Саяси құндылықтар жүйесі (этникалық аспектілер)
Магистерская работа, 10 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді.
Содержание
Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
1.2.Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ (ЭТНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР)
2.1.Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері
2.2.ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Работа состоит из 1 файл
Саяси құндылықтар жүйесі.DOC
— 494.50 Кб (Скачать документ)
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
Министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік
«Тарих» факультеті
«Саясаттану» кафедрасы
Магистрлік жұмыс
Саяси құндылықтар жүйесі
(этникалық аспектілер)
Саясаттану кафедрасының
меңгерушісі с.ғ.к.
Тәжітаева Р.С.
«___»________2008ж.
Шымкент 2008ж.
Мазмұны
Кіріспе
І ТАРАУ. САЯСИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Саяси құндылықтарды зерттеудің саяси теориялары мен концепциялары
- Саяси құндылықтық бағдарлардың саяси құбылыстармен байланысы
ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
- Қазақстан азаматтарының саяси құндылықта
р жүйесінің этникалық аспектілері
- ОҚО азаматтары саяси құндылықтық бағдарларынд
ағы басымдылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады. Әрине мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұтқаларын жасауға орай бағытты дұрыс таңдап алудың арқасында қол жеткізілді. Бүгінгі таңда күн тәртібіне қойып отырған күрделі мәселелерінің адам мен қоғам үшін маңыздылығы зор және олар әлеуметтік болмыстағы сан алуан түрлі аспектілерді қарастыруларды қажет етеді. Солардың ішінде саяси процестердің ішкі құрылымы мен бағытын анықтайтын құбылысқа азаматтардың саяси құндылықтарының қалыптасу және өркендеу ерекшеліктері жатады.
Еліміз өркенді дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарған сайын, қоғамдағы саяси құндылықтарға көңіл бөлінуде. Елбасының биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталуының өзі де көп жәйттан хабар берсе керек.
"Қандай қиын қыстау
жағдайда да адамдар үшін
Елбасы биылғы Жолдауында «
Қоғамның саяси өміріне
Көпэтникалық Қазақстан үшін саяси құндылықтардың қалыптасуы, дамуы, таралуы процестерінің үлкен маңыздылығы бар. Өйткені құндылықтар өзінің ішкі қабілеті бойынша не оң, не теріс бағытта өрбуі, қоғамды біріктіруге, не болмаса ыдыратуға септігін тигізуі мүмкін. Бұл азаматтардың саяси қатысуына, мінез-құлқына тікелей әсер ететін құбылыс. Сондықтан бұл құбылысты саясаттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеудің өзектілігі мол.
Қазақстан халқының саяси құндылықтар проблемасы қазіргі уақытта және келешекте ғылыми теориялық ойда да саясаттанулық ойда да көрнекті орын алмақ. Ол ұлттық, мемлекеттік саясаттың маңызды мәселесіне айналуы тиіс. Өкінішке орай, бұл проблеманы жан-жақты зерттеуге ғалымдардың, саясаткерлердің, мемлекет қайраткерлерінің қатысуы жеткіліксіз болып отыр. Өйткені, оның мәнін түсінудің сипаты қазақстандықтардың қызметінің бағыттылығымен, Қазақстан мемлекетімен, ең ақырында барлық Қазақстан халқының тағдырымен байланысты.
Сондықтан да, Елбасының биылғы
Жолдауындағы «Мемлекеттің әлеу
Қазақстан халқының саяси құндылықтарын біз енді ғана жете түсініп және зерттей бастадық, біз өмір сүріп тұрған қоғамдық-саяси қатынастарды соларға сүйене отырып, қайта құра бастадық. Жаңа жалпықазақстандық принциптер мен нормалар енді қалыптаса бастады және олар объективті дүниені және оның даму тенденцияларын біздің ұғынуымызбен қалыптасуда.
Сонымен саяси құндылықтар
Сондықтан Қазақстан
Зерттеу тақырыбының
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құндылықтар мәселесі ғылыми обьект ретінде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жан-жақты зерттеле басталды. Әртүрлі философиялық бағыттар құндылықтар жайлы әр қилы пікірлер білдіріп, өзіндік иерархияларын, жүйелерін қалыптастырған. Бұл зерттеушілердің көбісі негізінен құндылықтарға философиялық тұрғыдан келгендіктен саяси ғылымдардың мәселелері зерттеулердің көлеңкелі тұстарында қала берген. Кеңес дәуірінің тұтасқан идеологиясы саяси құндылықтардың әралуандығына жол ашпады /5/. Сондықтан ол кездегі еңбектер жалпы алғанда мәдениет пен құндылықтар қатынасына, рухани құндылықтар ерекшеліктеріне арналатын.
ТМД мемлекеттерінің тәуелсіздігі кезеңінің басталуы саяси процеске, саяси өмірге жаңа көзқарастарды қалыптастыра бастады. Сондықтан соңғы жылдарда Ресейде, Қазақстанда саяси құндылықтардың табиғаты мен ерекшеліктері туралы жаңа концепциялық ұстанымдарға сүйенген біршама еңбектер баспадан шығып үлгерді /6/. Қазақстанның Даму институтында да біршама еңбектер саяси құндылықтардың өтпелі кезеңдегі кейбір өзекті ерекшеліктеріне арналады. Сонымен қатар ұлттық-этникалық ауқымдағы саяси процестердің көріністері Р.Б.Әбсаттаровтың, Н.Ж.Байтенованың, Л.К.Бакаевтың, А.Х.Бижановтың, Қ.Е.Көшербаевтың, Г.В.Малининнің, Н.Ә.Назарбаевтың, С.З.Нарматовтың, Т.С.Сәрсенбаевтың еңбектерінде қарастырылады.
Қоғамдағы саяси процестердің демократиялық құндылықтарымен, әлеуметтік саясатпен, демографиялық мәселелермен Б.Г.Аяғанның, Л.Ә.Бәйдельдиновтың, А.С.Балғымбаевтың, К.Н.Бұрхановтың, Г.Ж.Ибраеваның, Ж.Х.Жүнісованың, К.Л.Сырожикиннің, М.Б.Тәтімовтың еңбектерінде байланыстырылды /7/.
Ал енді осы құндылықтар мәселесіне философия пәні бойынша К.Ж.Нұғманованың, Е.Н.Аубакированың, құндылықтық және саяси бағдарларға М.М.Хан, Е.Б.Әбдірайымовтың, Р.С.Тәжітаеваның диссертациялары арналған /8/.
Диссертациялық жұмыста әлемдік саяси аксиологиядағы қалыптасқан методологиялық және әдістемелік жетістіктер толық қолданылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – саяси құндылықтар жүйесін этникалық аспектілер тұрғысынан ашып көрсету, саяси зерттеулер арқылы Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтарды, олардың саяси құндылықтық бағдарлары қалыптасуына ықпал ететін саяси құбылыстарды тұжырымдау.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынандай ғылыми-зерттеу міндеттері ғылыми жұмыста алға қойылады:
- қоғамдағы саяси құндылықтарды зерттеудің саясаттанулық аспектілерін, теориялық методологиялық негіздерін анықтау;
- саяси құндылықтардың тарихи-этникалық бастауларын анықтау;
- саяси құндылықтардың қалыптасу процестерін айшықтау, қазіргі қоғамымыздағы саяси құндылықтардың түпкі бастауларын анықтау;
- ОҚО азаматтарының саяси құндылықтар жүйесін социологиялық зерттеулер арқылы анықтау;
- мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетінің өзекті рөлін арқау ете отырып, азаматтық және рухани-мәдени біртұтастық негізінде Қазақстан этностарын топтастыру жолымен қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру:
- ұлтаралық қатынастар саласындағы келеңсіз үрдістердің алдын алу, этникалық факторды саясаттандыруға жол бермеу;
- ұлтаралық қатынастар саласындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметін жетілдіру және саяси құндылықтарды демократияландыру, қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін шешуде оның рөлін арттыру болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеу жұмысында тәуелсіз Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтарының ерекшеліктері этникалық талдау арқылы сарапталады. Сонымен қатар жұмыста мынандай ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
- құндылықтар теориясының ауқымында саяси аксиологияға негіз болатын теориялық ұстанымдар айқындалады;
- Қазақстан азаматтарының саяси құндылықтар жүйесінің этникалық аспектілері анықталынады;
- саяси құндылық феноменінің саясаттанудағы категориялық келбетіне жан-жақты сипаттамалар беріледі;
- ОҚО азаматтарының саяси құндылықтарындағы басымдылықтар анықталынады.