Қазақстан-2050 Стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 20:28, статья

Описание

Қазіргі таңда бүкіл еліміз Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша сан-салалы жұмыстарды қолға алды. Бұл тұрғыда шетел қазақтарының пікір-көзқарастары қалай? Олар Ұлт Көшбас­шысының осы стратегиясынан хабардар болып, қызығушылық танытып отыр ма? Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшыларының бірі ретінде әңгімеңізді осыдан бастасаңыз.

Работа состоит из  1 файл

Сұлтанәлі.docx

— 26.88 Кб (Скачать документ)

 

Осыған орай Қазақстан  Үкіметі Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы мал шаруашылығына  қатысты тапсырмаларын орындауға  кіріскенде, Моңғолия мен Қытайдағы  қазақтарды өздерінің ежелгі төрт түлігімен  әкелу мәселесін де ойластырса деген  тілегіміз бар. Айта кететін тағы бір мәселе – «Қазақстан – 2050»  стратегиясында Елбасы «Шекаралас өңірлердің әлеуеті әлі толық ашылған  жоқ, оларды өмір сүруге қолайлы ете  түсу қажет. Үкімет облыстардың әкімдерімен  бірлесіп, 2013 жылы шекарамен шектес аудандарды дамыту жөнінде қосымша  шаралар кешенін әзірлеу қажет» деп атап көрсетті. Бұл мәселе де қазақ диаспорасына тікелей қатысты. Өйткені шетелдегі қазақтардың  басым көпшілігі Қазақстанмен шекаралас  мемлекеттерде орналасқан. Сондықтан  да Қазақстанның шекаралас аудандарына  айрықша көңіл бөлуі көршілес елдерде тұратын ағайындардың осы  өңірге тұрақты қоныс аударуына  ерекше жағдай тудыратыны анық. Ендеше, шекарамен шектес аудандарды дамыту жөнінде қосымша шаралар кешенін  әзірлегенде, бұл игілікті іске көршілес мемлекеттерде тұратын ағайындарды  қатыстыру да ескерілгені жөн.

 

– Этникалық көші-қон, яғни оралмандар көші туралы біраз әңгіме айттыңыз. Осы жұмыстар жөнінде Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы өз тарапынан  қандай іс-шараларды қолға алмақшы?

 

– Бірден ашып айтайық, көші-қон  және оралмандар мәселесімен айналысуға Қауымдастықтың да, Қауымдастық сияқты өзге қоғамдық ұйымдардың да заңнамалық құқы, қаржылық мүмкіндігі жоқ. Өйткені  көші-қон бірыңғай мемлекеттік мекемелердің құзырындағы шаруа. Мемлекеттік  ме­кемелердің жұмысына қоғамдық ұйымдардың араласуына заңмен тыйым салынған. Бірақ осыған қарамастан, елімізде «көші-қонмен біз айналысамыз, оралмандар мәселесін біз шешеміз» дейтін қоғамдық ұйымдар көбейіп барады. Олардың  көпшілігі Қазақстанға жаңадан  келген орал­мандарға дұрыс жол  көрсетудің орнына, ешқандай заң мен  ережеде жоқ, ойдан шығарылған теріс  ақпарат берумен айналысады. Қазақстан  азаматтығын баяғыда алған, қолында  «оралман» екенін дәлелдейтін ешқандай құжаты жоқ кісілерді жинап алып, «сендер оралмансыңдар, сендердің  мәселелеріңді біз шешеміз» деп  жиналыс өткізіп теріс үгіт жүргізу  осының айқын бір көрінісі.Сайлау науқаны жақындаса неше түрлі  саяси партиялар да оралмандардың  керемет жанашыры болып, орындалмайтын  уәделерді үйіп-төгіп беруге кіріседі. Сайлау аяқталған соң ол партиялардың оралмандардың төңірегінен төбесін  де көрмейсіз. Мұның бәрі этникалық  көші-қон жұмыстарын ұйымдастыруда  кейбір түсініспеушіліктерді тудырып, жаңадан келген орал­мандарды түрлі  шатастыруға ұрындырып жүр.Қауымдастық  болса, бұл салада негізінен, алыс-жақын  шетелдердегі ағайындардың көші-қон  саласындағы өтініш-тілектері мен  мұң-мұқтаждарын жинап, бір жүйеге түсіріп, Қазақстанның құзырлы орындарына жеткізіп, олардың заңдық-құқықтық негізде шешілуіне қозғау салып  отыруды жүзеге асырады.

 

– Сонда Қауымдастықтың негізгі  жұмысы не? Ол бұдан басқа қандай шаруалармен айналысады?

