Қазақстан Республикасының әскери саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:06, курсовая работа

Описание

Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері.

Содержание

І. Кіріспе
Қазақстан әскерінің қалыптасу тарихы.

ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
1.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық
ќорғаныстың орны мен рµлі

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясаты.DOC

— 540.00 Кб (Скачать документ)

      Қауіпсіздіктің  басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін  сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі  қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып  қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді, Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.

      Қазақстанның  қазіргі кездегі және жақын болашақтағы  ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал  қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына  қатер төндіру сипатында болмайтынын  біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.

      Өз  қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті  мемлекет болуға және көршілерімізбен  берік және достық қарым -қатынаста  болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын  және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен тең құқылы қарым - қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР – мен  өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағьпталған саясатын құптайды.

      Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз  бен интеграция-лық процестерді  күшейте береміз.

      Таяу   және    Орта   Шығыс    елдерімен   де қарым - қатынастарымыз тиісті деңгейінде нығая береді.

      Біздің  стратегиямыздың екінші құраласы — Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.

      Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалық және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар  мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға  халықаралық қауымдастық тарапынан  қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      Біздің  стратегиямыздың төртінші элементі — еліміздің ұлттық егемендігі мен  аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді  негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды  игеру.

      Бесіншіден  — біз Қазақстанның барлық азаматтарының  отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ. Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің ортақтығын түсіну пісіп – жетіліп  келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына орай ол сезімнің нығая беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы тұрмысының өзі ол тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне байланысты екені сияқты, бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды жеделдетеді.

      Біздің  ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің жеке мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ол қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға тиіс.

      Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне  немесе қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз әлемге бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген  ерік - жігерімізді, азаматтығымыз бен  отан сүйгіштігімізді паш етуге  тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.

      Қорғаныс  саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.

      Бірақ біз басқа елдермен өзіміз қандай қарым – қатынаста  болсақ, Қазақстанға  қатысты дәл сондай қарым – қатынасты  талап етеміз және кез келген тосын жағдайларға әзір тұрамыз.

      Біздің  дәуірімізде, әлемнің әскери егестен  алыстауына орай бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Біз бұл  үрдістің бел алатынына сенеміз  және    бейбітшілік    орнап,    тату көршіліктің қалыптасуына бар күш - жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанның өзінің экономикалық дамуына орай, дүниежүзілік экономикаға дәйекті енуі елді әскери - саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы әр түрлі аймақтық қақтығыстардың тосын иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін екенін де түсінуге тиіспіз.

      Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз көршілерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасының берік тұғырын қалыптастыруға беріледі.

      Бүгін, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінің  өзінде, Екінші дүниежүзілік соғыс  пен қырғи қабақ соғыстан алынған  сабақтан кейін де, әлемнің блоктар  мен одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ. Бірақ бұл жол Қазақстан үшін қолайлы емес, біздің бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келіп саяды. Еліміздің этникалық құрамы соншама алуан түрлі болып келеді, біздің мүдделеріміз де өте маңызды, ал келешегіміз де өте зор, сондықтан да біз қандай да бір елмен арадағы қарым – қатынасқа  тәуелді болып қалуға немесе соған ғана иек артута жол бере алмаймыз.

      Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі  бар күш – жігерді  ірі ұлтаралық  капитал үшін төзімді және оңтайлы  экономикалық өріс құруға жұмсауға, елімізге ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін „ықыласты рай" туғызуды көтермелеуте тиіс. Біз қандай да бір тайталасты әскери жолмен шешуге барынша қарсы тұрып, „жақсы араздықтан  жаман  татулық  жақсы" дейтін қағиданы уағыздауға тиіспіз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді қорғау мен күштердін, теңдестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты құралымыз, ынтымақтасу саясаты ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азия Одағын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалые басым ұстау саясаты болуға тиіс.

      Әскери  қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің  ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай, өз елінің қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн.

      Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен  жаңартылуына, олардың кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің  деңгейіне және оларды қарудың осы  заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.

      Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын, әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді, жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса аймақтық қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.

      Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз  үнемі қырағы болуға тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен мейман достығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес.

      Ұлттық  қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне  мықты демографиялық және көші –  қон  саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші – қон  процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.

      Қазақстаннын  мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты, алдына қиын, бірақ өмірлік  маңызды міндет - өзінін қарулы күштерін құру койылды. Жаңа қағидалы заңдық негіздерді жасау армияның механизмін еске ала  отырып, республиканың ерекшелігіне және географиялық жағдайына байланысты қайта кұруды, айтарлықтай материалдық шығындарды қажет етті. 1991 ж. 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығы бойынша, Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды, кейіннен республиканың қорғаныс мәселелері толық түрде өз бетімен дербес шешуге өтуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып аталды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарынын негіздеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты, 1992ж. 7 мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағында орналаскан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өзіне алды, ал тікелей баскаратын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның тұнғыш Қорғаныс министрі болып генерал – полковник  С.Қ.Нұрмағамбетов тағайындалды. Қазақстан Қарулы Күштерінің кұрамына, негізінен, 40 – жалпы  әскерлік армияның әскерлері кірді. Бұлар бұдан бұрын, 1979 жыл 27 желтоқсанда, генерал – майор А.Тохариновтың басшылығымен Ауғанстанның шекарасына кірген болатын. 9 жылдан аса мындаған моджахеттердің қарулы оппозициясына қарсы қарулы операцияларға қатысты.

      1989ж. 15 ақпанда Женева келісімі аркылы бекітілген мерзімінде 40-армияиың әскерлері Ауғанстаннан шығарылды. Содан кейін әскери бөлімдер тәртіп бойынша таратылды, мерзімді қызметтің солдаттары запасқа шықты. Ал офицерлер мен прапорщиктер Ауғанстанға қай жерден барса (отбасының тұратын жеріңдегі), сол жердің әскери бөлімшелеріне кетті. 40 – армияның  штабы Ташкентте орналасты.

      Құрлықтағы  әскерлердің Бас штабына, КСРО Қорғаныс министрлігіне "ауғандық" офицерлердің және әскерлердін үлкен легінің  үндеуіне орай, 1991ж. 7 маусымда 40 – жалпы  әскерлік армия қайта құрылып, Қазақстан жеріндегі қарулы күштерге енді. 40 – Армиядан  басқа ВВС (әскери әуе күші), ПВО (әуе корғаныс күштері) әскерлері және оларды қамтамасыз ететін бөлімдер мен құрамалар енді. Қорғаныс министрлігінің бұл мемлекеттік институтты материалдык ұйымдастыру мәселелерін шешуіне тура келді. Әскери техникалардың қажетті жерге орналасуын, қару – жарақты  және материялдық техникалық мүлікті бақылау қажет болды, өйткені жанадан құрылу кезінде әскери арсеналдарды әр түрлі талан – таражға  түсірудің қорқынышты тенденциялары көрініс берді. Әскери техникаларды ұйымдастыру кезеңінін мерзімдері қатаң анықталды. Үш айдың ішінде КСРО – дан  қалған әскери мұраны қабылдау жүзеге асырылды, әскерлерді тікелей басқарудың жүйесі мен ТМД – ның  қорғаныс министрліктерінің ведомостволарымен өзара байланыстар құрылды. Қазақстан Республикасы әскерлерін қаржылық, материалдық - техникалық және медициналық қамтамасыз ету мәселелері шешілді.

      Осыдан  кейін Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан Республнкасының Қарулы Күштерін құруды 1992 ж. 7 мамырда занды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан өзінін азаматтарының әскери қызмет атқаруынын жағдайы мен тәртібін өз бетімен анықтайды, өз аумағында әскерлердін, қару – жарақтың  және техниканың орналасу мәселесін шешеді.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 66 - бабында  Қазақстан Республикасының Үкіметі  мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық  саясатының оның қорғаныс қабілетінің, кауіпсіздігігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады делінген, ал 36 - бапта (1 - пункт) Қарулы Күштердің қағидалы міндеттерін анықтайды. "Қазақстан Республикасын корғау — оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы" деп көрсетілген.

      Қоғамның  корғалуының тағы бір кепілі Конституциянын 23 – бабы           (2 - пункт) болып табылады, онда арнайы түрде әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлеуге тиіе еместігі айтылған. Осыдан барып карулы күштер, ішкі әскерлер, республикалық гвардия және арнайы қызмет тарапынан мемлекеттік билікке қарсы бағытталған саяси әрекеттер Конституциялық емес деп бағаланды. Ел ішінде армия қоғамдық патриотизм мен бірлікті қолдаудың бастауы ретінде маңызды рөл атқаруы тиіс. Республика Қарулы күштерінің қорғаныс доктринасы мен тұжырымдамасынын жалпы және ең басты белгісі Қазақстанның өзінің мүмкіндігінен шығады және де айналадағы әлемнін шындығына байланысты, оларға қажеттілігіне қарай, түзетулер енгізіледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының әскери саясаты