Ақша реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 17:38, реферат

Описание

1) 1922 – 1924 ж.ж. ақша реформасы
2) 1961 жылғы ақша реформасы
3) 1993 жылғы ақша реформасы
4) 1947 жылғы ақша реформасы

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 44.44 Кб (Скачать документ)

    Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарык пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.

    Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

    Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

    1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген "Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы" Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктер дің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.

    Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде - 3,1 есеге жетті. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың I қазанында ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейін сақталынды.

    Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденток шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға, 1996 жылы -15%-ға дейін төмендейді.

    Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденток шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын). Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыз-дық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

    1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал жыл аяғында - 48,4 %.

    1995 жылы банктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл (түрінде) санкциялары қолданылды.

    Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚІІІ-та және Германияда қолданылады.

    АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің Федералды Резерв жүйесінің (ФРЖ) Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерцияылқ банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты (яғни экономичный тұрақтылығы) резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді (Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л.Брю).

    Несие операциялары Ұлттық банкі пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы каңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.

    1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері мен өзара талаптарын республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсіздік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 % -ға, ал көкек айында - 56,4% -ға өсті.

Информация о работе Ақша реформасы