Құқықтың қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 16:30, курсовая работа

Описание

Қазақстан егемен, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Республиканың өзіндік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған демократиялық, интернационалдық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне тән қалыптасу жолдары мен тәсілдері бар. Оның бастаулары қандай екені Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында айтылған. Конституцияның 4-бабында былай жазылған: "Қазақстан Республикасында қолданылатын кұқық Қонституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Қонституциялық Қеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады".

Содержание

Кiрiспе.
1.Негiзгi бөлiм:
1.1.Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi,мәні.
1.2.Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама.
2.Нормативтi құқықтық актiлердiң түсiнiгi, түрлерi.
2.1.Нормативтiк актiлердiң заңды күшiнiң уақыты, кеңiстiгi және адамдарды қамтуы.
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Құқықтың қайнар көздерi.doc

— 187.00 Кб (Скачать документ)

3. Нормативтік  актілердің заңды күшінің адамдарды қамтуы.  Мемлекеттің құқықтық нормалары толық өз елінің азаматтарын, осы елде тұратын шет елдердің азаматтарын қамтиды. Бәрі өздері тұрған мемлекеттің заңдарын, төртібін орындауға міндетті. Егер де заңдылықты, заңды бүзса жауапкершілікке тартылады.

Мемлекетгің кейбір заңдары барлық азаматтарды қамтымауы мүмкін (зейнеткерлер, студенттер, дәрігерлер, шахтерлер т.б.)-Министрліктердің, ведомствалардың нормативтік актілері тек өз жүйесіндегі азаматгарды қамтиды.

Адамдарды қамту нормативтік  актілердің өзінде көрсетілуге тиіс: норма кімдерді, кандай территорияны, өлкені, облысты қамтиды, қандай мамандарға қолданады. Басқа елдердің азаматтары да өзіміздің азаматтармен тең құқықты. Тек олар сайлауға катыса және сайлана алмайды, әскер катарына шақырылмайды. Елшілік органдарында қызмет атқаратын азаматтар халықаралық кұқық арқылы жауап береді.

                                 Қорытынды.

Тәуелсіз Қазақстан  Республикасында ұлттық құқық тек  қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда.Құқықтың нәр алатын бастауы-Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Нормативтi Құқықтық акт ол ресми құжат, арнайы мемлекеттiк органмен шығарылған, Құқық норма  көрiнiсте қоғамдық қатынастарды анықтауға және реттеуге бағытталған. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық - қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың жиынтығы.

Нормативтік актілер мемлекеттік  билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық мүде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші қүрал. Оның құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі нышандары бар.

Құқықтың қайнар көздеріне  жалпы қорытынды жасасақ.

Соттық прецедент - белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған үқсас істерді қарағанда басшылыққа алынып отырады.Бұл жүйе менің ойымша өте тиімді, соттық прецеденті көпнесе шет елдерде қолданады.

Заң ғылымы — (құқықтық доктрина) - кұқықтың жақсы қалып-тасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің деңгейін көтеруге зор эсер етеді.

Нормативтік шарттар - қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады... Мысалы: ГФР — ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарт-тары т.б.

Құқықтық әдет-гұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттін қалыптасу кезеңінде өмірге келген күқық иысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардыц қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы, "Қасым хан-ның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" т.б. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезеңце де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.

Қолданған әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР Конституциясы. 1995 ж. 

2. Т. Ағдарбеков:     «Құқық және мемлекет теориясы»     Болашақ-Баспа, 2002 ж.;

 

3.«Егемен Қазақстан» Қазақстан Республикасының Заңы

     24.03.98 ж. 

 

4. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраев: «Мемлекет және құқық     теориясы» Алматы, Жеті-Жарғы,    1998 ж.;

 

5. Қ.Д.Жоламан, А.Қ.Мұхтарова, А.Н. Тәукелев: «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы.

 

 


Информация о работе Құқықтың қайнар көздері