Қазақстанның ежелгі тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 19:36, контрольная работа

Описание

Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры). "Тарихқа дейінгі" ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы).

Работа состоит из  1 файл

ПРОГРАММА МАГ.КАЗ.docx

— 130.59 Кб (Скачать документ)

Деректанудың қалыптасуы және дамуы.

Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының және қалыптасуының алғы шарттары. Орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л.Шлеһер (1735-1809), неміс ғалымы Ф.Шлейермахер (1768-1834), неміс тарихшылары Б.Нибур (1766-1831), Л. фон Ранке (1795-1886), француз тарихшысы П.Дону (1761-1840) т.б. деректану ғылымының негізін қалаушылар.

XIX ғ.  бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген әсері - Г.Ф.фон Штейннің "Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын" құруы. "Герман тарихының ескерткіштері" сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813- 1886) және оның "Германия тарихының деректануы".

Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу  ісімен айналысатын мамандарға деген қажеттіліктің артуы. Ұлы француз буржуазиялық революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы.

Э.Бернгеймнің (1850-1942) "Тарих ғылымьіна кіріспе" атты оқулығындағы: методология, методика, түсініктер және сыныптау мәселелері. Ш.Ланглуа (1863-1920) мен Ш.Сеньобостың (1854-1942) "Тарихи зерттеуге кіріспе" атты еңбектерінің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер.

Орыс  тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымының ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің (1863-1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи деректер туралы біртұтас жүйелі ғылым.

Кеңестік тарихнамадағы деректану ғылымының дамуының негізгі кезеңдері және деректану пәнін оқытудың ерекшеліктері. Деректанулық орталықтар.

Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары.

Ш.Уәлиханов - қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы. Ә.Бокейхан, А.Байтұрсынұлының деректанушылық ойлары. Қазақ зиялыларының ұлттық деректерді іздеп тауып табу және жинау мақсатында жасаған әрекеттері. Қазақтың кәсіпқой тарихшысы Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары. О.Сүлейменовтің "АЗиЯ"-сы және деректің түпнұсқалық проблемасы. Қазақтың деректанушы ғалымдары және олардың еңбектері. Қазақстан тәуелсіздігі және деректану ғылымы.

Тарихи деректерді талдау методикасы

Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы.

А.Л.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский  "филологиялық сын" және "фактілік сын" туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді ғылыми сынның негізгі кезеңдерін және 14 Ережесін керсетуі.

Тарихи  деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі - методология, методика және техника.

Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық  принцип - деректану методикасыньщ  негізгі принциптері.

Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зерттеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау (методика).

Деректің пайда болуын сынау

Деректердің сақталу формалары және олардың деректанулық маңызы. Мәтінді дұрыс оқу - жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

 

Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының деректері

Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. Олардың түрлері. Фольклордың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрінің қалыптасуы және дамуы құрылымы. Фольклорлық туындыларды деректанулық талдау методтары: тарихи типологиялық, тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалық. Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан аңыз-әңгіме, жыр-дастандардың пайда болу, сақталу және деректік ерекшеліктері туралы. Ә.Бөкейхан "Қобланды батыр" жыры туралы.

Шежіренің деректік маңызы, орыны, ерекшелігі. Шежіренің түрлері. Шежіренің тарихи дерек ретіндегі эволюциясы. Шежіренің пайда болуын сынау. Шежіредегі объективтілік пен субъективтілік. Шежіретану – кезеңдері мен қажеттілігі. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы шежіренің деректік маңызы мен ерекшелігі туралы. Шежіренің қазақтардың этногенезисін, Қазақстан территориясында тайпалардың орналасуын, түркі халықтарының этногенетикалық байланыстарын зерттеудегі маңызы. Шежіретану проблемалары.

Ежелгі жазба тарихи деректер. Қазақтар туралы ежелгі парсы, грек, қытай жазбаларындағы мәліметтер. Ежелгі жазба түркі ескерткіштері: пайда болуын сынау, мәтінін оқу және түсіндіру.

Орхон-Енисей жырлары. Тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері. Тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі, маңызы және орыны. Орхон жырларын тарихи дерек көзі ретінде зерттеудің негізгі проблемалары.

Араб  деректері, ІХ-ХІІІ гг. ал-Жахиздің, ибн-Фадлан, ал Факихтың т.б. тарихи трактаттары, ал-Масудидің ("Ахбар-аз-заман"), Худун ал-Алемнің (Дүние шеңбері. Хғ.), Ибн-Хордабектің ("Шет аймақ кітабы"), Ибн-Рустенің ("Асыл алқалар кітабы") т.б. тарихи-географиялық еңбектер мен географиялық карталардың деректік маңызы және оларға деректанулық талдау жасау жолдары.

Батыс Европа саяхатшылары палано Карпиниди (1182-1252), Вильгелм Рубруктің, Марко Полоның т.б. жазбалары.

