Қазақстан Республикасының әскери саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:06, курсовая работа

Описание

Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері.

Содержание

І. Кіріспе
Қазақстан әскерінің қалыптасу тарихы.

ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
1.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық
ќорғаныстың орны мен рµлі

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясаты.DOC

— 540.00 Кб (Скачать документ)

      Жеке  және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану қазіргі заманғы қырып  жою қаруларының зақымдағыш факторларының  ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш заттардак  және улы газдардан және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Дәрігерлік қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын жогоға және әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ - 2 жеке дәрі - дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

      Таяуда  Түрік Республикасы Бас штабы  бастығының шақыруы бойынша Қорғаныс министрі армия генералы М.Алтынбаев  бастаған қазақстандық әскери делегацияның осы елге ресми сапары болып өтті.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі армия генералы М.Алтынбаевтың Түрік Республикасы Бас штабының бастығы армия генералы Х.Өзкөкпен кездесуі барысында екі жақты әскери ынтымактастықтың жай – күйі  мәселелері талқыланды, сондай – ақ  алдағы уақыттағы даму перспективалары айқындалды.

      Сапар шеңберінде ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі В.Гонюльмен, Әскери – теңіз күштерінің қолбасшысы армия адмиралы Й.Караханоглумен, Арнайы мақсаттағы күштердің қолбасшысы генерал – лейтенант Х.Чийанимен кездесулер өткізді.

Соңғы уақыттарда Түрік тарабы Қазақстанға  төзімділігі жоғары "Ланд Ровер" автомобильдерің қоса алғанда 6 миллион  АҚШ долларынан астам сомаға өтеусіз  негізде әскери – техникалық мүлік  жеткізді, сондай-ақ 500 қазақстандық әскери қызметшіні даярлау мен оқытуға жәрдем көрсетті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі [6]. Әскери териндердің қазақ тіліндегі ықшам баламасын іздеп табуға ешкімнің қарсылығы жоқ. бірақ бұларды аударуда, оларға балама сөз табуда тілді аяусыз шұбарлауға орын бермеу қажет.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Жиырмасыншы ғасырдың аяғында әлемдік саясаттың  жалқы әмірі халықаралық қауіпсіздікті  қамтамасыз етіп, сақтап отырудың әмбебап  формуласын іздестіру болды. Осынау ұзақ та әлі аяғына дейін ба-жайланбаған процестің негізі — өткен ғасырдың қасіретті шындығы.

     Екінші  дүниежүзілік соғыс аяқталған кездің өзінен бері әлем планетаның әр түрлі  аймақтарында бірінен кейін бірі үздіксіз лапылдаған үш жүздей соғыстар мен жанжалдардың куәсі болды және де осынау жанжал-дардың бәрі дерлік өзі бұрқ ете қалған аймақта түпкілікті бейбітшілік орнауына жеткізе алмады [7]. В.Вестон мен Б.Сорж саяси қатерге «Ұлттық үкіметтің шетел компанияларының іскерлік операциялар жүргізуіне кедергі келтіретін, келісімдер шарттарын өзгертетін немесе олардың меншігін тәркілеуге  әкеп соғатын іс - әрекет» деген баға берді. Д.Джонис те саяси қатерді осы тұрғыда қарстырады: «саясаи процесс барысында туындайтын шетел компанияларының операция жүргізу шарттарының өзгеруі». Кобриннің анықтамасы бойынша саяси қатер – «саяси ортада туындап, әдетте, операция жүргізуде шектеу түрін ие болатын күтілмеген жағдаят».

     Халықаралық тайталастың көптеген аймақтары  мен нүктелері планетада қазір  дө сақталып келеді, олар кез келген сәтте әлдеқайда жоғары деңгейдегі қарулы тайталасқа айналып кетуі мүмкін. Олардың арасында Ауғанстан, Балқан, Таяу Шығыс бар.

     1990 жылдардың басында, Қазақстан өз тарихындағы, тегінде ең басты таңдаулардың бірінің алдында тұрғанда біз егер өз аумағымызда ядролық қаруды сақтап қалуды кенет ұйғарған болсақ, аймақ пен әлемдегі ахуал қалай өзгеретінін ойланбай тұра алмайтын едік.

     Қай тұрғыдан алғанда да, ол Қазақстан үшін күрделі уақыт болатын. КСРО-ның ыдырауы салдарынан Қазақстан мен басқа бұрынғы кеңестік республикалардың арасында бірнеше ондаған жылдар бойы қалыптасқан шаруашылық байланыстар үзіліп қалды. Біздің алдымызда жүйелік нарықтық реформалар тұрды, олардың жеңіл бола қоймайтыны да белгілі еді.

           ЕАО қорғаныс қызметін үйлестіру мақсатымен біртұтас қорғаныс кеңістігін құруды көздейді:

      -ЕАО-ның  ұжымдық бітімгер күштерін оған  қатысушы елдер мен олардың  арасындағы тұрақтылықты қолдау  және жанжалдарды тыюға тарту.   ЕАО-ға қатысушы мемлекеттердің келісімімен халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес ЕАО ауқымында жанжалды аймақтарға бітімгер күштерді жіберу;

      -ЕАО-ға  қатысушы мемлекеттердің халықаралық  ұйымдарға, соның ішінде, БҰҰ-ның  қауіпсіздік кеңесіне, бітімгершіл  күштердің бірлескен контингенті  мәртебесін беру туралы ұжымдық  өтінішті енгізу;

      -халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ядролық қарусыздану проблемалары жөніндегі мемлекетаралық орталықты құру.

      ЕАО-ның  барлық мемлекеттері, Ресейден басқа, ядролық қарусыз мәртебесін сақтайды.

      Қорғаныс  министрінін орынбасары сондай-ақ, Солтүстік Атлантика шар-гының жоғары лауазымды адамдарымен: НАТО бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ жөніндегі арнайы әкілі Р.Симмонспен,  НАТО Әскери комитетінің төрағасы төрт жұлдызды генерал Р.Эномен, НАТО бас хатшы-сының саяси  мәселелер жөніндегі көмекшісі М.Ердманмен,  НАТО бас хатшысының операциялар жөніндегі  көмекшісі А.Коберацкимен екі жақты  кездесулер өткізді [8]. Мысалы, айталық Жан Жак Руссо барша ұлттық қозғалыстар деп санаған. Әйткенімен, посткоммунистік елдердегі ұлтшылдықтың қазіргі таңда көтерілуі «ілгерішіл» сипаттан мүлдем басқа сипатқа ие болып отыр.

      Отырыс  және кездесулер барысында Жеке әріптестік іс-қимылдары  жоспары шеңберіндегі "Бейбітшілік   I жолындағы әріптестік" аймақтық оқу орталығын құру және "Дала қыраны" халықаралық оқу-жаттығуын әріптестік рухында өткізу сияқты бастамалардан түратын   НАТО-мен   әскери   ын-тымақтастықтың   жобалары    мен бағыттары, қазақстандық бітімгершілік бригадасының негізінде бітімгершілік әлеуетін дамытудың перспективалары талкыланды.

      Сондай-ақ, біздің офииерлерімізді НАТО академиясында және Альянстың —жетекші мүшелерінің оқу орындарында  даярлау мәселелері қаралды.

      Альянс  басшылығы Қазақстанның Орталық  Азия өңіріндегі көш-басшылық ролін  атап көрсетті және Қазакстанның өңірлік  және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әрі нығайтуға бағытталған бастамаларына қолдау көрсетуге әзірлік білдірді.

        Биыл   Қазақстанда   өткізілген өңірлік деңгейдегі әріптестік іс-шара-ларларының — Орталық Азия мемлекеттерінің және Альянс мүшелерінің өкілдері қатысқан верификациялық семинардың, НАТО-мен электрондық деректер алмасу  "Прайм"  жүйесі бойынша және  НАТО-ның  "Жоспарлау және талдау үдерісі" бағдарламасы бойынша өткізілген семинарлардың аса маңыздылығы, сондай-ақ мұндай  ынтымақтастықты  болашақта да дамыта берудің қажеттігі атап   көрсетілді,   деп   хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі [9]. Тұтас алғанда, саяси жағдайдың одан әрі дамуы жергілікті билік органдары ен Үкіметтің жаңа құрамының іс – қимылына қатысты тболып отыр. Егер билік орындары өздері президент сайлауы қарсаңында берген уәделерін орындай алмаса, бұл халықтың барлық тарабының режимге, билік бүкіл тармақтарына, жалпы алғанда, мемлекетте сенбеуінң тереңдеуіне алып келді.                                

      Жаңа  Әскери доктринаның жобасын тиісті министрліктер мен ведомстволар өкілдерінен құралған Қорғаныс министрлігі жанындағы жұмыс тобы әзірледі. Жұмысты Қауіпсіздік Кеңесінін Хатшылығы үйлестіруде [10]. Елбасы 2006 жылғы 1 наурздағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Әскери доктринаны қабылдау мәселесіне назар аударған еді. Оның негізінде біз ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби армия құруымыз қажет.

      Әскери  доктрина жобасын әзірлеу кезінде  әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету  саласындағы (АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай және басқа ел-дердің) доктриналық құжаттардың негізгі өлшемдері ескерілді [11]. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында ұлттық қауіпсіздікті одан әрі нығайтудуң маңызы мен жолдары нақты көрсетілген.

      Жұмыс тобының өкілдері мен Маршалл  атындағы орталықтың делегация мүшелері — Орталық Азия және Каспий аймағы бойынша сарапшы доктор Роджер Д.Кангас, АҚШ-тың халықаралық саясаты мен  Еуропа жене Еуразия қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі сарапшы доктор Мэтью Роудз, Маршалл атындағы орталықтың сарапшысы подполковник Майкл (Тед) Донелли мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген тұжырымдамалық тәсілі мен құрылымының мақсаттылығын қарастырды. Ең бастысы, қазақстандық тарап доктриналық құжаттарды жасақтау әдістемесі бойынша бағалы тәжірибе алды.

      Маршалл атындағы орталықтың сарапшылары Әскери доктринаны әзірлеу барысында талданып, қолданылатын бірқатар ұсыныстар жасады. Әскери доктрина жобасы ҚР Ұлттық қорғаныс университеті әскери ғалымдарының, соның ішнде доктриналық құжаттарды әзірлеу тәжірибесі бар ресейлік бес ғылым докторының қатысуымен дайындалды.

      2006 жылдың мамыр айының ортасында  Вашингтонда және 2-4 тамыз кезеңінде  Астанада өткізілген Қазақстан  мен АҚШ қорғаныс министрліктері арасыңдағы екі жақты қорғаныстық консультациялар шенберінде Докгрина жобасы бойынша пікір алмасулар болғаңдығын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Әскери доктрина жөніндегі жетекші сарапшыларды қатыстыра отырып НАТО-ның Халықаралық штабымен консультациялар өткізілді [12]. Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында: «Біз басқа елдермен өзміз қандай қарым – қатынаста болсақ, Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым – қатынасты талап етеміз және кез – келген тосы жағдайларға әзір тұрмыз» немесе «Қаіпсіздік пен тұтастық мәселерінде біз үнемі қырағы  болуға тиіспіз».

      Бұдан басқа ЕҚЫҮ-ның штаб-петерінде (Вена қ., Австрия) Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шарттың ережелерін орындау  жөніндегі ЕҚЫҰ конференциясының жұмысы барысында Доктринаның құрылымы мен мазмұнының кейбір қырларына қатысты консультациялар өткізілді.

      Шетелдік  сарапшьшар доктринаның негізіне алынған  ашықтық пен транспаренттік, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі әскери жөне әскери емес шаралардың үйлесу қағидаттарына жоғары баға берді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Н.Ә.Назарбаев   Алматы  «Білім» 1999 ж. -3 бет

2. Н.Ә.Назарбаев Алматы «Білім» 2000 ж – 303 бет

3. Н.Ә.Назарбаев   Алматы «Рауан» 2001ж – 293 бет

4. Н.Ә.Назарбаев,  «Тәуелсіздік белестері»  Алматы «Білім» 2001ж – 306 бет

5. Н.Ә.Назарбаев,  «Тәуелсіздік белестері»   Алматы  «Рауан» 2001ж – 147 бет

6. Бақыт Берғалина.  «Әскери териндерді аудару»//Егемен Қазақстан/ наурыздың 17, 2000ж.

7. Е.Т.Карин  «Саяси қауіпсіздік дегеніміз  не?» // Саясат/ март 1999ж.

8. Е.Т.Карин  «ҚР Саяси қауіпсіздігі: ықтимал  және шынтуайт қатерлер» // Саясат/ февраль 1999ж.

9. Е.Т.Карин  «Қазақстандағы саяси қатердің  деңгейі» // Саясат/ май 1999ж.

10. Айбатыр  Сейтақ. «Жаңа әскери доктрина»  //Егемен Қазақстан/ желтоқсан  2004ж.

11. Сапарғали Жапағыпаров «Шеп – 2006: ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі»// Егемен Қазақстан/ тамыз 2006ж.

12. Ержұман  Смаил «Елді қорғау екінші  кезекті мәселе емес» // Егемен  Қазақстан/ қазан 2006ж.

Информация о работе Қазақстан Республикасының әскери саясаты