Қазақстанның ежелгі тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 19:36, контрольная работа

Описание

Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры). "Тарихқа дейінгі" ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы).

Работа состоит из  1 файл

ПРОГРАММА МАГ.КАЗ.docx

— 130.59 Кб (Скачать документ)

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨНЕ ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ

 

1.1. Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры). "Тарихқа дейінгі"  ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы). Төменгі палеолит ескерткіштерінің табылуы. А.Г.Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың Солтүстік жағалауына жүргізген жұмысының маңызы. Орталық Қазақстанда жүргізілген зерттеулер және Ж.Таймағамбетовтың басшылығымен зерттеген экспедиция нәтижелері. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері.

Мезолит (орта тас ғасыры). Дәуір ерекшеліктері. Қазақстандағы мезолит дәуірінің ескерткіштері. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын өзгерістердің археологиялық деректермен дәлелденуі. Садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағалауларынан табылған мезолиттік археологиялық ескерткіштер.

Неолит (жаңа тас ғасыры). «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден өнім өңдіруші шаруашылық түрлерінің қалыптасуы. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары. Қара үңгір тұрағы. Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай жырасындағы Мақанжар мәдениеті. Энеолит. Ботай мәдениеті. (В.Ф.Зайберттің зерттеулері). Аңшылық.

Неолит  дәуірінде тас өңдеу технологиясының  дамуы. Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді үйренуі. Рулық құрылыстың тууы. Матриархаттық рулық қоғамның дамуы. Ер адамдар үстемдігінің артуы, матриархат орнына патриархаттың келуі. Неолит өнерінің көптүрлілігі: саз  балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастағы суреттер.

Қола дәуірі (б.з.б. ХҮІІІ-ҮІІІ ғғ.). Дәуір ерекшеліктері. Қазақстан тайпаларының шаруашылығы мен тұрмысындағы өзгерістер. Металлургия мен мал шаруашылығының дамуы. Малды бағып өсіру, жайылымдық жерлерді пайдалану, көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы, тайпалык үстем топтың бөлініп шығуы. Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері, кезеңдерге бөлінуі және мәдениеттері. Андронов мәдениеті алғаш табылған жері таралу аймақтары. Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениетінің даму кезеңдері Беғазы-Дәндібай мәдениеті. К.В.Сальниковтің кезеңдерге бөлуі. Археологиялық ескерткіштер, тасқа салынған суреттер (петроглифтер). Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас, ежелгі қалашық Арқайым т.б. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген адамдардың қоғамдық құрылысы.

Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғары дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Дін. Жерлеу салты.

 

1.2. Қазақстан  территориясындағы тайпалық одақтар  және ерте мемлекеттік құрылымдар

Сақтар (б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай көшу. Еуразия кеңістігінде сақ-скиф қауымдастығының орналасуы. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты жазба мәліметтер: «Тарих атасы» Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей, Ахаменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалар. Сақтардың тарихын оқып үйренудегі ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы «Авеста». Сақ одағындағы тайпалар және олардың орналасу ареалы: тиграхауда, парадарая сақтары, массагеттер, Батыс Қазақстан аймағын мекендеген сармат-савроматтар.

Сақтардың тарихын зерттеудегі археологиялық  ескерткіштер. Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері, Шілікті обалары. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны және оны зерттеуге үлес қосқан ғалымдар. З.Самашевтің басшылығымен жүргізілген экспедицияның нәтижелері (Берел қорғаны). Сақтардың этномәдени ареалы. Сақтар өнеріне тән аң стилі, петроглифтер Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтар территориясынан өткен керуен жолы және оның байланыстырған аймақтары. Сақтардың саяси тарихы. Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен байланысы. Парсы патшалары Дарий, Кирмен соғыстары. Александр Македонскийдің сақ жеріне жорықтары.

Ғұндар және үйсіндер. Ежелгі қытай тіліндегі тарихи  еңбектер «Ши цзы», «Хоуханьшу». Ғұндар мен үйсіндердің тегі туралы мәселе. Ғұндардың саяси тарихы. Шаруашылығы. Қоғамдық құрылысы. Әскер өнері. Мәдениеті.

Үйсіндердің орналасқан жері. Шығу тегі туралы жазба мәліметтер. Үйсін мемлекетінің құрылуы және территориялық аймағы. Үйсін мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы, жоғарғы билеушісінің титулы. Үйсін мемлекетінің астанасы. Тұрмысы. Мәдениеті. Үйсіндердің ғұн, қаңлы және қытайлармен ара-қатынасы. Үш бөлікке бөлінуі.

Қаңлылар. Қаңлылар  туралы деректер. «Кангюй» терминінің тарихи деректерде алғаш айтылуы. Қаңлылардың орналасқан территориялық аймағы. Қаңлы мемлекетінің құрылуы, орталығы, қоғамдық-саяси, әлеуметтік құрылымы. Саяси тарихы. Қалалары мен қоныстары. Шаруашылығы. Қолөнері. Мәдениеті. Сауда. Басқа елдермен қарым-қатынасы.

