Ақша реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 17:38, реферат

Описание

1) 1922 – 1924 ж.ж. ақша реформасы
2) 1961 жылғы ақша реформасы
3) 1993 жылғы ақша реформасы
4) 1947 жылғы ақша реформасы

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 44.44 Кб (Скачать документ)

    Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды - бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг аяу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

    Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғұрлым несие эммиссиясының ықтималдылығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп Үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.

    1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздарын қайта құру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені 1993-1995 жж. берілген қарыздары бойынша айып-пұлдар мен пайыздың өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айрысу тәртібіне ықпал етті.

    1947 жылғы ақша реформасы

    Ұлы Отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, ол 20 миллион адам өмірін қыйды, елдің ұлттық байлығының 30%-ін жойды. Мемлекеттің тек тікелей әскери шығындары 551,1 млрд сомға, ал материалдық зияны 679 млрд сомға бағаланды (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Соғыс жылдарындағы еліміздің жалпы материалдық шығындары 1 триллион 240 млрд сомнан астам болды.

    Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, ал халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа, әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды. Халық арасында мемлекеттік заемдарға өз еркімен жазылу және әскери техника жасауға ерікті жарна төлеу сияқты науқандар жүрді. Соғыс жылдарында халықтан барлығы 270 млрд сом немесе мемлекеттік кірістің 26,4%-і түсті. Бұл сома тікелей әскери шығындардын жартысын жабуға мүмкіндік берді.

    Мемлекеттік бюджеттің кемшілігі негізінен ақша эмиссиясымен толтырылды, бұл айналыстағы ақша массасын өсірді. Тұтыну тауарларын өндіру мен оны сауда орындарына түсіру қысқарды. Сондықтан жалпы тауар айналымындағы колхоз базарындағы сауданың үлесі 1940 жылғы 19%-тен 1945 жылы 46%-ке өсті. Сөйтіп колхоз базарындағы тауарлар бағасы көп мөлшерде өсті. Халықты азықүлікпен қамтамасыз ету үшін оларды бөлудің карточкалық жүйесі енгізіліп, белгілі бір норма бойынша соғысқа дейінгі тұрақты бағамен, ал нормадан артығы нарықтық бағамен сатылды. Оған қоса мемлекет меншігіндегі тауар ресурстарының аздығы нарықтық бағаның көтеріліп, ақшаның көптеген мөлшерінің саудагерлердің қолында шоғырлануы, ақшаның сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Аталған кемшіліктерді жою үшін:

    • біріншіден, біруақытта артық ақшаны айналымнан шығару;

    • екіншіден, мемлекеттік тауар ресурстарының белгілі бір мөлшерін қалыптастыру;

    үшіншіден, бюджеттің негізі - қаржы жүйесін нығайту қажет болды.

    1947 жылдын соңғы кезінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі ұлғайып, тауар айналымының өсуіне берік негіз қалады. 1947 ж. бөлшек сауда айналымы 1945 жылмен салыстырғанда 52%-ке артты. Бұның бәрі ақша реформасын жүргізуге материалдық және қаржылық мүмкіндік туғызды.

    Ақша реформасы 1947 жылдың 16 желтоқсанында басталып:

    • біріншіден, 1947 ж. 16 желтоқсанда айналымға 1947 жылғы үлгідегі жаңа сом шығарылды;

    • екіншіден, ескі қолма-қол ақша жана үлгідегі ақшаға 10-нын 1-ге арақатынасымен айырбасталды, ал майда тиындар айырбасталмай, бұрынғы көрсетілген құнымен айналымда қалды;

    үшіншіден, ақшаны айырбастауды Мемлекеттік банк бір апта мерзімде, ал кейбір алыс аудандарда екі аптада өткізді;

    • төртіншіден, қолма-қол акшаны айырбастаумен бір уақытта жинақ кассалары мен Мемлекеттік банктін шоттарындағы халықтың ақшасын айырбастау мына жағдайда өтті:

    а) үш мың сомға дейінгі жинақ өзгеріссіз 1:1 арақатынасы мен;

    ә) үш мың сомнан он мың сомға дейінгі жинақ: 3 ескі сом 2 жаңа сомға;

    б) он мың сомнан жоғары жинақ: 2 ескі сом 1 жаңа сомға алмастырылды. Ұсақ ақша салымдарын бұндай женілдікпен айырбастау халықтың ақшасын жинақ кассаларында және Мембанкте сақтауына қызығушылығын арттырып және де халықтың алдында несие мекемелерінің беделін көтерді;

Информация о работе Ақша реформасы