Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание

Мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты – «тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің» болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

І МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНЫ
Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, сипаттамасы және мәні.........5

Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар мен мемлекеттің мәні, және оның қызметі..........................................................8

Мемлекеттің басқару нысанының түрлері және мемлекет қызметінің принциптері....................................................................................................11

ІІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ НЫСАНЫ

2.1 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет........14

?2.2 Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары....................................17

2.3 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі..................................18

ІІІ ШЕТЕЛ МЕМЛЕКТТЕРІНІҢ БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ

3.1 Ресей мемлекетінің басқару нысандары.......................................................22

3.2 АҚШ мемлекетіндегі басқару нысандарының формалары.......................24

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет баскару нысаны.doc

— 146.50 Кб (Скачать документ)

 

 

3.2 АҚШ  мемлекетіндегі  басқару нысандарының формалары

 

XVII-ХVІІІ ғасырларда, әсіресе  Еуропадағы буржуазиялық революция  кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың  құрылымына жаңа жөндеулер және  функциональдық қызмет істеу  тәртібі кіргізіледі.

АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің  бөлінуінің классикалыла жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция  бойынша екі палатадан тұратын  Конгресске таптсырылады.  Өкілдік  палатасы және Сенат. Мемлекеттің жөне үкіметтің басшысы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сейкес келмейтін заңдарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкіметке жергілікгі органдар, полиция, сот, олардың өздеріне төн, азамат- тық, қылмыстық және процессуальды заңдары болған.

Жаңа кезеңде республиканың  екі түрі кездеседі: президенттік және парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық, заңсыздық көргеннен кейін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды, Президенттік республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік - президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та - 4 жылда бір рет президенттік сайлауы өтеді. Президент мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады, Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады. Президент - республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентаен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында жауапты. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше министрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі парламенттің келісімімен тағайыңдайды. Президенттік республикалардың бір күшті билігі бар жауапты адамы болғаннан, оның түрақты саяси режимді құратыны байқалады. Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолында, және парламент белгілі қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді. Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот заңның Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа немесе өмірбойы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдар әрбір мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп конституцияларда жазылған, ол үшеуінің арақатынасын реттеп отыратын президенттің билігі.

Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне жартылай президенттік республика жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы  бойынша Франция, Түркия) [14, 122 б.].

Парламенттік республика. Бұл мемлекетті баскару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдьтнда жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тәуелсіз Қазақстанда  екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.

Президенттік республикада, президент парламенттен тәуелсіз сайланады  не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен жене бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал президент — парламентті таратпайды.

Парламенттік республикада - үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол сонын алдында жауапты. Парламент дауыс беру арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министірлер, кеңесші төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министірдің өзіне жариялауға құқығы бар. Арнайы түрде мемлекеттің басшысы Президент, не парламентпен не сайлаушылар коллегиясымен, не халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.

Мемлекеттік аппарат  қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және занды мшдеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.

Мемлекет туралы бұл  түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір  белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

а). Мемлекеттік билік  органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).

б). Жұмыстың сипатына қарай  қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ  қызметкерлер.

Мемлекеттің басқару формалары — біртұтас қоғамдық-экономикалық мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.

Бір жағынан, әртүрлі  формадағы мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы  тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы  мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен ертедегі шығыс деспотиясы - Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса, республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді." Феодальдық кейіпке - монархиялар (ерте феодальдық, феодальдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттікі монархия), буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар, социалистік кейіпке - Париж Коммунасы, Кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.

Екінші жағынан, белгілі  тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне  тән болды. Мысалы, сословиялық  - өкілетті монархия, тек феодальдық мемлекеттің белгілі дамуы кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.

Мемлекеттің басқару  нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

      1. Жамбылов Д. Саясаттану, Алматы, 2006.- 133 б.

2. Ағдарбеков, Т. Құқық  және мемлекет теориясы, «Болашақ  – Баспа – 2001» - 77 б.

3. Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова,  А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және  құқық теориясы, Алматы – 1999.- 144 б.

4. Мемлекеттік басқару, Алматы – 2009.- 66 б.

5. Сапарғалиев Г.С.  Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996.- 325 б.

6. Сапарғалиев Г.С.  Мемлекет және құқық теориясы  Алматы, 1997, 89 б.

7. Қазақстан Республикасының  Конституциясының түсіндірме сөздігі, 277 б.

8. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциясылық құқығы, Астана – 2001, 561 б.

9. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова  Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар- Қарағанды, 1998 -122 б.

10. Ашитов З.О. Егемен  Қазақстанның құқы -  Алматы, 1999-256 б.

11. Мемлекет және құқық  тарихынан, 2 – кітап, Алматы, 1998 –  321 б.

       12. Марченко М.Н. Теория государства и права. — М., 1996. — Гл.4.С. 456

13. Общая теория права  и государства/ Под. ред. В.В.  Лазарева. 2-е изд. - М., 1996. Тема 5.С. 152

14. Теория гос.права  / Под. ред. М.Н. Марченко. 2-е  изд. — М., 1996.С. 122




Информация о работе Қазіргі кездегі мемлекеттік басқару нысаны