Заңды тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 05:12, курсовая работа

Описание

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтын дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүлікті және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................2-3
1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты.
1.1 Заңды тұлғаның ұғымы...........................................................................4-7
1.2 Заңды тұлғаның ұғымының жіктелуі...................................................8-11
2 Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы.................
2.1 Заңды тұлғаның құру негізі................................................................12-14
2.2 Заңды тұлғаның ерекшелігі.. 15»
2.3 Заңды тұлғаның құқықтық әрекеттік қабілетінің пайда болуы және тоқтатылуы................................................................................................25-28
2.4 Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғалар.............................................29-30
3 Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның құру мәселесі........31-33
Қорытынды.................................................................................................34-35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Курсовая Заңды тұлға .doc

— 195.00 Кб (Скачать документ)

Тарату 2 түрден тұрады.

    1. Ерікті.
    2. Ықтиярсыз тарату сот шешімімен
    3. банкрот болғанда
    4. заңды тұлғаны құру кезінде заңдарды бұзу
    5. тиісті рұқсат алынбаған қызметті не заң құжаттарында тиым салынған қызметті жүзеге асырғанда
    6. заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Заңды тұлғаны  тарату, осы заңды тұлғаның мүлік  иесін немесе тиісті органдар тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады.

Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде әділет органдарына хабарлайды. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғандығы туралы баспасөз беттеріне жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап 2 айдан кем болмау керек. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру жөнінде азаматтық кодекстің 51 бабында көрсетілген. Онда мынадай кезек бойынша жүргізіледі.

  1. Таратылатын заңды тұлға өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптарын қанағаттандыру.
  2. Несие берушілердің суммасын қайтару.
  3. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу.
  4. Бюджетке немесе бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер төлеу.
  5. Заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысу. Банкроттық туралы (Азаматтық туралы 52-бап).

 

1.2 Заңды тұлға ұғымының жіктелуі.

 

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұланың құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодестің 40-бабына сәйкес занды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын  талаптарды айқындайды.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін  жарғысы не құрылтай шарты деп  аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары:

1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімін

2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық  (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін – құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарт;

3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін – жарғы болып табылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 21-бабы).

Коммерциялық  емес ұйымның құрылтай құжаттарының  талаптары коммерциялық емес ұйымның  өзінің, өзінің құрылтайшыларының  (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті.

Коммерциялық  емес ұйымның құрылтай шарты мен  жарғысы  арасында қарама-қайшылық болған жағдайда:

1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;

2) егер олардың қолданылуы  заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.

Оны тарату аяқталған  кезде тоқтатылады. Заңды тұлға  заң құжаттарында тізбесі белгінетін жекелеген қызмет түрлерімен тек  лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайды болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.

Заң құжаттарына  сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір  қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы  шектеледі.

Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен  басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады [3, 35б].

Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құқық қабілеттілігіне жатпайтын жалпы құқық қабіліттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбыған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұймдардың өзіндік ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.

Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарында көрсетілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық кабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.

Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.

Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен  есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті  заңды тұлғаның әрекеті болып  табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді.(АК-тің 44-бабының 4-тармағы) Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиіс болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.

Заңды тұлға  органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады.

Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы ережесі заңды  тұлғалардың нақты түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.

Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.

2. Заңды тұлғаның атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Комерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтың ерекше объектісі болып табылады (АК-тің 125-бабы).

Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатыны және ұйымдылық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол бермейді.

3. Заңды тұлғалардың тұрған жері. Заңды тұлғалардың тұрған жері іс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т.б.анықтауда да) өте маңызды. Азаматық кодестің 39-бабында заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен – жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.

4. Заңды тұлғаның  филиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық  кодестің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларының заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп филиалдармен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрі өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды құрған заңды тұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс.

Филиалдар мен  өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы.

2.1 Заңды тұлғаның құру негізі

Акционерлік қоғамдар  мен шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың  (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген  коммерциялық ұйым шаруашылық  серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматтық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді құру  мен олардың  қызметі 1998 жылы 10-шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен және 1995 жылы 2-мамырда  қабылданған Қазақстан Республикасы  Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы »  заң бар жарлығымен реттеледі. Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған  коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің құқытық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары  Азаматтық кодекске сай келуі тиіс. Азаматтық кодесте шаруашылықы серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған : 1)толық серіктестік; 2)жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 3)қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 4)сенім (коммандиттік) серіктестігі. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейін қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары жалпы ереже  бойынша  заңды  тұлға да, жеке тұлға да бола алады.

Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулігі серіктестік және акционерлік қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін.

Толық серіктестіктің мүлкі  жеткіліксіз болған жағдайда серіктестің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады [4, 383б].

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде  үлеске бөлінген серіктестік  жауапкершілігі  шектеулі серіктестік деп танылады.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушалар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің  қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Қатысушылары серіктестік міндеттемелері  бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен  оған өздері еселенген мөлшерде енгізілген салымдар  арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің  (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады. Заң серіктестік   түрінің әрқайсысы үшін жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төменгі мөлшерді белгілеп, оның тәртібімен мерзімін өзгертуге  белгілі бір талаптар қояды.

Серіктестікті басқарудың жоғары органы оның қатысушыларының жалпы  жиналысы – өкілдер жиналысы болып  табылады . Серіктестіктің күнделікті қызметін жүзеге асыру үшін  атқару органдары құрылады, ал ол алқалы немесе  жеке дара билік етеді. Сонымен қатар шаруашылық серітестіктерде бақылау органдары: қадағалау кеңесі  және тексеру комиссиясы (тексеруші) құрылуы мүмкін.

Акционерлік қоғам дегеніміз  – өзінің қызметін жүзеге асыру үшін  қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды  тұлға болып табылады.  Қоғам өз акционерлерінің  мүлкінен оқшауланған мүлікті  иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.  Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады.

Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді.

Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамның құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін.

Информация о работе Заңды тұлға