Қазақстан Республикасының конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:50, реферат

Описание

Конституцияның 47-бабының 1-,2-тармақтарына сәйкес Парламенттiң тиiсiнше Республика Президентiн лауазымнан мерзiмнен бұрын босату туралы шешiм, қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды тиiсiнше Президенттi лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, қызметiнен кетiру туралы мәселенiң қаралуын тоқтатылуына әкелiп соғады. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды тиiсiнше Республика Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселенi қарауды жалғастыруға жол бередi.

Содержание

Кіріспе
Жалпы ережелер.
Негізгі бөлім.
I. Республика Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
II. Республика Конституциялық Кеңесiнiң және оның лауазымды адамдарының құзыретi
III. Конституциялық iс жүргiзу
IV. Республика Конституциялық Кеңесiнiң шешiмдерi
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (6).docx

— 42.19 Кб (Скачать документ)

3. Iс жүргiзуге  қабылданған өтiнiш бойынша Конституциялық  Кеңестiң мүшесi Конституциялық  Кеңес отырысының қарауына Төраға белгiлеген мерзiмде материалдар әзiрлеуге мiндеттi, бұл үшiн ол:

1) конституциялық iс жүргiзуге қатысушыларды белгiлейдi, оларға осы Конституциялық заңда көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

2) өтiнiштiң  мәнiне қатысы бар қажеттi құжаттар  мен өзге де ақпаратты талап етiп алдырады;

3) қажет болған  жағдайда тиiстi лауазымды адамдарға сұрау салады, ғалымдарды, практикалық қызметкерлердi мамандар, сарапшылар ретiнде тартып, тексерулер, зерттеулер жүргiзудi, сараптама жасауды тапсырады;

4) отырыстың  басталуынан кемiнде екi күн бұрын Конституциялық Кеңестiң мүшелерiне материалдардың көшiрмелерiн берудi қамтамасыз етедi;

5) Конституциялық  кеңес шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi;

6) өтiнiштiң тиiсiнше қаралуын қамтамасыз ету жөнiнде өзге де әрекеттер жасайды.

4. Әзiрлiк  жұмысы аяқталғаннан кейiн Конституциялық  Кеңестiң Төрағасы өз өкiмiмен Конституциялық Кеңес отырысының күнiн белгiлейдi, онда өтiнiште қойылған мәселелердiң мән-жайы қаралады.

27-бап. Конституциялық Кеңестiң iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарау жөнiндегi отырысын өткiзу тәртiбi

1. Конституциялық  Кеңес өтiнiштердi Конституциялық  Кеңес Төрағасының төрағалық етуiмен отырыста қарайды.

2. Белгiленген  уақытта Төраға:

1) отырысты  жүргiзу үшiн Конституциялық Кеңес  мүшелерiнiң санының жеткiлiктiлiгiне  және хаттамаға түсiрудiң қамтамасыз етiлгендiгiне көз жеткiзедi;

2) Конституциялық  Кеңестiң отырысын ашық деп жариялайды;

3) қаралуға тиiс мәселелердi оқып шығады;

4) отырысқа шақырылған қатысушылардың, мамандардың, сарапшылардың бар екендiгi туралы және қатыспағандардың келмей қалу себептерi туралы хабарлау үшiн Конституциялық Кеңестiң мүшесiне баяндамашыға сөз бередi;

5) конституциялық iс жүргiзуге қатысушыларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

6) отырысқа қатысушылардан оларда ұсыныстардың бар-жоғы туралы сұрайды, оларды Конституциялық Кеңестiң шешуiне қояды;

7) қаралуға тиiс мәселелердi қараудың басталуы туралы жариялайды.

3. Әрбiр мәселенi қарау Конституциялық Кеңес мүшесiнiң баяндамашының сөзiнен басталады, ол мәселенiң мән-жайын, оның қаралу себебi мен негiзiн, қолда бар материалдардың мазмұнын баяндап бередi. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi оған нақтылау үшiн сұрақ қоюға хақылы.

4. Өтiнiш субъектiлерi, сондай-ақ актiлерi мен әрекеттерiнiң  конституциялылығы, сондай-ақ конституциялық  рәсiмдердi сақтауы тексерiлетiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерi мен лауазымды адамдар (олардың өкiлдерi) қажет болған жағдайда өздерiнiң қалауы бойынша не Конституциялық Кеңестiң талабы бойынша Конституциялық Кеңестiң iс жүргiзуге қабылданған өтiнiш қаралатын отырысына қатыса алады. Қажет болған жағдайда конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың, сарапшылардың, мамандар мен басқа да шақырылған адамдардың түсiнiктемелерi мен сөздерi тыңдалуы мүмкiн.

