Қазақстан Республикасының конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:50, реферат

Описание

Конституцияның 47-бабының 1-,2-тармақтарына сәйкес Парламенттiң тиiсiнше Республика Президентiн лауазымнан мерзiмнен бұрын босату туралы шешiм, қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды тиiсiнше Президенттi лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, қызметiнен кетiру туралы мәселенiң қаралуын тоқтатылуына әкелiп соғады. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды тиiсiнше Республика Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселенi қарауды жалғастыруға жол бередi.

Содержание

Кіріспе
Жалпы ережелер.
Негізгі бөлім.
I. Республика Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
II. Республика Конституциялық Кеңесiнiң және оның лауазымды адамдарының құзыретi
III. Конституциялық iс жүргiзу
IV. Республика Конституциялық Кеңесiнiң шешiмдерi
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (6).docx

— 42.19 Кб (Скачать документ)

1) Республика  Президентi сайлауының;

2) Парламент  депутаттары сайлауының;

3) республикалық  референдумның дұрыс өткiзiлгендігi туралы мәселенi шешедi.

2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1), 3) тармақшаларына сәйкес:

1) Парламент  қабылдаған заңдардың Президент  қол қойғанға дейін;

2) Парламент және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың;

3) Республиканың  халықаралық шарттарының олар  ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін қарайды.

3.Конституциялық  Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 4)-5)-тармақшаларына сәйкес:

1) Конституция  нормаларына ресми түсiндiрме;

2) Парламент  тиiсiнше республика Президентiн  мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату  туралы шешiм, Республика Президентiн  қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн - белгiленген  конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi.

4. Конституциялық  Кеңес:

1) егер сот  Конституцияның 78-бабына сәйкес  қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп қараса, Конституцияның 72-бабы 2-тармағына сәйкес соттардың актiнi конституциялық емес деп тану туралы өтiнiштерiн қарайды;

2) Конституцияның 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жiбередi.

18-бап. Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiктерi

Конституциялық  Кеңес:

1) құзыретi  шегiнде барлық мемлекеттiк органдардан,  ұйымдардан құжаттар, материалдар  мен өзге де ақпараттар сұратуға және алуға, сондай-ақ белгiленген тәртiппен сарапшылық және ғылыми-консультациялық жұмысқа мамандар тартуға хақылы;

2) Конституциялық  Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы өтiнiш жасайды және осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

19-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасының өкiлеттiгi

1. Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы:

1) Конституциялық  Кеңес iс жүргiзуге қабылдаған  мәселелердi қарауға даярлықты басқарады;

2) Конституциялық  Кеңестiң отырысын шақырады, iс  жүргiзуге қабылданған мәселелердi олардың қарауына енгiзедi және Конституциялық Кеңестiң отырыстарында төрағалық етедi;

3) Конституциялық  Кеңес мүшелерiнiң мiндеттерiн бөледi, Конституциялық Кеңес мүшелерi мен оның аппаратының жұмысын ұйымдастырады;

4) отырыс  өткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды белгiлейдi;

5) Парламент  Палаталарының бiрлескен отырысында Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы Конституциялық Кеңестiң жолдауын жария етедi;

6) Республика  Президентiнiң талап етуi бойынша  оған елдегi конституциялық заңдылықтың  жайы туралы ақпаратты табыс етедi;

7) Конституциялық  Кеңес отырыстарының шешiмдерi мен хаттамаларына қол қояды;

8) Конституциялық  Кеңестiң бекiтуiне оның регламентiн табыс етедi;

9) Конституциялық  Кеңестiң аппараты туралы Ереженi, бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде - Конституциялық Кеңес аппаратының құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;

10) Конституциялық  Кеңес аппараты қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11) осы Конституциялық  заңға және Конституциялық Кеңес регламентiне сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.

2. Өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы бұйрықтар мен өкiмдер шығарады.

Конституциялық iс жүргiзу

20-бап. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар

1. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар болып  өтiнiштерi бойынша конституциялық iс  қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады:

1) Республика  Президентi;

2) Парламент  Сенатының Төрағасы;

3) Парламент  Мәжiлiсiнiң Төрағасы;

4) өздерiнiң жалпы санының кемiнде бестен бiрi болатын Парламент депутаттары;

5) Премьер-Министрi;

6) Республика  соттары;

7) актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар.

2. Қажет болған  жағдайда конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар Конституциялық Кеңеске өз өкiлдерiн жiбере алады, олардың өкiлеттiгi азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен ресiмделедi.

21-бап. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Конституциялық  iс жүргiзуге қатысушылар өкiлеттiгi шегiнде тең iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады.

