Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 21:28, лекция

Описание

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731-1837 жж.). Сырым Датұлы басшылығындағы ұлт-азаттық көтеріліс. ХҮІІІ ғасырдың 70-80 жылдары хан мен сұлтандар билігі, патша әкімшілігі арқылы күшейіп отырса, старшиналардың елді басқару ісі шектеле бастады. Олардың әрекетінің негізі хандық билікті жою. Бұл сол кездегі қазақ қоғамындағы дағдарыстың басталғанын көреміз.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ халқының ұлт.docx

— 21.52 Кб (Скачать документ)

1842 жылы  В.А. Перовский Петербургке қызметке  кетіп, оның орнына генерал-губернатор  болып Обручев келді. Перовскийге  қарағанда оның Кенесарыға және  арадағы мәселені шешуге көзқарасы  басқа еді. Соны пайдаланып, Горчаков  сол жылы Сотников басқарған  отрядты Кенесарының ауылын шабуға  жібереді. Сөйтіп, патша әкімшілігімен  жасалған бітім Горчаков тарапынан  бұзылды. 1843 жылдың 27 маусымында Николай  І қазақ даласына көтерілісті  басу үшін әскер жіберу туралы  өкім шығарды. Кенесарының басын  әкелген адамға 3000 теңге сыйылық   жариялады. Патша әкімшілігі 1844 жылдың  көктемінде қатарынан үш отрядын  жіберуді ұйғарды. Олар Ор бекінісінінен,  Ұлытаудан және Тобыл өзенінен  бір мезгілде аттанып, Кенесары  жасақтарын жан-жақтан қоршап, оларға  шешуші соққы беру қатаң тапсырылды. Бұған қоса Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан  Лебедев және Фалилев басқарған  екі патша үкіметіне берілген  сұлтандардың басшылығымен қазақтардан  қосымша отрядтар жасақталды. Барлық  соғыс операциясын басқару генерал-майор  Жемчужниковке жүктеледі. Бұл  кезде Кенесары санында 20 мыңдай  әскер бар еді. Патша отрядтарының бастарын біріктірмей, жеке-жеке соққы беруді шешті. Жауынгерлердің бір бөлігін Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді. Кейін Лебедев Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздік көрсеткені үшін Орынборға шақыртылып, орнынан босатылып, сотқа берілді. Бұл кезде Кенесары өзінің негізгі күшімен Константиновск бекінісін шапты. 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қарайтын түні Өлкеаяқ өзенінің жанында Ахмет Жантөриннің отрядын тұтқындап қоршап, толық қиратты.

1846 жылдардың  басында Кенесары әскерелерімен  Балқаш көлі маңайына қоныс  аударды. Патша үкіметі Кенесары  басқарған көтерілістерді жоюға   генерал-майор Вишневский басқарған  әскерлерді жіберді. Кенесары 1846 жылы Қоқанға қарсы күресте   Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын  алады. 1846 жылы Кенесарыны қолдаушы  Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың  Жаманқора деген батырын өлтіреді. Қырғыздар оған жауап ретінде  Саурық батырдың ауылына шабуыл  жасап, жігіттерімен бірге оны  өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Осындай шиеленістердің нәтиежесінде 1847 жылы Кенесары 10 мың сарбазымен  қырғыздар жеріне басып кіреді.

Кенесарының соңғы шайқасы Кекілік сеңгірінде өтті, қырғыз манаптары, Вишневскийдің  отряды және Қоқан хандығының әскерлері  «Алмалы сай» шатқалында үш жақтан Кенесары әскерін қоршады. Күштері  әлденеше есе көп жау әскерімен  қаһармандық күресте Кенесары 32 қазақ сұлтандарымен бірге қаза тапты.

Кенесары  Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық  көтерілістің жеңілуіне бірнеше  себептер болды. Оның ішінде ең бастысы  бүкіл қазақ халқының біртұтас бірікпеуі, кейбір ру басшыларының өз бетіне бас  болмақ болуы, рулық жіктелу, қазақ  феодалдарының Ресей мемлекетін қолдауы. Кенесарыға Ресей, Қоқан, Бұхар  хандықтарымен күресуде күші тең  болмады. Сонымен қатар ол өзін жақтамаған қазақ және қырғыз ауылдарын шабуы  сол жердің халқының наразылығын  тудырып, көтерілісті әлсіретті. Сонымен, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық  көтеріліс жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырды және тарихи маңызы зор болды.


Информация о работе Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер