XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:04, реферат

Описание

Моңғол жаулаушылығының тым ауыр экономикалық зардабы бірте-бірте жойылып, жөнделе бастайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілік кәсібі, қала өмірі, қолөнері өндірісі, оңтүстік-шығыстағы жер өңдеп, егін салу қайта туып, өркен жаяды, мал саны көбейеді. Орталық Қазақстан мен Жетісу далалық аудандарының Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның көгалды аймақтарымен жүргізетін сауда байланыстары қалпына келтіріледі. Қоғамдық қарым-қатынастар дамуында да бірсыпыра алға басушылық байқалады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Ақорданың саяси тарихы.
ә) Монғолстан мемлекеті.
б) Ноғай ордасы.
ІІІ. Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

127 XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер.doc

— 99.00 Кб (Скачать документ)

Моғолстанның  саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер  тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өтe көп болған, әсіресе Темірдің Тән-шән өңіріне жүйелі түрде жүргізілген басқыншылығы елді титықтатып кетеді. Моғолстанның алғашқы хандары Тоғлық Темір (1347—1362 жж.) мен Ілияс қожа феодалдық ыдырау жолына түскен Мауараннахрда Шағатай әулетінің билігін қалпына келтірмекші болады. Бірақ 70 - 80 жж. өзінде Моғолстанның билеушілері Қызыр Қожа (1388—1389 жж.) мен әмір Қамар әд-Дин дулатқа, Енге және басқаларына, әлгіде айтылып өткендей-ақ, Темір жаулаушылығына қарсы ұзақ та қажырлы күрес жүргізуіне тура келеді. Осынау күрес барысында ыдырап кеткен күш-қуатты Ақ ордамен және сол сияқты Темір әскерінің шапқыншылығынан азап шеккен халықты біріктіріп ортақ жауға қарсы тұруға іс-әрекет жасалады. Осы бір басқыншының жаугершілік жорықтарына тізе қосып, батыл қарсы шығу Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісу халықтар арасындағы экономикалық шаруашылық және басқа байланыстарды орнату ісіне пәрменді көмек болар еді. Темір жаулаушылығына қарсы жүргізілген қанды күресте әл-дәрменнен айрылған Моғолстан еншіліктерге бөлініп кетеді. Қызыр Кожа хан лажы қалмағасын Темірдің вассалына айналады. XV ғ. бірінші жартысында ел феодалдық ыдыратушылыққа ұшырайды. Темір ұрпақтары ол кезде Жетісу мен Қашғарияны басып алу үмітінен бастартпайды.

Қызырқожаның ұлы Мұхамед хан (1408—1416 жж.) тұсында елдін жағдайы біраз нығайды. Осы кезде Моғолстанның Темір тұқымынан тәуелсіз болуға қолы жетеді, ол Шу мен Талас алқабы жерін жатжерліктен азат етеді. Біраз уақыт өзара қырқыс пен таласта тыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру үшін Мұхамедхан Моғолстанға исламды енгізуге күш салады. Co кезде елдің шығыс шебіне ойраттар шабуыл  жасауды  жиілетеді (моңғолдардың батыс бөлегі Орта Азия деректерінде қалмақ деп аталады). Уәйсхан (арада үзілісі бар 1418—1428 жж. билеген) олармен сан рет шайқасады. Ол өз ордасын Түрфаннан Ілебалық деген жерге көшіруге мәжбүр болады. Уәйісханнан соң күн өткен сайын Моғолстаннан азып-тозу белгілері көріне бастайды.

Ішкі күрес-тартыста ұлысбек Мір Мүхаммедшах дулат бастаған ақсүйектер тобы жеңіске жетеді де, олар Уәйісханның ұлы Есенбұғыны (1433—1462 жж.) қолдайды. Есенбұғы тұсында, 50-ж аяқ кезінде Шығыс Дешті-Кыпшақтан Жетісуға қазақтың Жәнібек пен Керей бастаған қалың бір бөлегі көшіп келеді. Жетісудің түрікі және түріктенген тайпаларының қазақтың Ұлы жүзіне сонымен бірге Қазақстанның барша тайпаларымен бірге қазақ халқына айналуы, сол сияқты Тән-шән өңірінің түрік және түріктенген тайпаларының бас қосып қырғыз халқына айналу процесі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанның бірте-бірте оқшаулануы мен Моғолстан ыдырауының аса маңызды факторы болады. Өз дамуының белгілі бір кезеңінде осынау мемлекет ірі-ірі этникалық топтардың өзін-өзі сақтап дамуына, сол арқылы үлкен аймақта этникалық жағынан біртекті мемлекеттердің ірге қалап, одан әрі қарай дами беруіне қажетті жағдай жасап, аса маңызды рөл атқарды.      