 

1.3. Қазақстан территориясындағы  ертеортағасырлық мемлекеттер 

(ҮІ-ХІІ ғғ. түрік кезеңі)

Түрік қағанаты (552-603 жж.). Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түркілердің шығу тегі туралы деректер мен зерттеулер. ІІІ-Ү ғғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түркі ақсүйектерін құраған Ашин руы. «Түркі» этнонимі. Солтүстіктегі «Жылқылар патшалығы». Түркілердің Алтайға қоныстануы. Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары. Түркілер Жужань империясының құрамында. Бұмын қаған және Түркі қағанатының құрылуы. Батыс Вэй патшалығымен жасырын одақтастық. Анахуаньға қарсы күрес. Шығыс саясаты.

ҮІІ ғ. Мұқан қағанның тұсында Түрік  қағанатының күшеюі. Естемістің батысқа  жорықтары. Түрік қағанатының Орталық  Азияда саяси үстемдікке жетуі. Таспар қаған тұсындағы қағанаттың күшеюі. Византиямен, Иранмен және Қытаймен қатынасы. 582-603 жылдар аралығындағы жұт, билік үшін қырқыс. ҮІ ғасырдың соңында қытайлықтардан жеңіліс табуы. Қағанаттың әлсіреуі, Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі.

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Территориясы, тайпалары. Саяси тарихы. Жегуй және Түн-Жабғы қағандар тұсында қағанаттың күшеюі. Ішкі құрылымы: «он оқ бұдұн». Батыс Түрік қағанатының астанасы. Соғдылықтар Батыс Түркі қағанаты өмірінде. Дулу және нушиби тайпалары арасындағы күрес. Қытай шапқыншылығының Батыс-Түрік қағанатының құлауына әсері. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарыс және оның ыдырауы. Әулеттердің ауысуы.

Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған және түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Суяб қаласы қағанаттың саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып кіруі, қағанаттың уақытша құлдырауы. Қапағанның батысқа жорығы туралы Орхон жазбаларының мәліметтері. Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған кездегі Түргеш қағанаты. Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. «Атлах шайқасы». Сары және қара түргештер арасындағы күрес. Қағанттағы саяси дағдарыс.  Түргеш қағанатының құлауы.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларының шығу тегі туралы жазба деректер. Қарлықтардың 746 жылы Алтай және Тарбағатайдан Жетісуға орналасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы, оның сыртқы саясаты. Қарлұқ бірлестігінің құрамына енген тайпалар. Қарлұқтар мен оғыздар. Ұйғыр қағанатымен күрес. Қарлұқ билеушілерінің қаған лауазымен қабылдауы. Саманилерге қарсы күрес. Испиджаб, Тараз қалаларын алуы. Қарлұқтардың мұсылман дінін қабылдауы. Қарлұқтар мен қарахандар әулеті. Қарлұқтардың шаруашылығы, сауда-саттық қатынастары. Қалалар және Жібек жолы.

Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). «Қарахандар әулеті» туралы ғылыми көзқарастар. Әулеттің этникалық негізін салған яғма, шігіл тайпалары. Сатұқ Боғрахан – Қарахандар әулетінің негізін салушы. Территориялық аймағы. Қарахандар мемлекетінің астаналары Қашғар және Баласағұн қалаларының мемлекет тарихындағы орны. Қарахандықтардың саяси билігінің Мәуереннахрға таралуы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Үкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Қарахан мемлекетінде Мұса ханның тұсында исламды мемлекеттік дін етіп жариялануы.

Қарахан мемлекетінің ішкі құрылымы. Жер иеленудің  сойырғал, уакф (вакф), коммендация түрлері. Салық жүйесі. Иқта. Мемлекеттің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Қағанаттағы дағдарыс. Салжұқтардың көтерілуі. Қарақытай шапқыншылығы. Қарахандар мемлекетінің құлауы

Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, қалалары. Көрші тайпалардың басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.

Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Оғыз тайпалары туралы жазба деректер. М.Қашғари оғыздар жөнінде. Оғыздардың печенег тайпаларын Сырдария аңғарынан, Арал жағалауларынан ығыстыруы. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Янгикент қаласы мемлекеттің астанасы. Қоғамдық-саяси құрылысы. Оғыздардың тайпалық құрамы және екі фратрияға бөлінуі (бұзықтар және ұшықтар). Оғыз-қыпшақ қатынастары. Оғыз тайпаларының шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері. «Кітаби Қорқыт». Селжұқтармен күрес және өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз мемлекетінің құлдырауы мен құлауы.

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақ тайпалары туралы араб-парсы, қытай, европалық (комондар), орыс деректерінің мәліметтері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. ХІ ғ. қыпшақтардың орналасуы, олардың батысқа және оңтүстікке жылжуы. «Дешті Қыпшақ» термині. Қыпшақ хандығының құрылуы (ХІ-ХІІІ ғғ). Шығыс Дешті-Қыпшақ хандарының шыққан әулеті. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және иерархиясы. Қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті арасындағы байланыстар. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. Рулық-тайпалық құрамы. Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі халықтарының қалыптасуындағы рөлі. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Монғол шапқыншылығы. Қыпшақ хандығының құлауы. . Әл-Ідірісидің «Кіші картасы» («Қыпшақ даласы» туралы мәліметтер).

Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың басып алуы. Елүй Дашы. Қарақытайлардың саяси ықпалының Мәуереннахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қарақытай мемлекетінің құлауы.

Найман, керей ұлыстары (Х-ХІІІ ғғ.). Найман, керей тайпалық одақтары жөніндегі деректер. «Моңғолдардың құпия шежіресі». Қытай дерегі – «Юань-Ши». Рашид ад-Диннің «Жылнамалар Жинағы» - ХІҮ ғасырға дейінгі түркі моңғол халықтарының жазба түрінде және жадта сақталған тарих айту дәстүрлерінің көрінісі. Найман, керейлердің бастапқы орналасқан жері, олардың тегі мен тілі жөніндегі тарихнамалық мәселе. Х ғ. Керей мемлекетінің құрылуы. Найман тайпалық одағының қалаптасуы.

Найман, керейлердің  тұрмысы, шаруашылығы, ертефеодалдық  мемлекеттік құрылымы. Көрші халықтармен  өзара қатынастары. Саяси тарихы. Шыңғыс хан бастаған моғол мемлекетінің құрылуы және бұл жағдайдың найман, керейлердің тағдырына ықпалы.

1.4. ҮІ-ХІІ ғғ. Түркі халықтарының  мәдениеті.

 

Түркі дәуіріндегі  Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық және этнографиялық  деректер. Феодалдық қатынастардың  қалыптасуы, дамуы. Қоныстар мен қалалардың өсуі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған аймақтар: Сыр бойы, Шу және Талас өңірі, Жетісудың  солтүстік-шығысы. Қала мәдениетінің дамуындағы түркі-соғдылық синтез. Б.з.б. ІІ ғ. қалыптасқан Ұлы Жібек жолының сауданың күре тамыры ретіндегі қызметі. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалалар - саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениеті.

ҮІ-ХІІІ ғ. басы аралығындағы түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері. Түркілердің басты құдайы. Түркілердің отбасы, бала қамқоршысы және әйелдік бастау құдайы.

Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі  жазуының ескерткіштері, оның таралу аймағы, зерттелуі. Түрік әдеби "Күлтегін" ескерткішінің авторы. Түркі сына жазбасының оқылуы және жарыққа шығуы. Ежелгі түркі алфавитінің белгілері. Көпшілікке танымал түркі жазба ескерткіштерінің орналасқан жері. Тоныкөк, Күлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған құлпытастар, оларға сипаттама.

Ислам дінінің  түркі халықтарының өміріне ене  басталуы. Түркі елдерінің араб халифатымен  байланысының артуы. Ислам мәдениеті  және оның негізі болған Құран Кәрім  мен Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы.

ІХ-ХІІ ғғ түркістандық ғалымдар мен  ойшылдар: Аристотельден кейінгі Шығыстағы екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.

Орта  ғасырлық ақын және исламды таратушы, Яссауидың ұстазы. Қожа Ахмет Яссауи, Сүлейман Бақырғали және т.б. олардың қалдырған мұралараның маңызы мен ортағасырлық мәдениетте алар орны.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, Өтміс қажының «Шыңғыс-намэ» еңбегі.  «Кодекс Куманикус», «Ақсақ құлан». «Тоныкөк», «Күлтегін» ескерткіштеріне сипаттама. XIII ғ. Кетбұға, XIY-XY ғғ. Сыпыра жыраулар.

 

ҚАЗАҚСТАН ОРТАҒАСЫРЛАРДА

 

2.1. Қазақстан монғол  шапқыншылығы дәуірінде (ХІІІ  ғ.)

Алтын Орда (1243 – ХҮ ғ. ортасы). Монғол тайпалары жөніндегі жазба дерек мәліметі, олардың түрлері. Шыңғыс ханның Монғол мемлекетін құруы, оның саяси-әкімшілік құрылымы. Шыңғыс ханның «Ұлы Жасағындағы» «Жасақ» және «Білік». Шыңғыс ханның билік құрған жылдары. Алғашқы жаулап алу соғыстары. Шыңғыс ханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғол әскері және Хоремшахтың армиясы Қазақстан жерінде алғаш кездесуі. 1218 ж. «Отырар оқиғасының» Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетуі. Хорезм шах мемлекетін талқандау Орта Азиянының жаулануы. Дешті Қыпшақты бағындыру. Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енуі. Монғолдардың жаулап алған елдерді ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың территориясы, этникалық құрамы. Қазақ жерлері монғол хандары құрған ұлыстар құрамында. Жошы, Шағатай,Үгедей ұлыстарының территориялық аймағы.

Информация о работе Қазақстанның ежелгі тарихы