуын, яғни саяси әлеуметтенуін белсендіру болып табылады;
- мерзімдік, қоғамда өткізілетін әр түрлі саяси оқиғалар мен процестерге байланысты (сайлау, референдум) қызметі;
- локальді, әрбір әлеуметтік қабатқа маңыздылығы бар әрекеттер, аймақтық деңгейдегі жұмыстар.
Жекелеген адамдарды қоғамдағы саяси билікпен не байланыстырады? Ең алдымен, социомдағы саяси құндылықтар жүйесі, ол қажетті қалыптар мен адамдар арасындағы қатынас ережесін анықтап, белгілі бір мағынада олардың әрқайсынан саяси белсенді азаматты жасайды. Демек құндылықтар саяси қызметтің маңызды бағыт беруші құрылымдарының ядросы болып табылады:
- идеология – құндылықтар жүйесі және топтық таңдаулар, сенімдер;
- саяси мәдениет – саясаттағы бағдар мен іс-әрекет модельдері, өзіне таным, көңіл-күй, бағалауды қамтушы және саяси мәліметтерді таңдау өлшемі қызметін атқарушы;
- саяси жүйе – саяси билікті пайдалануды ұйымдастырушы құндылықтар мен институттар;
- саясат, құндылықтарды авторитарлы тәсілмен белгілеу және тарату.
Мемлекет көп
құндылықтарды азаматтарының
1.2. Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстар мен байланысы
Саяси құндылықтар саяси саланың саяси мәдениет, саяси қалыптар, стереотиптер, саяси мүдде, идеология, саяси діл сияқты құбылыстары негізінде талданады.
Саяси мәдениеттің әлеуметтік-
Саясаттың субъектілік және ішкі рухани болмысын, әдетте, психологиялық және әлеуметтанулық ілімдер көбірек қарастырады. Саясаттануда жоғарыда аталған құрылымдар негізінен саяси қатынастар мен процестер арқылы айқындалады. Яғни құндылықтар бағдарларын қарастыру саяси мәдениет үшін ауқымда болып шығады. Оған байланысты бірнеше ұғымдардың мазмұның анықтап алайық. Жалпы алғанда, құндылық нәрселер мен құбылыстарды адам мүддесі тұрғысынан бағалаудан туындайды; яғни, өзімен өзі бейтарап нәрселер адамдық әрекетпен қамтылып, пайдалы, әдемі, қажет, ұнамды т.т. бола бастайды. Құндылық дегеніміз нәрселер мен заттардың әлеуметтік функциялары болып табылады. Құндылықтар әлемі сан алуан.
Саяси құндылықтардың табиғаты мен түрлері, олардың өзара қатынасы, қоғамдағы атқаратын қызметі Қазақстанда жеткіліксіз зерттелген. Оның бірнеше себептері де бар. Біріншіден, бұрынғы тоталитарлық қоғамда саяси аксиологияға мән берілмеген. Өйткені саяси құндылықтар жоғарыдан танылып отырған және олар нұсқау сипатында халық арасында таратылып, олар туралы пайымдаудың қажеті болмаған. Екіншіден, Қазақстанда саясаттану ілімі енді қалыптасып келе жатқан жас ғылым және аксиологиялық мәселелер енді ғана теориялық талдаудың обьектісіне айналып отыр. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен жарияланған ″Саясаттану″ оқулығында адамдардың үш түрлі саяси құндылық бағдарлары аталып өтеді: 1) билеуші құрылымдарға қатысты 2) қоғамның басқа мүшелеріне байланысты 3) өзінің саяси белсенділігіне қатысты /23/.
Аталған үш түрлі саяси
бағдарларды негізге ала
Саяси мәдениет модельдері /24/.
Белсендiлер |
Белсендiлер |
Белсендiлер |
Белсендiлер |
|
Мақұлдаушылар | |||
Мақұлдаушылар |
Мақұлдаушылар | ||
Мақұлдаушылар |
|||
|
Патриархалдар | |||
Патриалхалдар |
Патриалхалдар |
Патриархалдар |
Демократиялық тоталитарлық авторитарлы демократия
индустриалды авторитарлық өтпелі индустриалы
индустриалды
Авторлардың пікірі бойынша, Қазақстан үшінші және төртінші топқа жақын келеді. Әрине осындай үлгінің танымдық жақтары жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ, саяси құндылықтар мәселесі басқада ілімдерді ескеруді қажет етеді. Мысалы, бірінші бағанға дамыған Батыс елдерді, екіншісіне – бұрынғы социалистік жүйе, үшіншісіне – кейбір дамушы елдер, төртіншісіне – экономикасы төмен елдер жатсын дейік. Бірақ, барлық демократиялық елдерде жоғарғы саяси белсенділік бар деу шындықтан алшақ. Мысалы, көптеген Батыс елдерінде сайлауға халықтың бірталай мөлшері қатыспайды. Сосын дамыған елдерде белсенділіктің бұқаралық мәдениетпен тығыз байланысты екендігін ескерген жөн. Қаншама айтқанмен, бұқаралық сананы манипулациялау әрекеттерін бекерге шығара алмаймыз. Жарнама арқылы әсереленген, имиджмейкерлер ″ойлап″ әдеміленген саяси тұлғаны қолдауда бұқара ерекше бір жасампаздық жасай қоймайды.
Жоғарыда аталып өткендей
саяси құндылықтарды біз аксиом
- жалпы саясат пен саяси билікке қатынас;
- нақтылы бір саяси режим мен жүйеге қатынас;
- жеке саяси құрылымдар (мемлекет және оның институттары, саяси партиялар мен қозғалыстар) мен олардың күнделікті әрекеттеріне қатынас;
- саяси тұлғаларға (елбасы, саяси қайраткерлер, оппазициялық тұлғалар т.т.) көзқарас;
- саяси құндылықтарға қатынас.
Осы қатынастардың
саяси өмірдегі жиі әрі
Саяси-әлеуметтік құндылықтар жеке дара әрекет етпейді. Олар басқа да тұлғалық құрылымдармен бірігіп, күнделікті өмірде тіршілік стилі (келбеті) арқылы көрініс табады. Ғылыми әдебиетте өмір стиліне әртүрлі анықтамалар беріледі. В.Я.Ядов оны әлеуметтік іс-әрекеттің өзегі ретінде қарастырады. (әлеуметтік диспозиция) /25/.
Қазақстан сияқты
өтпелі мемлекеттерде жоғары
саяси мәдениетті қалыптастыру
үшін тұлғаның құндылық әлемін
жан-жақты зерттеу табысты әрі
тиімді саяси ықпалдың
Саяси бағдарлар
мен ұстанымдардың
- танымдық-ақпараттық бөлік. Бұл элемент қоғамдағы саяси саланың рационалдық даму деңгейін білдіреді. Қоғамдағы әртүрлі идеологиялық ағымдар мен жүйелер өз құндылығын парасаттылық өлшемдерімен байланысты дәлелдеуге, насихаттауға және қорғауға ұмтылады;
- сезімдік-тылсымдық бөлік. Саяси құндылықтар адам мүдделерімен тікелей байланысты болғандықтан, олар тұлғалар үшін бейтарап емес. Кейбір саяси құндылықтар адамда сезімдік қуат тудырса, басқалары халықтың ашу-ызасын келтіруі мүмкін;
- баға беру бөлігі. Кез келген құндылық қолдауды не қарсы шығуды талап етеді. Мақұлданған саяси құндылықтар нағыз жасампаз күшке айнала алады. Әртүрлі саяси субъектілер бағаланып, олардың қоғамдағы орны мен беделі айқындалады;
- іс-әрекеттік компонент. Шынайы саясат осыдан басталады. Мотивтік талдау құндылық потенциалын ғана көрсетеді, саяси қайраткерлер алуан түрлі саяси жағдайларда өз әрекеттерімен көзге түседі.