 

– Дүниежүзі қазақтары  қауымдастығы – атажұрт пен шетелдегі 5 миллион қазақ диаспорасының  арасын жалғастыратын ұйым. Қауымдастықтың негізгі міндеті – шетел қазақтарымен мәдени-рухани, оқу-білім саласында  байланыс жасау. Қауымдастық күнделікті жұмысын Елбасының Әлем қазақтарының құрылтайларында белгілеп берген бағыт-бағдары  бойынша және Құрылтай шешімі мен  өз Жарғысына сүйеніп жүргізеді. Қазір Қауымдастық 30-ға жуық мемлекеттердегі  қазақ диаспорасымен нақты байланыс орнатқан. Қауымдастықтың ең басты  жұмыстарының бірі – Қазақстанның қол жеткізген табыстарын және Елбасының  Қазақстанды ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жөнінде жүзеге асырып жатқан игі істерін шетелдегі  ағайындарға жеткізіп, насихаттап отыру. Сондай-ақ бұл игілікті істер шетелдегі  ағайындарға Қауымдастықтың жанынан  жарық көретін «Алтын бесік» журналы  мен «Туған тіл» альманағы арқылы да дер кезінде жеткізіліп тұрады. Шетелдегі ағайындармен байланысты нығайту үшін Қауымдастық «www.kazaktar.kz»  атты вебсайт та ашқан еді. Елбасының  биылғы Жолдауының айрықша маңызды  екендігін ескере отырып, қазір бұл  вебсайттың тақырыптық ауқымы мен мүмкіндігін  әлдеқайда кеңейту қолға алынуда.

 

– Шетелдегі ағайындарды  көші-қоннан бөлек және қандай мәселелер  толғандырады? Олардың атажұртқа  айтар басқа өтініш-тілегі, мұқтаждықтары  бар ма?

 

 – Бұл сұраққа да  жауапты «Қазақстан- 2050» стратегиясымен  байланыстырған дұрыс. Стратегияда  ұлттық мәдениетімізді дамыту, ұлттық  интеллигенцияның рөлін нығайта  беру мәселесі де жан-жақты  көтерілген. Бұл да шетел қазақтарына  тікелей қатысты. Өйткені қазақ  халқының ұлттық мәдениетін қазақстандық немесе шетелдік деп бөлуге болмайды. Жер бетіндегі бүкіл қазақтың ұлттық мәдениеті – ешқандай шекарамен бөлінбейтін біртұтас мәдениет. Қазіргі таңда шетелдерде, оның ішінде, әсіресе, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Иран, Түркия, Түрiкменстанда қазақ халқының ұлттық бай мәдениеті, сапалы білімді ұлттық интеллигенциясы қалыптасқан. Тәуелсіздіктен кейін бұл елдермен мәдени-рухани саладағы байланысымыз да жаңа деңгейге көтерілді. Соның нәтижесінде, елімізге мәдениет пен өнердің жаңа бір тегеурінді толқыны келіп қосылды.

Осы жақсы дәстүр бұдан  да әрі жалғаса беруі үшін шетелдердегі Қазақ мәдени орталықтарына тұрақты  түрде қамқорлық жасау керек. Өйткені шетел қазақтарының болашақтағы  мәдени-рухани жағдайы сол елдердегі  Қазақ мәдени орталықтарының жұмысына тікелей байланысты. Егер ол орталықтар неғұрлым жақсы жұмыс істесе, ағайындардың ұлттық-рухани мәселелері де соғұрлым нәтижелі шешіледі. Өркениетті елдер  шетелдегі ұлттық мәдени орталықтарына  бюджеттен арнайы қаржы бөліп, қолдау жасайды. Мысалы, Ресей соңғы кезде  бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуде. Израиль де шетелдегі еврей мәдени орталықтарына нақты қамқорлық  көмек көрсетеді. Оңтүстік Корея  Алматыдан бір мәдениет үйін сатып  алып, Корей мәдени орталығына айналдырды. Германия Қазақстандағы және басқа  да елдердегі неміс мәдени орталықтарына  осындай көмек беруде. Қытай Халық  Республикасы да соңғы уақытта Қазақстанда  бірнеше қытай мәдени орталықтарын ашты. Демек Қазақстан Республикасы да алдағы уақытта шетелдердегі Қазақ  мәдени орталықтарына осындай қамқорлық  жасауды жүйелі түрде қолға алуы керек.

 

– Көпшілік «Алтын бесік» журналын біле бермейді. Ол туралы да бір-екі  ауыз айта кетсеңіз.

 

– «Алтын бесік» журналы 2002 жылы Әлем қазақтарының III құрылтайына  арналып шыққан еді. Шетел қазақтарына  арналған бұл басылым содан бері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен үзбей жарық көріп  келеді. Басылым, негізінен, Қазақстанның қол жеткізген табыстары мен  мәдени-рухани саладағы жаңалықтарын шетелдегі қазақ диаспорасына насихаттауды мақсат етеді. Бұл ретте Елбасының  Жолдауына әрқашан айрықша көңіл  бөлінеді. Сондай-ақ журналда шетел  қазақтары туралы тартымды материалдар  тұрақты жарияланады. Шетелдегі  ағайындар Қазақстанның басылымдарын жаздыртып ала алмайды, соған  орай «Алтын бесікті» алыстағы ағайындарға  шетелдегі қазақ мәдени орталықтары  мен елшіліктеріміз арқылы тегін  таратамыз. Енді алдағы уақытта журналдың  электрондық нұсқасын дайындап, интернет жүйесі арқылы таратуды қолға алып отырмыз.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

 

 


Информация о работе Қазақстан-2050 Стратегиясы