Қазақстан Республикасының әскери саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 19:06, курсовая работа

Описание

Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері.

Содержание

І. Кіріспе
Қазақстан әскерінің қалыптасу тарихы.

ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
1.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық
ќорғаныстың орны мен рµлі

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясаты.DOC

— 540.00 Кб (Скачать документ)

      Казақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  өзінің "Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих сабақтары және қазіргі  заман" деген баяндамасында былай  деді: "Біздің тәуелсіздігіміздің бес  жылдығында Қазакстан халқының көп жылдық тарихындағы миллиондаған ата-бабаларымыздың бостандык үшін күресі мен құрбандығының нәтижесі бар. Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін өз өмірлерін қиып, құрбан болған жүз мындаған отандастарымызды ұмыта алмаймыз".

      Қазақстан Республикасы өзінің қарулы күштерін құру арқылы соңғы кездері армияны құрудағы біраз проблемаларды шешіп алды. Біріншіден, қарулы күштердің саны, құрамы және әскери қызмет атқарудың мерзімі анықталды. Екіншіден, Ресей Федерациясы мен Қазақстанның және ТМД елдерінін де мүддесіне жауап беретін бірлескен әскери тұжырымдама мен доктринаны білдіретін әскери келісімге қол қойылып, 1994 ж. 29 наурыздағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы достық өзара көмек, бір-бірімен қарым – қатынас  туралы шарт бойынша, әскери – стратегиялық  кеңістікті сақтауды, республикалар арасындағы шекаралардың бұзылмауын толық түрде мойындай отырып, әскери базарларды, полигон және басқа да объектілерді бірлесіп пайдалануға қол жеткізді. Ресей мен Қазақстанның қорғаныс одағы орыс және қазақ халқының көп жылдық достық қатынасына негізделеді.

      Қазақстанның   халқы,   енбекшілері   біздің   карулы күштеріміздің алдында тұрған барлық мәселенін маңызын түсіне отырып, олардың әскери әл – ауқатынын  нығаюы үшін бәрін істеуде. Олар армияның күнделікті өмірін, әскери шеберлікті игеруін, әскердегі барлық болып жатқан жағдайды үлкен қызығушылықпен бақылап отыр. Бұл заңды да. Отан қорғауға дайындалу үстінде, жастар қарулы күштердің және құрамалардың түрлерін, қарулар мен әскери техникаларды, солдаттар мен матростар игеруі керек болатын мамандықтарды, республиканың қарулы күштерінің өзін қалай дайындау керектігін білгісі келеді.

      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштері, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік  шекараны қорғау күштері және ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлері бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

      Артиллериялық бөлімшелер мен бөлімдердің болуы  құрлық әскерлерін дереу күшейтті. Олар өз соққыларымен қысқа уақыттың ішіңде қарсыластардың бөлімшелері мен бөлімдерін түгел жойып жіберуі мүмкін. Біздің армиямыздың артиллериялық бөлімдері мен болімшелерінің қару-жарағында артиллериялық зеңбіректердің әр түрі мен калибрлері, реактивтік артиллерия және түрлі мақсатқа қарай, снарядтар мен миналар болады. Құрлық әскерлерінің артиллериясында зеңбіректер, гаубицалар, реактивтік қондырғылар, жойғыш танкіге қарсы қолданылатын зеңбіректер, минометтер және ұзақ қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Бұл қысқа уақыт ішінде дайындалып, барлық құралдары моторландырылған, оқ атуға қабілетті, әскерлер мен танкілерге еріп жүреді.

      Ғылыми  – техникалық  прогреске байланысты, қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің  маңызы өлшеусіз өсті. Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас әскерлерден терең және жан – жақты  білімді, дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, бұлшық еттің жақсы дайындығын талап ететін қазіргі заманғы техникалармен жарақтанған.

      Инженерлік  әскерлер - құрлық әскерлерінің ұрыс әрекетін және тіршілік әрекетін толығымен камтамасыз етуге арналған. Бірде – бір  әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын камтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдардан өтуді жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Корғаныс кезінде инженерлік әскерлер қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрғызады, бөгеттер жасайды.

      Жаппай  қырып – жоятын  ядролық қарулардың және басқа да құралдардың пайда  болуына байланысты, бұл қару қолданылған жағдайда әскерлерді қорғайтын шаралар қажет болады. Мұндай мәселелерді шешуде химиялық әскерлер маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, олар арнайы машиналармен және приборлармен жабдықталған, бөлімдер мен бөлімшелерді емдеу үшін арнайы материалдармен қамтамасыз етілген. 

      1.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың орны мен рµлі 

      Қарулы  күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ  екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 – ші  жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.

      Ал  мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай  дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.

Сөйтіп  әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары  жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.

      Кеңестер  одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс /АҚ/ - деп аталына бастады. Кеңес  үкіметі 1925 – 1932 жылдары осы Азаматтық  қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту  мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не  төмендегідей міндеттер жүктелді:

      -   әуе шабуылы туралы халыққа  ескерту және қауіптің өткендігін  хабарлау;

      -   әуе шабуылының зардаптарын жою;

      -   бомбадан не газдан, улағыш заттардан  /УЗ/ паналау орындарын дайындау;

      -   зардап шеккен жан - жануарларға  көмек көрсету;

      -  қауіп төнген аудандардағы қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;

      -   ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар  дайындау жұмысын жүргізу;

      -   арнайы   курстарда,   қоғамдық   қорғану   ұйымдарында оқытуды  ұйымдастыру.

      Ұлы Отан соғысы жылдарында бүл істерге  жоғары маңыз  беріліп,   қорғаныс  жасақшылары  саны  жаппай өсіп, 6 млн.- нан асып түсті. Соғыс жылдары бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды [3]. Н.Ә.Назарбаев «біздің тәуелсіздігіміздің 5 жылдығында қазақстан халқының көп жылдық тарихындағы миллиондаған ата – бабаларымыздың бостандық үшін күрес мен құрбандығының нәтижесі бар. Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін өз өмірлерн қиып құрбан болған жүз мыңдаған отандастарымызды ұмыта алмайыз». 

      Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары жалғастырылып жетілдіре берілді.

      Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбысының қолданылуынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға  дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл  жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.

      Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:

      •   Әр   қоғамда   ең, басты,   бағалы   нәрсе – адам. Сондықтан  барлық қорғау шараларында  адамдардың қауіпсіздігін ескеру - негізгі мақсат. Адамдарды қорғай білу - мемлекет үшін маңызды - іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

      •  Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

      Азаматтық қорғаныстың күштеріне  жататындар:

      •   Азаматтық қорғаныс әскерлері.

      •   Ауқымдық не министірліктерге бағынатын  жасақшылар.

      •   Арнайы жасақшылар.

      Басқару орындары:

    •   Қазақ Республикасының Прьемер-министрі

    •   Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы

    •   Төтенше жағдай жөніндегі комиссия

    •   Облыс әкімі

    •   Қала әкімі

    •   Аудан әкімі

    •   Әр мекемедегі бірінші бастық

      Әр  мекеменің бірінші бастығы - Азаматтық  қорғаныстың бастығы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ – дың  зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдында бірден - бір жауапты адам.

      Азаматтық қорғаныс қызметінің жұмысы жергілікті әкімшіліктің облыстық, қалалық, аудандық басшылығымен жүреді [4]. Н.Ә.Назарбаев ЕҚЫҰ – ға қатысушы елдердің парламентарийлері Еуропа өқауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелерін Еуропаның географиялық шет – шекарасынан 2 мың шақырымнан астам жерде талқылауға алғаш рет жиналып отыр.

      Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылымы мемлекеттік  құрылымға сәйкес құрылады. Бұл қызметтің  өзі қолда бар материалдық  жағдайды және адам күшін, оларды негізгі  қызметтерінен айырмай тиімді түрде  пайдалана білу негізіне сүйенеді де, өзіне берілген міндеттерді орындауға бағытталады.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

      Территориялық - дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында ұйымдастырылады.

      Өндірістік - дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардысе басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорғаныстың орындары болады.

      Азаматтық қорғаныс күштеріне:

      •   Азаматтық қорғаныс әскерлері;

      •   Министрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылар;

      •  Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта және жоғарғы оку орнындағы әскери емес жасақшылар (Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар;).

      Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

  • қорғаныс ғимараттарына жасыру;
  • халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
  • жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану;
  • дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;
  • азық - түлікті, суды, мал мен өсімдікті радио - активтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;
  • радиациялық, химиялық, бактериалогиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
  • өрттен  қорғау,   санитарлық - гигиеналық,  эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
  • зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыс пен халықтың өзін - өзі ұстау режимдерін сақтау;
  • адамдарды,   техниканы,   киім   мен   аяқ - киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

      Қорғаныс   ғимараттарына   жасыру   -   халықты   осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан,  сол  сияқты  қауіпті жағдайдан  қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

      Бұл әдіс халықтың әр түрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін  қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды  қарастырады.

      Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру, тек жеке және ұжымдық дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткен де ғана сенімді бола алады.

      Таратып қоныстандыру әдісі АҚ топтарына  жататын қалалардың халқын, яғни жау  шабуылы құралдарының әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте адамдарды қауіп төнген аудандардан дер кезінде алып кетуді және оларға жеке қорғаныс құралдарын кигізіп, радиациядан қорғайтын панаханада жасыру мен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады.

      Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді Үкімет өзі қабылдайды, шешімді орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүзеге асырады.

      Бейбіт  және соғыс уақытындағы төтенше  жағдайлар кезінде, қырып-жою құралдарының қолданылу қауіпі туындағанда тұрғындардың жекелеген бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін. Ертерек болжауға мүмкіндік болмай, адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген кезде шұғыл көшіру жүргізілуі мүмкін. Тұрғындардың жекелеген белігін көшіру туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Көшіру шараларын жоспарлау мен өткізу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен "Көшіру шараларын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес жүргізіледі [5]. Тарих бізге ХХІ ғасырға өркениетті жолмен енге мүмкінді беріп отыр. Кеңестік заманнан кейінгі дамудың қисынын және бұрынғы КСРО халықтарының бірігуге деген ниетін білдіретін Еуразиялық қоғамды құру жөніндегі бастаманың біріктіруші әлеуеті жүзеге асыру, біздің ойымызша, осындай мүмкіндіктің бірі болмақ.

Информация о работе Қазақстан Республикасының әскери саясаты