5. Егер мәселе  жеткiлiктi түрде айқындалған болса,  Төраға қорытынды шешiмдi талдап жасау үшiн Конституциялық Кеңес мүшелерi мәжiлiсiнiң ашылуы туралы жариялайды. Мәжiлiс кезiнде бөгде адамдардың қатысуына жол берiлмейдi. Мәжiлiс кезiнде болған пайымдауларды, дауыс беру барысы мен нәтижелерiн жария етуге тыйым салынады. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi мәжiлiс барысында қаралып отырған мәселе бойынша жеке көзқарасын еркiн айтып, Конституциялық Кеңестiң басқа мүшелерiнен өздерiнiң көзқарастарын нақтылауды сұрай алады.

28-бап. Конституциялық Кеңестiң отырысын хаттамаға түсiру

1. Конституциялық  Кеңестiң отырысы хаттамаға түсiрiледi және қажеттiгiне қарай стенограммаға түсiрiледi.

2. Конституциялық  Кеңес отырысының хаттамасы конституциялық  iс жүргiзу тiлiнде жүргiзiледi.

3. Конституциялық  Кеңес отырысының хаттамасын  жүргiзу тәртiбiн, оның мазмұнына  қойылатын талаптарды, сондай-ақ  Конституциялық Кеңес отырыстары  хаттамасын жүргiзудiң өзге де  мәселелерiн Конституциялық Кеңестiң Төрағасы айқындайды.

29-бап. Конституциялық iс жүргiзу тiлi

1. Конституциялық  iс жүргiзу, Конституциялық Кеңес қабылдайтын шешiмдер қазақ не орыс тiлдерiнде жүзеге асырылып, жазылады.

2. Конституциялық  iс жүргiзу тiлiн меңгермеген конституциялық iс жүргiзуге қатысушы адамдарды Конституциялық Кеңес олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аудармамен қамтамасыз етедi.

30-бап. Конституциялық iс жүргiзудi тоқтату

1. Конституциялық iс жүргiзу кез келген сатыда, бiрақ қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн мынадай реттерде:

1) субъект  өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартса;

2) конституциялылығы  талас тудыратын актiлер күшiн  жойса немесе заңдық күшiн жойса;

3) мәлiмделген  өтiнiш Конституциялық Кеңестiң  қарауына жатпаса тоқтатылуға тиiс.

2. Конституциялық  Кеңестiң мәлiмделген өтiнiш бойынша конституциялық iс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмi өтiнiш субъектiсiн Конституциялық Кеңеске осы негiздер бойынша қайтадан өтiнiш беру мүмкiндiгiнен айырады.

Республика Конституциялық Кеңесiнiң шешiмдерi

31-бап. Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң түрлерi

1. Конституциялық  Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады.

2. Конституциялық  Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық  Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн  жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер  және Конституциялық Кеңестiң  өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын  басқа да шешiмдер болып бөлiнедi.

32-бап. Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң нысаны

Конституциялық  Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:

1) Қазақстан  Республикасының қолданылып жүрген  құқығының құрамдас бөлiгi болып табылатын қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;

2) қорытындылар;

3) жолдаулар.

33-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмдер қабылдауы

1. Конституциялық  Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды.

2. Конституциялық  Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды.

3. Егер шешiм  қабылдау кезiнде Конституциялық  Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең  бөлiнген болса, Конституциялық  Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес Төрағасының орнын оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңестiң тиiстi мүшесi ауыстырған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесiнiң қатысуымен қайтадан дауыс беру өткiзiледi.

4. Конституциялық  Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның  отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ.

5. Конституциялық  Кеңес қабылдаған шешiмдер оларға Төраға қол қойғанға дейiн дауыс беруге қатысқан Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң қолдарымен алдын ала расталады.

34-бап. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң ерекше пiкiрi

Конституциялық  Кеңестiң қорытынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы.

35-бап. Конституциялық Кеңестiң қосымша шешiмi

1. Конституциялық  Кеңес мына жағдайларда қосымша  шешімдер қабылдайды, егер:

1) Конституциялық  Кеңестің шешіміне түсіндірме  беру туралы мәселе қойылса. Мұндай жағдайда қосымша шешім конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не Конституциялық Кеңестің қорытынды щешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша қабылданады;

2) Конституциялық  Кеңестің шешімінде жіберілген  редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса. Мұндай жағдайда Конституциялық Кеңес қосымша шешімді өз бастамасы бойынша қабылдайды.

2. Қосымша  шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.

3. Қосымша  шешiмдi Конституциялық Кеңес отырысында қабылдайды, отырысты өткiзу тәртiбi Конституциялық Кеңестiң регламентiмен белгiленедi.

36-бап. Конституциялық Кеңестің шешімін қайта қарау

1. Конституциялық  Кеңестің шешімін ол Қазақстан  Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мына жағдайларда, егер:

1) қабылданған  шешімге негіз болған Конституция  нормасы өзгерсе;

2) өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы мүмкін.

2. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін.

3. Шешімді  қайта қарау туралы Конституциялық  Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы  осы шешімнің күшін жояды.

4. Қорытынды  шешім қайта қаралған жағдайда  Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен осы мәселе бойынша жаңа отырыс өткізудің күні мен тәртібін белгілейді.

37-бап. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiнiң мазмұны

Конституциялық  Кеңестiң қорытынды шешiмiнде:

1) оның атауы,  шығарылған күнi мен орны;

2) оны шығарған  Конституциялық Кеңестiң құрамы;

3) өтiнiш жасаушы субъектiлер мен олардың өкiлдерi;

4) өтiнiштiң мәнi;

5) Конституция  мен осы Конституциялық заңның  Конституциялық Кеңестiң iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарау құқығын белгiлейтiн нормалары;

6) Конституциялық  Кеңес анықтаған мән-жайлар;

7) жарияланған  немесе алынған көздерi көрсетiле отырып, конституциялылығы тексерiлген актiнiң атауы;

8) лауазымды  адамдардың конституциялылығы тексерiлген шешiмдерi;

9) Президент  сайлауын, Парламент депутаттары  сайлауын немесе республикалық  референдум өткiзудiң дұрыстығы тексерiлген учаскелер, округтер, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер;

10) ресми  түсiндiрме беруге ұшыраған Конституция нормасының (нормаларының) мазмұны;

11) конституцияның 47-бабының 1, 2 тармақтарында белгiленген, сақталуы тексерiлген рәсiмдер;

12) Конституциялық  Кеңес ұйғарған шешiм пайдасына келтiрiлген дәлелдер;

13) Конституциялық  Кеңес басшылыққа алған Конституция нормалары;

14) шешiмнiң тұжырымы;

15) шешiмнiң орындалу және жариялану тәртiбi мен мерзiмi;

16) шешiмнiң түпкiлiктiлiгi көрсетiлуге тиiс.

38-бап. Конституциялық Кеңес шешiмiнiң заңдық күшi

1. Конституциялық  Кеңестiң қорытынды шешiмi ол  қабылданған күннен бастап күшiне  енедi, Республиканың барлық аумағында  жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Өзге шешiмдердiң күшiне ену тәртiбiн Конституциялық Кеңес белгiлейдi.

2. Конституциялық  Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде Республика Президентiнiң қарсылықтары енгiзiлуi мүмкiн, олар:

1) Президент  шешiмiнiң мәтiнiн алған күннен  бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi;

2) Конституциялық  Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi.

3. Республика  Президентiнiң қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi және конституциялық iс жүргiзу тоқтатылады.

39-бап. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмдерiн қабылдау салдарлары

1. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Республика заңдары мен халықаралық шарттарына қол қоюға не тиiсiнше бекiтуге және күшiне енгiзуге болмайды. Заңдарды Конституцияға сәйкес деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң өтуiн жаңартады. Республиканың халықаралық шарттарын Конституцияға сәйкес деп тану оларды бекiту процесiн жаңартады.

2. Конституциялық  емес, оның ішінде адамның және  азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер заңдық күшiнен айрылады, қолданылуға жатпайды және олардың күші жойылады. Мұндай заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiге негiзделген соттардың және өзге құқық қолданушы органдардың шешiмдерi орындалуға жатпайды.

3. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Республика Президентiнiң сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi сайлау учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде) жарамсыз деп танылады. Президент сайлауын Конституцияға сәйкес деп тану сайланған Республика Президентiн тiркеуге жол бередi.

4. Конституцияға сәйкес келмейдi деп танылған Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және сайлау округтерiнде жарамсыз деп танылады. Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес деп тану сайланған депутаттарды тiркеуге жол бередi.

Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде