1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 09:06, реферат

Описание

Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

Работа состоит из  1 файл

Көтерілістің қозғаушы күші.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)

Ұлт азаттық көтеріліс

Көтерілістің  қозғаушы күші - өлкенің жекелеген  жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас  алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы  көтерілістің қозғаушы күші ауылдың  еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

Көтерілістің  барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша  үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы  халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау  езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

Қазақ даласында  патша жарлығына көзқарас әртурлі  болды:

1. Феодалдық  басшы топтар және жергілікті  әкімшілік жарлықты қолдады.  
2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.  
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:

1. Жетісуда –  Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ.  Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков.  
2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов.  
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев.  
4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев.  
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.

Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын  тудырды. Елде болыстық басқармаларды  талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.

Жетісудағы көтеріліс.

1916 жылғы шілде-тамызда  Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс  бұқаралық сипат алды.

Жетісу облысының  генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық  қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын  қолданды:

1. қоныстанушылар  ауылдарындағы орыс кулактарын  қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.  
2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады.  
3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.

Ұлтаралық араздықты  күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.

Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен  Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты  қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.

Революцияның  ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін  қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.

Жетісудағы көтеріліс  басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы  сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.

Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.

Сөйтіп, 1916 жылғы  қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.

Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.

Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды  және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл  Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.

Төрғай облысының  әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.

Аманкелді Имановтың  ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің  алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын  көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден  ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.

1916 жылы 22 қазанда  Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші  Төрғай қаласын қоршады. Оған  қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің  9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.

Негізгі шайқастар  – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында  болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.

Салдары:  
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.  
-161-і каторгаға айналды.  
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

1916 жылғы көтерілістің  жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс  бытыраңқы болды.  
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.  
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.  
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.  
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.  
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.  
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Салдары: қазақтардың  саны:  
- Қазақ өлкесінде – 446 мыңға;  
- Орта Азияда – 121,7 мыңға;  
- Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға;  
- Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.

Көтерілістің  тарихи маңызы  
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.  
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.  
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.  
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.  
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.  
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
 
 
 
 
 

    Қазақстан Республикасы-қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіз мемлекетіміздің  құрылуы-қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.

    ХХ  ғасырдың басында Қазақстан, Ресей  империясының капитализмге дейінгі  өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы отарлық өлкесі болды. Қазақ  халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.

    Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын  мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы  шабындық пен құнарлы егіндікті  қоныс аудару қорына, орыс-казак  жерлерін (казачествоны) орналастыру  және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында ресейлік отарлаушылар  Қазақстанның 45 миллион десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне иелік етті. 1917 жылы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен ресейлік қоныстанушылар (негізгі орыс ұлттарының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 пайызын құрды [1, 30 бет].

    Отарлаушылар  қазақ халқының жері мен табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады. Халықты тілінен. Дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды.

    Бұл жөнінде Міржақып Дулатов «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында  былай деп ашына жазған еді: «...Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады...өздерің көз жазбай байқап отырғандай...чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді...

    Енді  чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-ғұрыптарымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...

    Енді  бұл чиновнитер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін еркін иемденуде...Бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде...» [2, 211 бет].

    Патша үкіметінің отарлау саясаты өзінің шырқау шегіне жетіп, отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жетіп, отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Соның бірі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы еді.

    Ғылыми  жұмысты жазудағы мақсатым: биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 90 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр.

    Кеңестік  тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-ақ зеттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі.

    Дегенмен  де, осы тақырыпқа тікелей қатысы бар жекелеген мәселелер әлі де болса жан-жақты, әрі терең зерттелген жоқ. Солардың бірі, атап айтқанда, осы көтеріліске байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың көпшілігі уақыт өте фольклорға айналып кетті. Көтеріліске тікелей қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде 1916 жылға арналған дастан шығарған. Ол қазақстандық оқырмандарға әлі толық таныс емес. Осындай дүниелердің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен олардың көтеріліс тарихнамасына қатысы мен дерек көздері ретіндегі маңызын да ғылыми тұрғыдан қарастырған жөн.

    Мен осы ғылыми жұмысты жазуда тың  материалдарды пайдалана отырып бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалын, бірінші  дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген кері әсерін, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты себептерін және көтерілістің негізгі ошақтары Жетісу мен Торғай өңіріндегі көтерілістің барысын, Әулиеата уезіндегі Меркі бөлімшесіндегі көтерілістің ерекшеліктерін, ондағы Ақкөз батырдың өмірін ашу және көтерілістің тарихи маңызын атап көрсету міндетін алға қойдым.   

Информация о работе 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс