Төл дыбыстарды оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:28, доклад

Описание

«Ел боламын десең – бесігінді түзе», деп М.Әуезов айтқандай ел болашағы қазіргі жасөспірімдеріміздің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты заманда қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуына бет алысы білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қазіргі күн сайын жаңарып жатқан қоғамда іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігіне көз жеткізіп отырмыз.

Работа состоит из  1 файл

Баяндама А.Б.А..doc

— 48.50 Кб (Скачать документ)

«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТӘЖІРБИЕГЕ ЕНГІЗУ»

Жаратылыстану-математика  бағыты

 

                                                                  №54 мектеп-лицейінің

                                                                  бастауыш сынып мұғалімі

                                                                  Әбілмәжінова Бейнегүл

                                                                   Әбілмәжінқызы

                                                                  ҚР Білім Беру Ісінің Құрметті

                                                                  қызметкері

 

 

  «Ел боламын десең – бесігінді түзе», деп М.Әуезов айтқандай ел болашағы қазіргі жасөспірімдеріміздің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына байланысты заманда қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуына бет алысы білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қазіргі күн сайын жаңарып жатқан қоғамда іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігіне көз жеткізіп отырмыз.

Осыған байланысты, білім  беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында  қашықтан оқыту жүйесі мектеп оқушыларының кәсіби құзыретін дамыту басты мақсаттардың бірі болғандықтан, ол мұғалімнің білім беру үдерісіндегі орны мен рөлін түгелімен қайта қарауды қажет етеді.

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы арқылы білім берудің педагогикалық ерекшіліктерін талдау үшін білімді ақпараттандыру өзгерісінің бүгінгі қоғамдағы рөлі мен орны ерекше. Бұл – білім беру үдерісінде білімді меңгерудің арнайы формасы ретінде, оның жалпы және кәсіптік байланысын тереңдетуге көмектеседі.

Сабақты қызықты  өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Сондықтан мұғалімдер бүгінгі таңда инновациялық және интерактивтікәдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақты сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.Міне менде басқа әріптестерім сияқты  иннавациялық үрдісте  білім берудемін.Бүгінгі кезде интерактивті тақтамен жұмыс істеп жүрген мұғалімдерімізде жеткілікті.Бірақ бұл тақтаның қыр-сыры өте көп,жасыратыны жоқ мұғалімдердің көпшілігі оны көрнектілік ретінде немесе ашық сабақ берген кезде қолданады.Жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді мүмкіндік деңгейге жеткізеді.Ал «инновация» ұғымына тоқталсақ осы ұғымға алғаш қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай   Нұрахметов. Ол «Инновация,инновациялық үрдіс деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау,меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деп жазады.Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға қойылады.

Инновациялық білім құзыреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеументтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп беретін,теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжербиесінде пайдалана алатын білім.

Ал инноватциялық педагогикалық  білім-бұл инновациялық  технология-лардың қыры менсырын,ерекшеліктерін ашып көрсететін және оны тәжербиеде жүзеге асырудың жолдарын айқындайтын педагогикалық білімдер жүйесі. Инновациялық білім беру-мұғалімдерге инновациялық білімдерді жүйелі менгеру арқылы олардың инновациялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үрдісі. Мұғалімнің ииновациялық білім беру міндеті- оларды іздемпаз жаңашыл мұғалім етіп даярлау, білім біліктілігін көтеру,ісіне шығармашылықпен қарау, менгерген инновациялық технологиясын өз тәжербиесінде сыныбына сай етіп, оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп түрлендіре білу, шағын өзгерістер енгізу сараптама жасай алу,ісіне сыни көзқараспен қарау, өзінің авторлық идеяларын өмірге,білімге қосу,әдістеммелік жетілдіріп отыру. Инновациялық білім беру формалары да сан алуан. Мысалы:арнайы инновациялық курстар, семинар-конферециялар, ғылыми жобаны қорғауға арналған әртүрлі байқаулар мен жарыстар.     Инновациялық білім беру әдісітер:әңгімелесу,пікілесу,талқылау, жаттығу,сұрақ-жауап, миға шабуыл. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, комьютер, интерактивті  тақта, Интернет, электрондыдық оқулықтар, инновациялық веб-сайт. Инновациялық білім берудің нәтежесінде оқыту тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін,   инновациялық  педагогикалық технологияны менгерген, психологиялық-педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын,педагогикалық жұмысыта қалыптасқан қабілететті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол икемді,шығармашыл педогог, зерттеуші жаңашыл мұғалім болып шығады.

   Ал инноватциялық педагогикалық білім-бұл инновациялық  технология-лардың қыры менсырын,ерекшеліктерін ашып көрсететін және оны тәжербиеде жүзеге асырудың жолдарын айқындайтын педагогикалық білімдер жүйесі. Инновациялық білім беру-мұғалімдерге инновациялық білімдерді жүйелі менгеру арқылы олардың инновациялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үрдіс. Мұғалімнің ииновациялық білім беру міндеті- оларды іздемпаз жаңашыл мұғалім етіп даярлау, білім біліктілігін көтеру,ісіне шығармашылықпен қарау, менгерген инновациялық технологиясын өз тәжербиесінде сыныбына сай етіп, оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп түрлендіре білу, шағын өзгерістер енгізу сараптама жасай алу,ісіне сыни көзқараспен қарау, өзінің авторлық идеяларын өмірге,білімге қосу,әдістеммелік жетілдіріп отыру. Инновациялық білім беру формалары да сан алуан. Мысалы:арнайы инновациялық курстар, семинар-конферециялар, ғылыми жобаны қорғауға арналған әртүрлі байқаулар мен жарыстар.

2007оқу жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бір аудиториядан интерактивті түрде өткізген тұңғыш сабағымен басталғаны баршаға мәлім. Оған байтақ республикамыздың барлық оқушысы бір кісідей қатысты. Шалғайдағы мектепте білім алушы әр баланың сұхбат сабақтан тыс қалмауы, оған тікелей сауал қоя алу мүмкіндігі алдын-ала ойластырылған. Мұның бәрі Қазақстан рсепубликасы Президентінің жалпы білім беретін мектептердің кең арналы интернетке жаппай қол жеткізіп, on-line үлгісінде сабақ өткізуді оқу-тәжірибесіне енгізудегі бастамасы еді. 

Осы жоба аясында  өз басымның тигізген үлесім де бар. Оқу  жылы басталмас бұрын 1000 әріптестерімізді тақтамен жұмыс істеуге үйретушілердің бірі мен болдым. Орнатылған тақталардың біреуі менің кабинетімде сапалы білім беру үшін орнатылған.

Жас ұрпақтардың  әлемдік стандартқа сай білім  алуы – мемлекетіміздің даму саясатының басым бағыттарының бірі лайықты  ұрпақ күні ертең туған елі үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстан мәртебесін байлығымен де, ғылыми – білімімен де, әдебиеті мен өнерін де, барлық жағынан өркениетті 50 елдің төрінен орын алуына жол ашуы шарт.

Интерактивті  тақтаны қолданудың маңыздылығы  қазіргі өміріміздің бірыңғай ақпарарттық кеңістікте өтуінде. XXI ғасыр жаңа ақпараттық идеяларға толы. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі уақыт талабына сай өз жұмысында ақпараттық технологияларды қолдануға міндетті. Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылуы туралы алға қойып отырған игі мақсаты – еліміздің әрбір азаматының, әрбір сала маманының киелі міндеті болып саналады. Білім беру саласы бойынша бұл мәселе тіптен өзекті бола түспек. Өйткені жоғары тиімділікпен білім беру арқылы ғана болашақ азаматтарымыздың дүниежүзілік жоғары даму көрсеткіштеріне ие болып отырған елдердің деңгейіне өсуге деген ынтасы мен ықыласын қалыптастырады, жетілдіре аламыз.

Қазіргі кезде өмірдің  барлық дерлік деңгейі мен саласында  болып жатқан динамикалық өзгерістердің  түбі адамның жағдайын әлеуметтік – экономикалық жағынан жақсартуға бағытталған. Мектепте білім беру жүйесінде жасалып жатқан өзгерістер мен 12 жылдық білім беру мәселесі де қазақстандық жас ұрпақтың болашақ ел тұтқасын қастерлеп ұстар азамат дәрежесіне жетуіне көмектесетін жақсылық нышаны деп танылып отыр.

Қазақстан Республикасының  білім беру саясатының барлық азаматтардың білім алудағы теңдігі, дарынды  тұлғаларға деген үкімет тарапынан  қамқорлық болуы, білім берудің  гуманистік жіне дамытушылық сипатта  келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты бағыттары кеңестік дәуірден қалған догмалық-жаттанды білім біртіндеп ығыстырып бара жатыр. Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі міндеті – оқушыны ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерген жеке тұлға дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниканың жетістіктерін өз өмірінде қолдана білуге дағдыландыру.

Сондықтан интерактивті тақтаны  қолдануда оқушының өз бетімен білім  іздей алатын болуы – көзделетін негізгі нысан ретінде  қойылады. Интерактивті тақтаны қолдану барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.

Интерактивті тақтаны  қолдану құзыреттілігі адамның  жетістігі әреркетінің қажетті  шарты. Мұны қазіргі педагогиканың  өзекті мәселелерінің бірі ретінде  ғылыми- педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.

Қазіргі жағдайда жаңа ақпараттық технологиялардың білім беру үрдісіне кеңінен енуі, оны жүзеге асыруға  арналған әдістемелік даярлықтың жеткіліксіздігі  арасындағы қайшылық орын алып отыр. Ал, математика – мектеп бағдарламасындағы негізгі және күрделі пәндердің бірі. Осы аталған қайшылықтың  шешімін іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға байланысты тақырыпты «Математика сабағында интерактивті тақтаны пайдаланып дамыта оқыту арқылы оқушының қабілеттерін дамыту»деп алдым.

Бастауыш сынып оқушыларының жаңа ақпараттық технологияларды,

интерактивті тақтаны  қолдану негізінде математика пәні бойынша арнайы ұйымдастырылған тәжірибелік-эксперимет жұмыстарды өткіздім.

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға  кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуына білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепте де өз әсерін тигізуде.

  Оқу – таным үдерісіндегі қарым – қатынастың негізгі түрі ретінде «мұғалім-оқушы» және «оқушы - оқушы» ала отырып осы бағытты қарастырады. Бастауыш сынып мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларымен математика сабағында осы айтылған ерекшіліктерді сақтай отыра оқушының белсенділігін, ойлау қабілеттерін арттыру кезінде жаңа технологияларды пайдалана дамыта оқытуды негіздесе нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын. 

Соған сәйкес бүгінгі бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті мәселеге айналып отыр.

  Интерактивті тақтаның бізге ең үлкен пайдасының бірі – оны қолдану арқасында өте көп уақыт үнемдеуге болады. Сыныппен жұмыс жасай отырып, 45 минут ішінде мұғалім мазмұнды, материалға бай сабақ беріп, ешқандай аспапсыз-ақ зертханалық жұмыс жүргізе алады. Материалды ұғынықты, толымды етіп түсіндіру, бірден жауап алу, қате жауапты табан астында анықтау мүмкіншілігі – бұл жүйенің басты артықшылықтары. 

Бұл – білім беру үдерісінде қолданылатын ең жоғары технология.

Жаңа технологияны кіші буында пайдалану оларға ерекше әсер етеді. Оның ішінде интерактивті тақта мұздықтардың үстінде ұшуға, белгілі ақын, жазушылармен өлең шығаруға, ай үстінде серуендеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, интерактивті тақта – оқытудың керемет құралы. Әсіресе, дамыта оқытуда жан-жақты пайдалануға мүмкіндік тудырады. Интерактивті технологияны меңгерген мұғалім – білім беру сапасын көтерудің негізгі факторы.                                              

Мұғалім  үшін.интернетке шығу мүнкіндігі, интернетке өз сабақтарын жариялау, тәжербие алмасу, көрнектілікті  ұтымды пайдалану, сабақты ұтымды түсіндіру, сапалы білім беру.  

 Оқушы үшін пәнге  деген қызығушылығын арттыру,  оқуға белсенділігін арттырады,  ынталандырады,шығармашылық қабілетін  арттырады, ойлау қабілетін арттыру,  білім сапасы артады. Осының барлығын айтатын болсақ, интерактивті тақтамен математика пәнін дамыта оқыту. Өзім интерактивті тақтаны қолданғаннан бастап оқушылардың оқуға деген көзқарастары өзгерді, пәнге деген қызығушылықтары артты, шығармашылық қабілеттері дамуда. Сыныпта қатар тұрған екі тақтаның электрондысына шығып, жұмыс істегенді ұнатады.

Сонынмен бірге интерактивті тақтамен дамыта оқыту 12 жылдық білім  беруге де өте тиімді болады деп  ойлаймын. Себебі, «Мен бәрін мектептен  үйренемін» деген бала үмітін оқыту  үшін бастауыш мұғалімдері жан-жақты, жаңа технологияларды жетік білетін болу керек. Сондықтан, әр мұғалім интерактивті тақтаны білуі керек және онымен оқушыларды дамыта оқыту керек.


Информация о работе Төл дыбыстарды оқыту