2. Конституциялық  iс жүргiзуге қатысушылар:

1) iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардың қысқаша үзiндiлерi мен көшiрмелерiн алуға;

2) дәлелдер  келтiруге, оларды зерттеуге қатысуға және өтiнiштерi мен қарсылықтарының негiзi ретiнде өздерi сiлтеме жасап отырған мәнжайларды дәлелдеуге;

3) конституциялық  iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өздерiнiң дәйектерi мен ойларын Конституциялық Кеңеске айтуға;

4) өтiнiштерiн мәлiмдеуге және мәлiмденген өтiнiштер бойынша өз пiкiрiн айтуға;

5) Конституциялық  Кеңеске ауызша және жазбаша  түсiнiктер беруге хақылы.

3. Конституциялық  iс жүргiзуге қатысушы:

1) өтiнiшi  бойынша конституциялық iс қозғалған қатысушының Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi қабылданатын отырысы басталғанға дейiн өтiнiшiнiң негiзiн өзгертуге, оның көлемiн ұлғайтуға немесе азайтуға, өтiнiшiнен бас тартуға хақылы;

2) соның актiлерiне  орай конституциялық iс қозғалған қатысушының өтiнiшiнде мәлiмделген талаптарды толық немесе iшiнара мойындауға не оларға қарсылық бiлдiруге хақылы.

4. Конституциялық  iс жүргiзуге қатысушылар:

1) өз құқықтарын  адал пайдалануға мiндеттi. Олардың Конституциялық Кеңеске көрiнеу жалған мәлiметтер хабарлауы немесе Конституциялық Кеңес талап еткен құжаттарды, материалдар мен өзге де ақпаратты бермеуi Конституциялық Кеңестi құрметтемеу ретiнде бағаланады және заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады;

2) Республика  Конституциясына, Конституциялық  Кеңеске, оның талаптарына және  Конституциялық Кеңесте қабылданған  рәсiмдерге құрметпен қарауға;

3) төрағалық  етушiнiң отырыс тәртiбiн сақтау  туралы өкiмдерiне бағынуға мiндеттi.

22-бап. Конституциялық Кеңеске өтiнiш берудiң нысаны мен мазмұны

1. Конституциялық  Кеңеске өтiнiш жазбаша түрде берiледi.

2. Өтiнiште мыналар көрсетiлуге тиiс:

1) Конституциялық  Кеңестiң атауы;

2) өтiнiш жасаушының  атауы,тұрғылықты жерi, мекен-жайы және ол туралы өзге де қажеттi деректер;

3) өтiнiш жасаушының өкiлiнiң атауы, мекен-жайы және қызметi бойынша өкiлдiктi қоспағанда, оның өкiлеттiгi туралы өзге де деректер;

4) егер өтiнiште  оларды өткiзудiң дұрыстығы туралы  мәселе қойылған ретте, Президент,  Парламент депутаттары сайлауын  және республикалық референдум  өткiзуге байланысты актiлерге  қол қойған немесе оларды шығарған  мемлекеттiк органдардың, лауазымды  адамдардың атауы, тұрғылықты жерi және мекен-жайы;

5) егер өтiнiште  Парламент қабылдаған заңдардың  Республика Конституциясына сәйкестiгi  туралы мәселе қойылған ретте, заңдардың атауы, қабылданған күнi;

5-1) егер өтініште  Парламент және оның Палаталары  қаулыларының Республика Конституциясына  сәйкестігі туралы мәселе қойылған  жағдайда Парламент және оның  Палаталары қаулыларының атауы,  қабылданған күні;

6) егер өтiнiште  Республиканың халықаралық шарттарының  Конституцияға сәйкестiгi туралы мәселе қойылған ретте, Республиканың халықаралық шарттарының, Қазақстан Республикасы немесе оның мемлекеттiк органдары атынан оларға қол қойылған лауазымды адамдардың аты, оларға қол қойылған күн мен орын;

7) өтiнiште  ресми түсiндiрме беру туралы  мәселе қойылып отырған Республика Конституциясының нормалары;

8) егер соттың  ұсынысында актiнi конституциялық  емес деп тану туралы мәселе  қойылса, егер сот қолданылуға  жататын заң немесе өзге де  нормативтiк құқықтық акт адам  мен азаматтың Конституцияда  баянды етiлген құқықтары мен  бостандықтарына қысым жасайды  деп таныса, актiге қол қойған  немесе оны шығарған мемлекеттiк  органның, лауазымды адамның аты,  тұрғылықты жерi мен мекен-жайы, заңның немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнiң атауы, нөмiрi, қабылданған күнi, жарияланған көздер және өзге де реквизиттер;

9) Конституцияның 47-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент  құрған комиссияның атауы, құрамы және оның қорытындысы; Республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметтен босату туралы мәселенi Парламенттiң қарауына байланысты актiлердiң атауы, қабылданған күнi және мазмұны;

10) Президенттi қызметтен кетiру туралы мәселенi  қозғауға түрткi болған депутаттардың саны туралы мәлiметтер; Парламент Палаталарында дауыс берудiң нәтижелерi туралы мәлiметтер; Президентке қарсы тағылған айыпты тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтер; тағылған айыптың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Соттың қорытындысы жөнiндегi мәлiметтер; Республика Президентiн қызметтен кетiру туралы мәселенi Парламенттiң қарауына байланысты актiлердің атауы, қабылданған күнi және мазмұны;

11) өтiнiштiң мәнi;

12) өтiнiш  жасауға негiз болатын және оның негiздiлiгiн растайтын өзге де деректер, мән-жайлар мен айғақтар;

13) Республика  Конституциясы мен осы Конституциялық  заңның Конституциялық Кеңеске  өтiнiш жасау құқығын беретiн нормалары;

14) қоса тiркелiп отырған құжаттар тiзбесi.

3. Өтiнiшке  тиiстi субъект қол қоюға тиiс, ал Конституциялық Кеңеске сот өтiнiш жасаса, оған тиiстi соттың төрағасы қол қояды.

4. Өтiнiшке мыналар қоса тiркеледi:

1) Өтiнiш берген субъектiлер сiлтеме жасаған актiлер мәтiндерiнiң көшiрмесi;

2) өкiлдiк  лауазым бойынша жүзеге асырылатын  жағдайдан басқа реттерде өкiлдiң өкiлеттiгi туралы құжаттар;

3) он дана мөлшерiнде өтiнiш пен оның қосымшаларының көшiрмесi.

5. Конституциялық iс жүргiзу тiлдерiнде жазылмаған  құжаттарға олардың қазақша немесе орысша аудармалары қоса тiркелуге тиiс.

23-бап. Конституциялық Кеңеске өтiнiш берудiң салдарлары

Конституциялық  Кеңеске төменде көрсетiлген мәселелер бойынша өтiнiш жасалған ретте:

1) Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасында  көрсетiлген Президенттiң қызметiне кiрiсуi, Парламенттiң сайланған депутаттарын тiркеу не республикалық референдумның қорытындыларын шығару тоқтатыла тұрады;

2) Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 3)-тармақшаларында  көрсетiлген тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекiту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады;

3) Конституцияның 78-бабында көрсетiлген iс жүргiзу тоқтатыла тұрады.

24-бап. Конституциялық Кеңестiң өтiнiштердi қарау мерзiмдерi

Конституциялық  Кеңес iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарап, өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде ол жөнiнде қорытынды шешiм шығарады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн.

25-бап. Өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдау немесе оны қабылдаудан бас тарту

Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы келiп түскен өтiнiштi Конституциялық Кеңестiң қарауына енгiзедi, оның отырысы ол келiп түскен күннен бастап үш күн мерзiмде өткiзiледi. Конституциялық Кеңес өтiнiштi тексерiп, егер

1) өтiнiш осы  Конституциялық заңда белгiленген өтiнiш нысаны мен мазмұнына сәйкес келмесе немесе тиiстi субъектiден туындамаса;

2) өтiнiштiң мәнi Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпаса;

3) өтiнiште  көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын  Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп  қойған болса және Конституциялық  Кеңестiң заңды күшiн сақтайтын шешiмi бар болса;

4) өтiнiште  көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса;

5) конституциялығы  талас тудырып отырған акт  тоқтатылған немесе күшiн жойған болса, өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартып, оны қайтарып бередi.

26-бап. Iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi Конституциялық Кеңестiң отырысында қарау үшiн материалдар әзiрлеу тәртiбi

1. Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы өз өкiмiмен Конституциялық Кеңестiң отырысына материалдар әзiрлеудi жүзеге асыратын Конституциялық Кеңестiң мүшесiн белгiлейдi. Келiп түскен өтiнiштiң айрықша күрделiлiгiне, не оның аса маңыздылығына немесе жеделдiгiне орай материалдарды әзiрлеу Конституциялық Кеңестiң бiрнеше мүшесiне тапсырылуы мүмкiн.

2. Бiр-бiрiмен өзара байланысты бiрнеше өтiнiш келiп түскен жағдайда Конституциялық Кеңес оларды бiр конституциялық iске бiрiктiру туралы шешiм қабылдай алады. Бiр-бiрiмен өзара байланысты бiрнеше өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешкен кезде олардың бiрi - Конституциялық Кеңестiң, ал басқалары өзге мемлекеттiк билiк органдарының қарауына жататын болса, Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жататын өтiнiштер ғана қаралуға тиiс.

Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде