Қазақстан-2050 Стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 20:28, статья

Описание

Қазіргі таңда бүкіл еліміз Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша сан-салалы жұмыстарды қолға алды. Бұл тұрғыда шетел қазақтарының пікір-көзқарастары қалай? Олар Ұлт Көшбас­шысының осы стратегиясынан хабардар болып, қызығушылық танытып отыр ма? Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшыларының бірі ретінде әңгімеңізді осыдан бастасаңыз.

Работа состоит из  1 файл

Сұлтанәлі.docx

— 26.88 Кб (Скачать документ)

«Қазақстан-2050» Стратегиясынды нелер  жазылған, толық мәлiмет керек.

І. Қалыптасқан Қазақстан  – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен  халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы

 

1. Қуатты да табысты  мемлекет

 

2. Демократияландыру мен  ырықтандырудың орнықты процесі

 

3. Түрлі әлеуметтік, этностық  және діни топтардың келісімі  мен  татулығы

 

4. Ұлттық экономика. Халықаралық  еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз

 

5. Қоғамдық тұрақтылық  пен келісімді қамтамасыз ететін  күшті әлеуметтік саясат

 

6. Әлемдік қоғамдастық  таныған ел

 

7. Ядролық қаруды таратпау  режімін ілгерілетудегі біздің  белсенді рөліміз

 

8.Қазақстан-2030 стратегиясы.  Негізгі қорытындылар

 

 

 

Қазақстан-2050 Стратегиясы

Басты бет | Қазақстан-2050 Стратегиясы | «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыруға шетелдегі қазақ диаспорасы да үлес қоса алады 

 

 

 

 

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы төрағасының  орынбасары, Халықаралық «Алтын бесік» журналының бас редакторы

 

– Қазіргі таңда бүкіл  еліміз Қазақстан Республикасының  Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси  бағыты» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша  сан-салалы жұмыстарды қолға алды. Бұл  тұрғыда шетел қазақтарының пікір-көзқарастары қалай? Олар Ұлт Көшбас­шысының осы  стратегиясынан хабардар болып, қызығушылық  танытып отыр ма? Дүниежүзі қазақтары  қауымдастығы басшыларының бірі ретінде  әңгімеңізді осыдан бастасаңыз.

 

– Шетелдегі ағайындар  Елбасының биылғы Жолдауынан жан-жақты  хабардар деп толық сеніммен айта аламын. Ең маңыздысы, олар Жолдаудан  хабардар болып қана қоймай, сонымен  бірге оны жүзеге асыруға қатысуға ынталы әрі бұған толық мүмкіндіктері  де бар. Бұл ретте, тәуелсіздік алған  жиырма жылда Қазақстанның қазіргідей биік деңгейге көтерілуіне шетелдегі  қазақ диаспорасының да үлкен  үлес қосқанын айта кеткен жөн. Мысалы, тоқсаныншы жылдардағы өтпелі кезеңнің қиын уақытында Қазақстаннан сырт жерлерге бірнеше миллион адам көшіп кетті. Сөйтіп, көптеген елді мекендердің  тұрғындары азайып, жұмыс қолы кеміп, экономикамыз құлдырады. Осы қиын жағдайда сырт жерлерден Қазақстанға этникалық  қазақтар, яғни оралмандар көптеп келе бастады. Осы үдеріс кезінде Қазақстанға  үлкен демеу болды. Демек, шетелдегі  ағайындарды болашақта да қолтығымызға тартып, бүкіл халқымызға ортақ мұраттарды бірлесіп жүзеге асыруды жалғастыра беру қажет. Бұл, әсіресе, «Қазақстан – 2050» стратегиясы сынды аса  маңызды міндеттерді қолға алғанда  айрықша есте болғаны жөн.

 Осыған орай Елбасына  Қауымдастық төралқа төрағасының  бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың  атынан «Қазақстан – 2050» стратегиясын  жүзеге асыруға шетелдік қазақтарды  да қатыстыру туралы тұжырымдамалық  ұсыныстар дайындап, ұсынған едік. Қазір Қазақстан үкіметі осы  ұсыныстарды сараптамадан өткізіп,  тиісті ақпараттар жинап, жүзеге  асырудың мүмкін­діктерін қарастыруда.  Демек, болашақта Елбасының Жолдауын  жүзеге асыруға шетелдік ағайындар  да өздерінің лайықты үлестерін  қосады деп сенеміз.

 

 – Соңғы кезде «оралмандар  көші мүлдем тоқтатылыпты, бұл  жөнінде Үкіметтің қаулысы да  шыққан көрінеді» деген әңгіме  айтылып жүр. Мұндай жағдайда  шетелдегі ағайындар Елбасының  Жолдауын жүзеге асыруға қалай  қатысады?

 

– Бұл – жай алыпқашпа  сөз, оралман-дар көші тоқтатылған  жоқ және тоқтатылмайды да! Бұған  Елбасына жолданған ұсыныстарымызға  орай, Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігінен бізге күні кеше ғана келген жауап хат айқын дәлел. Бұл хатта «Оралмандардың 2012 – 2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы  №1581 қаулысына сәйкес, оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әр күнтізбелік жылға  саны 10 мың отбасыдан белгілен­­ген» деп анық көрсетілген. Демек биыл да, келесі жылы да атажұртқа кемінде 50-60 мың қан­дасы-мыз көшіп келеді деп есептеуге болады. Бірақ сонымен  бірге ағайындардың атажұртқа келуі бұрынғыдан әлдеқайда бәсеңдегені де даусыз. Мұндай жағдай, әсіресе, өткен жылы айқын аңғарылды. Бұл кездейсоқтық емес, көштің азаятыны осыдан екі-үш жыл бұрын-ақ айқын байқала бастаған. Оның ең басты себептерінің бірі – көші-қондағы жемқорлық. 2007-2008 жылдардан бастап оралмандарға бөлінген ұшан-теңіз қаржыны неше түрлі алаяқтық жолмен талан-таражға салу кең етек алды. Кезінде біз Қауымдастықтың атынан бұл жөнінде бір емес, бірнеше рет баспасөз бетінде мәселе көтердік. Бірақ оған ешкім көңіл аудармады. Соның салдарынан ақыр соңында бірнеше облыстардағы көші-қон мекемелерінің басшылары мен қосшылары сотталып тынды. Көші-қондағы бүгінгі жағдай – соның «жемісі». Осыған орай Қа­зақстан Үкіметі қазір көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін түбегейлі қайта қарап жатыр.

 

– Көші-қон мәселесімен  болашақта қандай мекеме айналысатын  болады?

 

 – Елбасы «Қазақстан  – 2050» стратегиясында «Бізге  көші-қон мәселелерін кешенді  түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі  еңбек нарығына ықпал ететін  шаралар қабылдау қажет» деп  атап көрсете келе: «Үкімет 2013 жылы көші-қон мәселелерін шешу  жөнінде кешенді жоспар әзірлеп,  бекітуге тиіс» деп тапсырма  берді. Бұл да шетелдегі қазақтарды  үлкен үміт пен сенімге бастай­ды.  Көші-қон жөніндегі бұл кешенді  жоспарда этникалық көші-қон,  яғни оралмандар мәселесіне де  айрықша көңіл бөлінеріне күмәнданбаймыз. Бүгінгі таңда көші-қон мәселелері  Ішкі істер, Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау, Экономика және  бюджеттік жоспарлау министр­ліктерінің  құзырына берілген. Бұл мәселе  Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 16 қаңтардағы №466 «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік басқару  жұмысын одан әрі жетілдіру  туралы» Жарлығында атап көрсетілген.  Осы Жарлықта жоғарыда аталған  үш министрліктің халықтың көші-қоны  аясындағы мемлекеттік саясатты  қалыптастыру жөніндегі міндеттері  белгіленген.

 

Сондай-ақ алдағы уақытта  оралмандармен жұмыс жүргізуде  біраз жаңалықтар болады деп күтілуде. Әкімшілік реформа шеңберінде көші-қон  саласындағы заңнамада көзделген  әлеуметтік төлемді белгілеу және атқару, әлеуметтік-тұрғындық бейімдеу, жұмыспен қамтамасыз ету, орна­ластыру, қабылдауды ұйымдастыру, көшіп келген оралмандарды есепке алу және тіркеу бо­йынша іске асыру функциялары жергілікті атқарушы органдардың күшімен жүзеге асырылмақшы. Бұл ретте, оралмандарға қатысты  негізгі мәселелер «Жұмыспен  қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы  – 2020» бағдарламалары мен «Халықтың  көші-қоны туралы» заңның аясында  іске асырылады.

Бұл жаңалықтар жүзеге асқанда  оралмандардың біраз мәселесінің  бұрынғыдан әлдеқайда оңай шешілері анық. Алдағы уақытта алыстан келген ағайындар тұрақты тіркелетін жер  іздеп әуреге түспейді, квотаға кіреміз  деп ауылдан ауданға, облысқа  шапқыламайды, оралмандарға бөлінген қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің  аузында кетпейді.

 

– Көші-қон үдерісін тиімді жүргізу үшін бірінші кезекте  қандай шаралар қолға алынуы керек  деп ойлайсыз?

 

– Бірінші кезекте этникалық  көші-қонды ең алдымен шетелдерде ұйымдастыру қолға алынуы тиіс. Өркениетті елдердің бәрі репатрианттардың (біздіңше айтқанда – оралмандардың) атажұртқа  қоныс аударуын осылай ұйымдастырады. Мысалы, Германия, Израиль, Польша елдерінің  елшіліктері репатрианттардың алдын  ала тізімін жасайды. Ұлтын анықтап, құжаттарын мемлекеттік тілге аударады. Атамекенге барғаннан кейін орналасатын  жерін белгілеп, тұратын үйін, істейтін жұмысын анықтайды. Әлеуметтік төлемақылар  төлеуді, тіл мен жазуды тегін  үйретуді шешеді. Репатрианттар осы  мәселелер толық реттелгеннен кейін  көшеді.

Бізде бұл жұмыстарды кім  атқарады? «Халықтың көші-қоны туралы»  заңда этникалық көшті ұйымдастыруды  Қазақстанның шетелдегі мекемелері, яғни елшіліктері жүзеге асырады  деп көрсетілген. Бірақ бұған  әлі күнге не арнайы штат, не қаржы  бөлінген емес. Сондықтан да біздің елшіліктеріміз мұндай жұмысты толық  жүргізе алмайды. Біздің оралмандар қай жерге бараты­нын, қайда орналасатынын  өздері де білмей, нартәуекелмен шекарадан  өтіп, келе салады. Қазақстанға келгеннен  кейін де оларға нақты ие болатын, қажетті қамқорлық жасайтын мемлекеттік  мекемелер табыла қоймайды. Алдағы уақытта осының бәрі бір жүйеге түседі деп сенеміз. Бұл үшін қазақтар тығыз  орналасқан елдердің Ташкент, Нүкіс, Баян-Өлгий, Үрімші сияқты қалаларынан көші-қон  мекемелерінің бір-екі адамнан  тұратын шағын өкілдіктерін ашу  қолға алынғаны жөн.

 

– Оралмандар «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілген  міндеттердің қай саласына бірінші  кезекте ерекше үлес қоса алады?

 

– Шетелдегі қазақтар «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы міндеттердің кез келген саласына белсенділікпен ат салыса алады. Қазір Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс деп  отырмыз. Елбасы өз Жолдауында бұл мақсатқа жетуде бәсекелестіктің барынша  қатал болатынын, соған орай «ұлтымыз жаһандық экономикалық тай­таласқа  дайын болуға тиіс» екендігін  атап көрсетті. Міне, осы мәселеге келгенде ойландыратын біраз жағдай бар. Бұл  ретте, әсіресе, біздің экономикалық тайталас пен бәсекелестікке әлі де бейімделе  алмай отырғанымызды жасырмау керек. Дүниежүзінің барлық елінде кез келген халық егін егіп, мал өсіретін жері, суы болса – ешкімге алақан жаймай, аянбай жұмыс істеп, күндерін көріп, жақсы өмір сүреді. Біздің Қазақстанда  жер де, су да жетеді. Бірақ осы  байлықты дұрыс пайдалана алмай  отырмыз. Есесіне «ауылда жұмыс  жоқ, жағдайымыз қиын, әкімдер не бітіріп  жүр?» деген әңгімелер жиі айтылады.

Шетел қазақтары жұмыс  істеуге әлдеқайда бейім. Мысалы, сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында  Ауғанстан, Иран және Түркиядан бірнеше  мың қазақ отбасы Қазақстанға  қоныс аударды. Осы ағайындардың ешқайсысы да «Оралман едік, бізге  жағдай жасаңдар» деп ешкімге  алақан жайған жоқ. Күні-түні тынбай еңбек  етті. Түрлі кәсіппен, шағын саудамен айналысты. Қазір осы ағайындар  өздері орналасқан жерлердегі бұрынғы  тұрғындардан артық болмаса, кем  өмір сүрмейді. Өзбекстан, Қытай, Моңғолиядан  келген ағайындар туралы да осыны  айтуға болады.

 

Сондай-ақ «Қазақстан – 2050»  стратегиясында қазақ тілін, яғни мемлекеттік  тілдің мәртебесін нығайтуға байланысты маңызды мәселелер көтерілді. Бұл  жөнінен де шетел қазақтарының тигізер  пайдасы ұшан-теңіз. Кешегі кеңес  үкіметінің тұсында қазақ тілі Қазақстанның өз ішінен гөрі сырт жерлерде әлдеқайда  жақсы сақталды. Сол кезде Қазақстанның Алматыдан бастап үлкенді-кішілі қалалары мен орталық, солтүстік облыстарындағы қазақтардың басым көпшілігі  өз ана тілінен безініп, қазақша  «аузың қайсы десең, мұрынын көрсететін»  жағдайға душар болды. Осындай кезде  Өзбекстан, Тәжікстан, Түрiкменстан, Моңғолия, Қытай елдеріндегі сан миллион  қазақтар өз ана тілін таза күйінде  сақтай білді. Тіпті, Түркия, Иран, Ауғанстан  қазақтарының да қазақ тіліне деген  көзқарасы біздегіден әлдеқайда  жақсы болды. Осы ағайындардың 90-жылдардан  бастап атажұртқа жаппай қоныс аударуы  – Қазақстандағы қазақ тілінің  біржолата тұралап қалмай, қатарға  қосылып, қайта дамуына айтарлықтай  өз ықпалын тигізді. Шетелдік ағайындардың Қазақстандағы мемлекеттік тілге  жасар мұндай ықпалы болашақта да өз маңыздылығын жоймайтыны даусыз.

«Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық жағдай, латын әліпбиіне  көшу, ұлттық мәдениет пен ұлттық интеллигенция, оқу-білім мәселелеріне де қатысты  көптеген нақты міндеттер белгіленген. Бұл міндеттерді жүзеге асыруға  да шетел қазақтарының айтарлықтай  үлес қоса алатындығы даусыз.

 

– «Қазақстан – 2050» стратегиясында ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Жалпы, бұл  саланың еліміз үшін аса маңызды  екендігі баршаға мәлім. Соған орай, шетел қазақтарының осы салаға қатысу мүмкіндіктері туралы не айтар едіңіз?

 

– Бұл сұраққа жауап  берместен бұрын мына жағдайға тоқталғым  келеді. Қазақстанның жері ұшан-теңіз  – ауыл шаруашылығынан мол өнім алып, әлемнің алдыңғы қатарына шығуына  толық мүмкіндік бар. Бірақ соған  қарамастан, айналдырған 16 миллион  халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмай, едәуір бөлігін сырттан  тасимыз. Бұл – адам ұялатын жағдай. Болашақта ең дамыған 30 елдің қатарына кіретініміз рас болса, бұл жағдайды тез арада реттеу қажет. «Қазақстан – 2050» стратегиясында бұл мәселеге де нақты көңіл бөлінген. Елбасы «жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми-технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере оты­рып, мал  шаруашылығындағы дәстүрлерімізді  жаңғырту қажет» деп атап көрсетті.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруға  да шетел қазақтары үлкен үлес қоса алады. Қытай мен Өзбекстанда  жер өңдеу мәдениеті барынша  дамыған. Мұны сол елде тұратын қазақтар да жақсы игерген. Қытайда жер  өңдеуге қажетті шағын техникалар жасау да барынша дамыған. Енді сол  қазақтар осы диқаншылық тәжірибесі мен қолда бар техникасын Қазақстанға  әкелсе, көп іс тындырар еді. Қазірдің өзінде олардың біразы шағын тракторлары  мен басқа да құрал-жабдықтарын  Қазақстанға әкеліп, егін егіп, көкөніс  өсіріп, өзгелерге үлгі көрсетуде. Бұл  ағайындарға Қазақстан тарапынан  қандай қолдау жасалуда? Оған нақты  жауап қайтару қиын. Керісінше, шекарадағы кеденшілер олардың әкеле жатқан техникалық құрал-жабдықтарына кеден  салығын барынша көбейтіп, басқа  да тосқауылдар қойып, ойлаған мақсаттарына жетуге кедергі болуда. Егiншiлiктi жақсы  меңгерген ағайындардың басым көпшілігі  Қазақстанға келгеннен кейін  жекеменшікке жер ала алмай, әркімнің қараусыз жатқан бос егістіктерін жалға  алып, уақытша жұмыс істеуде. Бұл  айтылған мәселелер болашақта ескерілер  деп үміттенеміз.

Елбасының «мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғырту керек» деген  тапсырмасы да шетелдегі ағайындар  үшін айрықша маңызды. Өйткені Қытай  мен Моңғолияда қазақтың ежелгі асылтұқымды  төрт түлік малы жақсы сақталған. Осыларды Қазақстанға әкелсек, еліміздің  бос жатқан ұлан-байтақ жері малға  толар еді. Оралман ағайындар  да малды әкелсек деп арман­дайды. Бірақ ол армандары жүзеге аспай  отыр!

 

– Неге жүзеге аспайды? Моңғолия мен Қытай жағынан тосқауыл болып  отыр ма?

 

– Жоқ, Моңғолия да, Қытай  да қарсы емес, керісінше қолдайды. Ал қарсылық – Қазақстан тарапынан. Дәлірек айтқанда, ҚР Ауыл шаруашылығы  министрлігіне қарасты ветеринарлық қызмет мекемелері «бұл елдерде жұқпалы  ауру болуы мүмкін» деген сылтаумен  малды ше­карадан өткізуге тыйым  салған. Бір таңқаларлығы, бізде  Америка мен Еуропадан өлі  тауық еті мен тірі сиыр тасуға ешқандай кедергі жоқ. Осыдан бір-екі  жыл бұрын сол тауықтың етінде улы зат бар екендігі анықталып, Еуропада біраз шу шықты. Жақында  ғана Австриядан асылтұқымды деп  әкелінген 722 сиырда жұқпалы дерт бар  екендігі анықталып, жойылғаны баршаға  мәлім. Осыларды көргенде, мемлекеттің  ұшан-теңіз қаржысын шығындап, алыстан  күмәнді тауық пен ауру сиыр тасығанша, іргедегі елдерден Қазақстанның табиғаты мен ауа райына бейім, өзіміздің  төрт түлік малымызды тегін неге әкелмейміз деген сұрақ туады. Кеңес  Одағы тұсында Моң­­ғолияның  малын Өскемен арқылы жермен айдап  әкеліп, Семейдің ет комбинатына өткізетін  еді. Сол кезде болмаған жұқпалы  ауру енді қайдан шыққан?! Мамандармен  сөйлесіп көрдік. Олардың айтуынша, Моңғолия мен Қытайдың малын шекарада бірер ай карантинде ұстап, жақсылап тексеріп, содан кейін өткізе беруге болатын көрінеді.

Информация о работе Қазақстан-2050 Стратегиясы