Моғолстанның  әлсіреп ыдырап кетуінің басқа да саяси және әлеуметтік-экономикалық себептері болды. Олардың ішінен елдің тайпалар ақсүйектерінің еншіліктеріне (ұлыстар) бөлінуі, Шағатай ұрпағының әулеттік алауыздығы, күpec-тартысы, тынымсыз соғыстар, жағдайдың құбылмалы тұрақсыздығы мен халық бұқарасының алым-салықтың көптігінен туған наразылығы, соның салдарынан көшпелі жұрттың жаппай қопарыла көшіп кетуі сияқты себептерді атау керек. Жүнісхан (1462-1487жж.) тұсында мемлекет жағдайы біраз нығаяды, бірақ ол 1472 ж. Жетісуға шабуыл жасаған оайраттардан жеңіліп қалып, Сырдария жаққа қашады. 80-жж. ол Сайрам мен Ташкентті басып алады. Жүнісханның баласы сұлтан Ақметхан 1474 ж. Моғолстанның шығыс бөлегінде шын мәніндегі тәуелсіз иелік орнатады. Онын інісі сұлтан Махмұтхан (1487-1508 жж.) Жетісуда және Сырдария қалалары өңіріндегі қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүнісханның немересі Сейітхан 1514ж. Моғолстан хандарынын бағынышты билеушісі Әбубәкір мырза дулаттың қолынан Қашғарияны тартып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 жж. бастап қазақ хандығынын құрамына енеді.

XVғ. 20 жж. Ақ орданың ыдырауы мен Жошы әулетінің өзара қырқысы салдарынан, Қазақстанның байтақ даласында солардың ішіндегі ең қажырлысы Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың хандығы дараланып шығады. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Көшпелі өзбек хандығы, Өзбек хандығы деген басқа да аты бар.

Жошы ұрпағының  өзара күрес-тартысы — олардың  ішіндегі көрнектілері Жұмадықхан, Махмұт Қожахан, Мұстафахан т. б. еді - Ақ орданың ханы Барақтың қазасы және Шайбанилік Дәулет-Шаих оғланнын ұлы Әбілқайырдың 1428 ж. хан тағына отыруымен аяқталады. Әбілқайыр дербес хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының орасан кең жеріндегі өкімет билігін қырық жыл бойы ұстап тұрады. Әбілқайыр хандығынын территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдық орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатады.

Хандықтың этникалык құрамы, Ақ орда халқының құрамы сияқты, күрделі болады. Бұған, негізінен жаңағы саяси бірлестікке кірген тайпалар кіреді. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бірінші жартысында осынау тайпалар «өзбектер» деген жалпы этникалық-саяси атпен белгілі болатын. Олардың ішінен деректер қыпшақтар мен наймандар, маңғыттар мен қарлықтар, қоңыраттар мен қаңлылар, үйсіндер мен ұйғырлар, құрлауыттар мен дүрмендер, кеңегестер мен отаршылар, бүркіттер мен құсшылар, қият, кітәй, жат сияқты этникалық топтарды (сол кездегі жазба деректер терминіне жүгінсек, ел, ұлыс, аймақ, тайпа т. б.) атап кетеді. Олар негізінен арғы тегі қыпшақтар мен қарлықтардан шыққан түрік тайпалары, ерте ортағасырдағы Дешті-Қыпшақ пен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның қаңлы, үйсін, қарлық секілді халықтарының, сол сияқты баяғыда түріктеніп кеткен моңғол тайпаларының ұрпақтары еді. Кейінірек осы бір этникалық топтардың көбі қазақ Орта жүзінін тайпалары ретінде мәлім болады. Айтылып отырған тайпалар мен тайпалық бірлестіктер экономикалық дамуынын деңгейі, қоғамдық қатынастары мен мәдениеті жағынан бір-бірімен өте жақын еді.

Әбілқайыр хандығы  бір орталыққа бағынатын мемлекет болмайды, ол бірінеше этникалық-территориялық, этникалық-саяси топтарға, иеліктерге (ұлыстарға) бөлінеді олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрады. Әбілқайырдың билік еткен кезеңінде халық өзара қырқыс пен соғыстардан әбден мезі болады. 30-жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандай Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ақметханын (Тоқа Темір жұрағаты) женіп, Орда Базарды басып алады. 1446 ж. Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Әбілқайыр көп қарсылық көрсеткен жаулары ішінен деректерде Жошы ұрпақтары Ибақханды, Бөреке сұлтанды, Ақ орда ханының шөберелері Орысты, Жәнібек пен Керейді атайды.                        

Өзін ұдайы қолдайтын көшпелі тайпалар ақсүйектерінің көңілінен шығу үшік Әбілқайыр өз хандығынан тыс жерлерде Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде және онтүстік шығысында жаулаушылық соғыстар жүргізеді. 1430 ж. ол аз уақыт болса да Хорезмді басып алып, Үргенішті талапайға салады. 14 ж. Әбілқайыр Темір ұрпақтары мен Ақ орда хандары жұрағатарынан Сырдария бойы мен Қаратау баурайындағы – Сығнақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты бірқатар қалаларды тартып алады. Бұл қалаларды ол өзін демеп-жебеген тайпалар көсемдеріне, мәселен, маңғыттарға еншілік (сойұрғал) ретінде береді. Бұл ақсүйектердің белгілі бір бөлегінің арасында Әбілқайырдың абырой-беделін қатты арттырады да, екінші бөлегімен қарым-қатынасты астынтып жібереді.                                                                

Сығнақ хандықтың  орталығына айналады (оған дейін хан  ордасы Тара мен Орда Базарда болатын). 50-жж. Әбілқайыр Мауараннахрдағы  Темір ұрпақтарының ішкі тартысына  килігіп, Самарқант пен Бұқарға талау-тонау шапқыншылықтарын жасайды. 1457 ж. Әбілқайыр Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Қазақстан жеріне басып кірген ойраттардан Сығнақ түбінде қатты соққы жеп, есеңгіреп қалады. 50-жж. аяғы мен 60-жж. бас кезінде Әбілқайыр қарауындағы тайпалардың едәуір бөлегі Жәнібек пен Керей сұлтандардың бастауымен қопарыла көшіп, Моғолстанның батыс жағына келіп қоныстанады, ол 1468 ж. бұларға қарсы қанды жорыққа шығады, бірақ жолай қайтыс болады. Әбілқайырдың ажалымен бірге мемлекет те құлайды. Әбілқайырдың мирасқоры Шайх Қайдархан соның ізінше Жошының толып жатқан ұрпақтары арасында туған талас-тартыста өлтіріледі. Әбілқайыр немересі Махаммед Шайбанидің даладағы өкімет билігіне, ең бастысы Орта Сырдария мен Қаратау аймағындағы билікке ие болуы үшін қазақ хандарымен ұзаққа созылған табанды күрес жүргізуіне тура келеді.

Мемлекеттің жеке-жеке иеліктерінің арасында іштей баянды байланыстың орнатылмағаны, жер-суды бөлісу үшін ұдайы болып жататын  әулеттік араздық пен өзара қырқыстар  және қатардағы; көшпелілердің рақымсыз қанау мен езгіге көрсететін қарсылығы, сөйтіп қыруар халықтың басқа жерге дүрлігіп көшіп кетуі — осының бәрі қосылып, Әбілқайыр хандығын әлсіретіп, оның құлауына апарып соғады. Іс жүзінде со баяғы Моғолстанның түбіне жеткен себептер бұған да түрткі болады. Сол елдегі сияқты, мұнда да оқшауланған дербес этникалық-саяси құрылымға жету жолындағы тайпалардың басқосып нығаю процесі жүріп жатқан еді.                 

Қазақ хандығы  құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилер тұқымының Шығыс  Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Солар бастаған өзбектердің бір бөлегі (кыпшақ, қарлық, ұйғыр, қоңырат, т. б. тайпалар топтары) XVI ғ. бас кезінде Мауараннахрға кетіп қалады. Қазақстан жерінде қалып қойған тайпалар қазақ хандарынын қол астына қарайды. Темір ұрпақтарының өкіметі әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алады.

Алтын Орданың  ыдырау кезінде пайда болған аса  ірі мемлекеттік бірлестіктің біреуі — Ноғай ордасы еді. XIV—XV ғғ. ол Батыс Қазақстан территориясының бір бөлегін иемденетін. Бастапқы кезде XIV ғ. соңынан бастап, Жайық пен Еділ арасындағы тайпалар бірлестігі, оның ең бір көп тайпасының атымен «Маңғыт жұрты» деп аталатын. Ноғай ордасының жартылай тәуелсіз ел ретінде оңашаланып шығуы ертерек, Едігенің тұсында болатын, ал Едігде Алтын Ордада өкімет билігін іс жүзінде онбес жылдай (1396—1411 жж.) уысынан шығармаған, сол елдің аса ірі қайраткері еді. Едіге Тоқтамыспен егесіп соғысқан, Алтын Орда хандарын өз қолымен қойып отырған, феодалдық лан, топалаң мен өзара қырқыс кезеңінде Ноғай ұлысын нығайтуға ұмтылған. 1419 ж. өлтірілген. Кейінірек маңғыт көсемдері шығыстағы көршілеріне иек артып, Әбілқайырдың одақтасы болады. Ноғай ордасы Едігенің ұлы Нұраддиннің кезінде (1426—1440 жж.)    күшейіп, XV ғ. орта кезінде дербес бөлініп шығады.

Басқа да көшпелі  мемлекеттер сияқты, Ноғай ордасының  шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. XV ғ. екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауы шебінен етіп, «өзбектердің» өріс-қонысын басып ала бастайды, сөйтіп шығыс пен оңтүстікке қарай тереңдеп жылжи береді. Сырдария қалаларын жаулаудан, Орта Азияға шапқыншылық жасаудан қолы тимеген Әбілқайыр ноғайларға қарсылық көрсетпейді. Олар оның көшпелі бодандарынын қатарын толықтыра түсуі мүмкін ғой. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін қанатын жаяды (Теменнің оңтүстік-шығыс жағындағы жер Ноғай даласы деп аталған), ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдескен. Кейін, жүре келе ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған. XVI ғ. орта кезіндегі деректерде Хақназарханды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған.

Ноғай ордасының  құрамы белгілі бір кезеңге дейін, сол аймақтың түрік халықтарының бас қосып, ынтымақтасуы аяқталғанға дейін Ақ орда мен Әбілқайыр хандығының құрамына жақын болатын. Оның құрамында түрік және түріктенген моңғол тайпалары мен тайпалық бірліктер бартұғын. Маңғыттарды есептемегенде, Ноғай ордасына қыпшақтар мен қаңлылар, коңыраттар мен наймандар, үйсіндер мен кітәй, аз (ас), алшын мен тама т. б. енетін. Ноғай ордасы этникалық-саяси бірлестік ретінде пайда болады; оған кірген тайпалар XV ғ. аяғында басы құралып біткен ноғай халқынын негізін салады.

XV ғ. екінші жартысында осынау халықтың «ноғай» аты пайда болады, олар көрші жұртқа осы атымен мәлім болған.

XIV—XV ғғ. ноғайлыда айналасындағы көшпелі әлемнің басқа да хандықтары сияқты, ерте феодалдық қатынас болған, сонда патриархалды-рулық тірліктің көптеген белгілері сақталып қалған Жіктік сатының ең жоғарғы басқышында билер, хандар мен мырзалар, сұлтандар мен байлар тұрады; олар ордалар мен ұлыстарды, ауылдарды басқарады, қарауындағы тайпаластарының экономикалық мәселелерін шешеді. Бар байлық — ең алдымен мыңғырғам мал — үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, отар-отар қой, табын-табын ірі қара мал — далалық ноғай ақсүйектерінің қолдарында болатын. Сөз жүзінде жер-су рулық қауымдастықтың меншігі болып есептелсе де, шын мәнінде қоныс-өрістері, аңшылықтың шұрайлы жерлері солардың билігінде болады.

Ноғай ордасында  өкіметті және басқару ісін саяси ұйымдастырудың тұрақты ұлыстық жүйесі қалыптасады. Хан, сұлтан ордада өкімет билігін — әскери, елшілік, әкімшілік билігін мұра ретінде алып отырған. Ордада бірнеше ұлыстар болған, олардың әрқайысысы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктеріне көбінесе шексіз де тежеусіз бұйрық жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы, жайлы жайылымдары мен өрістерін уысында ұстаған. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзаларымен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтары кезінде қару-жарағын асынып келуге міндетті болған. Шапқыншылықтар, көршілермен соғыс дала ақсүйегіне қыруар пайда түсірген. Орда жорыққа 300 мыңға дейін сарбаз шығара алады екен.                                                                                                 

ХVI ғ. Ноғай ордасы Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық және саяси байланыс орнатады. Ноғай ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттері тарихымен аса тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан.                                                  

Қазан және Астрахан хандықтарын Ресейге қосып алғаннан кейін, ноғайдың билеуші руының өзара  қырқысып кетуінің салдарынан, Ноғай  ордасы бірнеше дербес ордаға бөлініп ыдырайды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлегі қазақтардың Кіші жүзінің құрамына кіреді. Қазақстан шебінен тыс жердегі Ноғай ордасы XVI—XVІІI ғғ. ыдырау кезеңінде Қырым хандығымен және Россиямен белгілі бір қатынаста болады. Солтүстік — Шығыстағы ноғай руларының бір бөлегі Сібір билеушілерінің қоластына алынады. Ноғай ордасының ол жақтағы иеліктерінің шеті Ертіске дейін жетіп, Сібір хандығы жерімен шектесіп жататын.                                        

Информация о работе XIV—XV ғғ ортағасырлық мемлекеттер