Әлкей Марғұлан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:26, реферат

Описание

Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 ж. мамырдың 11 Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы.

Работа состоит из  1 файл

Әлкей Хақанұлы Марғұлан.doc1.doc

— 52.00 Кб (Скачать документ)

                      Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904—1985) 
 

      Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 ж. мамырдың 11 Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы.

     Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген. Хақанның шаңырағында белгілі ақын, ғалымМəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ даласына белгілі басқа да адамдар жиі бас қосқан.

     Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасыңда гимназияда оқу мақсатымен Екатеринбург қаласына сапар шегіп, алайда Азамат соғысының кесірінен оқи алмай қалады. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, белгілі əнші Майраның үйінде тұрады. 1920 жылы курсты бітірген соң туған ауылына оралып, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1921 жылы Əбікей  Зейінұлы Сəтбаев сынды белгілі  қазақ ағартушысы директор болған  Семей техникумына оқуға түседі (1939 жылы Əлкей Хақанүлы Ə. Сəтбаевтың қызы Раушан Əбікейқызына үйленді). Семейде оқып жүрген кезінде Əлкей Хақанұлы «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен байланыс жасап тұрады. Осында ол Мұхтар Омарханұлы Əуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ жылдарға созылған сыйластық қарым-қатынасқа айналады. М. Əуезовпен бірге Абайдың туған жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен жəне Абай əндерін тамаша орындайтын Абайдың немересі Жəбірейілмен таныс болады. Осы жылдары Əлкей Хақанұлы атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлымен танысып, достық байланыста болады.

     М.Əуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Əлкей Хақанұлы Ленинградқа сапар шегіп, 1925—31 жж. арасында Шығыс институтының əдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта Ленинград университеті жəне өнер тарихы институтының дəрістерін тыңдайды. Түркітанушы Е. Бертельстің, арабтанушы, Құран Кəрімнің аудармашысы жəне білгірі И. Крачковскийдің, эпостанушы В. Жирмунскийдің, академиктер К. Розановтың, Е. Тарленің еңбектерімен танысады. Ғылым негіздерін табысты игере отырып Ə. Марғұлан Ленинградтың бай мұрағаттарынан бірнеше қайнар бастауларды зерттейді, қазақ халқының мəдениеті мен тарихы бойынша əдеби жəне архивтік материалдарды жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол əдеби шығармашылық қызметке де ден қояды. Оның аудармасы арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс жəне шетел жазушыларының шығармаларымен танысады.

     Ленинградта Əлкей Хақанұлы А. Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге келеді, атақты музыкатанушы көптеген қазақтың халық əуендерін жазып алды. 1926-1927 жылдары академик А. Ферсман жəне профессор С. Руденко жетекшілігімен одақтас жəне автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеттің қазақстандық жəне алтайлық экспедицияларына қатысады. Ə. Марғұланның қазақ халқының мəдениетін жəне наным-сенімін, ғұрыптары мен салт-дəстүрлерін білуі экспедицияның антопологиялық отрядының жұмысына үлкен практикалық көмегін тигізеді. Əлкей Марғұлан экспедиция материалдары негізінде найман мен адай тайпалары туралы алғашқы ғылыми еңбегін жазды.

    1929 жылы Əлкей Марғұлан Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты. Ə. Марғүлан өзінің кандидаттық диссертациясына аз зерттелген жəне уақытында үлкен ғылыми қызығушылық тудырған: «Паузе жəне жарлықтардың, тағылған атақтардың тарихи мағынасы» мəселесін таңдап алды. Шын мəніңде бұл қыпшақтық этномəдени қауымының жазба ескерткіштерін зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Оқуын бітіріп келгеннен кейін Ә. Марғұлан Қазақстан Оқу Халық Комиссариатының жанындағы Жаңа әліпби комитетінде ғылыми қызметкер болады.

Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.

      Осыдан бір жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археология секторының меңгерушісі болып тағайындалады.

Өзі қалап алған  жұмыспен тікелей айналысуға мол  мүмкіндік алған Әлкей Марғұлан енді Орталық Қазақстанды зерттеуге  бет бұрады.

Ұзақ жылғы  зерттеу жұмысының нәтижесінде  Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.

Тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді.

     Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды. Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Тек қана шығармаларының толық жинағы, орасан еңбегі ғалымның ұлы мақсатын түсінуге мүмкіндік береді.

     Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды

. Павлодарда академик Әлкей Марғұланның 100 жылдығы тойлануда

Павлодар. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат. Әлкей Марғұланның 100-жылдығына арналған Павлодардағы салтанатты шаралар С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті аумағындағы академиктің қола мүсінтасына  гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ұлы дала  зерттеушісінің мерейтойына қатысу  үшін Ертіс бойындағы қалаға  ҚР Парламентінің сенаторлары,  білім және ғылым министрі  Жақсыбек Құлекеев, бірнеше елдің  ғалымдары мен академиктің туған-туыстары  жиналды. 

 ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Ұлттық кеңестің мүшесі, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев пен Парламенттің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Әлкей Марғұланның ой-арманына сәйкес құрылған археологиялық мұражайды салтанатты жағдайда ашты. Ал, университеттің Ғылыми кеңес залында қазақ ғалымының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын басылымдардың таныстырылымы өтті. Әлкей Марғұланның 347 ғылыми жұмысының 200-ге жуығы Павлодар мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтулы. Осы жерде академиктің төрт кітабы шығарылды, Алматыда Марғұлан шығармаларының төрт томдық жинағы дайындалуда.

 Павлодар  Мемлекеттік университеті сонымен  бірге Интернетте тұрақты сайт  ашып отыр. Енді, ғалымның өмірі  мен шығармашылығы, оның ғылыми  еңбектері туралы әлемнің кез-келген жеріндегі адам оқып біле алады.

 Павлодардың  орталығындағы көшелердің біріне  Әлкей Марғұланның есімі берілген. Студенттердің қатысуымен өткен  шағын жиыннан кейін Павлодар  облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов  пен білім министрі Жақсыбек Құлекеев лентаны қиып, осы айтулы оқиға туралы ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды.

 Қазақстан,  Ресей, Қырғызстан, Жапония және  АҚШ-тан келген 60-тан астам академиктің  қатысуымен Әлкей Марғұланның  100 жылдығына орай Павлодарда  өткізіліп отырған «Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының секциялық және пленарлық мәжілістерінде 131 ғылыми баяндама жасалды.

 Ал, кешке  «Шаңырақ» мәдениет орталығында  академиктің мерейтойы құрметіне  арналған салтанатты жиналыс ашылады.

 Ертең, мамырдың 28-інде мерейтой Баянауылда жалғасады.  Онда республикалық ақындар айтысының  ақтық сайысы өтіп, бәйге болады.

Информация о работе Әлкей Марғұлан