Қазақстан Республикасының конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:50, реферат

Описание

Конституцияның 47-бабының 1-,2-тармақтарына сәйкес Парламенттiң тиiсiнше Республика Президентiн лауазымнан мерзiмнен бұрын босату туралы шешiм, қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды тиiсiнше Президенттi лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, қызметiнен кетiру туралы мәселенiң қаралуын тоқтатылуына әкелiп соғады. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды тиiсiнше Республика Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселенi қарауды жалғастыруға жол бередi.

Содержание

Кіріспе
Жалпы ережелер.
Негізгі бөлім.
I. Республика Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
II. Республика Конституциялық Кеңесiнiң және оның лауазымды адамдарының құзыретi
III. Конституциялық iс жүргiзу
IV. Республика Конституциялық Кеңесiнiң шешiмдерi
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (6).docx

— 42.19 Кб (Скачать документ)

5. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған республикалық референдум нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi дауыс беру учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) жарамсыз деп танылады. Өткiзiлген референдумды Конституцияға сәйкес деп тану референдум қорытындыларын шығаруды қайта бастауға жол бередi.

6. Конституцияның 47-бабының 1-,2-тармақтарына сәйкес  Парламенттiң тиiсiнше Республика  Президентiн лауазымнан мерзiмнен  бұрын босату туралы шешiм,  қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген  конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды тиiсiнше Президенттi лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, қызметiнен кетiру туралы мәселенiң қаралуын тоқтатылуына әкелiп соғады. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды тиiсiнше Республика Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселенi қарауды жалғастыруға жол бередi.

40-бап. Конституциялық Кеңестің шешімдерін орындау

1. Конституциялық  Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің  орындалу тәртібін және мерзімдерін  белгілей алады.

Егер Конституциялық Кеңестің шешімі мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды талап еткен жағдайда, Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша белгілейді.

2. Конституциялық  Кеңестің шешімін орындау үшін  қолданылған шаралар туралы оған  тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде хабарлайды.

3. Уәкілетті  мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдар қабылданған шешім туралы  Конституциялық Кеңеске міндетті  түрде хабарлай отырып, Конституциялық  Кеңестің шешімдерінде қамтылған  заңнаманы жетілдіру жөніндегі  ұсынымдар мен ұсыныстарды міндетті  түрде қарауға тиіс.

41-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiн жолдау мен жариялау

1. Конституциялық  Кеңестiң қорытынды шешiмдерi:

1) шешiм қабылданғаннан кейiн екi күн iшiнде Конституцияда белгiленген өтiнiш жасау субъектiлерiне немесе олардың өкiлдерiне, сондай-ақ барлық реттерде Республика Президентiне, Парламенттi Палаталарына, Жоғарғы Сотына, Бас Прокурорына, Әдiлет министрiне жiберiледi;

2) республикалық  ресми басылымдарда қазақ және  орыс тiлдерiнде жарияланады.

2. Өзге шешiмдер, қажет болған жағдайда, Конституциялық  Кеңес регламентiмен белгiлеген  реттер мен тәртiпте жарияланады  және тиiстi мемлекеттiк органдар  мен лауазымды адамдарға жiберiледi.

 

Қорытынды және өтпелi ережелер

42-бап. Конституциялық Кеңестiң қызметiн қаржыландыру

Конституциялық  Кеңестiң қызметiн қаржыландыру республикалық  бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

43-бап. Конституциялық Кеңестiң аппараты

Ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультациялық және өзге көмекшi жұмыстарды Конституциялық Кеңестiң  аппараты атқарады, оның қызметi қолданылып жүрген заңдармен, Конституциялық Кеңес  регламентiмен және Конституциялық Кеңестiң аппараты туралы ережемен реттеледi.

44-бап. Конституциялық Кеңестiң нышандары мен мөрi

1. Конституциялық  Кеңес үйiнiң үстiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы iлiнедi.

2. Конституциялық  Кеңестiң мәжiлiс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы және Қазақстан Республикасы Конституциясының басылымы болады.

3. Конституциялық  Кеңес Төрағасының кабинетiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы тұрады.

4. Конституциялық  Кеңестiң Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген  және өз атауы жазылған мөрi болады.

45-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң куәлiктерi

Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiне Республика Президентiнiң қолы қойылған белгiленген үлгiдегi куәлiктер берiледi.

46-бап. Конституциялық Кеңестiң бiрiншi құрамын жасақтау тәртiбi және оның өкiлеттiк мерзiмi

Конституциялық  Кеңестiң бiрiншi құрамын жасақтау тәртiбi және оның өкiлеттiк мерзiмi Республика Конституциясының 97-бабымен белгiленедi.

47-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне ену және қолданылу тәртiбi

Осы Конституциялық заң:

1) жарияланған  күннен бастап күшiне енедi;

2) ол күшiне  енгеннен кейiн пайда болған  даулар мен құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Баянов С.Е Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері.
  2. Интернет желісі.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.30тамыз 1995 ж.7 қазан 1998 өзгертілер мен толықтылулар және 2007 мамыр.

Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде