XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:04, реферат

Описание

Моңғол жаулаушылығының тым ауыр экономикалық зардабы бірте-бірте жойылып, жөнделе бастайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілік кәсібі, қала өмірі, қолөнері өндірісі, оңтүстік-шығыстағы жер өңдеп, егін салу қайта туып, өркен жаяды, мал саны көбейеді. Орталық Қазақстан мен Жетісу далалық аудандарының Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның көгалды аймақтарымен жүргізетін сауда байланыстары қалпына келтіріледі. Қоғамдық қарым-қатынастар дамуында да бірсыпыра алға басушылық байқалады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Ақорданың саяси тарихы.
ә) Монғолстан мемлекеті.
б) Ноғай ордасы.
ІІІ. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

127 XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Сібір хандығы XV ғ. 60 жж. XVI ғ. аяғына дейін Батыс Сібір территориясымен, Обь, Тобыл, Есіл бойындағы жерге қоса, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Ертістің оң жағалауындағы жердін бір бөлегін қамтиды. Оған дейін XIV ғ. бүл арада түрік тайпаларының Тайбұғы деген саяси бірлестігі болған, олардың ішінен басты ролді керейттер атқарады. XIVғ. мен XV ғ. бас кезінде олардың түскей бетінде Ақ орданың жері болады; ал Моғолстан хандарының иеліктері Ертіс пен Алтайға дейін жетеді.                                  

Сібір хандығының негізгі халқы «Сібір татарлары» деген жинақы атпен аталатын түріктілді тайпалар және угор тайпалары болатын.

Деректерде  Сібір хандығы билеушілерінің (Шайбанилер әулетінен) Тобыл мен Есілдің, Ертістің орта ағысындағы Ямышев көліне дейін  жайылып жатқан жері туралы деректер айтылады. Ал, Ертістің оңтүстік-шығыс бетіндегі жерді XVI ғ. бастап ойраттар (жоңғарлар пен қалмақтар) игереді. XVI ғ. бас кезінде ыдырап кеткен Моғолстан мемлекетінің теріскейдегі жерінде, Тарбағатайдан әрі шығысқа қарай көсіліп жатқан, Ертістің жоғарғы ағысы маңындағы, Іленің жоғарғы жағындағы жерлерде ойрат тайпаларының саяси бірігуінің қал-харекеті жасалып жатады. XV—XVI ғғ. Сібір хандары мен ойрат тайшылары Қазақстанның терістік территориясында қазақ хандарымен ұдайы бәсекелес болады, қазақ халқы тек ұзақ күрес арқасында ғана ұдайы өз жерін қорғап қалып отырады.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер