Құқықтың қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 16:30, курсовая работа

Описание

Қазақстан егемен, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Республиканың өзіндік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған демократиялық, интернационалдық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне тән қалыптасу жолдары мен тәсілдері бар. Оның бастаулары қандай екені Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында айтылған. Конституцияның 4-бабында былай жазылған: "Қазақстан Республикасында қолданылатын кұқық Қонституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Қонституциялық Қеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады".

Содержание

Кiрiспе.
1.Негiзгi бөлiм:
1.1.Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi,мәні.
1.2.Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама.
2.Нормативтi құқықтық актiлердiң түсiнiгi, түрлерi.
2.1.Нормативтiк актiлердiң заңды күшiнiң уақыты, кеңiстiгi және адамдарды қамтуы.
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Құқықтың қайнар көздерi.doc

— 187.00 Кб (Скачать документ)

Президент Конституция  бойынша заң қабылдайды (53 бап 4 тармағы, 61 бап 2 тармағы).

Республика Президентінің өкімдері Конституцияның, зандардың және Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Оның өкімдерімен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттагы мәселелерді шешу жүзеге асырылады. Республика Президентінің қүзыретіне сәйкес констиуциялық мәртебесі жоқ лауазымды түлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.

Премьер-Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады. Үкімет норма шығару саласында күқығын жүзеге асырады.

Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер бүйрық және инструкцияларды шығарады. Олар мемлекеттік комитеттерінің басшылығын жүзеге асырады, тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.

Конституциялық  Кеңестің актілері шешім түріңде қабылданады. Конституциялық Кеңестің отырысында қабылданатын барлық шешімдері Конституциялық өкілеттіктермен жүзеге асырылатын қорытынды шешімдерге бөлінеді. Конституциялық шешімдер, қаулылар, соның ішінде ҚР қолданылатын Құқықтардың қүрамдас бөлігі болып саналатын нормативтік каулылар қорытындылар мен жолдаулар нысанда болады. Конституциялық Кеңестің актілері, оның мүшелерінің көпшілік дауысымен алқалы түрде қабылданады жөне оларға Төраға қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолымен бекітіледі. Конституциялық Кеңестің қаулысы оны қабылдаған күннен күшіне енеді және Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып сана-лады әрі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.

Мәслихаттар өз қүзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.

Үкімет актілері - заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілері және жеке қаулылары. Үқімет актілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылдана-ды, оған Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр өз құзыреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министрдің өкімдерінің Республиқаның бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премьер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті немесе Премьер-Министр жоя алады.

Нормативтік жүйеде бүл  актілер үшінші орында түрады, олар заңдардың және Республика Президент  актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және қаулылары.

Үкімет актілері алқалық  түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-Министр қол қояды.

Жоғарғы сот  актілері - Республика сот билігінің жоғарғы органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы Соттың Президимуы, Пленумдары мен Төралқасының каулышары мен өзге де актілері. Сот практикасының мөселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Министрлік-ведомстволар өз құзыреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. Өздерінің жүйесінде бұл  актілердің заң күші болады. Олар-дың орындалуын өздері бақылап отырады.

Бұл Жоғарғы соттың қаулылары  мен өзге де актілері. ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы", Конституциялық заң күші бар, жарлығының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, сот прақтикасының мәселелері бойынша сот-тарға түсініқ беретін нормативтіқ қаулыларды ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

Жергілікті  мемлекеттік басқару органдарының актілері - Кенес-тер, Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.  Конституцияға сәйкес мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.

Парламенттік  Республика. Заң жүзінде жоғарғы өкімет органы парламент, сайлауда жеңіп шыққан саяси партия өкілдерінен Үкімет кұрылады. Үкімет өз жұмысы жөнінен парламентке бағынышты және оның алдында есеп береді. Парламент конституциялық, төтенше тағы басқа заңдарды қабылдайды, бекітеді, қаулылар қабылдайды, шығарады.

Мемлекеттің басқа органдарының (президенттің, үкіметтің, премьер-министрдің, сот органдарының, жергілікті басқару органдарының т.б.) нормативтік актілер шығару, қабылдау, бекіту қүзыреттері Президенттік Республикадан көп айырмашылығы жоқ. Қазақстан 1993ж. Конституция бойынша Парламенттік Республика, 1995 ж. екінші Конституцияға сәйкес — Президенттік Республика болды.

Сот билігінің  актілері — Конституцияның 75-бабына сәйкес, Кдзақстан Республикасында сот төрелігін тек сот кана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыс-тық және заңмен белгіленген өзге де нысаңдары арқылы жүзеге асырылады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сон-дай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, үйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.

Сот төрелігінің  кағидалары:

- адамдардың кінәлі  екендігі заңды күшіне енген  сот үкімімен танылғанша, ол жасалған  қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

- бір құқық бұзушылық  үшін ешкімді де қайтадан қьшмыстық  немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

- айыпталушы өзінің  кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті  емес;

- адамның кінәлі екендігі  жөніндегі кез келген күдік  айыптау-шының пайдасына қарастырылады.

- Заңсыз тәсілмен алынған  айғақтардың заңды күші болмайды.

- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді (Конституцияның 77-бабы).

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты — жалпы юрисдикция соттарының қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот төжірибесінің мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік береді).

 

Заңның түсiнiгi, түрлерi және өзiне тән белгiлерi.

 

3аң — жазба түрдегі мемлекетгін ең жоғарғы Органдарының қатаң белгіленген актісі. Қазақстан Республикасында заңды қабылдайтындар: 1) Парламент; 2) егер Конституцияда көрсетілген жағдайда Парламент заң шығару өкілеттігін берсе, Президент; 3) Халық(референдум арқылы); 4) Президент шығарған заң күші бар жарлықтар. Заңның ең жоғары құқықтық күші бар. Басқа нормативтік актілер одан "темен", оған тәуелді, болуы жөне негізделуі тиіс жөне оған сәйкес болып, қайшы келмеуі керек. Заң ең манызды экономикалық, саяси және өлеуметтік мәселелер бойынша қабылданады.

3андар — елдегі қолданылатын заңдардың жиынтығы. Кейде "заңдар" деп заңдарға қоса шығарылған басқа да нормативтік қүжаттарды да атайды (мысалы, Үкіметтің қаулысы). Әрине, заңның ең негізгісі Конституция, одан кейін констйтуциялық заң, сонан соң жай заң жөне заң күші бар Президент жарлықтары,)

Нормативтік құқыктық актілердің екінші тобына жататындар — заңға негізделген актілер. Олар заң негізіңде, заңға сөйкес жасалулары қажет, сонымен катар заңға қайшы болмауы керек. Заңға тәуелді актілер иерархиялықтүрде сипатталады. Жоғарғы қатарда Президенттің нормативті жарлығы тұрады. Одан төмен Үкіметтің каулысы..Одан кейін министрліктердің нормативтік бұйрықтары, жергілікті өкілдік және атқару органдарының нормативті шешімдері қеледі.

Нормативтік құқыктық актілер жүзеге асырылу үшін оларды қолдану актілері жасалады. Олар құқықтық салдарына байланысты құқықты жүзеге асырушы (мысалы, жоғары оқу орнына қабылдау, қызметке алу), құқық өзгертуші (қызметі бойынша жоғарылату), құқық тоқтатушы (жүмыстан босату) болып бөлінеді. Құқық қолдану актілері субъектілеріне байланысты өкілдік органдардың актілері (Мәжілістің, Сенаттың, Мәслихаттардың) атқарушы органдардың (Үкімет, өкімшілік), соттың, прокуратураның, тергеу орындарының актілеріне бөлінеді. Түріне байланысты қолдану актілері нақтылы қатынастарды реттейтін, нақтылы субъектінің құқығын қорғайтын актілерге бөлінеді.

Құқықтың қандай құбылыс  екенін жалпы түрде анықтадық. Ежелден  құқықпен қатар заң, деген ұғым да қалыптасқан. Екеуі дербес екі әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен-бірі тонның ішкі бауындай өте тығыз байланысты. Жоғарыда айтылғандай, құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. -Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативті актілердің түрлері сан алуан. Мұны Қазақстан Республикасының Конституциясынан да анық көруге болады. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы. Қазақстан Парламент заңдар қабылдайды. Олар конституциялық және жай заңдар. Президент жарлықтар қабылдайды. Жарлықтар — заң қүші бар және жай жарлықтар болады. Қазақстан Үкіметі қаулылар, шешімдер, ережелер, қабылдайды. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер буйрықтар, нусқаулар, т.б. нормативті ақтілер қабылдайды. Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын қабыддайды.

Осы аталған нормативті-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері  — заңдар. Айта кету керек, әдебиетте заң "кең" тұрғыдан және "тар" тұрғыдан түсіңдіріледі. Қең тұрғыдан алсақ, заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрыктар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. Ал "тар" тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек қана "заң" деп аталатын нормативті-құқықтық актілер ғаңа жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативті құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, "заң"— төрағасы сияқты, басқа нормативті-құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы — Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды ретгеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғамның мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, заңның ең жоғары құқықтық күші бар. Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық, заң, жай заң. Мұның ішінде ең жоғары құқықтық күші бары — Конституция Мемлекеттегі барлық нормативті актілер Конституция негізінде, соған сөйкес жасалып, қабылдануы керек.  Қазақстан Конституциясы бойынша конституциялық заң Конституциядан құқыктық қүші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялык заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер, қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялық заң Конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Кұқыктық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.

Өзара құкықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған зандар ең маңызды  нормативті актілер болып саналады. Басқа нормативті актілер зандарға тәуелді актілер қатарына жатады.

Нормативті-құқыктық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқыктың арақатысың анықтауға мүмкіндік береді.

 

1.3.Нормативтiк актiлердiң заңды күшiнiң уақыты, кеңiстiгi және адамдарды қамтуы.

 

Қоғамдағы сан қырлы қарым-қатынастарды реттеп, басқара-тын нормативтік актілерді заң жүйесі деп атайды. Бұл ресми заң күші бар құқықтық нормалардың қызметін үш түрге бөледі: нормативтік актілердің уақыты, нормативтік актілердің кеңістігі, нормативтік актілердің адамдарды камтуы. Эр нормативтік актінің мазмұнында осы үш қызметтің қайсысы бар екенін білуге бола-ды. Яғни норманың қанша уақытқа заңды күші болатын, қандай өлкелерге қолдануға болады, қандай мамандағы адамдарды қам-тиды? Міне осы сүрақтарға жауапты норманың өзі береді. Өйткені норманың өзінде іс-әрекеттің шеңбері, кеңістігі және қандай қызметтегі, мамандағы, жұмыстағы адамдарға тиісті шығарылды, толық көрсетіледі.

Нормативтік актілердің заңды күшінің басталуы мен аяқталуын, оның қоғамды толық қамти ма немесе бірнеше өкілдерге ғана катысты ма жөне адамдардың қаншасын қамтуын халық жақсы білуі қажет. Оның маңызы өте зор. Сонымен осы үш мәселеге жеке-жеке токталық:

1. Нормативтік  актілердің заңды күшінің уақыты - бұл мөселені төрт топқа бөліп қарастырған жөн: 1) норманың заңды күшінің басталу уақыты; 2) аяқталу уақыты; 3) заңның кері күші; 4) жойылған норманың күші кейбір жағдайда сақгалуы. Норманың заңды күшінің басталу уақыты: қабылдаған немесе ақпаратта басылған күннен, норманың өзінде көрсетілген күннен басталады. Кейбір нормаларда басталу уақыты бірнеше түрге бөлінеді: заңның әр бөлімі немесе әр бабы әр уақытта басталуы мүмкін, бұл заңның өзінде көрсетілуі тиіс. Кейбір нормада заңды күшінің басталуы бір уақиғамен байланысты болады, ол да көрсетіледі. Норманың заңды күшінің аяқталуы: уақыты бітсе, жаңа заң қабылданса, заңды күші жойылса, заңды өмірге әкелген оқиға-себептер жойылса. Заңның кері күші - өмірде болған бір оқиғадан кейін қабылданып, күшіне енген заңның сол іске қолданылуы. Әлемдегі мемлекеттердің төжірибесі бойынша, заңның кері күші болмайды. Заңның кері күші болады, егер сол жаңа заңның өзінде анық көрсетілсе. Қылмыстық құқықта, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету немесе оны анықтау үшін заңның кері күші қолданылады. Жойылған норманың заңды күшінің сақталуы - жаңа нормаға сәйкес қатынасты реттеп бір жолға қойғанша біраз уақыт болады. Осы кезде ескі заң жойылса да өмірде қолданылып жатады. Жаңа заң жергілікті басқару оргаңдарға жет-песе ескі заңға сәйкес мөселе қарала береді - тек жауапкершілік жеңідцейтін болса.

2. Нормативтік актілердің заңды күшінің кеңістігі — мемлекеттің жоғарғы басқару органдарының заңдары, нормлары қоғамның барлық территориясына заңды күші болады, оны орындау барлық жеке және заңды түлғаларға міндетті. Кейбір заңдар бір өлкеге немесе бірнеше өлкеге сәйкес қабылданады. Мұндай заңның күші сол өлкелерде ғана болады. Облыстық, аудандық, қалалық басқару органдарының қабылданған нормаларының заңды күші өз әкімшілік - территориясында ғана болады. Экстерриториялық мөселесі халықаралық құқық арқылы қаралады.

Информация о работе Құқықтың қайнар көздері