Заңды тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:12, курсовая работа

Описание

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтын дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікті және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2-3
1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты.
1.1 Заңды тұлғаның ұғымы...........................................................................4-7
1.2 Заңды тұлғаның ұғымының жіктелуі...................................................8-11
2 Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы.................
2.1 Заңды тұлғаның құру негізі................................................................12-14
2.2 Заңды тұлғаның ерекшелігі.. 15»
2.3 Заңды тұлғаның құқықтық әрекеттік қабілетінің пайда болуы және тоқтатылуы................................................................................................25-28
2.4 Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғалар.............................................29-30
3 Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның құру мәселесі........31-33
Қорытынды.................................................................................................34-35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Курсовая Заңды тұлға .doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды  тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.

Занды тұлға үшінші тұлғалардың алдында занды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тің 44-бабының 4-тармағы). Бірақ занды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.

Занды тұлға органдарының түрі оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады.

Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы ережесі заңды тұлғалардың нақты түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі. Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.

Заңды тұлғаның атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа занды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады.

Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.

Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т.б. анықтауда да) өте маңызды. Азаматтық кодекстің 39-бабында заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы  тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.

Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктін өзі емес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді.

Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал занды тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.

Заңды тұлғаларды қайта қуру және тарату. Қайта құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсыз таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.

Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетелік: «Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар: немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, болу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады".

Заңды тұлға, біріктіру  нысанасында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды тұлғаны оған екінші бір занды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі.

Азаматтық кодекс (46-бап) занды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлықты да қарастырады.

 

2.4 Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғалар

 

Заңды тұлға  деп өз атынан мүліктік құқықтар мен міндеттерді еншілейтін, оның құрамына кіретін  тұлғадан тәуелсіз  өзі жауап беретін тұлғаны  айтады. Заңда жария заңды құқық тұлғасы және жеке  заңды тұлғасы деп бөлінеді. Жария заңды тұлғаның ерекшелігі: а) алға қойған мақсаттарының жария түрде сипаты болады; ә) билік өкілеттігі болуы; б) мүшеліктің ерекшелігі.

Жария заңды  тұлғаларына: мемлекет, әкімшілік-аумақтық  бөлініс, мемлекеттік мекемелер, сауда және өнеркәсіп палатары, мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жатады.

Жеке заңды  тұлғаларға, жеке заңды тұлғаның қалауына  орай  азаматтық-құқықтық құжаттармен әрекет етуге құрылған ұжымдық құрылымдар жатады.

Әр елде заңды  тұлғаның   өзіндік түрлері  болады: мысалы, Германия құқығында  заңды тұлға одаққа және мекемеге  бөлінеді.  Францияда заңды тұлғалардың негізгі түрлері – серіктестік пен ассоцияция, ал Англияда заңды тұлға ең алдымен тұлғалардың басын біріктіретін  корпорациялар  және дербес түрінде болады. Англия құқығында мекеме деген  ұғым мәлім емес, ал ФРГ, Швейцария құқығында мекемеге үлкен мән беріледі, әсіресе, сенімгерлік меншік институтының  кеңінен пайдаланады. АҚШ заңды тұлғаларды корпорация мен мекемелерге бөлуді мойындамайды. Мысалы, штаттар мен федералды заңдары заңды тұлғаның  құқықтық режимін, әдетте қоғамдық қызметінің сипатына тәуелді етіп қояды. Заңды тұлғалар онда: а) жария (үкіметтік); ә) кәсіпкерлік емес; б) кәсіпкерлік деп бөлінеді.

Заңды талап  мерзімі. «Жалпы құқық» жүйесін қолданатын елдер заңды талап мерзімін іс жүргізу құқығының еншісіне  берген, ал континенталдық  құқық жүйесінде бұл материалдық құқыққа жүктелген. Халықаралық және құқық ережелері бойынша дауды қарайтын елдің заңы қолданылуы тиіс.

Заңды талап  мерзімі жалпы және арнайы болып  бөлінеді. Мәселен, Францияда жалпы  мерзім 30 жыл, Швейцарияда  10 жыл  болып тағайындалған. Арнайы мерзім едәуір қысқа, әрі әр түрлі болып келеді.

Заттық құқық. Заттық құқықтың негізгі институты жеке меншік құқығы болып табылады. Меншік дегеніміз тек адамның объектіге , адамның табиғатқа қатысы  ретінде көрінеді. Германияның азаматтық заңдар жинағының 544-бабына сәйкес пайдалануға заңмен немесе регламентпен тыйым салынбайтын болса, мейілінше абсолюттік мәнділігі  затқа қолданылатын және оған жүретін құқық, меншікті білдіреді.  Бұл меншік тұжырымы Ұлы француз революциясы ұсынған  принципке негізделген, меншік те бостандық сияқты адамның ажырамас құқығы деп есептеледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету өкіліттігі тәртіптелген.

Банкроттық. Дамыған  елдердегі банкрот болу туралы заңдарды білу  бізге өте қажет, өйткені, басқа оқулықтарда бұл мәселе тым қысқа айтылған, ал біздің экономикамыз үшін  бұл  проблеманың орны бөлек  екені тағы белгілі. Қазіргі кезде Батыстың заңдары «дәрменсіздік» деген терминді қолданады. Мысалы, Англия  тек тиісті  соттың  шешімі  болса ғана жеке тұлғаны банкрот деп таниды. [7, 11б]

Банкроттықты  реттеуде  құқық жүйелерінің  өзіндік  ерекшеліктері болады.  Мәселен, несие берушінің  мүддесі ағылшын құқығында өте мықты  қорғалады. Сондықтан да банкроттықта оңалту рәсімдері  онша көп қолданылмайды, көбінесе мұнда басқару рәсімі енгізілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның құру мәселесі.

 

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.

Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының 6-тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары:

1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметін жарғысы және құрылтай шарты негізінде, немесе егер заңды тұлғаны бір тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресімделген шешімі (жалғыз құрылтайшының шешімі) негізінде жүзеге асырады.

Шағын кәсіпкерлік  субъектісі болып табылатын заңды  тұлға өз қызметін Қазақстан Республикасының  Үкіметі мазмұнын белгілейтін үлгі жарғының негізінде жүзеге асыра алады.

2. Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекітеді.

3. Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметінің мәні мен мақсаты белгіленуге тиіс.

4. Құрылтай шартында тараптар (кұрылтайшылар) заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне (шаруашылық жүргізуіне оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді.

5. Заңды тұлғаның жарғысында онда оның атауы тұрғылықты орны оның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті, оның қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленеді.

6. Бір заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда: 

1) егер олар  құрылтайшылардың ішкі қатынастарына  қатысты болса, құрылтай, шартының;

2) егер  олардың қолданылуы заңды тұлғаның  үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолдануға тиіс.

7. Барлық мүдделі  адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы. 

Заңды тұлғаны қайта құру  

1. Заңды  тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру,  бөлу бөліп шығару өзгерту)  оның мүлкін меншіктенушінің  немесе меншік иесі уәкілдік  берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерді сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін.

Заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген ерекшеліктер ескеріліп отырып жүзеге асырылады.

Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заң актісінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

2. Қайта құру  ерікті түрде немесе ықтиярсыз  жүргізілуі мүмкін.

3. Заң құжаттарында  көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының  шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер заңды  тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, кұрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады.

4. Заңды тұлға,  біріктіру нысанында қайта құрылатын  реттерді қоспағанда жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты  мирасқорлығы

1. Заңды тұлғаларды  қосқан кезде олардың әрқайсысының  құқықтары мен міндеттері өткізу  құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.

Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға  біріктірген кезде біріктірілген  заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.

Заңды тұлғаны  бөлген кезде оның құқықтары мен  міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.

Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше  заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына  қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары  мен міндеттері ауысады.

Заңды тұлғаның бір түрін екінші түрдегі заңды тұлғаға өзгерткен кезде (ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.

Өткізу актісі және бөлу балансы

1. Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе біріктірілген кезде – өткізу актісіне сәйкес, бөлінген және бөліп шығарылған жағдайда – бөлу балансына сәйкес ауысады.

2. Өткізу актісі мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекітеді және құрылтай құжаттарымен бірге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу үшін олар құрылтай құжаттарымен бірге тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Құқықтар мен  міндеттер қашан да сол  құқықтар мен міндеттерінің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады.  Біз қайсыбір  субъективтік құқық туралы айтқанымызда , бұл құқық әлде біреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.

Заң тілінде  құқықтардың  және міндеттердің иелерін  «құқық субъектілері» деп немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық  қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға  болады. Бірақ әр түрлі топтар мен түрлерге орай  субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық  құқық  қабілеттілігі дегеніміз  субъектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.

Информация о работе Заңды тұлға