қыпшақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:08, аттестационная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, бүгінгі немесе қазіргі орын алып отырған қандай да бір билікке жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен, қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.

Содержание

КІРІСПЕ………3
1 ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Қыпшақ тайпаларының шығу тегі және «қыпшақ» этнонимінің мәні мен мағынасы……..11
1.2 Қыпшақ хандығының құрылуы, мемлекеттік құрылысы және олардың ру-тайпалық құрамы…..20
2 ҚЫПШАҚТАР МЕН ХОРЕЗМ МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
2.1 Хорезм мемлекеті және олардың қыпшақтармен байланысы (ХІ-ХІІ ғасырлар)…….31
2.2 Моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы қыпшақ және Хорезм арасындағы саяси қарым-қатынастары тарихы……….43
ҚОРЫТЫНДЫ………..55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……58

Работа состоит из  1 файл

ЖОСПАР.docx

— 26.83 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР:

 

КІРІСПЕ………3

1 ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ  ТАРИХЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Қыпшақ тайпаларының  шығу тегі және «қыпшақ» этнонимінің мәні мен мағынасы……..11

1.2 Қыпшақ хандығының құрылуы,  мемлекеттік құрылысы және олардың  ру-тайпалық құрамы…..20

2 ҚЫПШАҚТАР МЕН ХОРЕЗМ  МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

2.1 Хорезм мемлекеті және  олардың қыпшақтармен байланысы  (ХІ-ХІІ ғасырлар)…….31

2.2 Моңғол шапқыншылығы  қарсаңындағы қыпшақ және Хорезм  арасындағы саяси қарым-қатынастары тарихы……….43

ҚОРЫТЫНДЫ………..55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……58

 

КІРІСПЕ

 

   Тақырыптың өзектілігі. Тарих дегеніміз халықтың зердесі.  Ол болып өткен, оны түзете  алмайсың және жақында ғана  жасалып келгеніндей, бүгінгі  немесе қазіргі орын алып отырған  қандай да бір        билікке жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен, қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.

 

Қазақ халқының тарихы, оның мемлекеттілігінің тарихы ерте         кезеңнен басталып, үйсін, қаңлы мемлекеттік  үрдісінен кейін Батыс                 Түрік, Түркеш қағанаттары, Оғыз, Қыпшақ және тағы басқа да             хандықтар жалғастырған болатын. Бұлардың барлығының мемлекеттік құрылымы, мемлекет басқару жүйесі, этномәдениеті мен салт-                  дәстүрі, шаруашылығы бір-біріне аса ұқсас болды. Ежелгі түркілердің мемлекеттік біртұтас, бір-бірімен сабақтас үрдісі қазірге дейін үзілмей       келеді.

 

Таяу және Қиыр Шығыстың ежелгі өркениеттерінің тұрғындарын солтүстік далалардан келетін хабарлар ерекше толғандырып үрейлендіретін. Бізге дейін жеткен ежелгі заман жазбаларындағы аңыздарда олар               туралы өздеріне Ұлы далада өмір сүрген кентаврлар, қаһарлы салт аттылар туралы әңгімеледі. Библияда олар гогтар және магогтар, қасиетті Құран-кәрімде – йаджуд және маджуд, ал Қытай аңыздарында – жұндар, дилер, сюннулар немесе динлиндер деп аталды. Бұлардың барлығы үнемі оңтүстіктегі жер өңдеушілерге жолындағыны жайпап өтетін апат, үлкен жұт ретінде елестеді.

 

Далалықтар немесе көшпенділердің алдындағы қорқыныштың     күштілігі соншалық, олардан солтүстік пен батыс бағыттарынан               қорғану мақсатында еңбекқор қытайлықтар б.з.б. ІІІ ғасырда Ұлы              Қытай қорғанын тұрғызды. Алайда тарихтың өзі куә болғанындай            ешқандай да дуалдың көшпенділерді тоқтата алмағандығын көрсетті.          Бірақ, тарих тағы да мына нәрсені анық көрсетті, ол дала тұрғындары         өздері құрамдас бөлігі болып табылатын адамзаттың барлығын қырып-        жоюға ешқашан ұмтылмағандығы. Бұны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтарының әлемдік өркениетке қосқан үлестерін дәлелдеу арқылы жалпы түріктік                    рухани негіздегі қасиетті қазыналар жасалған, – деп  анық та айқын               атап көрсете келе, – қазақ халқы осы жерге әлдеқалай отаршылдық            немесе басқыншылық жолмен келмеген. Қазақтардың тарихи тек-             тамыры мейлінше тереңде. Ондай тек-тамыр алғашқы Қазақ хандығы құрылған кезеңмен әсте шектелмейді. Қазақтардың тарихи тұрақтылығы,        төл этногенетикалық аумағына бауыр басуы әртүрлі тарихи кезеңдерде айрықша рөл  атқарған» [1], – деген пікір айтып, қазақ халқы көнеден           келе жатқан, бірнеше мыңдаған жылдық тарихы, мәдениеті, тілі бар ұлт ретінде қарастырады. Әрине, оның бір шеті біздің диплом жұмысымызға арқау болып отырған қыпшақтарға барып тіреледі. Бұдан шығатын қорытынды, түркі халықтары, соның ішінде қыпшақтар адамзат өркениетінің бір бөлігі болып табылады және оған белгілі дәрежеде өз үлестерін            қосты,  оны байытты.

 

Ерте ортағасырларда, ХІ ғасырдан бастап тарихшыларға парсы       тіліндегі Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы) деген атпен мәлім Ұлы           Даланың орталық бөлігі айрықша танымал болды. Олар Ежелгі               Русьпен, Жетісудағы Қарахан мемлекетімен және біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі зерттеу объектісі болып отырған Орта Азиядағы Хорезм мемлекетімен саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар орнатты. Екі елдің арасындағы байланыстар бірде бейбіт, бірде шиеліністі жағдайда болғанымен, ХІІІ ғасырдың басында қыпшақтардың белгілі бір бөлігі Хорезм шахының билігін мойындауға мәжбүр болды. Ал екі мемлекеттің арасындағы ұзаққа созылған талас-тартыс 1219 жылы Шыңғысханның жасаған шапқыншылығынан тоқтады, яғни бір-                бірімен соғысып жүргенде Шығыстан келген моңғолдардың оңай олжасына айналды.

 

Алайда, қыпшақтар Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс және Орталық  Еуропаға жаппай баса көктеп енген  моңғолдардың түркілену процесінде ерекше рөл атқарды. Олар қазіргі көптеген түркі тілдес халықтардың қалыптасуына негіз болды, атап айтсақ – татарлар, башқұрттар,              өзбектер, қырғыздар, қарақалпақтар, оңтүстік алтайлықтар және т.б. Әрине, қазақ халқының этногенезінде, оның халық болып қалыптасуында қыпшақтардың алар орны айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар, біздің тіліміздің, мәдениетіміздің қалыптасуына да қыпшақтар маңызды рөл атқарды. Осының өзі, біз қарастырып отырған тақырыптың, яғни                   орта ғасырлардағы қыпшақтар мәселесінің, нақтылап айтқанда ХІ-                 ХІІІ ғасырлардағы Қыпшақ-Хорезм қарым-қатынастыры отандық тарихнамада аса маңызды, аса күрделі, әрі өзекті тақырыптардың бірі         болып табылады. Себебі, осы проблеманы қарастыра отырып, біз              моңғол шапқыншылығы алдындағы Қазақстан мен Орта Азияда                  болып жатқан саяси процестерді, моңғолдардың аталған аймақтарды             неге оңай жаулап алғандығын терең әрі жан-жақты түсінуге септігі мол.          Ал бұның өзі, жоғарыда айтып өткеніміздей халқымыздың төл тарихын         білу деген сөз

 

Тақырыптың зерттелу деңгейі (тарихнамасы). Қыпшақтар              және олардың Хорезм мемлекетімен қарым-қатынастары мәселесі    турасында алғашқы зерттеулер ХҮІІІ ғасырда орын алды. Әлбетте, бұл проблемада орыс зерттеушілері алғашқылардың бірі болып көңіл           аударды. Олардың қатарында В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин, С.М. Соловеьев, В.Г. Василевский, П.В. Голубовский сынды тарихшылар мен ориенталистер (шығыстанушылар деген мағына береді, яғни шығыс халықтарының        тарихын зерттеушілерді осылай атаған) болды. Аталған зерттеушілер қыпшақтардың (половецтердің) тарихын Киев Русінің тарихымен             тікелей саяси, экономикалық, этникалық, мәдени байланысы тұрғысынан қарастырып, сонымен қатар олардың басқа да халықтармен байланысын зерттеді. Әлбетте, соның ішінде Қыпшақ-Хорезм қатынастары да олардың назарынан тыс қалмады. Н.М. Карамзин қыпшақтардың қазақтармен генетикалық байланысына назар аударды [2].

 

1884 жылы П.В. Голубовскийдің  «Печенеги, тюрки и половцы                  до нашествие татар» деген еңбегінің маңызы орасан [3].  Оның бұл           зерттеуі қазіргі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ және осы            мәселеге қалам тартқан тарихшыларға бағыт-бағдар ретінде танылды.     Еңбекте мынадай мәселелер қарастырылған: бірінші, орыстар мен       половецтер арасындағы әскери қақтығыстар. Бұнда автор көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан «жабайы көшпенділер»                тек тонаушылық мақсатта соғыстар жүргізген деген көзқарастан бойын         аулақ ұстап, мәселеге кәсіби және өркениеттілік тұрғысынан келген.    Сонымен қатар, екі елдің арасында да бейбіт қатынастар болып,        нәтижесінде сауда және мәдени, елшілік, неке байланыстары жүзеге асқандығын алғашқылардың бірі болып дәлелдейді. Екінші, моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы қыпшақтар мен Орта Азиядағы Хорезм мемлекетімен арадағы саяси, экономикалық, мәдени қатынастарына  бірашама  көңіл бөледі.

 

ХХ ғасырдың бірінші ширегінде көрнекті шығыстанушы И. Маркварт өзінің танымдық деңгейінің жан-жақты болуымен ерекшеленді. Оның       Шығыс Еуропа елдерінде мұсылман мәліметтерін және олардың орта ғасырлық байланыстарын талдауға әрекет жасалуына байланысты                түрік тайпалары тарихына алғашқылардың бірі болып жүгінеді. Проблеманы жол-жөнекей зерттеумен шектелмей, зерттеу тақырыбымызға арқау           болып отырған қыпшақтар мәселесіне және олардың көрші елдермен байланыстары мәселесіне «О народах команов» атты арнаулы монография арнап [4], онда сюжеті жөнінен әр алуан сипатты және тілі жөнінен             алуан түрлі жазбаша деректемелер негізінде Еуразияның далалық            өңірінің халықтары мен тайпаларының тарихы жөніндегі проблемаларды        кең көлемде қозғады. Бірақ, қыпшақтардың бір тармағы болған          еуропадағы командар туралы зерттеуінде фактологиялық қателер мен күмән келтіретін мәліметтер көп орын алды. Сондықтан кейіннен ғылыми айналымға қосылған жазба деректердің ашылуымен оның еңбегі өз        маңызын біршама жоғалтып алды, нәтижесінде бүгінгі таңда ол толықтыруды қажет етеді.

 

Академик, атақты шығыстанушы  В.В. Бартольдтың еңбектерінде, әсіресе  «Түркістан моңғолдар шапқыншылығы дәуірінде» зерттеуінде    Хорезм мемлекеті мен қыпшақтар арасындағы саяси қарым-                қатынастар кеңінен әрі толыққанды, жан-жақты көрініс тапты [5]. Осы        іргелі еңбегінің бірінші бөлігі (деректемелерден үзінділер) болып   шығарылды, ал 1900 жылы зерттеудің өзі басылып шықты. «Шыңғыс-             хан және моңғолдар» деген соңғы тарау Түркістан (Қазақстан мен Орта      Азия) тарихының орта және соңғы ортағасырлардағы кезеңіне арналған. Көптеген еңбектері Таяу және Орта Шығыс елдерінің тарихына қатысты болса да, орыстың шығыстану мектебінің аса көрнекті өкілі, академик          (1913 жылдан) В.В. Бартольд өзін-өзі «көбінесе Орта Азия тарихшысы»           деп атаған [6].

 

В.В. Бартольдтің орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихын  бір жүйеге келтіріп белгілеген кезеңдері тарих ғылымына қосқан сөзсіз үлесі болып табылады және ол негізгі белгілері жағынан Шығыстың тарихнамасынан берік орын алды. В.В. Бартольдтің еңбектері ортағасырлық Қазақстан тарихын, сонымен бірге қыпшақтар мәселесін зерттеуде көп жағынан негізге алынады.

 

Д.Г. Савиновтың  зерттеуінде  Оңтүстік пен Батыс Сібірді           мекендеген түркі халықтарының этногенезіне қыпшақтардың тигізген           әсері қандай дәрежеде болғандығы және қыпшақ-моңғол, қыпшақ-            хорезм қатынастары  анықталған [7]. Ал, өзбек ғалымы К.Ш. Шаниязов            «К этнической истории узбекского народа» деген зерттеуі тарихи-этнографиялық мәліметтерге негізделген және біздің зерттеу       тақырыбымызға тікелей қатысты [8]. Ол Ежелгі Мауереннахр                 жеріндегі отырықшы аймақты мекендеген халықтар Шағатай               ұлысының құрамына кіріп, өзбек халқын қалыптастыруда  қыпшақтардың бірден-бір маңызды орын алатынын тұжырымдайды. Сонымен қатар,        моңғол шапқыншылығынан  кейін Дешті Қыпшақ даласын мекендеген қыпшақтарының бір бөлігі Орта Азияға кетіп, онда жергілікті               отырықшы халықпен сіңісіп кетті деп пайымдайды. Әрине, аталған            зерттеу еңбегінде моңғол шапқыншылығына дейінгі Шығыс Дешті          Қыпшақ (Қыпшақ хандығы) пен Мауереннахр (Хорезм мемлекеті) арасындағы саяси қатынастарға да терең тоқталып өтеді.

 

Соңғы 20-30 жылда қыпшақтар  тарихын зерттеуде біршама              алдыға жылжушылық болды. Себебі қарастырып отырған кезеңге           қатысты көптеген араб, парсы деректері ғылыми айналымға қосылды.            Осы салада өте көп еңбек сіңірген қыпшақтанушы Б.Е. Көмековтың             есімін ерекше атауға болады. Оның «Арабские и персидские                 источники по истории кыпчаков ҮІІІ-ХІҮ вв.»  деген зерттеу монографиясы қыпшақтану мәселесінде саяси, этникалық, экономикалық және                мәдени тарихының шешілмеген тұстарын ашуға, сонымен бірге                   көрші халықтармен байланысын айқындауға үлкен ықпал жасады [9].    Аталған еңбегінде Б.Е. Көмеков Хорезм шахтарының қыпшақтарға             қарсы үздіксіз жүргізген шапқыншылықтарының себебін ашып             көрсетеді. Яғни, Хорезм билеушілерінің негізгі мақсаты Ұлы Даланы мекендеген қыпшақтарды мұсылман дініне кіргізу болатын. Бұл        тұжырымды зерттеуші араб және парсы деректерін зерттеу барысында жасаған болатын.

 

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарда тарихшылардың күш-жігері             бірқатар бағыттарға: Қазақстанның тарихи географиясына  (көне            заманнан ХҮІІІ ғасырға дейінгі), қазақ халқының этногенезі мен          этникалық тарихына, көшпелі мал шаруашылығының генезисіне,        отырықшы егіншілік пен көшпелі мал шаруашылығының арақатынасы           мен өзара тығыз байланысына қатысты ең маңызды көкейкесті    проблемаларға шоғырыландырды. Әрине, осы айтылғандардың ішінде         соңғы мәселе қыпшақ-хорезм қатынастарын да қоса қамтиды. Осыған байланысты З.М. Буниятовтың кітабында хорезмшахтар Ануштегіндердің (Хорезм шахтарының шыққан әулеті. Мысалы тарихтан белгілі        Ахеменидтер, Сасанидтер, Шайбанилер, орыстардың Романовтар                әулеті сияқты) қыпшақтармен саяси және мәдени араласуы                        Шығыс деректемелерінің көптеген нақты материалдары арқылы көрініс     тапты [10]. Сонымен қатар, нақ осы ХІ ғасырдың аяғы – ХІІІ                  ғасырдың басындағы хорезм-қыпшақ қатынастары тақырыбын,                     С.М. Ақынжанов Қазақстанның ортағасырлық қыпшақтарына арналған монографиялық зерттеулерінде едәуір толық, жан-жақты талдап                  шешті [11-12]. Ол қыпшақтардың этносаяси тарихының ішіндегі ең           күрделі сұрақтардың бірі олардың шығу тегі, шаруашылығы және этнографиясы мәселелерін де қарастырды. Сонымен бірге, еңбекте          қыпшақ және қимақ этнонимдерінің арақатынасы туралы  мәселеге назар аударылды.

 

Қазақстан тарихындағы орта ғасырлардағы қыпшақтар мәселесі,        соның ішін Қыпшақ-Хорезм қарым-қатынастары өз зерттелу тарихында күрделі дамуды бастан кешкендігін байқаймыз. Дегенмен барлық мәселе шешімін тапты деген пікір тумауы керек, өйткені әлі зерттеуді қажет             ететін тұстары баршылық. Ол қыпшақтардың қазақтардан басқа түркі        тілдес халықтардың қалыптасуына қаншалықты дәрежеде ықпалын          тигізді, қыпшақтардың Еуропадағы тарихи тағдыры қалай дамыды және        т.б. мәселелер.

 

Тақырыптың деректік қорын  біздің заманымыздың ҮІІ-ҮІІІ ғасырларында ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген        жерлерден табылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері құрайды және олардың құны баға жеткісіз [13]. Бұларда түрік қоғамындағы, соның ішінде біздің зерттеу тақырыбымызға негіз болып отырған қыпшақтардың шығу тегі, этникалық, әлеуметтік және мәдени үрдістері туралы жат жерлік байқаушылар жазған (мысалы қытай деректері) мәліметтерге қарағанда неғұрлым дәл түсінік береді.

 

Жалпы қыпшақ тайпаларының тарихы және олардың көрші          елдермен этносаяси байланыстары туралы араб-парсы жазба деректерінің маңызы зор. Оларда келтірілген мәліметтер мазмұны жағынан өте             құнды. Сонымен оларға ІХ-ХІІІ ғасырлар кезеңінде жазылған араб саяхатшысы Тамим ибн Бахр ал-Мутавваидың «Жазбалары», Ибн Хордадбектің «Китаб ал-масалик уә-л-мамалик» («Жолдар мен мемлекеттер кітабы») атты еңбектері жатады [11, 17-19 бб.]. Себебі, бұл кездері Араб халифаты дүниежүзін жауласа, сонымен қатар ислам дінінің пайда  болуымен Аравия ғылымның, білімнің, мәдениеттің ошағы болғандығымен түсіндіріледі.

 

ХІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы тарихи шығармалардың да қыпшақтар мәселесінде, олардың Хорезм мемлекетімен күрделі қарым-              қатынастары мәселесінде маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз.        Бұлардың қатарында ең негізгілері болып, Ибн ал-Асирдің (1160 жылы       туған) көп томдық  «Ал-Камил фиттарих» («Тарихтың толық суреттемесі)»    [4, 43-44 бб.], Ала ад-дин Атамәлік Жувейнидің (ХІІІ ғ.) «Тарих-и Джахангушай» («Әлем жаулаушысының тарихы») [11, 36 б.], Фазлаллах Рашид-ад-диннің (ХІҮ ғасырдың басы) «Джами-ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») деген шығармаларын айтуға болады [14].

 

Бұлардан басқа Шығыс Еуропалық және Алдыңғы Азия мемлекеттерінің оқымыстыларының деректері жатады. Атап айтсақ, грузин тарихшылары Леонти Мровелидің (ХІ ғ.)  «История грузинских царей – первых отцов и родственников» және Жуаншердің «Жизнь царя Вахтанга Горгасала» атты еңбектері жатады [11, 41-42 бб.].

 

Итальян монахы Плано Карпини  мен француз монахы Вильем Рубруктың  ХІІІ ғасырдың ортасында Моңғол империясының орталығы Қарақорымға сапары кезінде  Дешті Қыпшақты басып өткені белгілі. Сондықтан олардың жазбаларында қыпшақ тайпалары туралы және қыпшақ-моңғол, қыпшақ-хорезм арасындағы байланыстары жөніндегі құнды мәліметтер өте  көп [15].

Информация о работе қыпшақ