УМК кәсіпкерлік құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 07:31, контрольная работа

Описание

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу барысында және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы кәсіпкерлік құқық мазмұнын құрайды. Сондай-ақ мұнда коммерциялық емес қатынастарды және мемлекет пен қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын реттеу шараларынан туындайтын қарым-қатынастарды да қосуға болады. Кәсіпкерлік құқық аясындағы қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық сынды қағидаларға негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

УМК кәсіпкерлік құқық.doc

— 598.00 Кб (Скачать документ)

              Шартты едәуір бұзу – тараптардың біреуі шартты бұзып, ол екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға әкеп соқса;

              Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету шаралары – негізгі міндеттемені орындауға борышқорды ынталандыратын арнайы шаралар;

              Айып төлеу – міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте борышқордың несие берушіге төлеуге міндетті, заңнамада немесе шартпен белгіленген ақша сомасы;

              Кепіл – несие берушінің (кепіл ұстаушының) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан осы кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттеме;

              Кепіл түрлері – 1) кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір тараптың иелігенде және пайдалануында қалатын кепіл түрі; 2) кепілге салынған мүлікті кепіл кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі.

Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемінің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома;

Баға – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер құнының ақшалай көрінісі;

Арбитр – дауды шешу үшін тараптар таңдаған не халықаралық коммерциялық арбитраж туралы Заңына сәйкес тараптар келіскен тәртіпте тағайындалған жеке тұлға;

Іскерлік айналым ережелері – белгілі-бір құжатта бекітілген-бекітілмегеніне қарамастан азаматтық құқық саласында кеңінен қолданылып, қалыптасқан және құқыққа қайшы емес жүріп-тұру ережелері;

Шығын – құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайындаоның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары; 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу-әдістемелік кешені

«Әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер» кафедрасының

отырысында талқыланды

хаттама №__ __ __ _____

оқу-әдістемелік кешені

ҚазИТУ-дың оқу–ғылыми

әдістемелік кеңесінің

отырысында мақұлданды.

 

Хаттама № __ __ __ _____

 

 

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша

 

 

 

 

 

 

Қуанышлва Ә.З

 

 

 

 

 

 



Информация о работе УМК кәсіпкерлік құқық