Құқықтың қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 16:30, курсовая работа

Описание

Қазақстан егемен, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Республиканың өзіндік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған демократиялық, интернационалдық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне тән қалыптасу жолдары мен тәсілдері бар. Оның бастаулары қандай екені Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында айтылған. Конституцияның 4-бабында былай жазылған: "Қазақстан Республикасында қолданылатын кұқық Қонституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Қонституциялық Қеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады".

Содержание

Кiрiспе.
1.Негiзгi бөлiм:
1.1.Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi,мәні.
1.2.Құқықтың қайнар көздерінің түрлеріне сипаттама.
2.Нормативтi құқықтық актiлердiң түсiнiгi, түрлерi.
2.1.Нормативтiк актiлердiң заңды күшiнiң уақыты, кеңiстiгi және адамдарды қамтуы.
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Құқықтың қайнар көздерi.doc

— 187.00 Кб (Скачать документ)

5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.

6. Мемлекеттік органдар  мен лауазымды адамдар қабылдайтын  жеке қолданылатын құқықтық актілер  нормативтік құқықтық актілер  болып табылмайды.

Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң  заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерiстер  мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңдары мен   Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Конституциялық заң күшi бар  Жарлықтары;

2-1) Қазақстан Республикасының  Кодекстерi;

3) Қазақстан Республикасының  Заңдары, сондай-ақ Қазақстан  Республикасы Президентiнiң Заң  күшi бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасы  Президентiнiң нормативтiк Жарлықтары;

5) Қазақстан Республикасы  Парламентiнiң нормативтiк қаулылары;

6) Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

7) министрлердiң нормативтiк  бұйрықтары; мемлекеттiк комитеттердiң  нормативтiк қаулылары; өзге де  орталық мемлекеттiк органдардың  нормативтiк бұйрықтары, қаулылары;

8) мәслихаттардың нормативтік  құқықтық шешімдері, әкімияттардың

нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық

шешімдері.

Төменгi деңгейдегi нормативтiк  құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге  қайшы келмеуге тиiс.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық  сайлау комиссиясының нормативтiк  қаулылары аталған сатыдан тыс  тәрады.

әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк шешiмдерi, әкімияттардың нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.

әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің  нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда  олар кодекстерге тиісті

өзгерістер енгізілгеннен  кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Бір деңгейдегі нормативтік  құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар  болған кезде қолданысқа кейінірек  енгізілген актінің нормалары қолданылады.

Қазақстан Республикасының  орталық атқарушы және өзге де орталық  мемлекеттiк органдарының Қазақстан  Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органдар өз бастамашылығымен немесе жоғары тәрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi.

өзге де барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен  адамдар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу жөнiнде ұсыныс жасауға немесе мәндай актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге хақылы. Уәкiлеттi органдар оларды өздерi әзiрлейтiн жобалар үшiн негiз ретiнде қабылдауы немесе олардың одан әрi әзiрленуiн және жобалардың қабылдануын жөнсiз деп тануы мүмкiн.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң  мынадай реквизиттерi болуға тиiс:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  Елтаңбасы;

2) актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан  Республикасының Конституциялық  заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжiлiстiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; Мемлекеттiк комитеттiң қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда немесе өзге де заңдарда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң басқа бiр атауы;

3) осы нормативтiк құқықтық акт  реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;

4) нормативтiк құқықтық актiнiң  қабылданған жерi мен күнi;

5) нормативтiк құқықтық актiнiң  тiркеу нөмiрi;

6) тиiстi нормативтiк құқықтық актiге  қол қоюға уәкiлдiк берiлген  адамның қолы;

7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн осылай тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;

8) елтаңбалы мөр.

Нормативтік құқықтық актінің  баптары жекелеген құқық нормаларын

қамтитын тармақтарға, ал тармақтар - тармақшаларға бөлінуі  мүмкін.

Баптардың, тармақтар  мен тармақшалардың ішінде бөліктер құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен  бөлінген жекелеген нормалары болуы  мүмкін.

Мәтіннің мағыналық  жағынан тұтастығы бар, бірінші жолда азат жолмен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады.

Абзацтар (бөліктің бірінші  және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі  үтірмен аяқталады.

Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары - жекелеген құқық нормалары бар тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Баптардың, тармақтардың және тармақшалардың iшiнде абзацтар арқылы бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.

Кодекстерде iшкi құрылымның басқа белгiлерi пайдаланылуы мүмкiн.

Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмірленедi.

Баптардың (тармақтардың) нөмірленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп  жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмірленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады.

Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл мен  заң терминологиясының нормалары  сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.

Қажет болған жағдайда нормативтiк  құқықтық актiде өзге актiлердiң баптарына (тармақтарына) сiлтемелер жасауға жол берiледi, сондай-ақ жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерден сол актiлерге сiлтеме жасала отырып, олардың жекелеген ережелерi келтiрiледi.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде ғана iске асырылады.

Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы Мәжiлiске мемлекеттiк  тiлде және орыс тiлiнде енгiзiледi.

Жоба бойынша табыс  етiлетiн материалдарда мынадай  қосымшалар болуға тиiс:

1) жобаны дайындаған  мемлекеттiк органның немесе ұйымның  атауы;

2) жобаны қабылдаудың  қажеттiгi негiзделiп, мақсаттары, мiндеттерi, негiзгi ережелерi кеңiнен  сипатталған түсiндiрме жазба;

3) жұмыс тобының құрамы;

4) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу парағы;

5) егер жобаға сараптама  жүргiзiлсе, ол жөнiндегi сараптама  қорытындылары;

6) жобаның қабылдануына  байланысты өзгертiлуге немесе  күшi жойылды деп танылуға тиiс  заң актiлерiнiң тiзбесi және жобаны iске асыру үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу туралы ұсыныстар;

7) әдетте, жобаға қаржы-экономикалық  есептеулер, статистикалық мәлiметтер  қабылданатын нормативтiк құқықтық  актiнi қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық  салдарларының болжамдары қоса тiркеледi.

Қолданылып жүрген заңдарға өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiлген жағдайда баптардың бұрынғы  және жаңа редакцияларының салыстырма кестесi табыс етiледi.

Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ғылыми сараптамасын тиiстi бейiмдi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сараптама жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.

Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан  Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленедi.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен  қатар:

1) кодекстер үшін - осы  Заңмен.

Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;

2) заңдар үшiн - Қазақстан  Республикасының Конституциясымен,

Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан

Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде  Парламент пен оның палаталарының  регламенттерiмен;

3) Қазақстан Республикасы  Президентiнiң Жарлықтары үшiн  - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртіптi реттейтiн актiлерiмен;

4) Қазақстан Республикасы  Үкіметiнiң қаулылары үшiн –  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкімет туралы заң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкіметiнiң актiлерiмен;

5) орталық атқарушы  және өзге де орталық мемлекеттiк  органдарының Қазақстан Республикасы  Үкіметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - Үкімет пен осы органдар туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкіметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң осы органдардың қызметiн реттейтiн қаулыларымен;

6) Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк  қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесi туралы  заң актiлерiмен;

7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдармен;

8) Орталық сайлау комиссиясының  (Референдум өткiзу жөнiндегi комиссияның)  нормативтiк қаулылары үшiн - сайлау  және референдум туралы заң  актiлерiмен;

9) жергiлiктi өкiлдi және  атқарушы органдардың нормативтiк  шешiмдерi  үшiн - осы органдар  туралы заң актiлерiмен, өзге  де заң актiлерiмен, Қазақстан  Республикасы Президентiнiң және  Үкіметiнiң актiлерiмен айқындалады.

Нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу тәртiбi нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде белгiленуi мүмкiн.

Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты бұрын  қабылданған барлық нормативтiк  құқықтық актiлердiң немесе олардың  құрылымдық бөлiктерi, егер олар жаңа актiге енгiзiлген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiс.

Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға тиiстi актiлер  мен олардың бөлiктерiнiң тiзбесi не актiнiң өзiнде, не оны күшiне енгiзу тәртiбi туралы актiде болуға тиiс.

Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiстi және жаңа актiмен бiр деңгейдегi актiлердiң  немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуiр болған жағдайда олардың тiзбесi жеке актiмен ресiмделедi. Мұндай актiнiң жобасын негiзгi актiнiң жобасын әзiрлеушiлер дайындап, сонымен бiр мезгiлде табыс етедi.

Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiстi және жаңа актiден деңгейi неғұрлым төмен актiлердiң немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуiр болған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органға олардың актiлерiнiң күшi жойылды деп тану, оларды өзгерту мен толықтыру туралы актiлер қабылдауды (шығаруды) олардың қабылдану (шығарылу) мерзiмiн көрсете отырып тапсырады.

Мұндай тапсырманың  жобасын уәкiлеттi органға жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын енгiзетiн орган дайындайды.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне мынадай  лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының  Конституциясына, конституциялық  заңдарына, кодекстерiне, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарына, оның iшiнде Конституциялық заң немесе Заң күшi бар Жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президентi;

Информация о работе Құқықтың қайнар көздері