Жылнамалар және жылнаматану

Жылнаманың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Жылнама жазу тарихы. Негізгі кезеңдері. Хронографтар. Ортағасырлық деректер арасындағы жылнамалардың орыны мен маңызы.

Жылнаматану ғылыми проблема ретінде. Жылнамаларды жариялау. Жылнамаларды ғылыми зерттеу. А.А.Шахматовтың (186-1920) жылнаматану ісіне қосқан үлесі мен пайдаланған тәсілдері.

Қазіргі жылнаматану проблемалары: жылнама жазушылықтың бастапқы кезеңін қалпына келтіру, жылнаманың шынайылық проблемасы, жылнаманың өкілеттілік проблемасы.

Орта ғасырлық жазба ескерткіштер

Жүсіп Баласоғұнның "Құдадғу біліг", Махмуд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік" (түркі сөздерінің жинағы), "Кодекс куманикус" - ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде.

Рашид-ад-диннің "жылнамалар жинағы" қазақ тайпалары тарихының құнды дерек көзі. Мұхамед Хайдар Дулати (1499-1551) "Тарих-и Рашиди' Тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері. Дулатитану ғылымының қалыптасуы - "Тарих-и Рашидидің" деректік маңызы. Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағы". Деректанулық талдау. Әбілғазы Баһадурдың (1603-1663) "Түріктер шежіресі", "Зафарнама" және "Бабурнама".

Заң актілері - тарихи дерек көзі. Заң актілерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы, орыны, ерекшелігі. Заң актілерін дерек көзі ретінде зерттеу методтары. «Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Жеті жарғы" – қазақ қоғамы тарихының дерегі.

 

ХЊІІІ-ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

 

Батырлар жыры - қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі. Батырлар жырының тарихи дерек ретіндегі маңызы, орны, ерекшеліктері. Оларды тарихи дерек көзі ретінде зерттеу методикасы. "Абылай хан", "Қабанбай батыр", "Бөгенбай батыр", "Наурызбай батыр", «Өтеген батыр" т.б. жырларға.

Іс-қағаздық құжаттар. ХVІІІ-ХХ ғ. басындағы іс-қағаздық құжаттардың пайда болуы және дамуы. Оларды құрастырудың және тіркеудің ерекшеліктері. Іс-қағаздық құжаттарды деректанулық талдаудың жалпы принциптері және оларды сыныптау. Іс-қағаздық құжаттарды талдаудың кешенді методы.

Ресей мен Қазақстан байланысын қамтамасыз ететін Мәскеу және Санкт- Петербург қалаларындағы дипломатиялық мекемелер: Сыртқы істер коллегиясының, Ішкі істер министрлігінің, Қонысаудару басқармасының қорлары.

Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын тікелей іске асырушы жергілікті мекемелер: Батыс-Сібір шекара комиссиясының Орынбор облыстық канцеляриясының, губерниялық және болыстық есеп комитеттерінің, жер басқармаларының, Орынбор губернаторының канцеляриясының, Түркістан генерал-губернаторының канцеляриясының т.б. қорларының материалдары.

Саяси бақылау және іздеу органдарының құжаттары мен сот процесстерінің материалдары қазақтардың ұлт-азаттығы үшін жүргізген күрес тарихының дерегі. Саяси қуғын-сүргін және сот процесстерінің құжаттарының жалпы сипаттамасы. Саяси іздеу және бақылау органдарының материалдары. Олардың негізгі түрлері. Ресей ішкі істер министрлігінің, Омбы губерниялық жандарым басқармасының, Омбы сот палатасының, Орынбор губерниялық жандарым басқармасының т.б. қорлардағы құжаттардың деректік маңызы. Е.Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихының деректерін сыныптауы және олардың сипаты, деректік ерекшеліктері, шынайылық деңгейі туралы.

XX ғ. басындағы қазақ зиялыларына және "Қазақ" газетіне қатысты пайда болған бақылау және сот құжаттарының өткен ғасырдың басындағы еліміздегі азаттық үшін жүргізілген күрес тарихының деректері. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихының деректері.

Заң актілері. Ресей империясының қазақтарға қатысты заң актілерінің қабылдануының негізгі кезеңдерін зерттеу. Оларға деректанулық талдаудың негізгі методикалық ерекшеліктері. Ресей заң шығарушылығының ерекшеліктері. Сібір қырғыздары туралы Устав (1822ж. 22 июнь), Жетісу және Сырдария областарын басқару туралы уақытша ереже (1867 ж.), Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереже (1868ж.), Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы 1891 жылғы 25 марттағы "Дала ережесі" 1885 ж. "Қарамола Ережесі".

Мерзімді басылымдар XIX ғ. соңы XX ғ басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі. Мерзімді басылымдарды сыныптау. Оларды деректанулық талдаудың негізгі принциптері және проблемалары. Қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің пайда болуының алғышарттары мен тарихи жағдайлары. Алғашқы қазақ баспасөзінің сипаты мен бағыт бағдарлары.

       «Түркістан уалаятының газеті» және "Дала уалаятының газеті" Ресейдің Қазақстанды отарлау тарихының дерегі. "Айқап" журналы және "Қазақ" гезітінің деректік маңызы.

Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Анықтамасы. Сыныптау. Жеке адамдық құжаттар эволюциясы. Хаттар, күнделіктер, естеліктер және заман хаттардың деректік ерекшеліктері. Жеке адамдық құжаттарды дерек көзі ретінде талдау методтары. Қазан төңкерісіне дейінгі жеке адамдық құжаттардың негізгі топтары.

Статистикалық деректер. Статистикалық ұйымдастыру. Ф.А. Цербина дайындаған қазақтар шаруашылығының статистикалық мәліметтері. Щербина, Румянцев экспедицияларының қорытындылары. Статистикалық мәліметтерді талдаудың негізгі жолдары. Толықтық және шынайылық деңгейі. Өкілеттілік проблемасы. Демографиялық статистика және оның деректік маңызы.

 

КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

 

КОКП құжаттары Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен тоталитарлық жүйенің қалыптасу тарихының дерегі. XX ғ. басындағы Қазақстан тарихы деректері кешеніндегі типологиялық өзгерістер. Кеңестік деректердің пайда болуы және ерекшеліктері. КОКП құжаттарын сыныптау. КОКП көсемдерінің еңбектерінің деректік маңызы. КОКП құжаттары мен көсемдерінің еңбектеріне деректанулық талдау жасау методтары.

Іс қағаздары. Кеңестік мекемелердің іс қағаздарының пайда болуын сынау және сыныптау. Олардың деректік ерекшеліктері мен орны. Кеңестік атқарушы органдары құжаттарының деректік маңызы. Оларды зерттеу методикасы.

Кеңестік мерзімді баспасөз. Большевиктік мерзімді басылымдардың пайда болуы, сипаты, бағыт-бағдары, мақсаты және ерекшеліктері. Большевиктік басылымдардың дамуының негізгі кезеңдері. Кеңестік газеттер мен журналдардың деректік маңызы және оларды талдаудың методтары. «Ақжол», "Еңбекші Қазақ", «Социалды Қазақстан», газеттері, «Қызыл Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Қазақстан Коммунисі» журналы.

Кеңестік зан актілері. РСФСР, КСРО және Қазақстан конституциялары. Кеңестік заң қабылдау жүйесінің ерекшеліктері. Кеңестік заңдар мен заң актілерінің деректік орыны мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде талдаудың методтары.

Жеке адамдық кұжаттар. Кеңестік кезеңдегі жеке адамдық құжаттарды сыныптау. Қоғам қайраткерлерінің хаттары тарихи дерек ретінде. Күнделіктер, естеліктер, заманхаттар. Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешуі". Куәгерлер меліметі Зұлмат тарихының дерегі ретінде. Жеке адамдық құжаттарды зерттеу методикасы.

Саяси қуғын-сњргін књжаттары. Кеңестік кезеңде пайда болған саяси қуғын-сүргін құжаттарын сыныптау. Олардың пайда болуын сынау. Деректік орыны мен маңызын анықтау. ЖВД, ОГПУ, КГУ құжаттарының тарихи дерек ретінде. Сот процесстері мен өкімдері дерек көзі. Саяси қуғын-сүргін құжаттарын дерек көзі ретінде зерттеу жолдары. XX ғ. 70-80 жылдарындағы Қазақстандағы тђуелсіздік үшін күрес тарихының деректері.

Кеңестік статистика. Кеңестік статистика жүйесінің қалыптасуы мен мақсаты. Статистикалық мәліметтердің жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп статистикасы. Демографиялық статистика және оның Қазақстан трагедиясының тарихының дерегі ретіндегі маңызы. Халық санағын алу статистикасының міндеттері мен методы. Статистикалық материалдар мен жұмыс істеу методикасы. Математикалық талдау тәсілдерін қолдану.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

(1991-2001 ЖЖ.)

 

Н.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі. Сыныптау проблемасы. Маңызы мен ерекшелігі.

Заң актілері тәуелсіз Қазақстан тарихыныц дерегі. Қазақстан тәуелсіздігі және тарихи деректер кешені, түрлері және сипатындағы өзгерістер. ҚР конституциясы, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР заң шығарушы органдарының шығарған заңдарының тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылу, қалыптасу және даму тарихының дерегі. Заң актілері еліміздегі жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасу тарихының деректері.

Кино, фото, фоно және бейне фильмдер және олардың деректік ерекшеліктері мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде зерттеу проблемалары.

Информация о работе Қазақстанның ежелгі тарихы