Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание

Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты – «тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің» болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

І МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНЫ
Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, сипаттамасы және мәні.........5

Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар мен мемлекеттің мәні, және оның қызметі..........................................................8

Мемлекеттің басқару нысанының түрлері және мемлекет қызметінің принциптері....................................................................................................11

ІІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫ

2.1 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет........14

?2.2 Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары....................................17

2.3 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі..................................18

ІІІ ШЕТЕЛ МЕМЛЕКТТЕРІНІҢ БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ

3.1 Ресей мемлекетінің басқару нысандары.......................................................22

3.2 АҚШ мемлекетіндегі басқару нысандарының формалары.......................24

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет баскару нысаны.doc

— 146.50 Кб (Скачать документ)

Осы түсінігімізге байланысты орталық өкіметтің жергілікті жердегі билікпен арақатынасы анықталады.

Мемлекеттік құрылым  нысандары:

 Унитарлық - қарапайым  біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтық  бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік  белгілері жоқ, олардың біртұтас  жоғарғы органдары және біртұтас  заңдар жүйесі бар. Я мысалыға Польшаны, Венгрияны, Болгарияны, Италияны айтуға болады. Орталықтанған унитарлық мемлекеттерге — Швецияны, Данияны, ал орталықтанбаған унитарлық мемлекеттерге — Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рұқсат берген құқықтары негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.

2)  Федеративтік —  күрделі одақтық мемлекет, бөліктері  мемлекеттік құрылымдар және  белгілі мөлшердегі мемлекеттік  тәуелсіздікті, басқа да мемлекеттік  белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федеральдық органдар мен қатар, федеральдық заңдардың негізінде, субъектілерінің де жоғарғы мемлекеттік органдары бар. Мысалы Германияда, Индияда, Канадада және Федерациялардың аумақтық принциппен құрылатын мүмкіндігі бар (АҚШ), не ұлттық-аумақтық принциппен (Ресей). Федерациялар орталықпен субъектілердің функцияларының бөлу принципінің негізінде құрылады, конституциядағы көрсетілгендей және федерация субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді. Сонымен қатар, субъектілердің кейбір құзіреті, тек федерация органдарының құзіретіне, басқасы — федерация субъектілеріне, үшіншісі — одақ пен оның мүшелерінің біріккен құзіретіне жатады.

3)  Конфедерация —  саяси, экономикалық және өскери  мақсаттарға жету мақсатында  құрылған мемлекеттердің уақытша  одағы. Конфедерацияның одақтық органдары құрылуы мүмкін, бірақ олар, не үшін біріккендері туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады,

Қазіргі кезде, қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны пайда болды, оларды - тәуелсіз мемлекеттер  достығы деп атайды. Мысалға кәзіргі әрекеттегі ТМД-мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның Конфедерацияға қарағанда түсініксіз жағдайлары көптеу.

Сонымен бірге, жоғарыдағы айтылған мемлекеттер нысандары  сияқты тарихта басқа да арнайыланған мемлекеттер нысандары болған - империялар, протектараттар және басқалар.

 

2.3 Мемлекеттік  басқару нысанының болашақтағы  рөлі

 

Мемлекет дегеніміз  бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси  ұйым:

а)  қоғамды басқару  міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б)   оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекет туралы бұл  түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір  белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді  сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

а). Мемлекеттік билік  органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).

б). Жұмыстың сипатына қарай  қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ  қызметкерлер[12, 456 б.].

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі  мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым - қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.

Сонымен, мемлекеттің  фуикциясы - қоғамды әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде - мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.

Біздің пікіріміз - функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің  мүдде - мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа  жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі  мәселені қамтиды, олардың мазмұны  да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.

Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың  шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген  дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.

 Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде кабылдаймыз.

Көрсетілген негізгі  жағдайлар біздің түсінігімізде  және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін  табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп  аспектілігіне карай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.

Мемлекет  қызметінің  орындалу әдістері; жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық және ұйьшдас-тырушылықтәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық; құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.

Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен қызметінде белгілі  бір принциптер бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешелікке, тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмамдалуына ие болады. Олардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:

    • барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың конституцияны, заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы басты талабы болып табылатын зандылық принципі;

•      мемлекеттік  тәртіп пен төменгі тұрған органдар бастама көрсеткенде және оны  қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік  беретін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың иерархиялық принципі және олардың өзара қарым-қатынасы;

•       мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер  кезінде көтеріп және оны шеше білуге келіп тірелетін, толғағы  жеткен қоғамдық дамудың қажеттіліктерін  анықтау және оларды мемлекеттік-құқықтық нысандарда тұлғалап білдіретін жедел басшылықтың,  меңгерудің және бақылаудың принципі;

•   мемлекет қайраткерлерінің берілген өкілеттіктер шеңберінде нақтылы  жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен тұратын  кәсіпкойлық пен құзыреттілік припципі;

• жариялылық принципін  жүзеге асырудың нәтажесінде мемлекет механизмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы;

• мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып  табылатын халыққа қызмет ету  шараларында халықтың мүддесін ескеру принципі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ  БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ

 

3.1 Ресей мемлекетінің  басқару нысандары

 

Россияда Мемлекеттік  кеңес құрылып жоғарғы заң  талқыланатын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда және өскери департаменттер құрылған. Кейіннен министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік  Дума құрылып, заңдарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр-ІІ патшалық құрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосьв уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.

Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа қүрылымдар пайда бола бастайдьЯ Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.

Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік  сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда жөне жұмыс процессінде жан жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.

Осыған дейінгі кеңес  үкіметі кезінде, мсмлекеттік аппаратты, рудағы негізгі принциптерге заң ғылымдары, мына принциптерді ұсынды: мемлекетті басқарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялық централизм, пролетарлық интернационализм, социалистік заңдылық, социалистік жоспарлылық, есеп жөне тексеру, мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде партиялық басшылықты күшейту.

Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы басқа салалардағы  үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың  құрылымына, мазмұнына жөне қызметтерінің  сипатына айтарлықтай өзгерістер кіргізді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

1) Мемлекеттік аппараттардың  барлық бөліктеріне азаматтардың  мүдделерін жоғары қою принципі  тән. Ол демократиялық сайлау  жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына,  азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың өртүрлі қызметтерімен қамтамасыз етілуі.

2) Өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық), сол арқылы өкімет органдары  жөне лауазымды адамдар жағынан  болатын бассыздықты жоятын тетіктер  құрылады.

3) Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды, сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мөселелер кіреді.

4)    Жоғарғы мамандық  және мемлекеттік органдардың  Құзіреттілігі, олардың жоғарғы  ғылыми деңгейде мемлекет өміріндей  мәселелерді халықтың мүддесіне  сай шешуінде. Кәсіби принцип,  мемлекеттік басқаруда ең алдымен,  бшімді адамдарды пайдалану, яғни басқару қызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмысқа шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға өкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, өндіріс не болмаса, ауылшаруашылығының жақсы заңдары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың миссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді іздей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы. 

5. Заңдылық принцип  - барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен жөне бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен қатар өртүрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтық бастамасы.

6) Демократизм принципі, мемлекеттік органдардың қызметін  белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің  әртүрлі мүддесін, олардың діни ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.

7)  Федеративті (одақтық)  мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың  қызметін белгілегендегі ең маңызды  принципке, субординация және  жалпыфедералдық органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бір-бірімен келіскен әрекеті жатады.

Ұлттық федерацияда, олардың  өз арасындағы тұрақты міндеттерін  қолайлы бөлудің өте үлкен  маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация  мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мөселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді[13, 152 б.].

Мемлекеттің тетігі, мемлекеттік  биліктің негізгі орындаушы субъектісі ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат  арқылы, оның органдары өздеріне тапсырылған  міндеттерді орындайды, қоғамдық өмірдің дамуына, тұрақтылығына, демократиялық ұйымдастырушылықтың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп, жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға мемлекет ұрықсат етсе, мемлекет органдарының билігін мемлекеттікі емес ұйымдар атқаруы мүмкін.

Информация о работе Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару нысаны