қыпшақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:08, аттестационная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, бүгінгі немесе қазіргі орын алып отырған қандай да бір билікке жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен, қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.

Содержание

КІРІСПЕ………3
1 ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Қыпшақ тайпаларының шығу тегі және «қыпшақ» этнонимінің мәні мен мағынасы……..11
1.2 Қыпшақ хандығының құрылуы, мемлекеттік құрылысы және олардың ру-тайпалық құрамы…..20
2 ҚЫПШАҚТАР МЕН ХОРЕЗМ МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
2.1 Хорезм мемлекеті және олардың қыпшақтармен байланысы (ХІ-ХІІ ғасырлар)…….31
2.2 Моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы қыпшақ және Хорезм арасындағы саяси қарым-қатынастары тарихы……….43
ҚОРЫТЫНДЫ………..55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……58

Работа состоит из  1 файл

ЖОСПАР.docx

— 26.83 Кб (Скачать документ)

 

ХІХ ғасырдың орта шенінде Н.Я. Бичуриннің (Якинф) қытай              жазба ескерткіштерінің ертедегі Орталық Азия халықтары туралы    мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды [16]. Онда түркі тайпалары, соның ішінде қыпшақтар       тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Сонымен қатар, қазақ халқының шежіресін жазған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбегінің                де қыпшақ тайпаларының Хорезмшахтарымен жүргізген соғыстары, экономикалқ байланыстары туралы мәліметтерінің деректік маңызы                зор [17].

 

Диплом жұмысының мақсаты. Қазақ халқының негізгі ұйытқысы болған қыпшақ тайпаларының шығу тегі, мемлекеттілік мәселелері,           әсіресе зерттеу жұмысымызға  арқау болып отырған Хорезм мемлекеті  арасындағы саяси қатынастар тарихын  зерттей отырып, аталған         мәселелерді терең меңгеру және қыпшақтардың орта ғасырлардағы Қазақстан тарихында алатын орнын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін, ізденуші диплом жұмысын жазу барысында алдына төмендегідей міндеттерді       шешуді көздейді:

 

1) Тақырыптың деректік  қорын анықтау, жүйелеу және  оларды терең меңгеру;

 

2) Қыпшақтар мәселесі бойынша  және олардың көрші мемлекеттермен  арада жүргізілген этносаяси,  экономикалық, мәдени қарым-қатынастары туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген тарихшы-ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау, яғни мәселенің тарихнамасына көңіл аудару;

 

3) Дерек және зерттеу  еңбектеріне сүйене отырып, қыпшақ  тайпаларының шығу тегін айқындау;

 

4) Қыпшақ хандығының құрылуы  мәселесін қарастыру;

 

5) Қыпшақ конфедерациясының   құрамына   кірген   ру-тайпалардың

 

тізімін анықтап, олардың  мемлекеттің иерархиялық реттік орны бойынша орналасуын анықтау;

 

6)  Хорезм мемлекетінің  қалыптасуы мен күшеюі кезеңіндегі саяси тарихын қарастыру;

 

7)  ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында Орта Азияда ең күшті мемлекет болған Хорезмшахтары мен қыпшақтар арасындағы қарым-қатынастар тарихына, оның себептері мен нәтижелеріне талдау жасау.

 

Диплом жұмысының мерзімдік  шегі Қыпшақтардың сир (Орхон-Енисей ескерткіштерінде)) немесе сеяньто (қытай деректерінде) атауымен тарих сахнасына шыққан ҮІ ғасырлардан басталады. Бұл кездегі             олардың тарихы Орталық Азияда  болып жатқан этносаяи оқиғаларға        белсене араласа бастауымен сипатталады. Атап айтар болсақ, түріктермен, ұйғырлармен, қытайлармен терезесі тең саяси қатынастар жасау        тұрғысынан айқындалды. ҮІІІ ғасырда Қазақстан территориясына        түпкілікті қоныстанған қыпшақтар Қимақ конфедерациясының құрамына кіріп, ХІ ғасырда өз мемлекетін құрды. Шығыста Ұлы Қытай қорғанынан батыста Дунайға дейінгі Ұлы Далада өмір сүрген көптеген түркі тілдес тайпалармен ассимилияцияға түскен қыпшақтар, Еуразия континентіндегі халықтар тарихына айшықты ізін қалдырды. Жұмыс барысында            жоғарыда айтқан ҮІ ғасырдан бастап, зерттеу жұмысымыздың негізгі өзегіне айналып отырған ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы Қыпшақ-Хорезм мемлекеттері арасындағы этносаяи, шаруашылық-экономикалық және мәдени байланыстарды қарастырып, Шыңғыс хан шапқыншылығы нәтижесінде Қыпшақ хандығы және Хорезм мемлекеті құлаған ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.

 

Дилпом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден (онда тақырыптың өзектілігі, тарихнамасы, деректік негіздері, зерттеу барысында ізденушінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері анықталды), екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Қорытынды бөлімде жұмысты  жазу барысында қол жеткізген  нәтижелер мен ой-тұжырымдардың жиынтығы қысқаша баяндалып өтілді, яғни жұмыс қорытындыланды


Информация о работе қыпшақ