Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Автореферат, 28 Декабря 2010, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Ақпараттық технологиялар дамуының белсенділігінің артуы мен олардың қоғам салаларына тереңінен енуі дайын өнімдерді, интеллектуалды міндеттерді жеңілдетудің сапалы дамуын талап етеді. Жаңа технологиялардың оқыту процесіне енгізілуін студенттің шығармашылық, интеллектуалды дамуын арттыру деп түсінеміз. Толық жетілген жасанды интеллект құру адамзат алдына қоғамның барлық бағыттарында жаңа мүмкіндіктер береді. Жасанды интеллект – мақсаты қолданушыға компьютер көмегімен өз мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін аппараттық–бағдарламалық құрал жасау болып табылатын информатиканың бір саласы болғандықтан, жасанды интеллектуалды жүйелер құрудан және оларды игеруде сапалы білім беру бүгінгі талап. Даярлау – қандай да бір сала бойынша қажет білім беру, оқыту болса, ал жетілдіру – білімді, шеберлікті арттыру, артық жасау. Сонда бұл екі процесс барлық жаңашылдықтарды оқу процесінде ескеру керек екендігін меңзейді.
Работа состоит из 1 файл
информ.doc
— 302.00 Кб (Скачать документ) Сонымен
бірге лабораториялық сабақтар жоспарын
құру кезінде теориялық
Педагогикалық
жүйені жүзеге асыруда қолданылған
оқу-әдістемелік құралдар мен технологиялық
компонент элементтерінің сипаттамасы
төмендегідей (кесте 5):
Кесте
5 - Оқу -әдістемелік құралдар мен технологиялық
компонент элементтерінің сипаттамасы
Атауы |
Мазмұны |
| «Интеллектуалды жүйелер» оқу құралы | Оқу құралында қажетті теориялық және практикалық материалдар, тест тапсырмалар мен тақырыптар бойынша арнайы сұрақтар келтірілген. Оқу құралы «Жасанды интеллект», «Эксперттік жүйелер», «Интеллектуалды жүйелер», «Информатика» пәндері бойынша студенттерге қосымша оқулық ретінде, сонымен қатар интеллектуалды жүйелер саласында жұмыс істеуші оқырмандар қауымына арналған. |
| «Жасанды интеллект және интеллектуалды жүйелер негіздері» электронды оқу құралы | Электронды
оқу құралы жасанды интеллект, интеллектуалды
жүйелер, логикалық бағдарламалау
бойынша негізгі деген |
| «Информатика негіздері» электронды оқу құралы | Электронды
оқу құралы теориялық материалдардан,
жеке орындауға арналған практикалық
тапсырмалардан, тесттерден, өзін тексеруге
арналған сұрақтардан тұратын |
| Интернет-сайт (www.ai.nxt.kz/lectures адресі бойынша); | www.ai.nxt.kz/lectures
адресі бойынша интернет |
| Интернет-форум (www.ai.nxt.kz адресінде). | «Ai–интеллектуалды жүйелер» тақырыбында өткізілген форум жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелер бойынша даярлау жағдайын анықтау мақсатында ұйымдастырылды. |
Интеллектуалды
жүйелерге қатысты оқу
- студенттердің игерген пәндер бойынша білімдерінің өзара байланысын анықтау және талдау;
- оқу жоспарындағы интеллектуалды жүйелерге байланысы бар пәндерді оқып-үйрену процесінде студенттер игерген эксперттік жүйелер құру әдістерін талдау;
- кешенді пайдалануды талап ететін мәселелерді қарастыру;
- кез келген құбылысты, процесті, эффектілерді, объектіні, проблемаларды және т.б. алгоритмдік шешімі жоқ есептерді модельдей алуы және логикалық интерпретациялай алуына үйрету;
- эксперттік жүйелер құра білуін анықтау және нәтижесін талдау.
Интеллектуалды жүйелерге оқытудың әдістемесін жетілдіруде логика және ойларды модельдеу ұғымдарына көңіл бөлдік. Логикалық бағдарламалау элементтерін ұтымды пайдалану негізінде студент практикада тек алгоритмдік шешулері бар есептерді меңгерумен қатар, кез келген есептің компьютерлік шешімін табатындығын ескердік.
Ұсынылған
педагогикалық жүйенің
Кесте
6 – Эксперимент соңындағы
| Студенттердің интелектуалды жүйелер бойынша даярлығының компоненттері | Жоғары деңгей | Орта деңгей | Төмен деңгей | |||
| Эксперимент тобы | Бақылау тобы | Эксперимент тобы | Бақылау тобы | Эксперимент тобы | Бақылау тобы | |
| Мотивациялық | 20,4 | 18,6 | 71,3 | 51,3 | 8,3 | 30,1 |
| Мазмұндық | 21,3 | 14,2 | 69,4 | 50,4 | 9,3 | 35,4 |
| Процессуалдық | 32,4 | 12,4 | 56,5 | 30,1 | 11,1 | 57,5 |
| Студенттерді деңгей бойынша бөлудің орташа мәні | 24,7 | 15,1 | 65,7 | 43,9 | 9,6 | 41 |
Педагогикалық зерттеулерде зерттеу нәтжелерін салыстыруда параметрлік емес әдістер қолдану тиімді. Біз зерттеу жұмысымыздың топтар арасындағы айырмашылықты анықтау мақсатында X2 әдісін қолдандық (К.Пирсон критерийі). X2 басқаша келісім критерийі деп те аталады. X2 келесі формуламен есептеледі (1):
мұндағы: эксперименттік мәліметтер интервалының салыстырмалы жиілігі; - бақылау мәліметтері интервалының салыстырмалы жиілігі.
Жүргізілген
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың
нәтижелері «Студенттерді интеллектуалды
жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру»
педагогикалық жүйесін жоғары оқу орындарында
пайдаланудың тиімділігін айқындап, зерттеу
жұмысымыздың ғылыми болжамының дұрыстығын
дәлелдеді.
Қорытынды
Қоғамның барлық салаларында ақпараттық технологиялардың тереңінен енгізілуі қолданыс аймағы уақыт өткен сайын артып келе жатқан интеллектуалды жүйелер бойынша кәсіби мамандардың жоғары даярлығы болуының маңыздылығын көрсетіп отыр. Осындай шарттардың барлығы жоғары оқу орындарында оқыту мазмұнына сапа және деңгей бойынша қойылатын талаптарға ықпалын тигізді. Зерттеу жұмысымыздың барысында жүзеге асырылды:
- жоғары оқу орындарында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлаудың негіздері және жағдайы анықталды;
- интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделі, компоненттері, критерийлері және көрсеткіштері анықталды;
- интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделін жүзеге асыратын педагогикалық жүйе жасалды және ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, акционерлік қоғам «Балқаш гуманитарлық техникалық институты» жоғары оқу орындарына ұсынылды: арнайы курстар бойынша оқу жұмыс бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, тест және практикалық тапсырмалары, электронды оқу құралдары, оқу құралы, Интернет-сайт (www.ai.nxt.kz/lectures адресі бойынша), «Ai–интеллектуалды жүйелер» тақырыбындағы Интернет-форум (www.ai.nxt.kz адресінде);
- студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру оқу-әдістемелік тұрғыдан қамсыздандырылды:
- жасалған талдаулар негізінде оқу жоспарларын толықтыру ұсынылды; арнайы курс мазмұндарын құруда мамандықтар бойынша ҚР МЖМБС-тағы міндетті компоненттер құрамындағы пәндер мазмұны толықтырылды;
- арнайы пәндер арқылы бекітілді;
5. студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу арқылы жүзеге асырылды, зерттеу барысында алынған нәтижелер болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде, сонымен қатар білімі мен біліктілігін арттыруға жасалған жүйе мен қолданылған әдістердің оңтайлығын дәлелдеді.
Тақырып
бойынша зерттеу нәтижелерінің
дәлдігі мен негізділігі
Интеллектуалды жүйелер бойынша жоғары оқу орнында студенттерді даярлауды жетілдіру үшін диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелеріне сүйене отыра төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
- ақпараттық технологиялар, оның ішінде интеллектуалды жүйелерге қатысты ағымдық материалдар жиі ауысып отыратындығын және жоғары оқу орнында алған білімдерін мамандар өндірісте тиімді қолдану қажеттілігін ескере отыра, әрбір келесі жаңа оқу жылдарында оқу жоспарын қайта талдап, қарастыру;
- «Студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру» атты педагогикалық жүйені еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында қолдануға ұсыну.
Қарастырылған
«Жоғары оқу орнында
Диссертацияның
мазмұны мынадай
басылымдарда жарияланды:
1. Интеллектуалды жүйелер және олардың оқу процесіндегі қолданылуы жайлы // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №2 (42). -Б.102-105. (М.С. Мәлібековамен авторлық бірлестікте).
2.
Интеллектуалды жүйелердің
3.
Жаңа ақпараттық
4.
Жасанды интеллект жүйесінің
қоғамда қолданылуы жайлы // Жоғары
оқу орындарында білікті
5.
Қоғамның ақпараттануынан
6.
Жасанды интеллект бағыттары
бойынша жоғары оқу
7. Студенттердің көптапсырысты логикалық бағдарламалау білімі мен білігін жетілдіруде жасанды интеллект бағыттарына оқытудың рөлі // Педагогикалық білім беру ісі: тарихы және бүгінгісі: pеспубликалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Ақтөбе:Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, 2007. – Б. 317-322.
8.
Совершенствование подготовки
9.
Жоғары оқу орындарында
10.
Жоғары оқу орындарында «
11.
Ақпараттық технологиялар